Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сонгы жана ККТСозжасамы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.05 Кб
Скачать

Синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау

- Бұл сөз екі құрамнан тұр: ұлт+ттық.

- Тұлғасына қарай:

а) Ұлтнегізгі түбір (Себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі).

ә) Ұлттықтуынды түбір(Себебі, синетикалық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбір зат есімге сөз тудырушы өнімді (-тық) жұранғының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.

- Құрылысына қарай –дара. Себебі, бір ған негізгі түбірен тұр.

- Бұл сөз үш құрамнан тұр: қайрат+ кер+ лік.

- Тұлғасына қарай:

а) Қайратнегізгі түбі;

ә) Қайраткертуынды түбі;

б) Қайраткерліктуынды түбір (себебі, синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен сөз тудырушы жұрнақ арқылы негізгі түбірден туынды түбір; туынды түбірден туынды түбір жасалып тұр).

- Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.

Аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау (біріккен, кіріккен сөздерді сатылай кешенді талдау)

-Бұл сөз: әлеумет және таны+у+шы болып төрт құрамнан тұр.

-Тұлғасына қарай: әлеуметтанушы – туынды түбір. Себебі: а) аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің бірігуінен (әлеуметтаны);

- синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен сөз тудырушы –у; -шы жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.

- Құрылысына қарай – күрделі, біріккен сөз.

- Бұл сөз жаз+дың күн+і болып төрт құрамнан тұр.

- Тұлғасына қарай –жаздыгүні – туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің дыбыстық өзгерістерге ұшырап, кірігуінен жасалған туынды сөз.

- Құрылысына қарай – күрделі, кіріккен сөз. Себебі, ритм-ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, кірігіп, тұрақталған құрама сөз.

Қос сөздерді сатылай кешенді талдау

-Бұл сөз екі құрамнан тұр: тау-тау.

-Тұлғасына қарай –тау-тау - туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің қосарлануынан жасалған - туынды сөз.

-Құрылысына қарай –күрделі. Себебі, ритм-ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, қосарланып, тұрақталған құрама сөз.

-Қайталама қос сөз. Себебі, бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған.

Тіркесті сөздерді сатылай кешенді талдау

- Бұл сөз төрт құрамнан тұр: сөз+тап+тар+ы.

- Тұлғасына қарай-сөз таптры –туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдең тіркесінен жасалған туынды сөз.

Негізгі әдебиеттер:

1. Н.Оралбай. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2. Салқынбай А.Б.Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2003

3. Н.А. Оразахынова , Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева Қазақ тілі

(Сөзжасам. Морфология),Алматы: « Арыс» баспасы, 2004,- 10 –14 бет.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

7. Қалиев Ө. Сөз тудыру жеке сала. КМ.1984, №6, Б.57-60.

8. Қалиев Ө. Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау критерийлері. ҚМ. 1980. №9.

9. Қалиев Ө. Сөздік морфемалық және туу құрамы. ҚМ. 1979, №4.

6-сабақ.Сөзжасам негізділігі

Мына сұрақтар негізінде үй тапсырмасын орындау.

1.Туынды сөзмағынасына не негіз болады?

2. Сөзжасамның мағына негізділігі неге қатысты?

3.Негіз сөз болудың басты шарты не?

4.Негіз сөз деген не?

5. Негізді сөз деген не?

6.Негізді сөздің белгілері қандай?

Сөзжасамдағы негіз сөз бен негізді сөзді морфологиядағы негізгі түбір мен туынды түбірмен салыстыру, негіз сөз бен негізді сөздің айырмашылығын табу.

1. Н.Оралбай. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2. Салқынбай А.Б.Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2003

3. Н.А. Оразахынова , Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева Қазақ тілі

(Сөзжасам. Морфология),Алматы: « Арыс» баспасы, 2004,- 10 –14 бет.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

7. Қалиев Ө. Сөз тудыру жеке сала. КМ.1984, №6, Б.57-60.

8. Қалиев Ө. Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау критерийлері. ҚМ. 1980

7-сабақ.Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек.

Берілген сұрақтарға жауап жазу.

1.Сөзжасамдық ұя дегеніміз не?

2. Сөзжасамдық ұяны А.Н. Тихонов қалай атады?

3. Қазақ іл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеген кімдер?

4.Қазақ сөзжасамында ұя терминін айналымға ендірген қай ғалым?

5. Сөзжасамдық тізбек мәселесін қазақ сөзжасамында кімдер зерттеді?

6.Сөзжасамдық тізбек дегеніміз не?

1.Мәтін бойынша қарамен жазылған туынды сөздердің сөзжасамдық ұясын құрыңыз.Бір сөзжасамдық ұяда неше туынды сөз болатынын анықтап, оларға семантикалық талдау жасаңыз.

а) Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар

Әуелі « Жарлы болсаң, арлы болма » дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей,жанын қарманып,адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі.

«Қалауын тапса қар жанады », « Сұрауын тапса адам баласының бермесі жоқ » деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

«Атың шықпаса жер өрте » дейді. Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат? « Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол » дейді. Тәңірге жазып мінбей – түспей, арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір – ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқұмар сұмдығын қостағалы айтқаны.

«Ата – анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті » дейді. Ата – анадан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар? Ата – анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Ата – ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балалрыма қалсын дейді. Ол ата – анасын сатқан соң, құдайға дұшпандық

іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек ( А. Құнанбаев « Жиырма тоғызыншы қар сөзі»).

Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады ( Абай).

2. Ақ – қара ұғымына қатысты туынды сөздердің сөзжасамдық ұясын құрып, түбірлес сөздердің мағыналық құрылымына талдау жасаңыз. Олардың арнайы семаларының ерекшелігіне саралау арқылы ортақ семалары мен жіктеуші семалардың деңгейлерін көрсетуге ұмтылыңыз.

3. «Ат», «Ай », «Ас», «Ақ», «Аш » сөздері арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық тізбегін жасаңыз. Оларды сөзжасамдық саты мен сөзжасамдық жұпқа бөліп, мағыналық уәжділігін анықтаңыз.

8- сабақ. Сөзжасамдық тип, сөзжасамдық үлгі.

Берілген сұрақтарға жауап беру.

1.Сөзжасамдық тип дегеніміз не?

2. Сөзжасамдық типті белгілеудің үш белгісі қандай?

3.Сөзжасамдық үлгінің анықтамасын айтыңыз.

4. Сөзжасамдық тип пен сөзжасамдық үлгінің айырмасы қандай?

Тапсырма: 4 сөзжасамдық типке мысал келтіріңіз. Сөзжасамдық тізбектің белгілерін көрсетіңіз. Көр етістігі негізінде сөзжасамдық ұя жасаңыз.

Негізгі:

1 Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –А., 2002

2 Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. А., Қазақ университеті, 1999

  1. Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. –А., Қазақ университеті, 2003

  2. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту. –А., Рауан, 2000

  3. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –А., 1989

  4. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. –А., Ғылым, 1985

  5. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. –А., Ғылым, 2001

  6. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. –А., Ғылым, 1988

  7. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –А., Рауан, 1998

Қосымша:

  1. Байтұрсынов А.Тіл тағылымы. А., 1994

  2. Ганиев Ф.А. Образование сложных слов в татарском языке. –М., 1982

  3. Жұбанов Қ. Қазақ тлі жөніндегі зерттеулер. –А., Ғылым, 1999

  4. Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. –М., Наука, 1962

  5. Есімсейітов Б. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбек. АКД, -А., 2002

  6. Земская Е.А. Словообразования как деятельность. –М., 1992

  7. Кубрякова Е.С. Теория номинация и словообразования. / Языковая номинация. –М., 1977

  8. Құрманалиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері. –А., 2002

  9. Қазақ тілі сөздігі. –А., Ғылым, 2000

9-сабақ.Сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам

1.Сөзжасамдық саты сипатын алғаш айтқан ғалым кім?

2.Сөзжасамдық сатының анықтамасын айтыңыз.

3.Сөзжасамдық саты ненің құрамына кіреді?

4. Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?

5. Проф. Н.Оралбай сатыға қандай анықтама берді?

Сөзжасам мен атау теориясы. Ұғым мен ой, атау, таңба арасындағы байланыс. Сөзжасамның объективтілігі мен субъективтіліг туралы. Әлемдік тіл біліміндегі негізгі көзқарастарға шолу.

Бір негізгі сөзден тараған бір топ туынды сөздердің сөзжасамдық ұяға жататыны, бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атауларының түбірлес сөздер деп танылатыны, олардың мағыналық байланысы, ол мағыналық байланыстың ұяның түп негіз сөзінен басталатыны. 3 Сөзжасамдық ұяның көлемінің түрлілігі. Сөзжасамдық ұяның құрамы күрделі құбылыс саналатыны. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тарам (парадигма). Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық жұп та сөзжасамдық ұяның мүшесі бола тұра, оның тікелей сөзжасамдық тізбек құрамына кіретіні.

«Ат», «Ай », «Ас», «Ақ», «Аш » сөздері арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық тізбегін жасаңыз. Оларды сөзжасамдық саты мен сөзжасамдық жұпқа бөліп, мағыналық уәжділігін анықтаңыз.

