- •5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы үшін
- •I Оқу бағдарламасы курсын құрастырған және енгізген :
- •Пән мазмұны
- •1.Сөзжасамның негізгі ұғымдары
- •2.Сөзжасам және атау жасау теориясы (номинация)
- •3. Сөзжасам және уәждеме теориясы
- •4.Сөзжасамның тәсілдері
- •Практикалық (лабораториялық) сабақ
- •Сөж тақырыптары
- •Келісім парағы
- •Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы
- •V алғашқы тексеру мерзімі 2014жыл тексеру мерзімділігі 1 жыл
- •V алғашқы тексеру мерзімі 20__ жыл тексеру мерзімділігі 1 жыл
- •Дәрістер
- •Бақылаушы-өлшемдік материалдар мысалы
- •Курстық жұмыс қарастырылмаған
- •Лекция тақырыптары:
- •Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары
- •Сөж тапсырмалары Тапсырма:
- •Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы
- •Лекция тақырыптары:
- •Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары
- •Сөж тапсырмалары Тапсырма:
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •Лабораториялық жұмыс жоспары
- •Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспары
- •2.Сөзжасам және атау жасау теориясы (номинация)
- •Синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Дәрістер
- •Синтетикалық жолмен жасалған есімдіктер
- •2. Үстеудің сөзжасамы.
- •4) Блиц-тест
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9)Әдебиеттер
- •4) Блиц-тест
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9)Әдебиеттер
- •4.Блиц-тест
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9)Әдебиеттер
- •4.Блиц-тест
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9)Әдебиеттер
- •4.Блиц-тест
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9)Әдебиеттер
- •4.Блиц-тест
- •4.Блиц-тест
- •4.Блиц-тест
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9)Әдебиеттер
- •4.Блиц-тест
- •4.Блиц-тест
- •5) Бақылау сұрақтары
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9)Әдебиеттер
- •4.Блиц-тест
- •4.Блиц-тест
- •4.Блиц-тест
- •4.Блиц-тест
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9)Әдебиеттер
- •4.Блиц-тест
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Келісім парағы
- •Білім беру деңгейі Жоғары білім (бакалавриат) Оқу түрі Жалпы білім негізінде күндізгі Оқу жылы 2014-2015
Дәрістер
1.Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің мақсаты, міндеттері, негізгі тараулары
Жоспар
1. Кіріспе.
2. «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы» пәнінің мақсаты, міндеттері
3. Cөзжасам – тіл білімінің жеке саласы.
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» - қазақ тіліндегі сөзжасамдық процестерді, сөзжасамның негізгі ұғымдары мен теориясын, сөзжасамдық тәсілдерді, сөзжасам нәтижесінде жасалатын туынды сөздің мағынасын зерттейтін негізгі іргелі пән.
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің негізгі мақсаты: Қазақ тілі сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдерін, теориялық түсінігі мен ішкі семантикалық құрылымына талдау жасай отырып кешенді түрде оқыту.
« Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» пәнінің міндеті: Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдарын айқындау; сөзжасам теориясы мен атау теориясының байланысын саралау; сөзжасам жүйесі мен уәждеме; сөзжасам жүйесінің негізгі тәсілдерін саралау; туынды сөз табиғатын талдау; сөз таптарының сөзжасамын айқындау.
Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің жеке саласы Бұл саланың нысанына сөз жасаушы тілдік нұсқалар, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Басқаша айтқанда, сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.
Тіл дамуы әлем бейнесін танып - біліп, олардың әртүрлі белгісі мен қасиетін, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беру арқылы орындалады. Болмыстың әр алуан белгілеріне атау беру халықтың дүниетанымымен, ой – санасының өсуі мен ұлттық психологиясымен, менталитетімен тығыз байланысты болады. Болмыстағы кез келген зат не құбылыс туралы ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Сөзжасам – атау жасау процесі. Процесс нәтижесі - туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс – тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды.
ХХ ғасырдың 90 – жылдарынан қазақ тілінің сөзжасам саласы туралы әртүрлі деңгейде ғылыми еңбектер жазыла бастады.Алғашқы тұщымды еңбек « Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі » (1989) атты монографиялық зерттеу болды. Мұнда сөзжасам жеке ғылыми сала ретінде танылып, оның негізгі теориялық мәселелері зерделенді.Осы кезден бастап қазақ сөзжасамы ғылыми – теориялық бағытта сараланып, талданып, әртүрлі ғылыми аспектіде жүйелі түрде қарастырылып келеді.
Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны – туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу жолын, қалып, тәсілін, мағыналық құрылымын, атаудың қалыптасуын, уәжділігін т.б. зертттеуді мақсат етеді.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі – іргелі теориялық курс болғандықтан, студенттердің теориялық білігі мен білімін, тарихи танымын жетілдіріп қана қоймай, практикалық дағды сіңіруді де мақсат етіп қояды. Мектеп грамматикаларында сөзжасам жеке сала ретінде оқытылатындықтан, оның негізгі теориялық ұғымдарын тереңдете оқытудың болашақ мұғалімдер үшін маңызы ерекше. Әсіресе, туынды сөздің мағыналық құрылымын семантикалық аспектіде зерделеудің мәні зор.
