Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сонгы жана ККТСозжасамы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.05 Кб
Скачать

5) Бақылау сұрақтары

1.Талдау дегеніміз не?

2. Туынды сөз қалай жасалады?

3. Туынды сөз мағынасы қалай ажыратылады?

4.Туынды сөздер қандай сөздер?

5.Туынды сөз сөйлемде қалай түрленеді?

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар

1. Сөзжасамдық талдаудың ерекшелігін айту

2. Сөзжасамды сатылай кешенді талдау үлгісінің схемасын жасау

7) Глоссарий

Сөзжасамдық талдау орыс. словообразовательный анализ – осы күнгі сөзжасам тұрғысынан сөз құрылымын, яғни сөз құрамындағы морфемалардың өзара байланысын, қарым-қатынасын анықтау. Мыс.: көр түірінен шыққан көріктендірушілер сөзінің құрамындағы бірнеше сөз тудырушы негіз бар: көрік, көріктен, көріктендір, көріктендіру, көріктендіруші (-лер көптік жалғауы). Осылардың әрқайсысы өзінен кейінгі туындыларға негіз болып тұр.

Сөзжасам жүйесі орыс. словообразовательная система – өзара қарым-қатынаста болып отыратын сөзжасамдық типтер мен сөзжасамдық ұялардың жиынтығы.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Сөзжасамдық талдау ерекшеліктері

9)Әдебиеттер

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2.Төлеуов І. Сөз таптары. Алматы, 1982.

3.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

4. Қасым Б. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. Алматы, 2000.

6 сабақ

Тақырып: Сөзжасам негізділігі

Сабақ мақсаты: Сөзжасам неізділігі және олардың ерекшеліктерін түсіндіру, меңгерту.

Семинар жоспары:

1. Сөзжасам ұғымдары

2. Сөзжасам неізділігі

4.Блиц-тест

1. Сөзжасамдық тәсіл дегеніміз не?

А. бірнеше туынды сөзде қайталанып отыратын бір түрлі тәсілдер

В. тілдің өмір сүріп тұрған кезеңіндегі жаңа қолданыстар

С. жаңа сөз жасаудың үлгісі, жолы, амалы

Д. жаңасөз тудыру

2. Окказионал сөздер дегеніміз не?

А. тілдік қолданыста жоқ, егер қажет болса, жасап алуға болатын сөздер

В. жалпыхалықтыққолданысқа шейін жаңа, одан соң өзінің жаңалық қасиетін жоятын сөздер

С.белгілі бір көркем шығармаларда, фелетон, скетчтерде жиі кездесетін тосын, соны сөздер

Д. әдеби тілге жақын сөздер

3. Қосарлану арқылы жасалған сөздер

А. жалт – жұлт

В. ата – ана

С. бүгін

Д. кеш

4. Аналитикалық тәсіл дегеніміз не?

А. сөздердің жаңа мағынаға ауысуы не ие болуы

В. сөздердің қосымшалар арқылы жасалуы

С. сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жасалуы

Д. жұрнақтар арқылы

5. Сөзжасам жүйесі

А. туынды сөз

В. сөзжасамдық бірліктердің жиынтығы

С. сөз табы

Д. сөз жасаушы тәсілдер

5) Бақылау сұрақтары

1.Туынды сөзмағынасына не негіз болады?

2. Сөзжасамның мағына неізділігі неге қатысты?

3.Негіз сөз болудың басты шарты не?

4.Негіз сөз деген не?

5. Негізді сөз деген не?

6.Негізді сөздің белгілері қандай?

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Сөзжасам неізділігі мен түбір сөздің айырмасы неде?

7) Глоссарий

Сөзжасамның осындай мағына негізділігі - басқа тілдік құбылыстарда жоқ қасиет.

Негіз сөз деп туынды түбір жасауға қатысқан лексикалық мағыналы сөз аталады.

Негізді сөздің мынадай белгілері бар:

1.Негіз сөз өзінің қарама – қарсы сыңарынан морфемдік құрамы жағынан күрделі болады (бой – бойшаң, ой – ойлы, әсем – паз).

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Сөзжасам негізділігі

9)Әдебиеттер

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2.Төлеуов І. Сөз таптары. Алматы, 1982.

3.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

4. Қасым Б. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. Алматы, 2000.

7 сабақ

Тақырып: Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек

Сабақ мақсаты: Сөзжасамдық ұя және сөзжасамдық тізбек ұғымдарын түсіндіру, меңгерту.

Семинар жоспары:

1. Сөзжасам дық ұя

2. Сөзжасамдық тізбек