- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
Қаржы нарығының дамуы, күнделiктi тұрмысқа жұмсалатын қаражаттан бөлек, бос қаражаты бар кез келген адамды – инвестор, ал оның ақшасын – капитал деп атауға мүмкiндiк бередi. Бiрақ инвестор атану үшiн, капиталды белгiлi бiр қаржы құралына инвестициялау керек. Әрине, егер барлық тапқан табысыңыз күнделiктi ағымдағы қажеттiлiктерге жұмсалатын болған жағдайда, ешқандай салымдар туралы сөз қозғау артық болар. Ал өзге жағдайда, қаржы нарығы бүгiнгi таңда потенциалды инвесторларға көптеген мүмкiндiктердi ұсынып отыр.
Қаржы нарығында бiрнеше қаржы құралдарының дамуына байланысты, инвесторға өз капиталын инвестициялау үшiн, көптеген инвестициялық баламалардың арасында, ең тиiмдiсiн таңдау қиынға соғады. Статистика бойынша, қазақстандықтардың негiзгi бөлiгi жинақтарын үйде сақтайды екен. Мұндай жағдайда тоналу немесе өртке тап болу қаупiн ескермегеннiң өзiнде, инфляция деңгейiнiң әсерiнен үйде сақталынған ақшаның сатып алу құны төмендейтiнi анық.
Қарап отырғанымыздай, қазiргi заманда ақшаны сақтаудың бұл әдiсi ескi, әрi жарамсыз. Жинақтың инвестициядан айырмашылығын осындай ерекшелiктер арқылы айқындалады. Бүгiн жеке тұлғалар арасында инвестициялаудың ең таралған түрлерi депозит және инвестициялық пай қорлары болып табылады. Көптеген инвесторлар пайды депозитке балама ретiнде қарастырады. Депозит пен пайдың ерекшелiгi – белгiлi мерзiм өткеннен кейiн өсiп, иесiне пайда алып келетiндiгi. Бiрақ олардың өсу жолдары бiр-бiрiнен өзгешеленедi.
Ақшаны депозитке салу үйреншiктi болғандықтан, баршамызға түсiнiктi. Салымшы, банкте депозит ашу арқылы қаражаттарын депозитке инвестициялайды. Белгiлi бiр мерзiмнен кейiн оның салымы пайыздық ставкаға байланысты өсiп отырады. Инфляция деңгейiне қарамастан, банктер салымшыларды көптеп тарту үшiн депозиттердiң пайыздық ставкалары инфляция көрсеткiшiнен төмен емес деңгейде белгiлейді. Мәселен, 2006 жылдың сәуiр айында Ұлттық банктiң мәлiметтерi бойынша, орташа есеппен алғанда депозиттердiң сыйақы ставкасы жылына 9,8% құрды. Ал, инфляцияның жылдық мәнi 2006 жылдың мамыр айында 9% теңелген болатын. Осылай депозитке салынған ақшаның сатып алу құны инфляцияның әсерiнен төмендемейдi, бiрақ тәуекел төмен болғандықтан иесiне жоғары пайда алып келмейдi. Ал, жоғары пайданы аңсайтын инвестор өз капиталын инвестициялық пай қорына инвестициялағаны жөн.
