- •Курс бағдарламасы (syllabus) Пәннің аты: «Психология»
- •1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •«Психология» пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік графигі
- •Магистранттардың білімін бағалау
- •3 Пән мазмұны
- •3.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •3.1 Дәріс мазмұны
- •1 Дәріс. Ғылым ретінде психология пәні мен міндеттері
- •2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •3 Дәріс. Тұлға психологиясы
- •4 Дәріс. Таным процестері қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •5 Дәріс. Адамның эмоциялық-еріктік сферасының ерекшеліктері
- •6 Дәріс. Іс-әрекет психологиясы
- •7 Дәріс. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •12 Дәріс. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •13 Дәріс. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
- •14 Дәріс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •15 Дәріс. Инженер қызметіндегі басқару қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •3.2 Практикалық (семинар) сабақтар мазмұны.
- •Мөж тапсырмалары және сағат саны
- •Моөж тапсырмалары және сағат саны
- •4. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •4.1 Негізгі әдебиет тізімі
- •4.2 Қосымша әдебиет тізімі
- •Сабақ кестесі
14 Дәріс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
Басқару қызметінің психологиялық-педагогикалық мәселелері. Басқару қызметі: түрлері, ерекшеліктері, мазмұны. Басқару функциялары. Көшбасшы және басшы ұғымдары, психологиялық ерекшеліктері. Дәстүрлі басқару стильдеріне сипаттама. Менеджмент психологиясы.
15 Дәріс. Инженер қызметіндегі басқару қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық мәселелері
Басқару қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық механизмдері. Басқару қарым-қатынасының түрлері. Басқару қарым-қатынасының этикалық-психологиялық принциптері. Басқару қарым-қатынасының құрылымы. Іскерлік келіссөздер, іскерлік әңгіме, аудиторияда сөйлеу, іскерлік кеңестер. Іскерлік әңгіме. Оның кезеңдері. Іскерлік әңгімені бастау тәсілдері. Әңгімелесушіні өзіңе баурауға көмектесуші тәсілдер. Аудитория алдында сөйлеу, оның ерекшеліктері. Сөйлеушінің тартымды имидж құрастыру факторлары. Инженерлік қызметтегі басқару қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
3.2 Практикалық (семинар) сабақтар мазмұны.
Семинар 1. Ғылым ретінде психология пәні мен міндеттері
Тапсырма
1. Психология ғылымының құрылымы және мазмұны.
2. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы. Психология ғылымының салалары.
3. Психологиялық зерттеу әдістері.
4. Психика көрінуінің психофизиологиялық ерекшеліктері. Психиканың бейсаналы механизмдері.
Әдістемелік ұсыныстар: психологиялық әдебиетті оқу негізінде психологияның басқа ғылымдармен байланысын анықтаңыздар, психология ғылымының салалары немен айналысатынын, психология аясында қандай әдістерді қолданатынын және психология ғылым ретінде немен айналысатынын қарастырыңыздар. Психикалық процестер, қасиеттер мен күйлер сияқты психиканың көріну формаларына көңіл бөліңіздер. Психиканың жоғары көріну формасы – санаға зейін салыңыздар.
Нег.: 7 [12-70], 4 [5-91, 132-145], 8 [10-90]
Қос.: 4 [4-41], 7 [7-19, 48-63], 6 [10-78]
Бақылау сұрақтары:
Психика қандай формаларда көрінеді?
Табиғи психологиялық эксперимент дегеніміз не?
Заманауи кезеңде психологиялық білімдерді қолдану аясын негіздеңіздер.
Психология қандай ғылымдармен байланысты?
Психология ғылымының негізгі салаларын атаңыздар.
Семинар 2. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
Тапсырма
1. Психологияның ғылым ретінде пайда болуы. Жан туралы ілім. Тәжірибе мен сана туралы ілім.
2. Бихевиоризм, психоталдау, гештальтпсихологияда психика туралы көзқарастар. Когнитивті психология. Гуманистік психология.
