Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айналамен таныстыру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.27 Кб
Скачать

1 Айналамен таныстыру сабағын ұйымдастырудың мазмұны және педагогикалық талаптары

1.1.Мектеп жасына дейінгі балалармен айналамен таныстыру сабағын ұйымдастыру түрлері

Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Атақты педагог К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыстану ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады»- деп жазды ол. К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар. Сондай-ақ, ол «табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деп есептеді.

Ал,А.Я.Герд пікірінше мектеп жасына дейінгі балаларға жаратылыстану ғылымын оқып білуге орын жоқ,табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді тұрғыдан келу қажет, яғни біріккен пән түрін енгізу қажет деген. Оның «Құдірет әлемі» деп аталатын оқулығында көп жылдар бойы өлі табиғат курсын оқып - үйренуде мұғалімнің негізгі көмекші құралы болып келеді. Өзінің әдістемелік еңбектерінде А.Я.Герд бірқатар идеяларды ұсынды, Айталық;

- Практикалық сабақтар мен экскурсияларда баланың өзіндік белсенді әрекетін тудыра білуі;

- Балабақшаның тірі табиғатпен байланысын кеңейту;

- Табиғатты танып білу үшін тікелей зерттеу жүргізу;

Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл-Фараби, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектері ересен қазына. Ұлы ойшыл Абай табиғат туралы «Адамды қоршаған ортаның табиғаттың ішкі сырын білім - ғылым арқылы танып білуге болады» деген еді. Ы.Алтынсариннің 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша хрестоматия» деген кітабында: «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» т.б. әңгімелері бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын сүюге, қайырымдылық пен жаңашырлыққа меңзейді. Атақты педагог К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыстану ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды ол. К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар.Сондай-ақ, ол«табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деп есептеді.

Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергі ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл – ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрі ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда бізге жол сілтейді, демейді.

Ал егер республикада мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесін нақтылай сөз етсек, бізде бұл мәселе әлі де болса түбегейлі зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенін мойындауымызға тура келеді. Дегенмен жекелеген ғалымдардың білім беру,тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына еліміздің ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы. Сондай-ақ тәлімгердің алты жасар және төменгі класс балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелері жүйелі қарастырылады. Әдіскердің ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлі әдіс - тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негіздей отырып жүргізу-ді ұсынады. Білікті ұстаз -ғалымның қай еңбегінде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдісінің негізгі әдісі ретінде объектіні тікелей бақылауға мән беріледі. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететін өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгі жоспарлары мен бағдарламалары негізінде, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгілі» (1981 ж.) диафильмі құнды құрал.

Алпысыншы жылдардан кейінгі кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. «Жыл он екі ай» кітабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбек. Жинақтағы әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш «Қыс», көктем, жаз, қыс, күз атты бөлімдерге топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық көріп келе жатқан бұл әдеби күнтізбекте өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгінгі күнге дейін мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының сүйсіне тыңдап, қызықтап оқитын кітабының бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәрбие құралы ретінде орын алады. Тәлімгердің «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» (1—11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы жарыққа шықты. «Біздің кітапқа» енген көр-кем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық. Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді педагог. «Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі түн», «Жазды күні» т. б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең - тақпақтары енген.

Сондай - ақ ғалымның «Балалар әдебиетінін хрестоматиясы» (1978 ж) атты еңбегі балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі карай кеңейтіп, тереңдетуді көздеген. Кітапқа халық ауыз әдебиеті нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруін шебер суреттеген, Абай өлеңдерінен бастап қазіргі авторларды да қамтыған бірқатар шығармалар берілген. Балабақша тәрбиешісіне арналған «Өзіміз оқып үйренеміз», «Суретті қазақ тілі» атты кітаптарында балаларға табиғат жайында түсінік беретін сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері берілген. Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалардың «Әр қашан күн сөнбесін» (1977), «Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру тәжірибесінен» (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары, өсімдік- жануарларға арналған өлең - тақпақ , жұмбақтар берілген.

Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалар-дың «Әр қашан күн сөнбесін» (1977), «Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру тәжірибесінен» (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары, өсімдік - жануарларға арналған өлең - тақпақ, жұмбақтар берілген. С.Қалиев пен Б. Баймұратованың мектеп жасына дейінгі балалар үшін құрастырған «Өзіміз оқып үйренеміз» (1991 ж.) кітабында балаларға жыл мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар жайында жұмбақ, өлең-тақпақтар, әңгімелер берілген.

Табиғат адам баласының өмір сүріп, тіршілік ететін ортасы ғана емес, көркемдік сұлулықтың әлемі, молшылық, байлык көзі, таным негізі. Табиғаттың сан алуан жұмбақ сырларын адам баласы әлі де зерттеп біткен емес. Сонау Әл-Фараби өмір сүрген X ғасырдан бастап бүгінге дейін қаншама жүздеген жылдар өтті. Ғылымның, техниканың дамығандығы соншалық қоғамға әр түрлі жаңалықтар мен өзгерістер еніп жатыр, оның бәрінің бұлағы табиғат болып отыр [2].

Айналамен таныстыру негізін балабақшадан бастаудың өзі олардың қоршаған ортаны танып – түсінуге негіз жасайды. Табиғатты қорғау адам өмірінің қажеттілігі үшін ғана емес, жеріміздегі тіршіліктің жалғаса беруі үшін де қажет екенін түсіндіру шарт. Белгілі ғалым – педагогтар Н. В. Скалон, Ф. А. Веретникова, Б. Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың балалар үшін қажетті шарттарын атап өтіп, оларды отаншыл-дық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие негіздеріне жатқызады. Бала-бақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздің барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:

а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;

б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпы-лама түсініктерді қалыптастыру.

Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерінде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым – қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң – құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстырубарысында адамгершілік, еңбек, деен және эстети-калық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын  көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани  қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі – бізге, ерексектерге байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балалармен айналамен таныстыру сабағын ұйымдастыру түрлері:бақылау, экскурсия, географиялық алаң, оқу тәжірибе үлескісі, серуен, мақсатты серуен т.б жатады.

Бақылаулар - табиғатты өздігінен танып білудің бірден бір негізгі әдістер. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған айналамен таныстыру бағдарламаларында балалардың қоршаған табиғатты бақылауына аса зор көңіл аударылады.Табиғатты тікелей бақылау негізінде балада көптеген нақтылы түсініктер қалыптасады. Табиғаттанудан сабақ беруде әдісемелік жүйенің негізін қалаушылардың бірі А.Я.Гард «адамзат бүкіл шынайы білімді оқу арқылы емес, бақылаулар, салыстырулар, тәжірибелер арқылы игереді»,-деп атап көрсеткен.

Табиғатты танып білу, зерделеудің бірден-бір негізгі әдісі – бақылау. Бақылау дегеніміз балалардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында тірі және өлі табиғат обьектілерін тікелей қабылдауы деп ұғынуымыз керек. Бақылау біріншіден, қоршаған болмыстан нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға соның негізінде мектепке дайындық балалардың логикалық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді. Екіншіден, матералистік дүниетанымның қалыптасуына себепкер болып, табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына, табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, дүниенің материалдығына және табиғаттың біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді. Оқу тұрғысындағы бақылаудың мақсаты қандай да бір фактілерді жинақтау, бақылау обьектісін зеттеу немесе заңдылықтарды ашу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алдын – ала бақылауға дайындалу жұмысын жүргізу қажет. Ол негізінен төмендегідей:

А. Балаларды бақылау обьектісімен және оның мақсаттарымен таныстыру.

Б. Бақылау барысымен және оның оның ұсынылған тәсілімен, фактілерді белгілеу ережелерімен таныстыру;

С. Сипаттау, бейнелері мен қорытындыларды беру.

Бақылаулардың түрлері: Ауа райын бақылау, өсімдіктерді бақылау, тұқымның өнуін бақылау, жыл мезгіл өзгерістерін бақылау, адам еңбегін бақылау, жан-жануар мінезін бақылау т.б Бақылау барысында түрлі құралдар мен аспаптарда жұмыс істеу машықтары меңгеріледі.