Түбір сөздің сөздің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар.Түбір сөздің лексикалық мағынасының негізінде туынды сөз жасалады. Түбір сөздің мағынасы мен ол арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы тығыз байланысты жіне ол кездейсоқ құбылыс емес, сөз жасауда үнемі сақталатын заңдылық.
Жаңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлығы қатысады.Олар мыналар: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз.
Тілдің сөзжасам жүйесіндегі жұрнақтардың әрқайсысының өзіндік мағынасы бар, бір жұрнақтың өзі бірнеше мағына білдіре алады.
Тілдің сөзжасам жүйесінің әбден қалыптасқан, орныққан өзіндік заңдылықтары бар. Жаңа сөз атаулының бәрі сөзжасам заңдылықтары арқылы өмірге келеді.
Қорыта келгенде, тілдің сөз жасау табиғаты - өзінше бір өте күрделі құбылыс, сондықтан ол тіл білімінің жеке саласының зерттеу нысанасы бола алады.
Бекіту сұрақтары:
1. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің зерттеу нысаны не?
2. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің мақсаты қандай?
3. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің міндеттері қандай?
4. Түбірдің сөзжасамдағы ерекшелігі қандай?
5. Жаңа сөз жасауда қандай түбірлер қатысады?
2.Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы
Жоспар
1. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы
1. Кез келген тілдің дамуы, ең алдымен сөзжасам жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы – кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады.Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет.
Тіл дамуы әлем бейнесін танып - біліп, олардың әртүрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен сыны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беру арқылы орындалады. Болмыстың әр алуан белгілеріне атау беру халықтың дүниетанымымен, ой санасының өсуімен, ұлттық психологиясымен, менталитетімен тығыз байланысты болады. Болмыстағы кез келген зат не құбылыс туралы ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі тіл білімінің барлық салаларымен де тығыз байланысты. Оның мәнісі сөзжасамның негізгі нысанасының сөз, лексикалық бірлік туғызу процесі болуымен түсіндіріледі.
Фонетикамен байланыс – дыбыстардың сәйкестігі тіл дамуы барысында жаңа сөз жасауға алып келетін–ді. Сондықтан сөзжасам мен фонетика тығыз байланыста зерттеледі.
Лексикамен байланысы – сөзжасам процесі арқылы барлық жаңа туынды сөздер жасалып, лексикалық бірлік ретінде танылады. Сөздің мағыналық дамуы арқылы да жаңа сөздер жасалады. Бұл семантикалық тәсіл ретінде анықталады.
Морфологиялық байланысы – туынды сөздің жасалуының бір тәсілі ретінде жұрнақтардың жалғануы саналады, қазіргі таңда бұл ең негізгі тәсілдердің бірі. Сондықтан бұл екі сала бір – бірімен тығыз байланыста зерделенеді.
Синтаксиспен байланысы – туынды сөздің жасалу көзінің бірі сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы. Сондықтан сөзжасам синтаксиспен тығыз байланысты болады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі сондай–ақ, семантика, ономасиология, номинация, уәждемемен тығыз бірлікте қарастырылады.
Бекіту сұрақтары:
1.Сөзжасам тілдің қандай салаларымен байланысты?
2. Сөзжасамның фонетикамен байланысы қалай көрінеді?
3.Сөзжасамның морфологиямен байланысы қалай дәлелденеді?
4.Сөзжасамның синтаксиспен байланысын дәлелдеңіз.
5.Сөзжасам тілдің тағы қандай салаларымен байланысты?
3.Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамдық тәсілдер Сөзжасамдық мағына.
1.Сөз байлығының толығу арнасы – тілдің сөзжасам жүйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты.
Профессор Нұржамал Оралбай сөзжасам тәсілдері туралы былайша түйін жасайды: « Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жақтарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар : 1) синтетикалық ( морфологиялық), 2) аналитикалық (синтаксистік), 3) лексика – семантикалық тәсілдер».
А. Салқынбай фонетика – семантикалық, синтетика – семантикалық, аналитика – семантикалық деп бөледі Бұлай атаудың өзіндік мәні бар дейді. Ерекше мағыналы атау жасалғанда тұлғаның сыртқы түлғасы да, ішкі мағынасы да өзгереді дей келе былайша дәлелдейді: « Синтетикалық , фонетикалық және аналитикалық терминдері арқылы оның сыртқы дыбыстық жамылғышының өзгеру сипаты анықталса, семантикалық термині негізінде туынды сөздің мағыналық құрылымы өзгергені байқалады. Яғни сөзжасамдық тәсілдер атаудың сыртқы жамылғышын да, ішкі мағынасын да өзгертіп, екіншілік мағынадағы туынды сөздерді тудырады».
2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі белгілі сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасам типтері мен үлгілері, жалпы тілде сөздің жасалу механизмін анықтау сөзжасамдық талдаудан басталады. Сөзжасамдық талдаудан туынды сөздің жасалу жолынан бастап, құрамы, мағынасы, жасалу типтері мен үлгілері, сөйлемдегі қызметіне дейін барлық ерекшеліктері қамтылуы керек. Сөзжасамда туынды сөз болса, оның жасалымына негіз болған сөз болады да, осы қос пар негіз сөз бен туынды сөз жұбын жазбайды. Туынды бар жерде туынды сөз бен түп негіздің қосағы міндетті түрде болады. Мысалы: егін – ек, жиын – жи, өнім - өн, ағар – ақ, бөлме – бөл, тілек – тіле т.б. Туынды түбірлерді талдауда тек негіз сөзге ғана сүйену жеткіліксіз. Сөзжасамдық талдауда жұрнақтың атқаратын қызметі үлкен.