3. Психиканың құрылымы және көріну формалары.
4. Психиканың туындауы. Сана, оның қызметі мен механизмдері.
Әдістемелік ұсыныстар: теориялық қайнар көздер негізінде психология ғылымының пайда болуы мен даму жолын түсіну қажет. Қазақстанда психология ғылымының дамуына, қазақстандық ғалымдармен танысуға, сонымен қатар шетелдік психологияның негізгі бағыттарымен (бихевиоризм, гештальтпсихология, психоанализ) танысуға көңіл бөліңіздер.
Нег.: 4 [623-651], 7 [28-57]
Қос.: 5 [10-28,182-193], 2 [538-560]
Бақылау сұрақтары:
Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің даму кезеңдерін атап көрсетіңіздер.
ХХ ғасыр психологиясының негізгі бағыттарын сипаттаңыздар.
Қазіргі кезеңде отандық психологияның дамуы қандай?
Психологияныі жеке ғылым болып бөлініп шығуына не әсер етті?
Семинар 3. Тұлға психологиясы
Тапсырма
1. Психологиядағы тұлға ұғымы. Тұлға құрылымы.
2. Заманауи тұлға теориялары, оларға сипаттама және талдау. Тұлға бағыттылығы, оның компоненттері.
3. Темперамент туралы ұғым.
4. Қабілеттер және нышандар, олардың арақатынасы.
5. Мінездің қалыптасуына әсер етуші факторлар.
Әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру барысында индивид, даралылық, жеке тұлға ұғымдарын нақты ажырата білу керек. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер етуші факторларды қарастырыңыздар, қандай фактор жетекші екендігін өздеріңіз жеке анықтаңыздар. Классикалық жеке тұлға теорияларын зерделеңіздер, аталған теорияларға байланысты өз көзқарастарыңызды қалыптастырыңыздар. Қажеттіліктер, жеке тұлғаның қызығушылығы ұғымдарымен және қажеттіліктердің қандай түрлері бар екендігімен, ұызығушылықтың жіктелуімен танысыңыздар. Сіздерге олардың қасиеттерін, темперамент типтерін, мінез, қабілеттерді қарастыру қажет.
Нег.: 7 [262-325], 4 [335-511], 8 [511-641]
Қос.: 2 [66-88], 5 [195-301]
Бақылау сұрақтары:
Темперамент қандай сапалармен сипатталады?
Темперамент типтеріне сипаттама беріңіз.
Мінез акцентуациясы теориясының авторы кім?
Қабілеттердің түрлерін атаңыздар, олардың сипаттамасын анықтаңыздар.
Тұлға құлқының еріктік бағыттылығы немен анықталады?
Инженер тұлғасының әлеуметтену процесін қалай түсінесіз?
Семинар 4. Таным процестері қызметінің психологиялық ерекшеліктері
Тапсырма
1. Инженерлік қызметтегі танымдық процестердің рөлі.
2. Түйсікке сипаттама, оның қабылдаудан айырмашылығы. Қабылдау түрлері.
3. Зейіннің психологиялық ерекшеліктері. Зейінді дамыту тәсілдері.
4. Адам есін жетілдіретін тәсідер. Инженердің ойлауы.
Әдістемелік ұсыныстар: еңбек іс-әрекеті барысында танымдық процестердің көріну ерекшеліктеріне көңіл бөліңіздер. Инженер іс-әрекетіне қатысты зейіннің шоғырлануы және ес қызметтерінің механизмдерін қарастырыңыздар. Есте сақтаудың әртүрлі түрлерін дамытуға арналған жаттығуларды таңдаңыздар. Басқа ойлау түрлерінен техникалық ойлаудың ерекше айырмашылықтарын анықтаңыздар.
Нег.: 7 [155-273], 4 [165-311], 8 [177-435]
Қос.: 8 [40-78]
Бақылау сұрақтары:
Қандай сезім табалдырықтары бар?
Түйсік түрлерінің жіктелуін талдаңыздар.