Географиялық алаң. Мектепке дейінгі кезеңде айналамен таныстыру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін географиялық алаңның да ролі жоғары. Географиялық алаңда географиялық ұғымдарды кеңейту, түрлі аспаптарда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында яғни практикалық сабақтар жүзінде ұйымдастырылады.

Географиялық алаң шамамен 10х10 көлемді алатын алаң. Оны биіктігі 1 м-ге баратын қашамен қоршайды, қашаның бір бөлігін түрлі түске кезектемтіріп бояйды да, өлшеуіш қаша ретінде пайдаланады. Алаңға арналған орынды мүмкіндігінше ашықтау жерден таңдайды. Оның дәл ортасында тіктегіші бар , биіктігі 1 м вертикал таяқ орнатылады. Оның көмегімен күннің түсу уақытын, көкжиек бағытын анықтайды..Ауа райын бақылау үшін метрологиялық дүңгіршек орнатып, оның ішіне термометр қояды. Балалар жылдың жылы мезгілінде географиялық алаңда құмнан рельф формаларын мүсіндеу, жасанды көлшіктер үлгілерін жасау және де әр түрлі тапсырмалар орындай алады [4].

Серуен. Серуендеудің тәрбие құралы ретіндегі маңызы. Балалардың таза ауада болуының оның дене құрылысының дамуы үшін үлкен маңызы бар. Серуендеу – бала организмін шынықтырудың ең бастапқы және неғұрлым оңайға түсетін құралы. Ол баланың сыртқы ортаның қолайсыз әсеріне, әсіресе салқын тиюден болатын ауруларға төзімділігі мен көнбістігін арттырады.

Серуенге шыққанда балалар ойнайды, көп қозғалыста болады. Қимыл зат алмасуын, қан айналымын, газ алмасуын күшейтеді, тәбетін жақсартады. Балалар түрлі кедергілерден өтуге үйренеді, ширақ, епті, батылтөзімді болады. Олардың қимыл шеберлігі мен дағдысы қалыптасады, бұлшық ет жүйесі нығайып, организмнің өмір сүру қабілеті артады.

Серуендеу баланың ақыл-ой тәрбиесіне әсер етеді. Учаскеде немесе көшеде болған кезінде олар айналадан көптеген жаңа нәрсені көреді және біледі: үлкендердің еңбегі, транспорт, көшеде жүру тәртібі жөнінде және т.б. түсінік алады. Бақылау арқылы олар табиғат маусымына байланысты өзгерістер ерекшеліктерін білетін болады, түрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды байқайды, қарапайым тәуелділіктерді анықтайды. Байқау оларды білуге, түрлі сұрақтардың жауабын табуға құлшындыра түседі.

Мұның бәрі балалардың байқағыштығын дамытады, айналадағылар жөніндегі ұғымын кеңейтеді, ой мен қиялын оятады.

Серуендер адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Тәрбиеші балаларды туған қаламен, оның көрікті орындарымен, көшелерін көгалдандырып, сәулетті үйлер салып, жолдарды асфальттап жүрген үлкендердің еңбегімен таныстырады. Осыдан келіп еңбектің коллективтік сипаты мен маңызы: барлығы да біздің адамдарымыздың жайлы, әдемі және қуанышты тұруы үшін екендігі атап көрсетіледі. Айналадағылармен танысу балаларды туған қалаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге көмектеседі.

Күн режиміндегі серуендеу уақыты. Балалардың таза ауада болуы үшін күніне шамамен төрт сағатқа дейін бөлінеді. Жазда бұл уақыт едәуір ұзартылады.

Балалар бақшасындағы күн режимі күндізгі серуен оқу сағаттарынан кейін, ал кешкі серуен түстіктен соң өткізуді қарастырады. Серуендеуге бөлінген уақыт қатаң сақталуы тиіс.