Туынды сөздің сөзжасамдық талдау арқылы құрылымындағы ерекшеліктер анықталады, бұнымен сөзжасамдық талдау аяқталмайды, өйткені ол туынды сондықтан оны туындының бір белгісі ретінде қарау керек.
Сөздің сырын толық аша алмайды. Туынды сөздің сыры толық ашылу үшін, түп негізбен мағыналық қатысы ашылу керек.
Туынды сөзді мағыналық жағынан қарастыру - сөзжасамдық талдауда негізгі орын алатын нысандардың бірі. Түп негіз бен туындының мағыналық байланысы - сөзжасамға тән құбылыс.
Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің қандай үлгі ( модель) бойынша жасалғаны а ортақ, жалпы заңдылық, ондай мағыналық байланыстың болмауы мүмкін емес.Сөзжасам талдауында бұл құбылыс қатты қадағаланып, талдауда оған сүйену керек., оның сөзжасамдық қандай типке жататынына да ерекше көңіл бөлінуі керек. Тілде қандай туынды сөз болса да, тілдегі сөзжасамдық үлгілердің бірі арқылы жасалады. Мысалы, егін, жиын, түйін, қолда, емде, жақта деген туынды түбірлерді талдауда олардың тілде бар екі түрлі үлгі арқылы жасалғаны да ескеріледі.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі – іргелі теориялық курс болғандықтан, студенттердің теориялық білігі мен білімін, тарихи танымын жетілдіріп қана қоймай, практикалық дағды сіңіруді де мақсат етіп қояды. Мектеп грамматикаларында сөзжасам жеке сала ретінде оқытылатындықтан, оның негізгі теориялық ұғымдарын тереңдете оқытудың болашақ мұғалімдер үшін маңызы ерекше. Әсіресе, туынды сөздің мағыналық құрылымын семантикалық аспектіде зерделеудің мәні зор.
Түбір сөздің сөздің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар.Түбір сөздің лексикалық мағынасының негізінде туынды сөз жасалады. Түбір сөздің мағынасы мен ол арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы тығыз байланысты жіне ол кездейсоқ құбылыс емес, сөз жасауда үнемі сақталатын заңдылық.
Жаңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлығы қатысады.Олар мыналар: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз.
Тілдің сөзжасам жүйесіндегі жұрнақтардың әрқайсысының өзіндік мағынасы бар, бір жұрнақтың өзі бірнеше мағына білдіре алады.
Тілдің сөзжасам жүйесінің әбден қалыптасқан, орныққан өзіндік заңдылықтары бар. Жаңа сөз атаулының бәрі сөзжасам заңдылықтары арқылы өмірге келеді.
Қорыта келгенде, тілдің сөз жасау табиғаты - өзінше бір өте күрделі құбылыс, сондықтан ол тіл білімінің жеке саласының зерттеу нысанасы бола алады.
Дәріс бойынша бекіту сұрақтары:
6.Тілдің сөзжасамдық талдауының қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
3.Сөзжасамның жеке сала ретінде танылуының басты белгісі оның негізгі ұғымдарының болуы. Сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуын, мағыналық даму жолын, жасалу амал – тәсілдерін зерделейді. Осы тұрғыда оның өзіндік ішкі заңдылықтарын белгілейтін басты ұғымдары қалыптасқан. Сөздің немесе атаудың жасалу жолын белгілеу деген сөз жалпы алғанда тілдің қалыптасу жолын кешенді түрде айқындау деген сөз.Себебі, түптеп келгенде, сөздің жасалуы – тілдік жүйенің орнығуы. Сондықтан сөзжасамның теориялық мәселелерін айқындау жалаң қалыпта емес, кешенді жүйеде қарастырылуы керек.
Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты.
Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар:
- сөзжасамдық тұлға;
- сөзжасамдық ұя;
- сөзжасамдық мағына;
- сөзжасамдық үлгі;
- сөзжасамдық қалып;
- сөзжасамдық тізбек;
- сөзжасамдық жұп;
- сөзжасамдық саты;
- сөзжасамдық тарам;
- сөзжасамдық байланыс.
Сөзжасамдық тізбек бір сөзжасамдық тұлғадан таралып, бірнеше жаңа туынды атаулардан тұрады. Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздердің өзара мағыналық байланысы олардың жасалуына негіз болатын түбір сөздің мағынасымен тығыз байланысты болып, соған негізделеді. Сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің саны әртүрлі болып келе береді.
Қазақ тіл білімінде тізбекке алғашқы анықтама мынадай: « ... бір түбірден тараған бірінен бірінен - бірі тікелей туындайтын, біріне - бірі негіз болатын негізгі сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек болады». Демек, сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің орналасуы оның қай сөзге негізделгенімен байланысты. Сөзжасамдық бір ұядан бірнеше сөзжасамдық тізбек шыға алады.
Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық байланыс тұрақты болады. Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздердің өзара мағыналық байланысы олардың жасалуына негіз болатын түбір сөздің мағынасымен тығыз байланысты болып, соған негізделеді. Сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің саны әртүрлі болып келе береді. Оның сандық сипаты түбір сөздің мағынасына байланысты да айқындалады. Құрамындағы туынды сөздердің санына сәйкес сөзжасамдық тізбекті екі мүшелі сөзжасамдық тізбек, үш мүшелі сөзжасамдық тізбек, көп мүшелі сөзжасамдық тізбек деп бөлу үрдісі бар. Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады.
Сөзжасамдық сатының анықтамасы. Cөзжасамдық саты деп негізгі сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Түп негізден бастау алып, бір – бірінен тікелей өрбіген туындылардың әрқайсысы бір – бір саты болады.
Ұя құрылымын реттейтін тілдік құбылыс – сөзжасамдық саты.Сөзжасамдық ұяның барлық бірліктері өз қызметін сатыда жүзеге асырады.Сөзжасамдық жұп мүшелері қатар сатыда орналасады, уәждеме алдыңғы сатыда , одан жасалған туынды келесі сатыда орналасады. Демек, уәждеме алда, туынды одан кейін орналасады. Сатыда тарам да, тізбек те жасалады.Ұяда саты қатыспайтын, сатының қатысынсыз жасалатын ұяның бірде – бір тілдік бірлігі жоқ. Саты ұя бірліктерінің бәрімен байланысты.
Сөзжасамдық жұп дегеніміз – сөзжасамдықұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің синтагматикалық қатысы. Сөзжасамдық жұпты құрушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады. Сөзжасамдық жұпқа енетін сөздердің ішкі мағыналық құрылымы мен тұлғалық жағында ортақ белгілер болады.
Сөзжасамдық тарам жалпы тіл білімінде парадигма термині арқылы белгілі. Бір сөзжасамдық тарамға енетін атауларды айқындайтын үш түрлі негізді атау орынды: 1) ұғымдық жақындығы; 2) мағыналық жақындық; 3) тұлғалық жақындық.
Дәріс бойынша бекіту сұрақтары:
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы » қандай пән?
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы » пәнінің мақсаты не?
Аталған пәннің міндеті не?
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы » пәнінің зерттеу нысаны не?
Сөзжасам қай жылдан бастап жеке пән ретінде оқытыла бастады?
Сөзжасам саласы бойынша алғашқы еңбек қалай аталады?
Қазақ тілінің сөзжасам саласын зерттеген қазақ ғалымдары кімдер?
1.3.Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.Сөзжасамдық тәсілдер
Жоспары:
Сөзжасам жүйесі.
2.Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі, түрлері
3.Сөзжасамдық мағына – сөзжасам процесінде пайда болатын туынды мағына Сөзжасамдық тип.
Сөзжасамдық үлгі
Тезис
1.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі – іргелі теориялық курс болғандықтан, студенттердің теориялық білігі мен білімін, тарихи танымын жетілдіріп қана қоймай, практикалық дағды сіңіруді де мақсат етіп қояды. Мектеп грамматикаларында сөзжасам жеке сала ретінде оқытылатындықтан, оның негізгі теориялық ұғымдарын тереңдете оқытудың болашақ мұғалімдер үшін маңызы ерекше. Әсіресе, туынды сөздің мағыналық құрылымын семантикалық аспектіде зерделеудің мәні зор.
Түбір сөздің сөздің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар.Түбір сөздің лексикалық мағынасының негізінде туынды сөз жасалады. Түбір сөздің мағынасы мен ол арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы тығыз байланысты жіне ол кездейсоқ құбылыс емес, сөз жасауда үнемі сақталатын заңдылық.
Жаңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлығы қатысады.Олар мыналар: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз.
Тілдің сөзжасам жүйесіндегі жұрнақтардың әрқайсысының өзіндік мағынасы бар, бір жұрнақтың өзі бірнеше мағына білдіре алады.
Тілдің сөзжасам жүйесінің әбден қалыптасқан, орныққан өзіндік заңдылықтары бар. Жаңа сөз атаулының бәрі сөзжасам заңдылықтары арқылы өмірге келеді.
Қорыта келгенде, тілдің сөз жасау табиғаты - өзінше бір өте күрделі құбылыс, сондықтан ол тіл білімінің жеке саласының зерттеу нысанасы бола алады.
2. Сөз байлығының толығу арнасы – тілдің сөзжасам жүйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты.
Профессор Нұржамал Оралбай сөзжасам тәсілдері туралы былайша түйін жасайды: « Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жақтарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар : 1) синтетикалық ( морфологиялық ) , 2) аналитикалық ( синтаксистік), 3) лексика – семантикалық тәсілдер. »
А. Салқынбай фонетика – семантикалық, синтетика – семантикалық, аналитика – семантикалық деп бөледі Бұлай атаудың өзіндік мәні бар дейді. Ерекше мағыналы атау жасалғанда тұлғаның сыртқы түлғасы да, ішкі мағынасы да өзгереді дей келе былайша дәлелдейді: « Синтетикалық , фонетикалық және аналитикалық терминдері арқылы оның сыртқы дыбыстық жамылғышының өзгеру сипаты анықталса, семантикалық термині негізінде туынды сөздің мағыналық құрылымы өзгергені байқалады. Яғни сөзжасамдық тәсілдер атаудың сыртқы жамылғышын да, ішкі мағынасын да өзгертіп, екіншілік мағынадағы туынды сөздерді тудырады ».
