Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Naziev_2014_OSKE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.67 Mб
Скачать

Мазмұны

Бекеттің атауы

Эндокриндік синдромдар кезінде клиникалық диагнозды негіздеу және диагностикасы

Бекеттің түрі

Диагностикалық

Пәні/кезеңі

ЖДТ

Мамандығы

051301-«Жалпы медицина»

Курсы

7

Интерн үшін қысқаша мәлімет

ЖТД қабылдауына 53 жастағы Т. ер адам жалпы әлсіздік, есеңгіреп қалу сезімі, аяқтарының тоңғыштығы, аузының кебуі, арықтау, көз көруінің, есте сақтауының төмендеуі, бас ауруы шағымымен жүгінді. Клиникалық тапсырманы оқыңыз. Клиникалық және зертханалық мәлімет талдауларына қажетті зерттеу жүргізіңіз.

Интернға арналған бекеттегі тапсырма (1 нұсқа)

ЖТД қабылдауына 53 жастағы Т. ер адам жалпы әлсіздік, есеңгіреп қалу сезімі, аяқтарының тоңғыштығы, аузының кебуі, арықтау, көз көруінің, есте сақтауының төмендеуі, бас ауруы шағымымен жүгінді.

Анамнезінен белгілі: соңғы жылдардан бері өзін науқас санайды, яғни күйзелісті басынан өткергеннен кейін әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, бастың ауыруы мазалаған. Соңғы 6 айда әлсіздік сезімі одан әрі өскен, тез шаршаңғыштық, шөлдеу және ауыздың құрғауы, көздің көруінің төмендеуі, ұю, аяқтың тоңғыштығы пайда болған. ЖТД медициналық көмек сұрап келген.

Өмір анамнезі: отбасында екінші бала, өсуі мен дамуы жасына сәйкес. Кішкентай кезінде қызылшамен ауырған.

Зиян қылықтары: к 30 жасынан бастап күніне 0,5 қораптан шылым шегеді, ішімдікті мереке кезінде ғана ішеді.

Аллергоанамнезі тыныш.

Қазіргі уақытта құрылыс компаниясында инженер болып істейді.

Тұқымқуалаушылық: анасында артериалдық гипертензия, әкесінің анасында қант диабеті.

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық.

Тәбеті жоғары. Бойы - 182 см, салмағы – 95 кг, ОТ – 120 см.

Тері жамылғылары физиологиялық бояуда, таза, құрғақ, гиперкератоздың аймағы табанның ұлтасының астында. Ауырсыну және дене қызуының сезімталдығының төмендеуі орташа байқалады. а. dorsalis pedis тамыр соғысы сақталған. Ісіну жоқ.

Мұрын арқылы тыныс алу еркін. Кеуде қуысы цилиндр пішінді, перкуссиялау кезінде анық өкпелік дыбыс. Аускультативті – өкпесінде тыныс қатты, бірыңғай сырылдар тыңдалады, ТАЖ мин 17 рет.

Жүрек маңы визуалды өзгермеген. Перкуссиялау кезінде сол жақ жүрек шекарасының сол жақ орта-бұғана сызығынан 1,5 см ауытқыған. Тамыр будасы 7 см.Жүрек үндері бітелген, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ мин 82 соққы. АҚ 160/100 мм.сн.бғ.

Тілі құрғақтау, ақ қақпен орташа қақтанған. Тері астылық талшықтардың әсерінен іштің көлемі ұлғайған, пальпациялау кезінде жұмсақ, ауырсынусыз.

Бауыр қабырға доғасының шетінде. Бүйректің маңы визуалды өзгермеген, тербеліс симптомы екі жақтан да теріс. Дәретке отыруы еркін, ауырсынусыз. Қалқанша безді пальпациялау кезінде ұлғаймаған, ауырсынусыз.

Тапсырма

  1. Басты синдромды анықтаңыз.

  2. Алғашқы диагнозды құрыңыз.

  3. Қажетті экспресс-тест жүргізіңіз

  4. Клиникалық және зертханалық мәліметтерге талдау жасаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]