Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айналамен таныстыру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.27 Кб
Скачать

2.1.Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастырудың тиімді жолдары

Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдас тырудың тиімді жолдарына мыналар жатқызамыз: бақылау, экскурсия, географиялық алаң, оқу тәжірибе үлескісі, серуен, мақсатты серуен т.б жатады.

Бақылаулар - табиғатты өздігінен танып білудің бірден бір негізгі әдістер. Табиғатты танып білу, зерделеудің бірден-бір негізгі әдісі – бақылау. Бақылау дегеніміз балалардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында тірі және өлі табиғат обьектілерін тікелей қабылдауы деп ұғынуымыз керек. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған айналамен таныстыру бағдарламаларында балалардың қоршаған табиғатты бақылауына аса зор көңіл аударылады.Табиғатты тікелей бақылау негізінде балада көптеген нақтылы түсініктер қалыптасады.

Табиғаттанудан сабақ беруде әдістемелік жүйенің негізін қалаушылардың бірі А.Я.Гард «адамзат бүкіл шынайы білімді оқу арқылы емес, бақылаулар, салыстырулар, тәжірибелер арқылы игереді»,-деп атап көрсеткен.

Бақылау біріншіден, қоршаған болмыстан нақтылы және бейнелі түсінік- тер мен ұғымдар қалыптастыруға соның негізінде мектепке дайындық балалардың логикалық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді;

Екіншіден, матералистік дүниетанымның қалыптасуына себепкер болып, табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына, табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, дүниенің материалдығына және табиғаттың біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді. Оқу тұрғысындағы бақылаудың мақсаты қандай да бір фактілерді жинақтау, бақылау обьектісін зеттеу немесе заңдылықтарды ашу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алдын-ала бақылауға дайындалу жұмысын жүргізу қажет. Ол негізінен төмендегідей:

– Балаларды бақылау обьектісімен және оның мақсаттарымен таныстыру.

– Бақылау барысымен және оның оның ұсынылған тәсілімен, факті-лерді белгілеу ережелерімен таныстыру;

– Сипаттау, бейнелері мен қорытындыларды беру.

Бақылаулардың түрлері: Ауа райын бақылау, өсімдіктерді бақылау, тұқымның өнуін бақылау, жыл мезгіл өзгерістерін бақылау, адам еңбегін бақылау, жан-жануар мінезін бақылау т.б Бақылау барысында түрлі құралдар мен аспаптарда жұмыс істеу машықтары меңгеріледі. Мектеп жасына дейінгі балалармен айналамен таныстыру сабағын ұйымдастыру түрлері мына құралдардың көмегі арқылы іске асырылады:

  1. саяхат;

  2. мұражайларға бару;

  3. мақсаттық серуендеу;

  4. телебағдарламалар, бейнефильмдер;

  5. табиғат туралы көркем әдебиеттер;

  6. суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;

  7. музыка тыңдау;

  8. дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;

Географиялық алаң. Мектепке дейінгі кезеңде айналамен таныстыру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін географиялық алаңның да ролі жоғары. Географиялық алаңда географиялық ұғымдарды кеңейту, түрлі аспаптарда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында яғни практикалық сабақтар жүзінде ұйымдастырылады.

Географиялық алаң шамамен 10х10 көлемді алатын алаң. Оны биіктігі 1 м-ге баратын қашамен қоршайды, қашаның бір бөлігін түрлі түске кезектемтіріп бояйды да, өлшеуіш қаша ретінде пайдаланады. Алаңға арналған орынды мүмкіндігінше ашықтау жерден таңдайды. Оның дәл ортасында тіктегіші бар , биіктігі 1 м вертикал таяқ орнатылады. Оның көмегімен күннің түсу уақытын, көкжиек бағытын анықтайды..Ауа райын бақылау үшін метрологиялық дүңгіршек орнатып, оның ішіне термометр қояды. Балалар жылдың жылы мезгілінде географиялық алаңда құмнан рельф формаларын мүсіндеу, жасанды көлшіктер үлгілерін жасау және де әр түрлі тапсырмалар орындай алады.