Негізгі:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –А., 2002

2. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. А., Қазақ университеті, 1999

3.Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. –А., Қазақ университеті, 2003

Рауан, 2000

4.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –А., 1989

Қосымша:

1.Кубрякова Е.С. Теория номинация и словообразования. / Языковая номинация. –М., 1977

2.Құрманалиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері. –А., 2002

3.Қазақ тілі сөздігі. –А., Ғылым, 2000

10-сабақ.Сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық уәждеме.

1. Сөзжасамдық жұп дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

2.Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар қандай байланыста болады?

3.Сөзжасамдық жұптар қандай тәсілдер арқылы жасалады?

4. Уәждеме дегеніміз не?

5.Уәждеме теориясы қандай теориямен байланысты?

Жаттығу жұмысы

1. Мына туындылардан сөзжасамдық бір тізбек сөздерін теріп, ретімен жазыңыз, онда неше саты барын табыңыз.

Түсік, тартын, ұшыр, тартыншақ, ықта, тартыншақта, қашақ, тартыншақтат, қайтым, тартыншақтатқыз, кріс.

2. Мына туындылардан сөзжасамдық жұптарды теріп жазыңыз.

Көшкін, көшір, кіргіз, көшкіенде, кетір, көшіріс, кіргіздір, кетіргіз, келіс, келтір, жүздір, келтіргіз, жүздіргіз.

3 . Сөзжасамдық талдау жасаңыз. Қолда, аяқ, қон, түс, жүр, өс.

Уәждеме теориясына конспект жасау.

Негізгі әдебиет:

1.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. –А., Ғылым, 2001

2. Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. –А., Қазақ университеті, 2003

Қосымша:

1.Кубрякова Е.С. Теория номинация и словообразования. / Языковая номинация. –М., 1977

2.Құрманалиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері. –А., 2002

11-сабақ.Сөз таптары сөзжасамы. Есімдер сөзжасамы. Зат есім сөзжасамы.

Тақырып бойынша сұрақтарға жауапты берілген негізгі және қосымша әдебиеттерден алу.

1.Сөз таптарының сөзжасамы дегенін қалай түсінесіздер?

2.Қай сөз таптарының сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті?

3.Есім сөзжасамын нешеге бөліп қарастырған?

4.Зат есім сөзжасамының ерекшелігі қандай?

5.Сын есім сөзжасамының өзіндік қандай ерекшелігі бар?

6.Сан есім сөзжасамы ерекшелігі қандай?

1.Зат есім сөздердің сөзжасамына толық талдау жасау. Олардың семантикалық қырын ашу.

Н.А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г.С. Сүлеева Қазақ тілі( Сөзжасам. Морфология) атты оқу құралынан № 5 -7 жаттығуды орындау.( 28 -30 беттер)

Негізгі әдебиеттер:

1. Н.Оралбай. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2. Салқынбай А.Б.Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2003

3. Н.А. Оразахынова , Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева Қазақ тілі

(Сөзжасам. Морфология),Алматы: « Арыс» баспасы, 2004,- 10 –14 бет.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

7. Қалиев Ө. Сөз тудыру жеке сала. КМ.1984, №6, Б.57-60.

8. Қалиев Ө. Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау критерийлері. ҚМ. 1980. №9.

9. Қалиев Ө. Сөздік морфемалық және туу құрамы. ҚМ. 1979, №4.

12- сабақ.Сын есім сөзжасамы

  1. Сын есімнің сөзжасамы, тәсілдері, толық талдау жасау.

Практикалық тапсырмалар:

  1. Мәтіндердегі сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық тұлғаларын талдаңыз.

Алғашқы топ келісімен, өзге қонақтар да іркілген жоқ. Көз байланғанша он үйдің алтауы толды. Әзірге Жетісудың алыс руының бәрі аталып жатыр. Енді ымырт жабылар кезде Қазбалаға төгіліп жатқан топтардың киім үлгілерін болжау қиын, қай рулар екендері мәлім емес. Тек қана кейбірінің қылаң аттысы көп, кейбірінің баран аттылары көп – үлкен шоғыр көрінеді. Сам жаққа қарай бұрылса, күміс ер – тұрман жарқылдайды. Өлкедегі қалың нөпірді көргелі жаңада мінілген үйірсек аттар кісінейді. Абай үйлеріне түсетін келушілер саябырлап, азғана толас болды. « Ендігі кісілер ертең келер» десіп, Абайлар алдыңғы үйлерге қымыз тарата бастаған ( М. Әуезов).

Негізгі әдебиеттер:

1. Н.Оралбай. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2. Салқынбай А.Б.Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2003

3. Н.А. Оразахынова , Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева Қазақ тілі

(Сөзжасам. Морфология),Алматы: « Арыс» баспасы, 2004,- 10 –14 бет.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

7. Қалиев Ө. Сөз тудыру жеке сала. КМ.1984, №6, Б.57-60.

8. Қалиев Ө. Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау критерийлері. ҚМ. 1980. №9.

