Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сонгы жана ККТСозжасамы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.05 Кб
Скачать

4) Блиц-тест

1. Қазақ тілі сөзжасамының зерттеу нысанын көрсетіңіз.

А. Сөз

В. Морфема

С. Туынды сөз

Д. Дыбыс

Е. Сөз тіркесі

2. Қазақ тілі сөзжасамын зерттеген ғалымдар

А. Қ. Жұбанов, Б. Сағындықұлы

В. А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов

С. А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев

Д. Н. Оралбаева, С. Исаев

Е. К. Құсайынов, Ә. Қайдар

3. Қазақ тілінде неше сөзжасам тәсілі бар

А. 4

В. 5

С. 6

Д. 7

Е. 8

4. Орта ғасырда сөзжасамды қандай ғалым зерттеген?

А. Қашқари

В. Яссауи

С. Дулати

Д. Жалаири

Е. Жоғарыдағылардың бәрі

5. Қазақ тіл білімінде сөзжасам қай кезден зерттеле бастады?

А. ХХ ғасырдың басында

В. 50 – жылдары

С. 60 – жылдары

Д. 70 – жылдары

С. 80 – жылдары

5) Бақылау сұрақтары

  1. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы » қандай пән?

  2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы » пәнінің мақсаты не?

  3. Аталған пәннің міндеті не?

  4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы » пәнінің зерттеу нысаны не?

  5. Сөзжасам қай жылдан бастап жеке пән ретінде оқытыла бастады?

  6. Сөзжасам саласы бойынша алғашқы еңбек қалай аталады?

  7. Қазақ тілінің сөзжасам саласын зерттеген қазақ ғалымдары кімдер?

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар

1. Сөзжасамдағы негіз сөз бен морфологиядағы түбір сөзге берілген ғалымдардың анықтамаларын салыстырып, өз пікіріңді білдір.

2. Сөзжасам мен морфологияның зерттеу нысандарын салыстыру арқылы айырмашылықтарын табыңыздар.

7) Глоссарий

Сөзжасам орыс. Словообразование – 1) туынды не күрделі сөздердің тілдегі үлгілері бойынша бір түбірлі сөздер негізінде аффикстердің көмегімен және сөздерді біріктіру, конверсия арқылы жасалуы; 2) туынды және күрделі қызметін, С. атауыш сөздердің жасалу процесіне тікелей қатысып, тілдің сөздік құрамын толықтыратын жолдардың бірі ретінде қызмет етеді.

Тілде жаңа сөздердің жасалуы деривация деп, оның нәтижесінде пайда болған туынды және күрделі сөздер дериванттар деп аталады. Сөзжасам теориясының негізгі ұғымдарының бірі – мотивация ұғымы. Оның мәні мынада: туынды мен күрделі сөздердің мағынасы мен олардың құрамындағы формалардың мағыналары өзара семантикалық байланыста болады. Сөзжасам құрамындағы тіл бірліктерінің бір түрі мотивация тудырушы негіз болып саналса, енді біреулері соның мотивтенген нәтижесі ретінде көрінеді.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Сөзжасам – тілдің дербес саласы

2. Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі

9)Әдебиеттер

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2.Төлеуов І. Сөз таптары. Алматы, 1982.

3.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

4. Қасым Б. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. Алматы, 2000.

6.Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. Алматы, 2003.

2 сабақ

Тақырып: Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы

Сабақ мақсаты: Сөзжасамның тіл білімінің дербес, жеке саласы екендігін меңгерте отырып, оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын түсіндіру, меңгерту.

Семинар жоспары:

1.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы –дербес сала

2. Сөзжасамның фонетикамен байланысы

3. Сөзжасамның морфологиямен байланысы

4.Сөзжасамның синтаксиспен байланысы

5. Сөзжасамның тіл білімінің басқа да салаларымен байланысы