Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сонгы жана ККТСозжасамы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.05 Кб
Скачать

4.Блиц-тест

1. Түбірлес туынды сөздерді табыңыз.

А. Көр, көргіш, көргіштік

В. Көр, көрсет, көрсетпе

С. Көр, көрсету, көрме, көрмені

Д. Көр, көрме, көрмегеннен

Е. Көр, көргіш, көргішті

2. Сөзжасамдық жұпты анықтаңыз.

А. Кел – кет, кес – кеспе

В. Кел – келме – келмеу

С. Кел – келгіш, келгіш – келгіштік

Д. Кел – келтір, келтір – келтірме

Е. Кел- кету, кел – келуші

3. Мына туынды сөздер қандай сөзжасам тәсілі арқылы жасалған?

Әке – шеше, алыс – жақын, қол орамал, аса таяқ

А. Аналитикалық

В. Синтетикалық

С. Семантикалық

Д. Фонетикалық

4. Сөзжасамдық жұп деген не?

А. Сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөз;

В. Сөзжасамдық ұядағы барлық сөздер ;

С. Сөзжасамдық ұядағы туынды сөздер ;

Д. Сөзжасамдық ұядағы негіз сөз ;

Е. Сөзжасамдық ұядағы түбір сөз.

5. Сөзжасамдық мағына дегеніміз не?

А. Түбір сөз бен қосымшаның мағынасы.

В. Біріккен сөздердің мағынасы сөзжасамдық мағына болады.

С. Туынды сөздердің жасалуына байланысты пайда болған екіншілік мағына.

Д. Қос сөздердің жасалуына байланысты пайда болған екіншілік мағына.

Е. Қысқарған сөздердің жасалуына байланысты пайда болған екіншілік мағына.

5) Бақылау сұрақтары

1. Сөзжасамдық жұп дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

2.Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар қандай байланыста болады?

3.Сөзжасамдық жұптар қандай тәсілдер арқылы жасалады?

4. Уәждеме дегеніміз не?

5.Уәждеме теориясы қандай теориямен байланысты?

7) Глоссарий

Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің синтагматикалық қатысы.Яғни сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады.Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы.

Сөзжасамдық уәждеме орыс. словообразовательная мотивация – түбірлес сөздердің өзара қарым-қатынаста болуы. Сол арқылы олардың біреуінің жасалуына екіншісі арқау болады, біреуінің мағынасы екіншісі арқылы анықталады (көл –көлшік). Түбірлес сөздер лексикалық мағынасы бар негіз сөзден сөз тудырушы қосымшалар арқылы туады. Туынды түбірлердің мағыналары қашанда оларға негіз болған сөздердің мағынасы негізінде өрбиді. Сол себепті тудырушы негіз уәждендіруші сөз, ал туынды сөз уәжденген сөз деп аталады. Сөйтіп, уәждеме уәждендіруші сөз бен уәжденген сөздің өзара қарым-қатынас бірлігінен тұрады.

Мотивация (франц. motif әректті туғызатын себеп, дәлел) – уәжділік, белгілі қимыл-әрекеттің болу себептерін түсіндіру, дәлелдеп негіздеу. Мотивациядан мотивированный – мотивтенген, уәжденген; не мотивированный – мотивтенбеген, уәжсіз терминдері пайда болған.

Мотивология (франц. motif себеп, дәйектеме, уәж, logos ілім) сөздердің уәждемелік сипатын зерттейтін лексикологияның саласы. М. –ның объектісі – басқа тіл бірліктерімен уәжділік қарым-қатынасқа түсетін лексикалық бірліктер болып табылады.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Сөзжасамдық жұп пен сөзжасамдық тарамның ұядағы орны

2. Сөзжасамдық уәждеме

9)Әдебиеттер

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2.Төлеуов І. Сөз таптары. Алматы, 1982.

3.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

4. Қасым Б. Күрделі зат атаулары мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. Алматы, 2000.

5. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1998.

11 сабақ

Тақырып: Сөз таптары сөзжасамы. Есім сөздердің сөзжасамы. Зат есімнің сөзжасамы

Сабақ мақсаты: Сөз таптары мен есім сөздер сөзжасамы, зат есім сөзжасамы ұғымдарын түсіндіру, меңгерту.

Семинар жоспары:

1. Сөз таптары сөзжасамы

2. Есім сөздердің сөзжасамы.

3. Зат есімнің сөзжасамы