9. Қалиев Ө. Сөздік морфемалық және туу құрамы. ҚМ. 1979, №4.

13- сабақ. Сан есім сөзжасамы.

Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар.

  1. Сан есім сөзжасамы, тәсілдері, толық талдау жасау.

Негізгі әдебиеттер.

1.Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1988.

2. 1. Н.Оралбай. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2. Салқынбай А.Б.Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2003

3. Н.А. Оразахынова , Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева Қазақ тілі

(Сөзжасам. Морфология),Алматы: « Арыс» баспасы, 2004,- 10 –14 бет.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

7. Қалиев Ө. Сөз тудыру жеке сала. КМ.1984, №6, Б.57-60.

8. Қалиев Ө. Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау критерийлері. ҚМ. 1980. №9.

14-сабақ. Төмендегі сұрақтарға жауап ала отырып, есімдік пен үстеу сөзжасамының ерекшеліктерін қорытындылау.

1. Сөз таптары сөзжасамы дегенді қалай түсінесіз?

2. Есімдік сөз табы сөзжасамының ерекшелігі қандай?

3. . Үстеу сөз табының ерекшелігі қандай?Үстеу сөз табының жасалу жолдары қандай?

15- сабақ. Етістік сөзжасамы

Төмендегі сұрақтарға жауап беру

1. Етістік сөзжасамы дегенді қалай аталады?

2. Етістік сөзжасамының ерекшелігі қандай?

3. Күрделі етістік қалай жасалады?

4. Кіріккен күрделі етістіктер деген не?

5. Тіркескен күрделі етістіктер деген не?

6. Құранды етістіктер деген не?

7. Қосарланған күрделі етістіктер деген не?

8. Идиомаланған күрделі етістіктер деген не?

Тапсырма: Етістік сөзжасамына қандай сөз таптарының сөздері негіз сөз ретінде қатысады? Синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбір жасауға негіз болатын түбірлер қандай? Ауыспалы сыңар деген не? Тірек сыңар деген не?

Жаттығу жұмысы: 270-жаттығу. Синтетикалық, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктерді анықтаңыз. («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А.,1997).

Практикалық тапсырма.

    1. Репродуктивті сипатта.

Сөзжасамның жалпы теориясы бойынша библиография жасау.

    1. Шығармашылық сипатта.

  1. Туынды сөз, туынды түбір, түбір сөз деген терминдерді қай оқулық қандай мәнде қолданылғанын жазып келіңіз.

  2. Сөзжасамдық бірліктерді анықтап, оның түрлерінің қызметін сипаттаңыз.

    1. Зерттеушілік сипатта.

  1. Туынды түбір сөздерді (бір сөз табынан) теріп, олардың мағынасына талдау жасаңыз.

  2. Біріккен, кіріккен сөздерді бір көркем шығармадан теріп, олардың мағынасына талдау жасаңыз.

  3. Зат есімнен болған қосарланған қос сөздерді бір шығармадан теріп, құрамына талдау жасаңыз.

  4. Соңғы кездерде тілге қосылған қысқарған сөздерді газеттен теріп, олардың жасалу жолына талдау жасаңыз.

  5. Лексика –семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерді көркем шығармалардан теріп, олардың мағынасына талдау жасаңыз.

  6. Туынды сөздерге мысал теріп, олардың сөзжасамдық мағынаның қай түріне жататынын анықтаңыз.

  7. 1. Н.Оралбай. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

  8. 2. Салқынбай А.Б.Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2003

  9. 3. Н.А. Оразахынова , Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева Қазақ тілі

  10. (Сөзжасам. Морфология),Алматы: « Арыс» баспасы, 2004,- 10 –14 бет.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

2. Қалиев Ө. Сөз тудыру жеке сала. КМ.1984, №6, Б.57-60.

3. Қалиев Ө. Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау критерийлері. ҚМ. 1980. №9.

Пәннің тесттік жүйесінің жұмысына арналған түсінік:

Әрбір тақырыпты ұғынуда сізге тесттік тапсырмаларды орындау ұсынылды.

Бұл тапсырмаларды орындаудың ерекше түйіні: Барлық тақырыпты меңгеру.

Әрбір тест 100 баллдық шкала бойынша бағаланады.

Егер сіз 100 % дұрыс жауап берсеңіз, тақырып меңгерілген болып саналады.

Бақылау жұмысының тапсырмалары мен өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары жұмыстары бойынша түсіндіру:

  1. Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары жұмыстарында әдебиеттерге айрықша көңіл бөлу керек:

1.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, Алматы, 1989.

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

негізгі аспектілер келесідей_______________________________________.

