- •1 Айналамен таныстыру сабағын ұйымдастырудың мазмұны және педагогикалық талаптары
- •2 Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастыру әдістемесі
- •2.2. Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастыру әдістемесі..........................................................................................................20-23
- •1 Айналамен таныстыру сабағын ұйымдастырудың мазмұны және педагогикалық талаптары
- •1.1.Мектеп жасына дейінгі балалармен айналамен таныстыру сабағын ұйымдастыру түрлері
- •1.2. Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында ұйымдастыру нәтижесі
- •2.1.Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастырудың тиімді жолдары
- •2.2. Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастыру әдістемесі
- •Сабақ жоспары:
Мазмұны
Кіріспе
1 Айналамен таныстыру сабағын ұйымдастырудың мазмұны және педагогикалық талаптары
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалармен айналамен таныстыру сабағын ұйымдастыру түрлері...........................................................................................3-7
1.2. Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында ұйымдастыру нәтижесі...............................................................................................................7-12
2 Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастыру әдістемесі
2.1. Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастырудың тиімді жолдары................................................................12-20
2.2. Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастыру әдістемесі..........................................................................................................20-23
Қорытынды.....................................................................................................24-25
Пайдаланған әдебиет.........................................................................................26
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Елбасымыз Н.А. Назарбаев 2010жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдауында: 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар - бұл мемлекеттік мекемелерге балама.
Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушы лығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор [1].
Зерттеудің мақсаты: Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті:
- Мектеп жасына дейінгі балалармен айналамен таныстыру сабағын ұйым-дастыру түрлері айқындау.
- Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында ұйымдастыру нәтижесін көрсету.
- Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастырудың тиімді жолдарын жүйелеу.
- Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастыру әдістемесін жинақтау.
Зерттеудің пәні: Дүниетану теориясы мен әдістемесі
Зерттеу объектісі:Айналамен таныстыру сабағын табиғат аясында өткізуді ұйымдастырудың тиімді жолдары ұйымдастыру.