Дәріс бойынша бекіту сұрақтары:
1. Сөз байлығының толығуы немен тікелей байланысты?
2.Сөзжасам тәсілдері нешеу?
3. Фонетикалық тәсіл деп қандай тәсіл аталады? Мысал келтіріңіз.
4. Морфологиялық тәсіл дегеніміз не?
5. Синтаксистік тәсіл қандай тәсіл?
6.Сөзжасамдық мағына дгеніміз қандай мағына?
7. Сөзжасамдық тип дегеніміз не?
1.4.Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамдық мағына. Туынды сөздер.
Жоспар
1. Сөзжасамдық мағына.
2. Туынды сөздер
Сөзжасамдық мағына – сөзжасам процесінде пайда болатын туынды мағына. Сөзжасамдық мағына сөзжасамдық тұлғалардың семасы арқылы уәжделе келіп, өзіндік ерекше семаға ие болатын екіншілік жаңа мағына. Сөзжасамдық мағыналы туынды сөз сөйлемде, мәтінде әртүрлі грамматикалық қолданысқа түсіп, грамматикалық категориялық мәнге ие бола алады. Сөзжасамдық мағыналардың бұлайша бір – бірімен ұштасуы, сабақтасуы тілдің жүйелі құрылым болуымен байланысты.
Н. Оралбай сөзжасамдық мағына – сөзжасам саласындағы негізгі мәселе дей келе, лексикалық деривация және синтаксистік деривация деп екіге бөледі. Лексикалық деривацияда түп негіздің мағынасы мен туындының мағынасында үлкен айырма болады да, олар бір – біріне тең бола алмайды. Синтаксистік деривациядатүп негіз бен туындының лексикалық мағынасы бірдей болады, тек туынды түп негізден басқа сөз табына жатуы арқылы ерекшеленеді, яғни олардың синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады.
Сөзжасамдық мағына – себепші негіздер мен сөзжасамдық тұлғалардың бірігуі не қосарлануы, тіркесуі, жалғануы негізінде уәжделіп жасалатын ерекше туынды мағына.
Сөзжасамдық мағына мен лексикалық мағынаның және грамматикалық мағыналардың айырмашылығы бар. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы туралы қазақ тіл білімінде айтылған ойларды тұжырымдап ғылыми негізді ой айтқан ғалым С.Исаев еді. Автор «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» (1998) деген зерттеуінде былай деп жазады: «Сөздің лексикалық мағынасына, еңалдымен, оның нақты мағынасы жатады. Айталық, көл, құс, тау, үй, көк, биік, үш, бес, келу, жүру сияқты сөздердің лексикалық, яғни нақты мағынасы: табиғи су қоймасы, үстін қауырсын жапқан ұшып жүретін жануар, жердің әртүрлі тас жыныстарынан қалыптасқан биік бөлігі, адамның тұратын баспанасы, бір заттың нақты түсі, бір заттың өлшемдік сипаты, заттардың нақты сандары, қимыл, қозғалыс» (12 бет). Ал грамматикалық мағына туралы проф. С.Исаев былай деп жазады: «Сөздің лексикалық мағынасы –нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік мағынасы болса, грамматикалық мағына – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әртүрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір – бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады» (14б.). Сонымен бірге ғалым грамматикалық мағына арнайы грамматикалық формалар арқылы беріле алатынын айтады. Грамматикалық форма деген ұғымға зерттеуші сөзге жалғанатынқосымшалар, префикстер мен ішкі флекция, супплетивті тәсілдерді жатқызады. «Қазақ тіліндегі грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау қажет» деген ғылыми ұсыныс жасған.
Ал сөзжасамдық мағына, ең алдымен туынды мағына. Ол екі себепші негіздің бірігуі неқосарлануы немесе негізге сөз тудырушы жұрнақтың жалғануы арқылы пайда болатын, әрі себепші негіз мағыналары арқылы уәжделетін екіншілік мағына. Жаңадан пайда болған екіншілік мағына оны жасаушы сыңарлар мағынасы негізінде жасалып, денотаттық мағына бірлігін белгілейді де, номинативті атауды анықтайды. Демек, екіншілік мағына – сөзжасамдық мағына. Туынды сөздің мағынасы – сөзжасамдық мағына. Яғни ономасиологиялық аспектіден туынды сөздің мағынасы – деривация негізінде болған жаңа екіншілік мағына. Сөзжасамдық мағына- туынды сөздіңсемантикалық құрылымын құраушы тұлғалардың мағыналары нәтижесінде пайда болатын ерекше мағына. Сондықтан сөзжасамдық мағына – күрделі әрі ерекше сема.
Сөзжасамдық мағынаның сипаты атаудың денотаттық және сигнификаттық мағынасының туындауына байланысты әртүрлі болуы ықтимал. Сөзжасамдық мағына сөзжасамдық тұлғалардың негізгі және ауыспалы семалары арқылы жасала алады.