Экскурсия идеялық тәрбие жұмысының біршама дербес түрі. Экскурсия балалардың пәннен алған білімдерін толықтырып меңгертуге мүмкіндік береді. Әр экскурсия тақырыбына орай белгілі бір танымдық мақсатпен жүргізілуі керек. Экскурсия сабақтарында бала, табиғатта өзін ұстау іскерлігі мен дағдысын тәжірибеде меңгереді, қоршаған орта жағдайына баға беруге, табиғат сұлулығын сақтауға және одан әрі көркейтуге , өз үлесін қосуға үйретеді.

Экскурсия адамның рухани байлықты игеруіне себебін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін қолданған көмекші иллюстарциялық құрал ролін атқарады. Экскурсия балалардың пәннен алған білімдерін толықтырып меңгертуге мүмкіндік береді. Әр экскурсия тақырыбына орай белгілі бір танымдық мақсатпен жүргізілуі керек. Экскурсия сабақтарында бала, табиғатта өзін ұстау іскерлігі мен дағдысын тәжірибеде меңгереді, қоршаған орта жағдайына баға беруге, табиғат сұлулығын сақтауға және одан әрі көркейтуге, өз үлесін қосуға үйретеді. Экскурсия баланың зерттейтін обьектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына мүмкіндік береді.

Экскурсиялар тікелей табиғат орталарына, мұражайларға, ботаникалық баққа, жануарлар бағына, завод, фабрикаларға, әртүрлі цехтарға, көл және өзен жағалауына, тарихи орындарға т.б жерлерде жүргізіледі. Тәрбиеші әрбір экскурсияны тақырыбына, өтілетін орнына сәйкес алдын-ала тыңғылықты түрде дайындалады. Ең алдымен экскурсия жүргізілетін орынмен танысып, көңіл аударарлық сипатты обьектілерді табады; балалардың өздігінше жүргізілетін бақылауларының сипатын ойластырады; балалар тапсырмамен бақылау және жинау тапсырмаларын алады. Ең бастысы балалар табиғаттан нені және қалай көру , нені тану керектігін білуі керек.

Айналамен таныстыру сабағының табиғат аясында өткізудің бұл түрі ұйымдасқан түрде табысты өтуі үшін мұғалім оқушыларды оның жоспарымен алдын-ала таныстырып, мақсаты мен міндетін белгілейді. Балалардың қандай мағұлматтар жинап, неге басқа назар аудару керек екенін түсіндіреді. Нәтижесіндегі заттар, мағұлматтар, материалдар сабақта қорытындылады.

Американдық педагогтардың айтуынша, табиғатқа саяхат ұйым-дастыру әртүрлі факторлардың әсерінен айқын көрініс байқауға, теориялық біліммен тұрғылықты жердің табиғи проблемаларын танып білуге зор мүмкіндік береді, зерделеуге деген құштарлығын оятады, зерттеу біліктілігі қалыптасады.

Айналамен таныстыру сабағының табиғат аясында өткізу барысында, байқау, бақылау, пайымдау, салыстыру сияқты қасиеттері туындайды. Сондай-ақ, экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолдану қажет екендігін тілге тиек етіп, бала ойын, көзқарасын тыңдау үлкен нәтижелі және де экскурсия мақсатын аша түседі.

Оқу тәжірбие үлескісі. Балабақша маңында оқу-тәжірибе үлескісі білім мен тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Әрбір балабақша маңында арнайы жер бөлініп, онда оқу тәжірибе үлескісі ұйымдастырылады. Балабақша маңын-дағы бұл алаң көктемде және күзде экскурсия ұйымдастыруға таптырмас табиғи орын болып табылады.

Оқу тәжірибе үлескісі алдын ала мынандай бөлімдерге бөлінеді: дала өсімдіктері бөлімі, көкөністер бөлімі, жеміс-жидектер бөлімі, әсемдік өсімдіктер бөлімі және жануарлар бөлімі. Тәжірибелік алаңдағы жұмыстар балалар бойында практикалық дағдылар мен машықтар қалыптасуға, еңбекке баулуға үлкен септігін тигізеді. Тәжірибелік алаңда күзгі және көктемгі топырақты өңдеу, зиянды бунақденелермен күрес жолдары, өсімдіктерді көбейту жолдары, олардың өнуін, өсуін бақылау, күтіп баптау жолдарын үйренеді.