Бақылау жұмысының тапсырмаларын орындауда келесілерді білу және ұғыну қажет:

  1. Тақырып: 1. Сөзжасам жүйесі. Сөзжасам бірліктері мен олардың өзара байланысы. Уәждеме және атау теориясы. Сөз таптары сөзжасамы

  1. Әдебиет:

1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

2. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

3.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

4.Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы.

Пән бойынша мәнжазба, курстық жұмысты орындауға арналған ұсынымдар:

Мәнжазба, курстық жұмысты жазу барысында келесідей әдебиеттерге айрықша көңіл бөлу керек:________________________________________;

келесі тақырып аспектілерін дәйекті ашу

______________________________________________________________

______________________

Аралық бақылауда колоквиумға дайындалуды түсіндіру:

Коллоквиумға дайындалған кезде пәннің мағынасына, сұрақтарға, тақырыптарға ерекше мән беру керек:

1.Сөзжасамның кешенді бірліктері.

2.Атау теориясы және уәждеме.

3.Сөз таптары сөзжасамы.

Емтиханға дайындалуға кеңестер:

Емтиханға (сынақ) дайындалу кезінде келесідей жайттарға айрықша көңіл бөлу керек:

1. Сөзжасам – тілдің дербес салаы.

2. Сөзжасамның кешенді бірліктері.

3.Сөзжасамның тәсілдері.

4. Атау теориясы және сөзжасамдық уәждеме

Емтиханға (сынақ) дайындалу кезінде келесі тараулар бойынша көп қиындықтар туындайды:

- Сөзжасам және ономасиология.Сөзжасам және атау жасау теориясы.Ұғым мен ой, атау, таңба арасындағы байланыс.Сөзжасамның объективтілігі мен субъективтілігі туралы.Әлемдік тіл біліміндегі атау теориясы туралы негізгі көзқарастарға шолу. Жаңа атау жасаудың негізгі заңдылықтары. Атаудағы таным бейнесі. Атаудың табиғаты туралы түсінік. Атау теориясы туралы. Атау мен сөзжасамдық қатынас.Біріншілік және екіншілік номинация туралы. Номинативтік белгі. Атаудағы номинативтік белгі. Номинативтік белгінің арнайы сема қалыптастырудағы орны. Сөзжасамдық парадигма мен сөзжасамдық синтагма.

  • Сөзжасамның бірліктері

  • Сөзжасамдық уәждеме

Жоғарыда көрсетілген бөлімдердегі қиындықтардан шығу үшін

1.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым.

2.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

3.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам т.б. оқулықтар мен мнографияларды тереңірек оқу керек.

Әдебиеттермен жұмыс жасау ұсынымы:

Пәнді оқып үйренуде келесі әдебиет көздеріне ерекше мән берілу керек:

  1. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

  2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

Глоссарий:

Сөзжасамдық база орыс. словообразовательная базабелгілі бір тілдің сөзжасам жүйесінің неізіне жататын қрылымдық –морфологиялық ерекшеліктердің жиынтығы.

Сөзжасамдық негіз орыс. словообразовательная основа – туынды сөздердің жасалуына негіз болатын сөз. Бір сөзжасамдық ұяға кіретін түбірлес сөздердің өз ішінде бірнеше сөзжасам негізі болуы мүмкін. Мыс.: өкін сөзінен жасалған өкіну, өкініш, өкінішті, өкінішсіз, өкінген, өкінісу т.б. – бір ұядағы сөздер, бірақ олардың бәрі бірдей тікелей өкін сөзінен туып тұрған жоқ. Мыс.: өкінішті, өкінішсіз сөздерінің тікелей тудырушы негізі өкін емес, өкініш сөзі.

Сөзжасам жүйесі өте күрделі, оны мынандай жағдайлардан көруге болады: 1) ол тілдің фонология, морфонология, морфология, синтаксис сияқты деңгейлерімен тығыз байланысты; 2) сөзжасам жүйесіндегі синхрония мен диахрониялық құбылыстарды жіктеп айыру қашанда қиындық тудырады; 3) сөзжасамға қатысты тіл бірліктері ең кішкентай сөзжасамдық морфемадан – аффикстен бастап сөзжасамдық категорияға дейінгінің бәрін де қамтиды және олар мол, әр түрлі болып келеді. Соған байланысты сөзжасам жүйесін сипаттауда бірқатар теориялық ұғымдар (сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қатар, сөзжасамдық парадигма, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық ереже т.б.) қалыптасқан; 4)сөзжасамның қызметі әр түрлі және ол коммуникативтік тұрғыда өте маңызды болып табылады. Сөзжасам формалары оны тудырушы тәсілдердің сипатына қарай бірнеше түрге бөлінуі мүмкін: аффикстердің көмегімен туған жаңа сөздер, кем дегенде екі тіл бірлігінің бірігуінен не қосарлануынан, болмаса тіркесуінен туған жаңа сөздер, сөздердің бір сөз табынан басқа сөз табына ауысуынан (конверсия) туған жаңа сөздер немесе сөздердің қысқаруынан туған жаңа сөздер.