Инвестициялық пай қорлары – инвестициялаудың бiрлескен түрi. Инвестициялық пай қорларына салынған салым қордағы басқа пай иелерiнiң салымдарымен бiрiгiп қор нарығының құралдарына инвестицияланады. Ал, қордың жұмысын бағалы қағаздар нарығының мамандандырылған өкiлi Басқарушы компаниясы реттейдi. Пайдың сатып алу құны минималды болғандықтан, бос ақшасы бар кез келген адам пай иесi бола алады. Инвестициялық пай қорлары отандық қаржы нарығында өткен жылы ғана пайда болғандықтан, депозиттерге бәсеке құрып отырған жоқ. Себебi, жеке тұлғалар арасында инвестициялық пай қорлары туралы ақпарат жоқ, осыған байланысты сенiмде жоқ. Сондай-ақ, мамандардың айтуы бойынша, көптеген қазақстандықтар бұл өнiмдi қабылдауға әлi дайын емес екен. Инвестициялық пай қорларында тәуекелдiң жоғарылығын ескергенде бұл түсiнiктi де. Бiрақ, жоғарғы тәуекелдiң есесiне инвестициялық пай қорлары арқылы жоғарғы пайдаға ие болуға болады. Алайда инвестициялық пай қорларында тәуекел өте жоғары болғандықтан пайдың 100% пайда алып келуiне ешкiм кепiл бере алмайды. Барлығы басқарушы компаниясының жұмысына байланысты, егер компания пайларды дұрыс инвестицияласа пайдың жиынтық құны өсiп, иесiне қомақты табыс алып келедi, ал керi жағдайда инвестициялардың құны күрт төмендеп, иесiн шығынға ұшыратады.
Пайдан депозитке қарағанда жоғары табыс күтуге болады. Бiрақ бұл табыс кепiлдендiрiлмейдi. Инвестицияланған қаражаттан қаржы нарығындағы қалыптасқан табыстан әлдеқайда жоғары пайданы күтуге болмайды. Инвестицияланған қаражаттың құны түрлi жағдайларға байланысты күрт азайып кетуi мүмкiн. Тәуекел өте жоғары. Бiрақ, орта және ұзақ мерзiм аралығында инвестициялық пай қорлары арқылы депозитке қарағанда, қомақты пайда табуға болады. Сондықтан тұрақтылық пен жоғары пайданың арасында таңдағанда инвесторлар дұрыс шешiмге келуi керек.
Әлемдегі инвестициялық қорлардың бүгінгі таңдағы саны 50000-ға жуық. Яғни, осылай инвестициялық қорлардың тарихы 150 жылдан астам екендігін көруге болады. 1922 жылы Голландия королі Вильям инвестициялық траст құрған. Траст Бельгияда және Брюссельде тіркелген. 1868 жылы Лондонда құрылған және осы күнге дейін өмір сүріп келе жатқан шетел және колониальдық инвестициялық траст(«The foreign and Colonial Investment Trest»)ең көне қорлардың біріне жатады.
Инвестициялық қорлар туралы ең алғаш нормативтік-құқықтық акті 20-шы ғасырдың 40-шы жылдардың басында Америкада пайда болды. Әлемдегі ең алғаш инвестициялық пай қорлары 1822 ж. Бельгияда, содан кейін 1849 ж. Швейцарияда және 1952 ж. Францияда құрылған. Ол кездегі трасттар ірі клиенттермен жұмыс істесе, ал шағын инвесторларға қаржы брокерлерінің қызметін қолдануға тура келді. Шағын инвесторлардың санының өсуі себебінен оларға консультациялық институт ашудың қажеттілігі туындады. 1899 ж. АҚШ-та бірінші консультация-инвестициялық компания құрылады және 1910 ж. Осындай компаниялардың саны 10-ға жуықтады. Бірінші өзара қор АҚШ-та 1924-ші жылы пайда болды, бірақ барлық елдерде, соның ішінде АҚШ-та да инвестициялық қорлар тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ірі банктерге және басқа да қаржы институттарына бәсекелес бола отырып тұрақты түрде дами бастады.