Сөзжасамдық мағына көбінесе сөзжасамдық тұлғалардың метафоралануы арқылы жасалады. Сөзжасамдық мағынаның метафоралануы – туынды сөз жасаудың өнімді әдісі. Ақ сөзінің ауыспалы мағынасы арқылы сөзжасамдық мағына метафораланып, мынадай атаулар жасалған: ақ гвардияшы, ақ банды, ақ алмас, ақ безер де көк безер, ақ бата, ақ жарқын, ақ егіс, ақ жем, ақ иық болу, ақ мал, ақ сайтан,ақ кіру, ақ өлім, ақ өлең, ақ сирақ болу, ақ пейілді, ақ шалу, ақсауыт, ақ түндер, ақжолтай т.б.Метафоралық негізде сөзжасамдық мағынаның қалыптасуының өзіндік жүйесі мен танымдық жолы бар. Сөзжасамдық мағына – атаудың номинативтік белгісі арқылы анықталады. Номинативті белгі – болмыстағы танылған зат не құбылыс белгілерінің, қасиеттерінің ерекше айқын сипаты.
Туынды сөз – сөзжасам саласының ең негізгі ұғымы.Туынды сөздер - өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажетін өтеу үшін, тіліміздің сөзжасам заңдылықтары арқылы жасалған сөздер. Туынды сөз деген термин кездесіп жүргенмен, кейде туынды түбір деп те қолданылады. Туынды түбірге тек жұрнақ арқылы, синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер жатады.
Туынды түбір құрамы жағынан алғанда екі морфемадан тұрады. Олар негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ Бұл екі морфема туынды сөз үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады.
Туынды түбір сөз таптарының көбіне қатысты, әсіресе, зат есім, сын есім, етістіктерде мол. Туынды түбірлер тіліміздің сөз байлығын арттыратын кең арна.
Тіліміздің сөздік қорында қолданылып жүрген қазіргі атау сөздердің бәрі дерлік туынды атаулар. Тіпті қазіргі тіліміздегі бір буынды ат, ақ, су, сай, жақ, бау, тау сияқты атаулардың (синкретті түбірлердің ) өзі туынды атаулар ретінде таныла алады. Олай деуіміз бұл сөздер тұлғалық жағынан өзгермегенімен, мағыналық құрылымы семантикалық сөзжасам негізінде дамығаны анық. Сондықтан да бұл атаулар іштей көпмағыналылыққа, антонимдік сыңарлары мен синонимдік қатарларына жіктеле алады.
Туынды сөздің мағыналық құрылымын дұрыс тану үшін, ең алдымен, тіл білімінде Е.Курилович зерттеуінен кейін қалыптасқан деривациялық деңгейлер туралы мәселені айқындау қажет болады(Е.Курилович.Деривация лексическая и деривация синтаксическая// Очерки по лингвистике. М., 1962).
Ғалымның еңбегінде сөзжасамдық мағына лексикалық деривация және синтаксистік деривация деп екіге бөлінеді. Лексикалық деривацияда туынды сөздің мағынасы мен сөз тудырушы тұлғалардың (себепші негіздердің) мағынасы арасында айырмашылық болады да, синтаксистік деривацияда туынды сөздің мағынасы мен себепші негіз арасында мағыналық айырмашылық болмайды, тек синтаксистік қызметі өзгереді.
Лексикалық деривация – таңбаның мағыналық құрамында жаңа атаулық белгілердің айқындалғанын көрсетеді. Яғни туынды сөз жасалғандығының айғағы. Туынды сөз термині қазақ тіл білімінде әртүрлі қолданылып келген. Сөзжасамдық аспектіде туынды сөз термині барлық сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалған екіншілік мағыналы жаңа атауларды тану үшін қолданылады. Яғни туынды сөз тек жұрнақ жалғанған сөздер ғана емес, сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, дыбыстардың өзгерісі арқылы жасалған екіншілік мағыналы таңбалардың бәрінің атауы.
Демек, туынды сөз дегеніміз – себепші негіздер арқылы уәжделіп, сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалған, екіншілік мағыналы жаңа атау. Мысалы: әнші, сазгер, бақ-бау, бала-бақша, Құрманғазы, Ақан сері, Ұлытау, Сарыарқа, таң сәрі, наркескен, құлақ салды, көз салды, қас пен көздің арасында, он сегіз, қырық бес, ақбөкен, қазақ тілі, ана тілі т.б. Туынды сөздің басты белгісі – өзін негіздеп тұрған сөз жасаушы тұлғамен мағыналық және тұлғалық жағынан байланыстылығында.
3.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі белгілі сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасам типтері ме үлгілері, жалпы тілде сөздің жасалу мезанизмін анықтау сөзжасамдық талдаудан басталады. Мысалы: малшы, етікші,өлеңші сияқты түбірлердің туынды екенін дәлелдеу үшін, оларды мал, етік, өлең сөздерімен салыстырамыз. Бұлардың алғашқыларының құрамы соңғыларға қарағанда күрделі, әрқайсысының құрамында екі морфема бар, Соңғы топтағылар бір морфемадан тұрады.Сондықтан туынды түбірлерге алғашқы топ жатады, соңғы топтағы сөздер - туынды түбірдің жасалуына негіз болған сөздер.