Тілде жаңа сөздердің жасалуы деривация деп, ал оның нәтижесінде пайда болған туынды не күрделі сөздер дериванттар деп аталады. Сөзжасам теориясының негізгі ұғымдарының бірі – мотивация ұғымы. Оның мәні мынада: туынды және күрделі сөздердің мағынасы мен олардың құрамындағы формалардың мағыналары өзара семантикалық байланыста болады. Сөзжасам құрамындағы тіл бірліктерінің ір түрі мотивация тудырушы негіз болып саналса, енді біреулері соның мотивтенген нәтижесі ретінде көрінеді.

Жалпы тіл білмінде сөзжасам ертеден белгілі болғанына қарамастан, ол тек 20 ғ. 60жж. соңына қарай жеке сала ретінде қарала бастады.

Сөзжасамдық база орыс. словообразовательная база – белгілі бір тілдің сөзжасам жүйесінің негізіне жатқан құрылымдық- морфологиялық ерекшеліктердің жиынтығы.

Сөзжасамдық формант орыс словообразовательный формант – құрылымы, семантикасы шағын, жаңа сөз жасауға қатысатын қосымшалар (жұрнақтар).

Сөзжасам жүйесі орыс. словообразовательная система – өзара қарым-қатынаста болып отыратын сөзжасамдық типтер мен сөзжасамдық ұялардың жиынтығы.

Сөзжасам жүйелілігі ( үнемі қайталануы) орыс. словообразовательная регулярность – сөзжасамға қатысты сөздердің құрылымдық және мағыналық байланыстарының жүйелі түрде қайталанып отыруы. Мыс.: жақсы сөзінен – ар жұрнағының көмегімен жақсару сөзінің жасалу үлгісі жас сөзінен – ар жұрнағы арқылы жасару сөзінің тууында қайталап тұр.

Диахрония (грек. dia арқылы, chronos уақыт) – тіл жүйесінің тарихи дамуын тіл білімінің объектісі түрінде зерттеу; тілді оның уақыт көлемінде даму процесімен байланысты алып қарастыру. Тарихи тіл білімінде диахрония ұғымы тілді талдауда оған қарама –қарсы аспектіні білдіретін синхрония (қ.) ұғымымен тікелей байланысты.

Синхрония (грек. synchronos бір мезгілдік) – тілдің тарихи дамуының белгілі бір кезеңдеріндегі қалпы. Синхрониялық талдауда тіл белгілі бір дәуірдегі қатынасқа негізделген тіл бірліктерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Синхрония ұғымын диахрония ұғымымен бірге тіл біліміне енгізген Ф. де Соссюр. Бұл ұғымдардың айырып шектелуі статика мен динамика, тіл мен сөз, жүйелілік пен жүйесіздік, бірмезгілдік пен әрмезгілдік қалыптардың бір-біріне қарама-қарсылығына сәйкес келеді. Тілді синхронды зерттеудің мақсаты тіл жүйесінің динамикалық (өзгеру) және статикалық (тұрақты) тепе-теңдігінен көрінетін принциптерін жасау болып табылады. Синхрония арқылы тілдің тек қазіргі күйін ғана емес, оның дамуындағы жеке кезеңдерді зерттеуге болады.

Сөзжасамдық талдау орыс. словообразовательный анализ – осы күнгі сөзжасам тұрғысынан сөз құрылымын, яғни сөз құрамындағы морфемалардың өзара байланысын, қарым-қатынасын анықтау. Мыс.: көр түірінен шыққан көріктендірушілер сөзінің құрамындағы бірнеше сөз тудырушы негіз бар: көрік, көріктен, көріктендір, көріктендіру, көріктендіруші (-лер көптік жалғауы). Осылардың әрқайсысы өзінен кейінгі туындыларға негіз болып тұр.

Сөзжасамдық мағына – себепші негіздер мен сөзжасамдық тұлғалардың бірігуі не қосарлануы, тіркесуі, жалғануы негізінде уәжделіп жасалатын ерекше туынды мағына.

Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы аталады.

Сөзжасамдық тізбек – бір түбірден тараған бірінен – бірі тікелей туындайтын, біріне – бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.

Сөзжасамдық тип тілде жаңа сөз қалай жасалатынын конкретті түрде көрсетеді, өйткені ол — әр сөз табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі.Сондықтан сөзжасамдық тип — тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі элементіне жатады.

