Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сонгы жана ККТСозжасамы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.05 Кб
Скачать

Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы

Мамандық 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті»

шифр және мамандықтың атауы

Пән Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

код және пән атауы

Білім деңгейі бакалавр

оқу жоспарына сәйкес

Оқу формасы күндізгі

Оқу жылы 2014- 2015 ж.

Оқу ісі жөніндегі проректор

Биология ғылымдарының докторы Айпеисова С.А.

“___”____________20__ ж.

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

Педагогика ғылымдарының докторы Ботағариев Т.А.

«___»____________ 20 14 ж.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

«Теориялық және қолданбалы тіл білімі » кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән_Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы ( __2_ кредит )

Мамандық 5 В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті

Курс __3___________________________________

Оқытушы: Қондыбай К.Ә.

2014 -2015 оқу жылы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Қазақ тілін оқыту әдістемесі ( 3 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны

Ауд. уақыты

Апта күндері

Оқытушының аты-жөні

Байланыс, тел,

email

сабақ кестесіне сәйкес

Кесте бойынша

Сәрсенбі

Бейсенбі

Қондыбай К.Ә.

+87013035977

543696

Kondybay@ mail.ru

ОСӨЖ өткізу уақыты : дүйсенбі, 11.40 -12.30 (16 сағат)

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» қазақ тіліндегі сөзжасамдық процестерді, сөзжасамның негізгі ұғымдары мен теориясын, сөзжасамдық тәсілдерді, сөзжасам нәтижесінде жасалатын туынды сөздің мағынасын зерттейтін негізгі іргелі пән. «Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» пәні – тіл мен әдебиет мамандарын даярлау үшін оқытылатын лингвистикалық пәндердің негізгілерінің бірі.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» ғылыми курсының морфология саласының құрамында қаралып, оның мәселелері морфология оқулығында берілгенде, ондай сөз таптарының сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында жеке пән ретінде оқытылып келеді. Сондықтан студенттерге тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын, т.б. толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді талдау, студенттерге таныстыру, нақты ғылыми деректер беру.

Пәннің міндеті:

Жұмыс бағдарламасында осы мақсат кей міндетті орындау үшін сөзжасам мәселелерін белгілі жүйеге келтіріп, мәселелердің байланысы мен ерекшеліктеріне қарай топтап, тақырыптарға бөліп, осы сала бойынша зерттеулер нәтижесінде жазылған ғылыми еңбектерді талдап, зерттелуін күтіп тұрған сөзжасамның көп мәселелеріне қатысты әрбір тақырыптарда сөз қозғалады.

Пәннің міндеті:

- болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің cөзжасамы құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру;

- практикалық, лабораториялық сабақтар мен ОСӨЖ, СӨЖ арқылы студенттердің сөзжасамнан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру;

- студенттердің қазіргі қазақ тілінің сөзжасамына қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

Құзыреттілік

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамын оқытуда оқушылардың коммуникативтік, тілдік, ақпараттық, және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңыздылығы.

Коммуникативтік құзыреттілік. Студенттер сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін пайдалануы тиіс. Студенттер тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім бойынша қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы пәнінен алған мәліметтерді, теориялық білімдерді игеріп, алған білімдерін теорияда пайдалана отырып, түрлі пікірлерді саралай, өз пікірлерін дәлелдей алатындай, соны өзгеге үйрете алатындай дәрежеде болулары керек.

Тілдік құзыреттілік. Қазақ тілінің сөзжасамы бойынша мыналарды: cөзжасамның жеке сала екендігін, негізгі ұғымдарын, (Туынды сөздер, сөзжасам терминдерін, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық үлгі және т.б.), туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық талдау, сөз таптары сөзжасамы және олардың жасалу тәсілдері,т.б. студент білуі тиіс.

Ақпараттық құзыреттілік. Сөйлесім әрекеті арқылы игерілетін түрлі ақпараттар жүйелі және көптеген пікірлерден тұруы тиіс. Студент өзінің алған мол ақпараттары арқылы пікірін қалыптастыруы тиіс.Оларды жүйелі талдай алуы керек.