Айналамен таныстыру сабағының табиғат аясында өткізу кезінде, бұл үлескеде ағаштар егу, санитарлық жұмыстар, ағаштарда құстарға арнап ұя, тамақтандыру торын орнату жұмыстарын ұйымдастыруға болады . Бұл үлкен тәрбиелік жұмыс, сондай-ақ құстарды балабақша ауласына шақыру, олардың тіршілігін бақылау қажет.Үлкен жауапкершілік, табиғатқа деген сүйіспеншілік, эстетикалық тәрбие қалыптасады [4].

Серуен. Серуендеу – бала организмін шынықтырудың ең бастапқы және неғұрлым оңайға түсетін құралы. Ол баланың сыртқы ортаның қолайсыз әсеріне, әсіресе салқын тиюден болатын ауруларға төзімділігі мен көнбістігін арттырады. Серуендеудің тәрбие құралы ретіндегі маңызы. Балалардың таза ауада болуының оның дене құрылысының дамуы үшін үлкен маңызы бар. Балалардың таза ауада болуы үшін күніне шамамен төрт сағатқа дейін бөлінеді. Жазда бұл уақыт едәуір ұзартылады.

Балалар бақшасындағы күн режимі күндізгі серуен оқу сағаттарынан кейін, ал кешкі серуен түстіктен соң өткізуді қарастырады. Серуендеуге бөлінген уақыт қатаң сақталуы тиіс. Серуендеу баланың ақыл-ой тәрбиесіне әсер етеді. Серуенге шыққанда балалар ойнайды, көп қозғалыста болады. Қимыл зат алмасуын, қан айналымын, газ алмасуын күшейтеді, тәбетін жақсартады. Балалар түрлі кедергілерден өтуге үйренеді, ширақ, епті, батылтөзімді болады. Олардың қимыл шеберлігі мен дағдысы қалыптасады, бұлшық ет жүйесі нығайып, организмнің өмір сүру қабілеті артады.

Учаскеде немесе көшеде болған кезінде олар айналадан көптеген жаңа нәрсені көреді және біледі: үлкендердің еңбегі, транспорт, көшеде жүру тәртібі жөнінде және т.б. түсінік алады. Бақылау арқылы олар табиғат маусымына байланысты өзгерістер ерекшеліктерін білетін болады, түрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды байқайды, қарапайым тәуелділік-терді анықтайды. Байқау оларды білуге, түрлі сұрақтардың жауабын табуға құлшындыра түседі. Мұның бәрі балалардың байқағыштығын дамытады, айналадағылар жөніндегі ұғымын кеңейтеді, ой мен қиялын оятады.Сөйтіп, дұрыс ұйымдастырылған және ойластырылған серуен балаларды жан-жақты жетілдіру міндеттерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

Айналамен таныстыру сабағының табиғат аясында өткізудің бұл түрінде неғұрлым қимылды ойындар басты орын алады. Оларда негізгі қимылдар дамытылады, оқу сағаттарының ой қысымынан арылады, моральдық қызметтер қалыптасады. Егер оқу сағаттары балалардың ұзақ отыруымен байланысты болса, қимылды ойынның серуеннің бастапқы кезінде өткізуге болады. Егер олар қыдыруға музыкалық немесе физкультуралық оқу сағаттарынан кейін шықса, онда ойынды серуеннің ортасында немесе оның аяқталуына жарты сағат қалғанда өткізуге болады.

Ойындарды таңдау жыл мезгіліне, ауа-райына, ауа температурасына байланысты. Салқын күндері серуендеуді жүгірумен, лақтырумен, секірумен байланысты неғұрлым қимылды ойындармен бастаған дұрыс. Көңілді де қызғылықты ойындар балалардың суыққа төзімді болуына көмектеседі. Дымқыл, жаңбырлы күндері үлкен кеңістікті талап етпейтін аз қимылды ойындарды ұйымдастыру қажет.Секіру, жүгіру, лақтыру салмақты тең ұстап жаттығу ойындарын, сондай-ақ көктемнің, жаздың жылы күндері мен күздің басында өткізу қажет.