Сөзжасамдық үлгі дегеніміз туынды сөздердің нақтылы жасалу үлгісі .Боса, жаса, теңе туындылары бір буынды негізгі туынды сын есімдерге –а, -е жұрнағы қосылу арқылы жасалған. Сөзжасамдық үлгі дегеніміз туынды сөздердің нақтылы жасалу үлгісі .Боса, жаса, теңе туындылары бір буынды негізгі туынды сын есімдерге –а, -е жұрнағы қосылу арқылы жасалған.

Сөзжасамдық саты сөзжасамдық ұяның негізгі мүшесі.Ол бір сөзден екінші туынды сөздің жасалу шегін білдіреді.Мысалы, біл-білім- білімді-білімділік деген бір сөзжасамдық тізбекті алсақ, осында 3 сөзжасамдық сатыда бір туынды сөзден жасалған.

Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады.

Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің синтагматикалық қатысы.Яғни сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады.Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы.

Сөзжасамдық уәждеме орыс. словообразовательная мотивация – түбірлес сөздердің өзара қарым-қатынаста болуы. Сол арқылы олардың біреуінің жасалуына екіншісі арқау болады, біреуінің мағынасы екіншісі арқылы анықталады (көл –көлшік). Түбірлес сөздер лексикалық мағынасы бар негіз сөзден сөз тудырушы қосымшалар арқылы туады. Туынды түбірлердің мағыналары қашанда оларға негіз болған сөздердің мағынасы негізінде өрбиді. Сол себепті тудырушы негіз уәждендіруші сөз, ал туынды сөз уәжденген сөз деп аталады. Сөйтіп, уәждеме уәждендіруші сөз бен уәжденген сөздің өзара қарым-қатынас бірлігінен тұрады.

Мотивация (франц. motif әректті туғызатын себеп, дәлел) – уәжділік, белгілі қимыл-әрекеттің болу себептерін түсіндіру, дәлелдеп негіздеу. Мотивациядан мотивированный – мотивтенген, уәжденген; не мотивированный – мотивтенбеген, уәжсіз терминдері пайда болған.

Мотивология (франц. motif себеп, дәйектеме, уәж, logos ілім) сөздердің уәждемелік сипатын зерттейтін лексикологияның саласы. М. –ның объектісі – басқа тіл бірліктерімен уәжділік қарым-қатынасқа түсетін лексикалық бірліктер болып табылады.

Ономасиология (грек.onyma ат, есім беру өнері) – 1) тіл білімінің аталым (атап білдіру) құралдарын зерттейтін саласы; 2) тілдің лексикалық және лексика-фразеологиялық құралдары арқылы заттарды белгілеудің, ұғымдарды білдірудің принциптері мен заңдылықтарын зерттейтін семантиканың бір саласы.

Номинация (лат. nomination атау) – 1) сөздің немесе сөз тіркесінің затты атап білдіруі; 2) атаумен байланысты жалпы тіл мәселелерінің және номинативтік тұрғыда қарастырылатын сөзжасам, көпмағыналылық, фразеология т.б. жиынтығы.

Парадигма (грек.paradeigma үлгі, мысал) – 1) кең мағынада бір-бірінен ерекшеленіп келетін, сонымен бірге бәріне ортақ белгілері арқылы біріккен кез келген тілдік бірліктер тобы (қ. Парадигматика); 2) осындай топтар мен жиынтықтардың жасалу моделі (үлгісі) мен схемасы; 3) неғұрлым тар мағынада - морфологиялық П. терминінің синонимі.Тіл бірліктерінің жүйесіне қарай П. – морфологиялық П,. синтаксистік П., лексикалық П. және сөзжасамдық П. болып жіктеледі. Бұлардың ішінде жиі қолданылатын - морфологиялық П. Онда сөздің грамматикалық мағынасы мен әртүрлі қосымша жалғану арқылы тұлғасының түрленуі арасындағы сәйкесіктен жасалған модельдер, схемалар қарастырылады. Мыс.: зат есімнің көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларының, етістіктің есімше, көсемше, рай, шақ, жақ тұлғаларының түрлену жүйесі модельдерінің жиынтығы т.б. Морфологиялық П.-да сөз түрлендірудің барлық жүйесі де, сондай-ақ бір ғана тұлғаның түрлену жүйесі жеке қарастырылуы мүмкін.Морфологиялық П. синтаксистік П.-ның жасалуына негіз болады.

Синтагма (грек. syntagma біртұтас құрастырылған) – синтаксистік біртұтас қатынасты білдіретін интонациялық – мағыналық бірлік, анықтауыштық – анықталушы түріндегі қос мүшелі құрылым. Мұндай құрылым жеке сөздермен морфемалардан (от-ағасы, орын-басар, қол-ғанат, жылқы-шы, ес-керт-кіш), сөз тіркестерінен (қоралы қой, шапқан сайын), паузамен шектелген кез келген фразалар (Адам ауыр науқас үстінде / бұл дүниеден гөрі о дүниені / көбірек ойлайтын әдеті ғой (Қ.Жұмаділов).