Сөзжасамдық талдауда туынды сөздердің өзіндік ерекшеліктеріне, белгілеріне сүйену керек. Ондай белгілердің негізгілеріне тоқталсақ, олар төмендегідей:
Туынды сөз жасалғанда тілге жаңа мағыналы жаңа сөз қосылады. Мысалға әнші, биші, жұмысшы, жазушы туынды сөздерді алайық. Яғни, олардың жасалуына ән, би, жұмыс, жазу деген сөздер және – шы, - ші жұрнағы қатысқан.
Туынды сөз мағынасының шындық өмірге қатысы арқылы да ажыратылады.
Туынды сөз тілдегі басқа сөздер сияқты объективті өмірдегі заттар, олардың сан алуан белгілерінің аты болғандықтан, лексикалық единицаға жатады да, тілдің сөздік қорына енеді, оны байытады, туынды сөздер - әр кезеңде енген дайын сөздер.
Туынды сөз атаулы тілдің сөзжасам жүйесі арқылы жасалады.яғни, туынды сөздерді ажырату белгілерінің бірі олардың жасалған тәсілдері мен модельдері деп тану керек.
Туынды сөздің құрылымы оның белгілерінің біріне жатады. Оның құрылымы қашанда негіз сөзден күрделі болады.
Туынды сөздердің бір белгісіне туынды сөз бен ттуынды сөзге негіз боп тұрған түп негіздің мағына байланыстылығы жатады.
Туынды сөз сөйлемде де сөз түрлендіруші, форма жасаушы қосымшалармен түрлене береді.
Күрделі сөздер – сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалатын сөздерінің бір тобы. Күрделі сөздің жасалуының да өзіндік заңдылығы, оны жасауда ерекше қызмет атқаратын тілдік тұлғалар бар .Күрделі сөз жасауда қызметі күшті тұлғаларға тірек компоненттер жатады. Күрделі сөздің компоненттерінің біреуі әдетте бірнеше күрделі сөздің құрамында кездеседі. Тірек компоненттер күрделі сөзде көбіне екінші орында тұрады. Сөйтіп, әр сөз табының күрделі сөздер жасайтын өзінше модельдері бар және күрделі сөз жасаушы өзіндік тұлғалары ( тірек компоненттері) бар.
Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер.
Біріккен сөздер дегеніміз – жеке –дара сөздердің өзара шоғырлана тұтасуынан жасалған, дербес лексика – грамматикалық мағыналары бар туынды сөздер.
Кіріккен сөз дегеніміз – екі сөздің бірігуі нәтижесінде іштей морфемалық, дыбыстық өзгерістерге ұшырап, әбден жымдасып, тұтасып кеткен күрделі ( біріккен) сөздің бір түрі.
Тіркескен күрделі сөздер .
Күрделі сөз атаулының түп атасы сөз тіркесі екені белгілі. Атаулық тіркестің сөзжасамдық қалыбы – екі не бірнеше себепші негіздің тіркесуі арқылы жасалған екіншілік мағыналы туынды сөздердің жүйесі.
1.5.Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамдық талдау.
2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі белгілі сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасам типтері мен үлгілері, жалпы тілде сөздің жасалу механизмін анықтау сөзжасамдық талдаудан басталады. Сөзжасамдық талдаудан туынды сөздің жасалу жолынан бастап, құрамы, мағынасы, жасалу типтері мен үлгілері, сөйлемдегі қызметіне дейін барлық ерекшеліктері қамтылуы керек. Сөзжасамда туынды сөз болса, оның жасалымына негіз болған сөз болады да, осы қос пар негіз сөз бен туынды сөз жұбын жазбайды. Туынды бар жерде туынды сөз бен түп негіздің қосағы міндетті түрде болады.сондықтан оны туындының бір белгісі ретінде қарау керек. Мысалы: егін – ек, жиын – жи, өнім - өн, ағар – ақ, бөлме – бөл, тілек – тіле т.б. Туынды түбірлерді талдауда тек негіз сөзге ғана сүйену жеткіліксіз. Сөзжасамдық талдауда жұрнақтың атқаратын қызметі үлкен.
Туынды сөздің сөзжасамдық талдау арқылы құрылымындағы ерекшеліктер анықталады, бұнымен сөзжасамдық талдау аяқталмайды, өйткені ол туынды.
Сөздің сырын толық аша алмайды. Туынды сөздің сыры толық ашылу үшін, түп негізбен мағыналық қатысы ашылу керек.
Туынды сөзді мағыналық жағынан қарастыру - сөзжасамдық талдауда негізгі орын алатын нысандардың бірі. Түп негіз бен туындының мағыналық байланысы - сөзжасамға тән.
Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің қандай үлгі ( модель) бойынша жасалғаны а ортақ, жалпы заңдылық, ондай мағыналық байланыстың болмауы мүмкін емес.Сөзжасам талдауында бұл құбылыс қатты қадағаланып, талдауда оған сүйену керек., оның сөзжасамдық қандай типке жататынына да ерекше көңіл бөлінуі керек. Тілде қандай туынды сөз болса да, тілдегі сөзжасамдық үлгілердің бірі арқылы жасалады. Мысалы, егін, жиын, түйін, қолда, емде, жақта деген туынды түбірлерді талдауда олардың тілде бар екі түрлі үлгі арқылы жасалғаны да ескеріледі.