Серуен кезінде бабки, серсо, кольсеброс, кегли сияқты заттармен ойнайтын сюжетсіз халықтық ойындар, ал ересектеу балалар тобында-спорттық ойындардың элементтері бар: волейбол, баскетбол, городки, бодминтон, стол тенисі, футбол, хоккей кеңінен пайдаланады. Балалардың қоршаған орта туралы білімі мен ұғымын кеңейтуге жәрдемдесетін ойындар пайдалы. Тәрбиеші балаларға текше пішіндес заттар, лото беріп, семья, космонавтар, параход, аурухана және басқа ойындарға қызық-тырады. Ол ойын сюжетін дамытуға, оған қажетті материалды таңдап алуға немесе жасауға көмектеседі. Серуенде қозғалысты ойындар мен негізгі қимылдың жекелеген жаттығуларынан басқа спорттық сауықтар да ұйымдастырылады. Жазда –бұл велосипед тебу, жүзу, қыста -шана, коньки тебу, мұздық жолдарда аяқпен сырғанау, шаңғымен жүру.

Серуен кезінде балалардың еңбек әрекетіне көңіл бөлу қажет.Оны ұйымдастырудың мазмұны мен формасы ауа райына және жыл мезгіліне байланысты. Мәселен, балалар күзде гүлдер тұқымын, бақша өнімдерін жинап, қыста қар үйіп, одан әр түрлі құрылыстар жасауына болады. Балалар еңбегін қуанышты, сәбилердің пайдалы дағдылар мен іскерліктерді меңгеруіне жәрдемдесетіндей етіп жасауға ұмтылу қажет.

Айналамен таныстыру сабағының табиғат аясында өткізуді ұйымдастыру барысында, бақылауды балалардың тұтас бір тобымен, шағын топтарымен, сондай-ақ жеке сәбилермен де жүргізуге болады. Тәрбиеші көңіл аудара білуді дамыту үшін олардың кейбіреулерін бақылауларға тартады, екіншілерінің табиғатқа немесе қоғамдық құбылыс-тарға тағы сол сияқты ынтасын туғызады.

Айналадағы өмір және табиғат қызықты сан қилы бақылауларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, бұлтқа, оның формасына, түсіне көңіл аударып балаларға белгілі бейнелермен салыстыруға болады. Балалар бақшасы маңында жұмыс істеп жүрген үлкендердің, мәселен, құрылысшылардың еңбегін бақылауды да ұйымдастыруға болады.

Мақсатты серуендер. Тәрбиеші балаларды учаскеден тыс жерде де қоғамдық өмір мен табиғат құбылыстарын бақылай жүруін ұйымдас-тырады. Осы мақсатпен мақсатты серуендер ұйымдастырылады.

Мақсатты серуенде баларлар төңіркетегілер туралы өз бетімен көптеген әсер алады, олардың ой- өрісі кеңейеді, білімі мен ұғымын тереңтетеді, бақыламампаздығы мен әуесқойлығы артады. Ауадағы қозғалыс дене құрылысының дамуына пайдалы ықпал етеді. Серуен кезінде ұзақ жүру балалардан біршама ұстамдылықты, төзімділікті талап етеді. Серуендеу кезінде тәрбиеші балалармен жеке –дара жұмыс жүргізеді: біреулері үшін доппен ойнауды, нысанаға жеткізе лақтыруды, екіншілері үшін – салмақ теңестіру жатығуларын, үшіншілері үшін –түбір үстінен секіруді, ағаштан аттауды, төбешіктің басынан жүгіріп түсуді ұйымдас-тырады.

Серуендеуде баланың тілін ұстарту: таппақтар немесе күлдіргі өлең үйрету, айтылу қиын дыбыстарды пысықтау және тағы басқа жұмыстар жүзеге асырылады. Тәрбиеші музыкалық оқу сағаттарында үйретілген әндердің сөзі мен әуендерін балалармен бірлесіп еске түсіруіне болады.

Тәулік бойына жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекемелерде балалармен кешкі серуенде өткізіледі. Ол үшін учаске жақсы жарықтан-дырылуы тиіс. Серуедеу кезінде балалардың өз беттерінше ойнауларына негізгі орын беріледі [3].