Денотат (лат.denotatum белгіленуші) – белгіленуші зат, заттың аталуы.Ол мынадай мағынада қолданылады: 1) референт (қ.) ұғымын, яғни сөйлеушінің түсінік-қабілетіне байланысты санада қабылданған объект ұғымын білдіреді; 2) шындық өмірдегі көптеген объектілердің (заттар, қатынастар, процестердің т.б.) табиғи немесе айырым белгілеріне қатыссыз бір сөз арқылы аталуын білдіреді. Әңгіме бұл жерде лексикалық тіл бірліктерінің денотаты туралы болып отыр. Бұл тұрғыда Денотат термині дәстүрлі логикадағы «түсінік көлемі» дегенге сәйкес келеді. Бұл жағдайда денотат сигнификат (қ.) пен референке қарама-қайшы келеді.Мәселен, ғылым әлемі дүниесінде қияр, қарбыз сөздерінің днотаттары жидек сөзінің денотатына, кит сөзінің денотаты - аң немесе сүт қоректілер денотатына жатқызылса, ал әлемдік дүниенің қарапайым қабылдауында қияр денотаты – овощ (көкөніс) сөзінің денотатына, қарбыз денотаты – жеміс сөзінің денотатына, кит денотаты – балық сөзінің денотатына жатқызылады.Кейбір зат атауларының

денотаты тұрақты болады, олар бір элементті денотатқа жатады: Ай, Жер, Күн, Шыңғысхан т.б.

Денотаттық мағына (лат. denotatum белгілеу, көрсету) орыс. денотативное значение - әр түрлі реңк тудыраын үстеме мағынадан тыс сөздің негізгі мағынасы. Мыс.,азамат сөзінің кәмелетке жеткен ер адам деген негізгі мағынасы – денотаттық мағына.

Коннотаттық мағына орыс. коннотативное значение – сөздің негізгі мағынасына үстемеленіп, әр түрлі семантикалық, стилистикалық реңк тудыратын қосымша мағына.

Конверсия (сөзжасамдық) орыс. конверсия (в словообразовании) –транспозицияның бір түрі. Сөз тудырушы аффикстің көмегінсіз түбір я негіз сөздің басқа парадигмаға айналуы. Конверсия бойынша бір сөз табындағы сөз тұлғалық өзгеріске ұырамай, басқа сөз табына ауысаы. Мыс.: табыс етістік –табыс зат есім, көк зат есім - көк сын есім.

Синкретизм (грек. synkretistos қосылу) – 1. Қызметі әртүрлі сөздер мен грамматикалық формалардың тілдің даму барысында тұлғалас келуі. Кейбір ғалымдар бұған грамматикалық омонимдерді (омоформаларды), енді біреулері көп мағыналы сөздерді жатқызады. Мыс., тоң сөзі әрі зат есім, әрі еістік (бұйрық райдың 2-жағында), көш – әрі етістік, әрі етістік (бұйрық рай 2-жақ), кір – әрі зат есім, әрі сын есім, тамақ сөзінің екі мағынасы да зат есім мағынасында қолданылады. Синкретизм қосымшаларда кездеседі.Мыс. –ша, - ше қосымшасы бірде кішірейту мағынасындағы зат есім тудырады: күрекше, қалақша, бірде үстеу мағыналы сөздер тудырады: біздіңше, ескіше, жаңаша; -дай, -дей бірде сын есім (үйдей, таудай), бірде үстеу (жаздай, қыстай) тудырады. 2. Тіл жүйесіндегі ауыспалы (өтпелі) құбылыстармен байланысты туған тіл бірліктерінің бір-біріне қарама-қарсы диффернециалды құрылымы мен семантикалық белгілерінің қосарланып қатар қолданылуы.Бұған әр түрлі будандық (диффузиялық, аралық) құрылымдар жатады.

Түркологияда синкретизм теориясын тілдік формалардың о бастағы біртұтастығымен байланыстырып синкреттік түбірлерге (зат есім – етістік т.б.) жіктеп зерттеген Э.В. Сеортян мен Б.М. Юнусалиев.

Қорытынды

Пәнді оқып үйренгеннен кейін келесідей тұжырым және қорытынды шығаруға болады.

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнін оқып аяқтағаннан кейін сөзжасамның тілдің жеке салаы екендігін, оның сөзжасамдық бірліктерін (сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық жұрнақ, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық үлгі, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық қалып, синтагма, парадигма т.б.) меңгеріп, сөзжасамдық талдау жасай алады, тілдің басқа да салаларымен байланысын, сөзжасамның басқа қырлары туралы болашақта ғылыми жұмыстар жасауына негіз болады.

______________________________________________________________

Қосымша 7