Зейін дамуының жеке ерекшеліктері қандай?
Қабылдау тұрақтылығы дегенімін не?
«Интеллект» және «ойлау» ұғымдарының арақатынасын ашып көрсетіңіздер.
Техникалық ойлау қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіздер.
Семинар 5. Адамның эмоциялық-еріктік сферасының ерекшеліктері
Тапсырма
1. Адам өміріндегі эмоциялар. Эмоцияның түрлері, оларға сипаттама.
2. Стресстің туындау және өту ерекшеліктері. Стресс жағдайларынан шығу тәсілдері.
3. Адам еркі, оның ерекшеліктері. Адам мінезінің еріктік сапалары. Ерік құрылымы.
Әдістемелік ұсыныстар: аталған тақырыпты меңгеру үшін эмоция, көңіл-күй, сезім, аффект және стресс ұғымдарының айырмашылығын білу маңызды, сонымен қатар стрестің физиологиялық механизмдерін түсініп, оны басқара білу қажет. Адам еркінің ерекшеліктерін, оның қалыптасуын, еріктік күш дегеніміз не және ерік актісінің ерекшеліктерін қарастырыңыздар.
Нег.: 7 [155-273], 4 [165-311], 8 [177-435]
Қос.: 6 [40-78]
Бақылау сұрақтары:
Эмоциялар сезімдерден қалай ерекшеленеді?
Аффект қандай себептерден туындайды?
Стрестің туындауының физиологиялық негіздері қандай?
Адамның еркін жаттықтыруға бола ма? Егер болса, онда қалай?
Что такое волевое усилие?
Семинар 6. Іс-әрекет психологиясы
Тапсырма
1. Адамның іс-әрекеті, оның ерекшеліктері. Адамның іс-әрекеті түрлеріне сипаттама.
2. Іс-әрекеттегі түрткі және түрткілендіру. Түрткілендіруді белсендіру тәсілдері. Каузальдік атрибуция теориясы. Түрткілердің жіктелуі. Бақылау локусы туралы ұғым.
Әдістемелік ұсыныстар: психология тұрғысынан кез-келген іс-әрекеттің қандай элементтерден тұратынына назар аударыңыздар. Білім, білік және дағдының қандай айырмашылықтары бар, олар қалай қалыптасатынын қарастырыңыздар. Іс-әрекетте түрткілендіру қандай рөл атқаратынына, түрткі түрлері мен олардың сипаттамасына көңіл бөліңіздер. Каузальдік атрибуция ұғымын, бақылау локусы түрлерін зерделеңіздер.
Нег.: 7 [387-465], 4 [145-165], 8 [435-511], 6 [93-126]
Қос.: 4 [187-246], 5 [15-33], 6 [45-66]
Бақылау сұрақтары:
1. Іс-әрекет ұғымына анықтама беріңіз.
2. Іс-әрекет құрылымының құрамдас элементтерін анықтаңыз.
3. Инженерлік іс-әрекетті зерттеу пәнін анықтаңыз.
4. Іс-әрекет тиімділігін не анықтайды?
Семинар 7. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Тапсырма
1. Инженерлік іс-әрекет, оның ерекшеліктері.
2. Техниканы пайдалану және жобалау. Іс-әрекет тиімділігі факторлары.
3. Шығармашылық механизмдері. Инженерлік шығармашылық түрлері.
4. Өнертапқыштық іс-әрекетін қарқындату тәсілдері.
Әдістемелік ұсыныстар: берілген тақырыпты меңгеру барысында инженерлік іс-әрекеттің ерекшеліктерін, тарихын білу керек. Инженер еңбегінің құралдарына, пәніне көңіл бөліңіздер. Техникалық шығармашылық және техникалық міндеттерді шешу кезеңдерін қарастырыңыздар.
Нег: 4 [387-410, 415-458]
Қос: 2 [28-40], 4 [169-202]
Бақылау сұрақтары:
Инженерлік іс-әрекеттің мәні, ерекшелігі және айырмашылығы неде?