11.Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарының сөзжасамы. Есім сөздердің сөзжасамы. Зат есімнің сөзжасамы
Жоспар
1. Сөз таптарының сөзжасамы.
2. Есім сөздердің сөзжасамы
3.Зат есімнің сөзжасамы
1. Есім сөздер - өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөз таптары. Олардың ішінде зат есім мен сын есімнің сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті. Бұл есім сөздердің бәрінің де өзіндік сөзжасамы бар екенін білдіреді. Сонымен бірге олардың сөзжасамдық қабілетінің түрлілігінде білдіреді. Есім сөздерді 4 бөлімге бөліп қарауға болады.
Олар:
1 бөлім - зат есім сөзжасамы
2 бөлім – сын есім сөзжасамы
3 бөлім - сан есім сөзжасамы
4 бөлім – үстеу сөзжасамы.
2. Зат есім сөзжасамы.Тілдің тұтас сөзжасам жүйесінен зат есімдік сөзжасамның алатын орны ерекше. Өйткені зат есім жасауға қатысатын жеке сөздер мен жұрнақтардың сан мөлшері өзге сөз таптарымен салыстырғанда әлдеқайда қомақты. Жасалу тәсілдеріне қарай тіліміздегі зат есімдерді негізгі үш топқа бөліп қарауға болады. Жұрнақтық тәсіл туынды зат есімді, сөзқосымдық және сөзқысқарымдық тәсілдер күрделі зат есімді, ал семантикалық тәсіл көп мағыналы, омоним және субстантивті зат есімді жасайды.
3. Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар.Туынды зат есім етістіктен жиі жасалады. Демек, етістік сөз табынан зат есімдік жаңа туылым жасайтын жұрнақтар да бірталай. Дәл айтсақ: жаңа зат есім ( жалпы жаңа сөз атаулы ) жұрнақ арқылы етістіктің тек бұйрық рай түрінен ғана жасалады. Туынды зат есім, әсіресе, туа түбір түріндегі бұйрық рай етістіктен көбірек жасалады.
Сын есім сөзжасамы туралы түсінік. Сын есім туындылары есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді.
2. Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар. Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді.
3. Етістіктерден сын атауын жасайтын жұрнақтар. Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра.
Сын есім сөзжасамы туралы түсінік. Сын есім туындылары есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді.
2. Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар. Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді.
3. Етістіктерден сын атауын жасайтын жұрнақтар. Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра.
Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан есімнің жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалар қызметін атқарады. Басқа сөз таптарынан сан есім сөздер жасалмайды.
Сан есімнің сөзжасам тәсілдері. Сан есім сөзжасам жүйесінде екі тәсіл қазмет етеді. Олар: аналитикалық және синтетикалық тәсілдер. Сан есімдегі есептік сандардың бәрі аналитикалық тәсілмен жасалған.
Дәріс бойынша бекіту сұрақтары:
Сөз таптарының сөзжасамы дегенін қалай түсінесіздер?
Қай сөз таптарының сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті?
Есім сөзжасамын нешеге бөліп қарастырған?
Зат есім сөзжасамының ерекшелігі қандай?
Сын есім сөзжасамының өзіндік қандай ерекшелігі бар?
Сан есім сөзжасамы ерекшелігі қандай?
1.2.Сабақтың тақырыбы: Сын есім сөзжасамы. Сан есім сөзжасамы.
Жоспар
1. Сын есім сөзжасамы.
2. Сан есім сөзжасамы.
3. Есімдік сөзжасамы
Сын есім сөзжасамы туралы түсінік. Сын есім туындылары есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді.
2. Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар. Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді.
3. Етістіктерден сын атауын жасайтын жұрнақтар. Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра.
. Сын есім сөзжасамы туралы түсінік. Сын есім туындылары есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді.
2. Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар. Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді.
3. Етістіктерден сын атауын жасайтын жұрнақтар. Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра.
Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан есімнің жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалар қызметін атқарады. Басқа сөз таптарынан сан есім сөздер жасалмайды.
Сан есімнің сөзжасам тәсілдері. Сан есім сөзжасам жүйесінде екі тәсіл қазмет етеді. Олар: аналитикалық және синтетикалық тәсілдер. Сан есімдегі есептік сандардың бәрі аналитикалық тәсілмен жасалған.
1.3.Сабақтың тақырыбы: Есімдіктің сөзжасамы. Үстеудің сөзжасамы
Жоспар
1. Есімдіктің сөзжасамы.
2. Үстеудің сөзжасамы
1.Басқа сөз таптарына қарағанда есімдіктердің жасалу жолдары тілімізде онша күрделі емес. Мұның өзі есімдік табиғатымен тығыз байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіліндегі жалпы есімдіктердің саны 60 -70 – тен аспайды екен.Демек, олардың жасалу жолдарындағы заңдылық осы аз мөлшерімен де байланысты болса керек. Дегенмен де есімдіктердің жасалу жолдарында басқа сөз таптары сияқты синтетикалық және аналитикалық тәсілдер орын алып отырады. Мұндай тәсілдер есімдіктердің әрбір жеке түрлерінде байқалып қалады. Солардың көрінісін өзара жинақтағанда, есімдіктердің жасалу жолдары сараланады.
