Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сонгы жана ККТСозжасамы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.05 Кб
Скачать

4.Блиц-тест

1. Мына туынды сөздер қандай сөзжасам тәсілі арқылы жасалған?

Кезек – кезек, жеміс – жидек, барлығы, әдемі

А. Аналитикалық

В. Синтетикалық

С. Семантикалық

Д. Фонетикалық

Е. Ешқайсысы емес

2. Туынды сөздердің тізбегін көрсетіңіз.

А. Жақсы, жақсылық, жақсылықтың

В. Жақсы, жақсылық, жақсылықсыз

С. Жақсы, жақсылық, жақсылыққа

Д. Жақсы, жақсылық, жақсылығымен

Е. Жақсы, жақсылық, жақсылығын

3. Түбірлес туынды сөздерді табыңыз.

А. Көр, көргіш, көргіштік

В. Көр, көрсет, көрсетпе

С. Көр, көрсету, көрме, көрмені

Д. Көр, көрме, көрмегеннен

Е. Көр, көргіш, көргішті

4.Туынды етістікті табыңыз.

А. Сына, ойна

В. Сұра, құра

С. Тырма, құрма

Д. Айна, сайла

Е. Байла, байрақ

5.Туынды етістік туғызушы тұлғаны көрсетіңіз.

А. ас, ес

В. – са, - се

С. – ның, - нің

Д. –ла, -ле

5) Бақылау сұрақтары

1.Сөзжасамдық ұя дегеніміз не?

2. Сөзжасамдық ұяны А.Н. Тихонов қалай атады?

3. Қазақ іл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеген кімдер?

4.Қазақ сөзжасамында ұя терминін айналымға ендірген қай ғалым?

5. Сөзжасамдық тізбек мәселесін қазақ сөзжасамында кімдер зерттеді?

6.Сөзжасамдық тізбек дегеніміз не?

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Сөзжасамдық ұя сызбасын жасаңыз

2. Сөзжасамдық тізбек жасаңыз

7) Глоссарий

Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы аталады.

Сөзжасамдық тізбек – бір түбірден тараған бірінен – бірі тікелей туындайтын, біріне – бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Сөзжасамдық ұя мен сөзжасамдық тізбектің байланысы

9)Әдебиеттер

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2.Төлеуов І. Сөз таптары. Алматы, 1982.

3.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

4. Қасым Б. Күрделі зат атаулары мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. Алматы, 2000.

8 сабақ

Тақырып: Сөзжасамдық тип, сөзжасамдық үлгі

Сабақ мақсаты: Сөзжасамдық тип пен сөзжасамдық үлгі ұғымдарын түсіндіру, меңгерту.

Семинар жоспары:

1. Сөзжасам дық тип

2. Сөзжасамдық үлгі

4.Блиц-тест

1. Сөзжасамдық тізбекті көрсетіңіз.

А. Оқырман, оқырманға

В. Оқы, оқырман, оқырманның

С. Оқу, оқушы, оқушылық

Д. Оқы, оқу, оқумен

Е. Оқы, оқу, оқырман

2.Сөзжасамдық жұпта неше мүше болады?

А. 5

В. 2

С. 3

Д. 1

Е. 4

3. Сөзжасамдық жұп деген не?

А. Сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөз;

В. Сөзжасамдық ұядағы барлық сөздер ;

С. Сөзжасамдық ұядағы туынды сөздер ;

Д. Сөзжасамдық ұядағы негіз сөз ;

Е. Сөзжасамдық ұядағы түбір сөз.

4. Сөзжасамдық мағына дегеніміз не?

А. Түбір сөз бен қосымшаның мағынасы.

В. Біріккен сөздердің мағынасы сөзжасамдық мағына болады.

С. Туынды сөздердің жасалуына байланысты пайда болған екіншілік мағына.

Д. Қос сөздердің жасалуына байланысты пайда болған екіншілік мағына.

Е. Қысқарған сөздердің жасалуына байланысты пайда болған екіншілік мағына.

5. Сөзжасамдық тип дегеніміз не?

А. Сөзжасамдық тип деп бірнеше сөз табынан жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.

В. Сөзжасамдық тип деп әртүрлі сөз табынан жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.

С. Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан қосарлану арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.

Д. Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан бірігу арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.

Е. Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.

15. Мына туынды сөздер қандай сөзжасам тәсілі арқылы жасалған?

Адамгершілік, кісілік, келбетті

А. Аналитикалық

В. Синтетикалық

С. Семантикалық

Д. Фонетикалық

Е. Жоғарыдағының бәрі