Инженерлік шығармашылықтың дамуына қандай әдістер көмектеседі?
Инженерлік шығармашылық түрлерін анықтаңыздар.
Семинар 8. Кәсіби өзіндік сананы тәрбиелеу және оның қалыптасуы
Тапсырма
1. Кәсіби өзіндік сананың құрылымдық компоненттері, олардың ерекшеліктері. Кәсіби өзіндік сананың дамуы.
2. Өзін-өзі өзектендіру және мәселесі және өзін бағыттаудың дамуы.
3. Кәсіби шеберлік және «Мен-концепциясы».
4. Өзін бағыттау тәсілдері.
Әдістемелік ұсыныстар: берілген тақырыпты меңгеру барысында кәсіби өзіндік сана дегеніміз не екендігін білу және түсіну керек. Өзінің кәсіби өзіндік санасын анықтап, оған мінездеме бере білуіне көңіл бөлу қажет. Өзін реттеудің практикалық тәсілдерін меңгеріп, күнделікті өмірде қолдануға тырысқаныңыз дұрыс. Адамның кәсіби өзіндік санасы және кәсіби «Мен-концепциясы» қалай қалыптасатынын қарастырыңыз.
Нег.: 7 [155-273], 4 [165-311], 8 [177-435]
Қос.: 3 [40-78]
Бақылау сұрақтары:
Кәсіби өзіндік сананың құрылымдық компоненттерін атаңыз.
Өзін-өзі өзектендіру деген не?
Сіздің кәсіби өзіндік санаңыз неден тұрады?
Сіз оқып жүрген мамандықты қалай таңдадыңыз?
Кәсіби адамгершілік қалай көрінеді?
Семинар 9. Қарым-қатынас іс-әрекет формасы ретінде
Тапсырма
1. Психологиядағы қарым-қатынас ұғымы (құрылымы, түрлері, құралдары, формалары, мақсаты).
2. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры, оның ерекшеліктері. Қарым-қатынас барысында адамды түсіну және тыңдай білу, олардың механизмдері. Тыңдау түрлері мен техникасы.
3. Қарым-қатынас қиындықтары.
4. Іскерлік қарым-қатынас этикасы және мәдениеті.
Әдістемелік ұсыныстар: қарым-қатынас, оның құрылымдық сипаттамаларын (коммуникативтік, интербелсенділік, перцептивтік) ұғымдарын қарастырыңыздар. Коммуникацияны жүзеге асыру процесі, коммуникатор мен реципиент, адамдардың бірін-бірі идентификация, рефлексия, эмпатия арқылы қабылдауының ерекшеліктеріне назар аударыңыздар. Тыңдау механизмдеріне, қарым-қатынас кедергілері сипаттамаларына талдау жасаңыздар.
Нег: 4 [237-258], 11 [147-180], 9 [511-521]
Қос: 5 [93-126], 6 [196-220]
Бақылау сұрақтары:
Дұрыс қабылданатын адамға таным және бұзу механизмдері қалай әсер етеді?
Қарым-қатынас барысында адамдардың өзара түсіну механизмдерін сипаттаңыз.
Қарым-қатынастың негізгі түрлерін атап көрсетіңіз.
Адамның психикалық дамуына қарым-қатынас қалай әсер етеді?
Қарым-қатынас тәсілдері мен тезникасы деп нені түсінеміз?
Қарым-қатынас құралдарын атаңыздар.
Семинар 10. Қақтығыстың психологиялық ерекшеліктері
Тапсырма
1. Психологиядағы қақтығыс ұғымы. Қақтығыстың пайда болу шарттары.
2. Қақтығыс жағдайлары, оның қақтығысқа ұласу шарттары.
3. Қақтығыстың даму динамикасы.
4. Қақтығыс жағдайында басшы әрекеті стратегиясы.
5. Қақтығысты шешу әдістері.
