- •1.Атом-молекулалық iлiм негiзiнде «Заттар массасының сақталу заңын» түсіндіріп
- •2.Атом-молекулалық iлiм негiзiнде «Құрам тұрақтылық заңың» мәнің ашып беріңіз. Бертолиттер және дальтонидтерге түсінік беріңіз.
- •4.Эквивалент және эквивалент заңың мысалмен түсіндіріп беріңіз.
- •5.Жәй және кұрделi заттардың эквивалентiн анықтау тәсiлдерiн мысалмен тусіндіріңіз.
- •6. Көлемдік қатнастар заңы. Авогадро заңы түралы түсінік беріңіз.
- •7. Газ күйiндегi заттардың массаларын табу тәсiлдерi. Бiр газдың екiншi газ бойынша салыстырмалы тығыздығы.
- •8.Атомның кұрделiлігiн дәлелдейтін жаңалықтарды туралы мәлімет беріңіз.
- •9.Дж. Томсоның моделi мен Резерфордтың атомның ядролық моделiн сипаттап беріңіз.
- •10.Нильс Бор теориясы, онын дамуы және жетiмсiздiгiне сипат беріңіз.
- •11. Атом құрылысы туралы квантты-механикалық көқзарас. Квант сандары.
- •Квант сандары
- •12.Атом қабаттары мен қатпарларын толтырудағы ерекшеліктері туралы түсінік беріңіз (Клечковский және Хунд ережелерi).
- •13.Атом қабаттары мен қатпарларын толтырудағы ерекшеліктері туралы түсінік беріңіз (Паули және минимал энергия принципi.).
- •14.Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығын мысал негізінде тусіндіріңіз (иондану энергиясы, электронға ынтықтық, электртерiстiк).
- •15.Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығын мысал негізінде тусіндіріңіз (атом және ион радиусы, элементтердың металдық және бейметалдық қасиеттерi).
- •16.Химиялық байланыс туралы ұғымның дамуы және химиялық байланыстардың түрлеріне сипат беріңіз.
- •17.Химиялық байланыстардың түрлері (коваленттi полюстi және полюссiз, донорлы-акцепторлы (координациялық) және түзiлу механiзмiн мысалмен тусіндіріңіз.
- •4.2 Координациялық теория
- •19.Коваленттi байланыстың қасиеттерiн (байланыс ұзындығы, энергиясы, полюстiгi, еселік байланыстар) мысалмен тусіндіріңіз.
- •20.Коваленттi байланыстың қасиеттерiн (бағытталуы, гибриттенуi, молекулалардың пiшiнi) мысалмен тусіндіріңіз.
- •3.5 Гибридтену
1.Атом-молекулалық iлiм негiзiнде «Заттар массасының сақталу заңын» түсіндіріп
беріңіз.
1758 жылы М.В. Ломоносов табиғаттың негізгі заңын шығарды. БҒл зат массасының сақталу заңы: “Химиялық реакцияға қатысатын заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілетін заттардың массасына тең болады”.
1789 жылы бұл заңды Лавуазье тұжырымдап, тәжірибелермен дәлелдеді. Ломоносов зат массасының сақталу заңын энергия сақталу заңымен байланыстырды бұлар табиғаттың жалпы заңы деп тұжырымдады.
2.Атом-молекулалық iлiм негiзiнде «Құрам тұрақтылық заңың» мәнің ашып беріңіз. Бертолиттер және дальтонидтерге түсінік беріңіз.
Бұл заңды ашқан Пруст (1808 жыл). Заңның оқылуы: “Кез келген таза заттың құрамы және қасиеттері әрқашанда тұрақты болады. Олар алыну әдісіне тәуелсіз.”
3.Атом-молекулалық iлiм негiзiнде «Еселiк қатынастар заңын» сипаттап беріңіз..
Бұл заңды ашқан Дальтон (1803 ж.). Заңның оқылуы: “Егер екі элемент өзара бірнеше химиялық қосылыстар түзе алатын болса, әр түрлі қосылыстағы элементтердің массаларының ара қатынасы бүтін сандарға тең болады”.
Мысалы, N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5 қосылыстарын қарастырайық. Бұл қосылыстардағы азоттың бір массалық бірлігіне әр қосылыстағы оттегінің әртүрлі массалық бірлігі сәйкес:
0,57; 1,14; 1,71; 2,28; 2,85
Оттегінің осы массалық бірліктерінің арақатынасы бүтін сандарға тең: 1, 2, 3, 4,5.
4.Эквивалент және эквивалент заңың мысалмен түсіндіріп беріңіз.
“Бір-бірімен әрекеттесетін заттардың массалары (көлемдері) олардың эквиваленттік массаларына, (көлемдеріне) тура пропорционал”.
Эквиваленттер заңының математикалық өрнегі:
немесе
Эквиваленттің өлшемі моль, эквиваленттік массаның өлшем бірлігі г/моль.
Күрделі заттардың эквиваленттік массасын есептеу жолдары:
Оксид үшін:
-
молярлық масса
-
металдың валенттілігі
-
металл атомдарының саны
Қышқыл үшін:
М(Эышыл)
,
- молярлық масса
- сутегі атомдарының саны
Гидроксид үшін:
,
- молярлық масса
-металдардың валенттілігі
- гидроксил топтарының саны
Түздар үшін:
М(Этұз)
- молярлық масса
- металдардың валенттілігі
- металл атомының саны
5.Жәй және кұрделi заттардың эквивалентiн анықтау тәсiлдерiн мысалмен тусіндіріңіз.
6. Көлемдік қатнастар заңы. Авогадро заңы түралы түсінік беріңіз.
Авогадро заңы. “Бірдей жағдайда (температурада және қысымда) әртүрлі газдардың тең көлемдеріндегі молекулалар сандары бірдей болады”. Бұл сан NA= 6,021023 Авогадро саны деп аталады.
Авогадро заңынан шығатын салдар:
“Кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда 22,4 л -ге тең көлем алады (қ.ж. 00 С, 101,325 кПа)”. Бұл көлем газдың молярлық көлемі деп аталады.
Көлем қатынас заңы (Гей-Люссак). “Бірдей жағдайда (t және p) реакцияға қатысатын газдардың көлемдерінің бір-біріне қатынасы жай бүтін сандардың қатынасындай болады”
VA : VB = a : b
a, b - бүтін сандар