Курсты оқып болған соң төмендегідей мағлұматтарды игересіз:

- сөзжасам тілдің жеке саласы екендігін;

-сөзжасам терминдері мен ұғымдарын, сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысын;

- сөзжасам тәсілдерін, олардың түрлерін;

- сөзжасамдық ұя, тізбек, саты, тарам, тип, үлгі, және т.б.;

- сөзжасамды зерттеуші ғалымдар пікірлерін;

- сөзжасамдық талдау жасауды.

Пәнді оқудың нәтижесінде төмендегідей жайттарды жүзеге асыра аласыздар:

Кәсіби деңгейі жоғары, жан – жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлай отырып, оларға қазақ тілінің сөзжасамын оқып - үйренуде төмендегі жайттарға назар аудары қадағалануы қажет:

- cөзжасамның тілдің жеке саласы екендігін;-

- сөзжасам тәсілдерін және олардың түрлері;

- сөзжасам терминдерін, ұғымдарын, туынды сөздер, олардың түрлерін;

- сөз таптары сөзжасамдарын, сөзжасамдық талдау жасауды және т.б..

Пәнді өту барысында қойылатын талаптар:

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамын оқытудың алдына қойған міндеттерін шешу барысында төмендегідей талаптарды жүзеге асыру қажет:

- қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы пәнінің теориялық және практикалық материалдарын игеруде сөйлесім әрекетіні түрлерлері:тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім арқылы қалыптастыру;

- тілді қатынас құралы ретінде үйрете отырып, лингвомәдениеттаным ілімінің талабына сай қалыптастыру;

- сөздіктермен, оқулықтармен, монографиялармен жұмыс жасау.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Қазақ тілін оқыту әдістемесі – университеттер мен педагогикалық институттардың филология факультеттерінде орта мектеп үшін қазақ тілінен мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім, тәжірибелік дағды, іскерлік беретін негізгі пәндердің бірі болып есептеледі.

Бұл пән 15 дәріс, 15 практикалық сабақ, 2 аралық бақылаудан, ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларынан, қорытынды бақылау-емтиханнан тұрады.

Студенттерді болашақ мамандығына бейімдеу, қазақ тілін оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын ғылыми мағлұматтар беру, олардың пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау, болашақ маманның кәсіби-әдістемелік шеберлігін қалыптастыру

Білуге тиіс: : Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша материалдарды ақпараттық-технологиялық тұрғыда талдай білу, білім мен ақпаратты игере білу.

Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі. Пән бойынша практикалық тұрғыда талдау жасай білу;

Істей білу: -

Дағдысының болуы: Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі. Қазірі қазақ тілінің сөзжасамы пәні бойынша теориялық білімді игеріп, практикалық дағды алу. Қаіргі қазақ тілінің сөзжасамы мәселелері бойынша зерттеу жүргізе білу;

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: : «Нормативті қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілі», «Тіл біліміне кіріспе», «Тілдік қатынас негіздері» пәндерімен сабақтасады.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінен алған біліміңіз алдағы уақытта жүргізілетін «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі», «Тіл мәдениеті», «Стилистика», т.б. лингвистика ғылымына қатысты пәндер мен қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты элективті пәндерді меңгеруге зор ықпал етеді, сондай-ақ педагогикалық практика барысында теорияны практикамен байланыстыра жұмыс істеуге көмектеседі

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

р/с

Модульдың атауы

Лекция

(сағ)

Практикалық (семинар.)сабақ (сағ)

Лаборат. сабақ

(сағ)

СӨЖ

МӨЖ

(сағ)

1

Бірінші модуль. Модульдің атауы: Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

5

5

15

2

Екінші модуль. Модульдің атауы: Сөзжасам бірліктері

5

5

15

3

Үшінші модуль. Модульдің атауы:

Сөз таптары сөзжасамы

5

5

14