Әдістемелік ұсыныстар: қақтығыс ұғымы қарастырыңыз, қақтығыс пен қақтығыс жағдайларының айырмашылықтарын, оның қақтығысқа ұласу шарттарын түсінуге тырысыңыз. Қақтығыстың түрлері, олардың сипаттамасын қарастырыңыздар. Өндірістік қақтығыс, қақтығыстағы құлық стильдері: бәсекелестік пен бақталастық, ынтымақтастық, келісім, бейімделу, елемеу немесе байқамау мәселелерін талдаңыздар
Нег: 9 [547-557], 4 [357-359], 11 [255-267]
Қос: 5 [180-195], 3 [189-200]
Бақылау сұрақтары:
Қақтығыстың туындау себептері неде? Оларды жіктеңіздер.
Қақтығыстың негізгі даму кезеңдері.
Қақтығыс жағдайында басшының негізгі басқару стильдерін сипаттаңыздар.
Қақтығыс картасы дегеніміз не?
Жанжалшыл тұлғаның негізгі сапалары мен типтері, олармен қақтығысты шешу жолдары туралы айтып беріңіз.
Қақтығыс жағдайларындағы негізгі құлық ережелерін атаңыздар.
Семинар 11. Педагогикалық әсер ету психологиясы
Тапсырма
1. Психологиялық әсер етудің психологиялық негіздері.
2. Императивті әсер ету (бихевиоризм) стратегиясы. Әсер етудің манипулятивті (когнитивті психология) стратегиялары.
3. Тұлғалық, интерсубъективті тұрғы (гуманистік психология, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн).
4. «Әсер ету нысандары».
Әдістемелік ұсыныстар: берілген тақырыпты меңгеру барысында әсер ету психологиясын анықтау қажет. Әсер ету табиғатта кездесуіне және оның белгілі бір ерекшеліктеріне назар аударыңыздар. Психологиялық әсер етудің жіктелуін қарастырыңыздар. Қарым-қатынас барысында манипуляцияның байқалуын, оның манипуляциялаудан жалпы ерекшеліктерін анықтаңыздар. Манипуляциялық әсер етуден қалай қорғануға болатынына көңіл бөліңіздер. «Әсер ету нысандарының» түрлерін зерделеңіздер.
Нег.:7 [511-641], 11 [301-347]
Қос.:2 [5-39]
Бақылау сұрақтары:
Өмірде қандай әсер ету түрлерін қолданасыздар?
Манипулятивті әсер ету дегеніміз не?
Императивті емес әсер ету түрлеріне не жатады?
Өтініш деген не? Орындалуы үшін өтінішті қалай айтуға болады?
Жасырын басқару деген не?
Семинар 12. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері
Тапсырма
1. Өндірістік ұжымның қалыптасу және ұйымдасу кезеңдері. Өндірістік ұжымның даму кезеңдері.
2. Тиімді әлеуметтік-психологиялық климат факторлары.
3. Инженер тұлғасына ұжымдық әсер етудің ерекшеліктері.
4. Өндірістік ұжымда инженердің тәртібі мен іс-әрекетін реттеудің психологиялық-педагогикалық әдістері.
Әдістемелік ұсыныстар: ұжымның ұйымдасып қалыптасу процесін, психология тұрғысынан кім көшбасшы болып табылатынын, өндірістік ұжымда көшбасшылар қандай болатынына көңіл бөлу керек. Әлеуметтік-психологиялық климатты, оның қалыптасуын, қандай факторлар әсер ететінін, ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатына басшы әсерінің рөлін қарастырыңыздыр. Ұжымда қалайша тиімді өзара әсер етуге болатынын талдаңыздар.
Нег.: 7 [349-387], 4 [528-601], 6 [157-189]
Қос.: 3 [148-187], 4 [205-301]
Бақылау сұрақтары:
1. Психология тұрғысынан ұжым дегеніміз не?
2. Топ ұжымға дейін қалай дамиды?
3. Әлеуметтік-психологиялық климат дегеніміз не?
4. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатына қандай факторлар әсер етеді?
5. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатына басшы қандай рөл атқарады?
Семинар 13. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
Тапсырма
1. Үлкен топтардың жіктелуі.
