Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сонгы жана ККТСозжасамы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.05 Кб
Скачать

4.Блиц-тест

1. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» монографиясының авторы кімдер?

А. Исаев С., Есенов Қ., Оралбаева Н... т.б,

В. Есенов Қ., Жанпейісов Е., Оралбаева Н... т.б.

С. Хасенова А., Жанпейісов Е., Балақаев М.. т.б.

Д. Бейсенбаева К., Құрышжанов Ә., Отарбекова Ж..

2. Сөзжасамдағы негізгі тұлға:

А. морфема

В. туынды

С. түбір сөз

Д. қос сөз

3. Ұя – сөз дегеніміз қандай сөз?

А. сөзжасамдық қосақтың болмауы

В. бір түбірден бір ғана туынды түбірдің өрбуі

С. түбірден бірнеше сөздің туындауы

Д. түбірлес сөздер

4. Қайсысы тізбек?

А .ек – егін - егінші - егіншілік

В. жауап – сызды - тылық

С. адам – адамдық – адамшылық - адамгершілік

Д. айт – ыс, - қыш – тыр

5. Сөзжасамдық тип болу үшін не қажет?

А. мағыналық тұтастық, бірлік, қатынас

В. сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қатынас, сөзжасамдық мағына

С. туынды түбірлердің бір сөз табынан болуы, мағына жақындығы мен жасалу тәсілі бір болуы

Д. мағыналық үлгі, қатынас

5) Бақылау сұрақтары

1.Сан есім сөзжасамы деген не?

2.Сан есім сөзжасамының ерекшелігі қандай?

3.Сан есім сөзжасамы туралы жазған ғалым кім?

4.Сан есім сөзжасамы қандай сөзжасам тәсілі арқылы жасалады?

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар

1. Сын есім мен сан есім сөзжасамы қалай ажыратылады?

7) Глоссарий

Сан есім сөзжасамы туралы түсінік. Сан есімнің сөзжасамдық ерекшеліктері.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Сан есімнің сөзжасамы

9)Әдебиеттер

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2.Төлеуов І. Сөз таптары. Алматы, 1982.

3.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

4. Қасым Б. Күрделі зат атаулары мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. Алматы, 2000.

5. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1998.

14 сабақ

Тақырып: Есімдіктің сөзжасамы. Үстеудің сөзжасамы

Сабақ мақсаты: Есімдіктің сөзжасамы мен үстеудің сөзжасамы ұғымдарын түсіндіру, меңгерту.

Семинар жоспары:

1. Есімдік сөзжасамы

2. Үстеу сөзжасамы

4.Блиц-тест

1. Сөзжасам жүйесін құрайтын элементтер:

А. сөзжасам тәсілі

В. сөз таптары

С. өнімді, өнімсіз жұрнақтар

Д. сөзжасамдық бірліктер

2. Сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі:

А. туынды сөз

В. қос сөз

С. қысқарған сөз

Д. сөзжасам ұясы

3. Сөзжасамның морфологияға қатысы:

А. жаңа сөз тудыруы

В. белгілі бір тәсілмен жасалуы

С. туынды сөздің сөз табына жатуы

Д. түбірге қосымшаға ажыратылуы

4. Сөзжасамның синтаксиске қатысы:

А. туынды сөз жасауы

В. өнімді – өнімсіздік сипаты

С.синтаксистік үлгі бойынша жасалуы

Д. қосымшалармен келуі

5. Сөзжасамның зерттелу аспектісі:

А.Ономасиология

В. семасиология

С. диахронды

Д. синхронды

5) Бақылау сұрақтары

1. Сөз таптары сөзжасамы дегенді қалай түсінесіз?

2. Есімдік сөз табы сөзжасамының ерекшелігі қандай?

3. . Үстеу сөз табының ерекшелігі қандай?Үстеу сөз табының жасалу жолдары қандай?

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Үстеу сөзжасамының ерекшеліктерін сипаттау

7) Глоссарий

Басқа сөз таптарына қарағанда есімдіктердің жасалу жолдары тілімізде онша күрделі емес. Мұның өзі есімдік табиғатымен тығыз байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіліндегі жалпы есімдіктердің саны 60 -70 – тен аспайды екен.Демек, олардың жасалу жолдарындағы заңдылық осы аз мөлшерімен де байланысты болса керек. Дегенмен де есімдіктердің жасалу жолдарында басқа сөз таптары сияқты синтетикалық және аналитикалық тәсілдер орын алып отырады.

Сөз табының бірінен саналатын үстеудің жасалу жолы әртүрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал – тәсілдерді өзара саралап топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық (морфологиялық) тәсіл және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Бұлардың қайсысы болса да үстеу сөз табын туындатуда өзіндік қызмет атқарады