Пай сатып алу үшін үлкен бос қаражат мөлшерінің, қор нарығын терең білудің және оны күнделікті қадағалап отырудың қажеті жоқ. Пай салымшылары қаражатын инвестициялауды қызметі мемлекетпен және мамандандырылған тіркеушімен қатаң қадағаланып, бақыланып отыратын, басқарушы компания айналысады. Басқарушы компания инвестициялық ресурс түрінде қор мүлігін басқарады, бірақ оларды иемдену құқығына ие болмайды. Инвестициялық пай қоры (ИПҚ) заңды тұлға болып табылмайтындықтан салық салынбайды, ал қорды құрайтын мүлік салық салу объектісі болып табылмайды. Инвестициялық пай қорының табысы салық салудан босатылған, сондай-ақ инвестициялық пай қорларының пайларына инвестициялайтын тұлғалардың табыстары салықтан босатылған. Міндетті резервтер қорына бөлулердің болмауы коммерциялық айналмдағы қаражаттардың көбеюіне әкеледі. Пайдың жеке иемденушісі үшін қор қызметінің айқындығы және минималды инвестициялардың салыстырмалы үлкен емес сомасы ИПҚ банктерге бәсекелес жасайды. Инвестиялық қорлар нарығының әлемдік көрсеткіштерімен салыстырғанда, қазақстандық қорлар өте аз. Мысалы АҚШ-та тұрғындардың үштен екі бөлігі коллективті инвестициялық қорлардың пай ұстаушылары болып табылады, ал инвестициялық пай қоры нарығының көлемі 7,4 трлн долларды құрайды. Бірақ, сараптамашылардың болжамы бойынша 2007 жылы инвестициялық пай қорлары 300 млн АҚШ долларын тартады немесе ҚР-ның банктеріндегі тұрғындардың қазіргі депозиттік базасының 10% құрайды. Инвестицияның жаңа түрі қаржылық құралдар тапшылығы жағдайында дәстүрлі банктік депозиттерге, сондай-ақ ақшаны инвестициялап, инфляциядан қорғау көздерінің бірі болып табылатын жылжымайтын мүлікке бәсекелестік құрайды. Қазіргі кезде халық уақытша бос ақшалай қаражаттарын депозиттерге, пайларға немесе жылжымайтын мүлікке орналастыруы мүмкін, олардың арасындағы өзіндік ерекшеліктер пайдалылық деңгейімен бейнеленеді. Ақшалай қаражаттарды пайларға, депозиттерге, жылжымайтын мүлікке инвестициялаудың өзіндік артықшылықтар мен кемшіліктері төмендегі суретте бейнеленген.
Инвестиция нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты пайда болған және Қазақстан экономикасына жаңадан енген термин болып саналады. «Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.
«Инвестиция» түсінігі кең мағынада қамту және қаржыландыруды өсіру үшін қажетті механизмді көрсетеді. Мұндай мәселелерді шешу үшін сәйкес қаржылық институттар құрылады. Оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады. Инвестициялық қорлар бұл өз қызметін ашық акционерлік қоғам түрінде жүргізеді және өз қызметін жүргізу үшін акцияларды шығару және орналастыру арқылы қаржы тартады. Ол қаржыны әртүрлі бағалы қағаздарға салатын қаржылық институт болып табылады.
Сурет 2 – Инвестиция объектілерінің ерекшеліктері
Ескерту – Мерзімді басылымдар негізінде автормен құрастырылған
Инвестициялық қорлар өздерінің бағалы қағаздардың (акцияларын, инвестициялық пайларын) инвесторларға сатады және алынған қаражатты тікелей қаржы міндеттемесін сатып алу үшін пайдаланады.
Олар қаржы нарығында инвесторлар құқықтарын қорғау және тәуекелдерді тартылған қаражаттар есебінен төмендету мақсатында қызметін жүзеге асырады [5]. Инвестициялық қорлар қаржы нарығында инвесторлардың құқықтарын қорғау және олардың ақша қаражаттарын тарту және кейіннен оларды диверсификациялау жолымен бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен тәуекелдерді төмендету мақсатында қызмет етеді. Бұл қорлардың маңыздылығы – олар өз қолдарында ұсақ салымшылардың айтарлықтай мөлшердегі қаражаттарын шоғырландырады, бұл қаражаттар түпкілікті нәтижеде өндірістің дамуына бағытталады. Сонымен қатар олар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың көзі болып табылады.
Инвестициялық қор ақша қаражаттарын тартуды меншікті акцияларын шығару және оларды орналастыру арқылы өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады. Олар акционерлері кез-келген заңды және жеке тұлға бола алатын акционерлік қоғам формасы түрінде құрылады.