2. Тобырдың психологиялық сипаттамасы.
3. Адамның тобырдағы әрекетінің психологиялық ерекшеліктері.
4. Қауесеттер сипаттамасы. Олардың туындау ерекшеліктері. Үрей ұғымы.
Әдістемелік ұсыныстар: топтың әртүрлі түрлеріне салыстырмалы талдау жасаңыздар, олардың ерекшеліктеріне назар аударыңыздар. Ұжымда қауесеттің таралуын қарастырыңыздар. Адамның тобырдағы құлық ерекшеліктеріне, үрей ұғымына талдау жасаңыздар.
Нег.: 7 [349-387], 4 [528-601], 6 [157-189]
Қос.: 5 [148-187], 6 [205-301]
Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік топ ұғымына анықтама беріңіз, оның негізгі сипаттамаларын негіздеңіз.
2. Инженер тұлғасына микротоптың жағымды әсері қандай?
3. Өндірістік ұжымның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтаңыздар.
4. Кіші топ дамуының негізгі кезеңдерін анықтаңыздар.
5. Үлкен топ, бұқаралық құбылыс белгілерін және түлкен топтағы тұлға құлқының ерекшеліктерін сипаттаңыз,
Семинар 14. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
Тапсырма
1. Басқару қызметінің психологиялық-педагогикалық мәселелері.
2. Басқару қызметі: түрлері, ерекшеліктері, мазмұны. Жетекшілік деңгейлері. Басқару функциялары.
3. Дәстүрлі басқару стильдеріне сипаттама.
4. Көшбасшы және басшы ұғымдары.
Әдістемелік ұсыныстар: басқару процесін құру теориясына баса назар аударыңыз, басқару іс-әрекеті мәселелеріне талдау жасаңыздар. Өндірісті басқару және жетекшілік ету ерекшеліктерін салыстырыңыздар. Өндірісті басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін психологиялық-педагогикалық ұсыныстар құрастырыңыздар.
Нег.: 7 [551-585], 6 [245-259]
Қос.: 4 [172-282], 5 [92-141]
Бақылау сұрақтары:
Басқару психологиясының зерттеу пәні не болып табылады?
Басқару іс-әрекетінің ерекшеліктерін сипаттаңыздар.
Басқару функцияларының негізгі құрылымын сипаттаңыздар.
Басшы қызметінің эмоциялық-еріктік бағдарлау күйлерінің ерекшеліктері неде көрінеді?
Басқару қызметінің психологиялық-педаагогикалық ерекшеліктерін сипаттаңыздар.
Семинар 15. Инженер қызметіндегі басқару қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық мәселелері
Тапсырма
1. Басқару қарым-қатынасының түрлері. Басқару қарым-қатынасының этикалық-психологиялық принциптері.
2. Іскерлік әңгіме, оның кезеңдері. Іскерлік әңгімені бастау тәсілдері.
3. Әңгімелесушіні өзіне баурауға көмектесуші тәсілдер.
4. Аудитория алдында сөйлеу, оның ерекшеліктері. Сөйлеушінің тартымды имидж құрастыру факторлары.
Әдістемелік ұсыныстар: іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктеріне талдау жасаңыздар. Сабаққа дайындалу барысында іскерлік қарым-қатынас мәдениеті мен ережелері, іскерлік қарым-қатынастың халықаралық этикалық ережелері туралы материалдарды қолданыңыздар.
Нег.: 4 [511-528], 6 [127-156]
Қос.: 1 [215-260], 5 [56-89]
Бақылау сұрақтары:
Қарым-қатынас ұғымына анықтама беріңіздер, оның мазмұны, мақсаты мен құралдарын ашып көрсетіңіздер.
Қарым-қатынас функцияларын атаңыздар.
Басқару барысындағы вербальді емес қарым-қатынас құралдарының психологиялық мәнін ашып көрсетіңіздер.
Инженерлік қызметтегі басқару қарым-қатынасының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін қандай?