Балаларды серуендеуге даярлау. Балалар серруенге ықыласпен жиналуы үшін тәрбиеші оның мазмұнын күні бұрын ойластырады, ойыншықтардың көмегімен немесе олардың немен айналысатыны туралы әңгімелесу арқылы сәбилердің серуенге деген ынтасын туғызады. Егер серуендер мазмұнды да көңілді болса, балалар әдетте серуенге бар ынтасымен шығады.

Балаларды киіндіруді көп уақыт алмайтындай және олар бір-бірін ұзақ тосып қалмайтындай етіп ұйымдастыру керек. Бұл үшін ойлану және тиісті жағдай жасау қажет. әрбір топқа жеке-жеке шағын шкафтары және баланың отыруына, шалбарын немесе аяқ киімін киюіне әрі оның үстіне бір-біріне кедергі жасамауына қолайлы банкеткалары мен орындықтары бар шешінетін кең бөлме қажет.

Тәрбиеші балаларды өз бетінше және белгілі бір тәртіппен киініп, шешінуге үйретуге тиіс. Олардың барлығы алдымен шалбарын, аяқ киімдерін, сонан соң орамалын, пальтосын, құлақшынын, шарфы мен қолғабын киеді. Серуеннен оралған соң керісінше тәртіппен шешінеді. Сәбилердің киінуіне күтуші әйел көмектеседі, бірақ олардың өз шамашарқынша киінуіне мүмкіндік береді. Балалар киініп шешінуге дағдыланған кезде және мұны шапшаң да жинақы істейтін болғанда, тәрбиеші оларға тек жекелеген жағдайларда ғана (түймесін салу, шарфын орау т.с.с.) көмектеседі. Сәбилерді бір-біріне көмек беруге және істеген қызметі үшін алғыс айтуды ұмытпауға баулу керек. Киіну және шешіну дағдысы тезірек қалыптасуы үшін, ата-аналар үйде балаларға көбірек тәуелсіздік беруі тиіс.

Балалардың көпшілігі киініп болған кезде тәрбиеші олармен бірге учаскеге шығады. Қалған балаларды күтуші әйел қадағалайды, содан соң оларды тәрбиешіге апарады. Серуенге шығарда балалар ауда ойнау мен жаттығуға арналған материалдар мен ойыншықтарды өздері алып шығады [3]

Экскурсия идеялық тәрбие жұмысының біршама дербес түрі, олар адамның рухани байлықты игеруіне себебін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін қолданған көмекші иллюстарциялық құрал ролін атқарады. Экскурсия балалардың пәннен алған білімдерін толықтырып меңгертуге мүмкіндік береді. Әр экскурсия тақырыбына орай белгілі бір танымдық мақсатпен жүргізілуі керек. Экскурсия сабақтарында бала, табиғатта өзін ұстау іскерлігі мен дағдысын тәжірибеде меңгереді, қоршаған орта жағдайына баға беруге, табиғат сұлулығын сақтауға және одан әрі көркейтуге , өз үлесін қосуға үйретеді.

Экскурсия баланың зерттейтін обьектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына мүмкіндік береді.

Экскурсиялар тікелей табиғат орталарына, мұражайларға, ботаникалық баққа, жануарлар бағына, завод, фабрикаларға, әртүрлі цехтарға, көл және өзен жағалауына, тарихи орындарға т.б жерлерде жүргізіледі. Тәрбиеші әрбір экскурсияны тақырыбына, өтілетін орнына сәйкес алдын ала тыңғылықты түрде дайындалады. Ең алдымен экскурсия жүргізілетін орынмен танысып, көңіл аударарлық сипатты обьектілерді табады; балалардың өздігінше жүргізілетін бақылауларының сипатын ойластырады; балалар тапсырмамен бақылау және жинау тапсырмаларын алады. Ең бастысы балалар табиғаттан нені және қалай көру , нені тану керектігін білуі керек.

Экскурсия ұйымдасқан түрде табысты өтуі үшін мұғалім оқушыларды оның жоспарымен алдын-ала таныстырып, мақсаты мен міндетін белгілейді. Балалардың қандай мағұлматтар жинап, неге басқа назар аудару керек екенін түсіндіреді. Нәтижесіндегі заттар, мағұлматтар, материалдар сабақта қорытындылады [16].