Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Naziev_2014_OSKE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Мазмұны

Бекеттің атауы

«МҚЖБ науқастарды жүргізудің тәсілі және диагностикасы»

Бекеттің түрі

Шұғыл медициналық көмек көрсету

Пәні/кезеңі

Неврология

Мамандығы

051301-«Жалпы медицина»

Курсы

7

Интерн үшін қысқаша мәлімет

Науқас 56 жаста, неврологиялық симптоматикамен түскен. Диагнозын тұжырымдау қажет. Клиникалық тапсырманы оқыңыз. Қойылған сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Интернге арналған бекеттегі тапсырма

Науқас 56 жаста, басының ауыруына, бастың айналуына, құсу, сөйлеудің бәсеңдеуі, АҚ 200/120 мм.сн.бғ. дейін көтерілуі, оң жақ аяқ-қолдарының ұюына шағымданған. Анамнезден: науқас 10 жыл бойы артериалық гипертензиямен ауырады, гипотензивті дәрілерді жағдайлы қабылдайды. Тұқымқуалаушылық-әкесінде АГ және 2 типті ҚД. Супермаркетте басқарушы болып істейді. Күніне 10 шылым шегеді. Ішімдікті аздап ішеді. Соңғы жайсыз сезінуі кешкісін АҚ 180/100 мм.сн.бғ. дейін көтеріліп, басы қатты ауырып, жалпы әлсіздік болғаны байқалған. Таңғысын науқастың сөз сөйлеуі бұзылған, оң жақ аяқ-қолдарында ұю мен әлсіздік пайда болған. Неврологиялық статусы: науқас есін біледі, аздап әлсіз, бәсеңдеген, қойылған сұрақтарға бәсеңдеген сөйлеумен жауап береді. Моторлы афазия элементтері. Көз ұясы, қарашығы OD=OS, фотореакция сақталған, шеткі бөліктерінде көлденең нистагм. Оң жақ мұрын сызығы жазылған, тіл девиациясы жоқ. Оң жақта гемигипестезия. Бұлшықет тонусы пирамида типі бойынша жоғарлаған. Сіңірлі рефлекстері S<D, жоғары, рефлексогенді зонасының кеңеюімен. Оң жақ аяқ-қолдарында әлсіздік және ұю, оң жақ аяқ-қолдарының бұлшықет күші 3,0 балл. Бабинский, Керниг, Брудзинский симптомдары оң.

1.Жағдайды бағалаңыз, клиникалық синдромды ауызша көрсетіңіз.

2. МРТ-томограммасының мәліметтерін талдаңыздар. .

3. Аталмыш ақау қай ауру түріне сай келеді (жазбаша).

4. Сіздің болжамды диагноз туралы қорытындыңыз (жазбаша).

5. Одан арғы іс-шара жоспарын жазыңыз

Емтихан алушыға арналған мәлімет

1.Аталмыш шағым мен ауру анамнезін дұрыс бағалауын бағалаңыз.

2.Неврологиялық дәрежедегі мәліметтерді дұрыс бағалауын бағалаңыз.

3. Басты клиникалық синдромды жүргізудегі дұрыс таңдауды бағалаңыз (ошақты неврологиялық симптоматикалы).

4.Топикалық ошақ анықтамасының дұрыстығын бағалаңыз.

5.МРТ – томограммасыныі қорытындысы мен мәліметтерді талдауды бағалаңыз.

6. Одан арғы шара жоспарын (студент алғашқы диагнозды қою қажет, зертханалық және құрал-жабдықты диагностика әдісін тағайындауы қажет, аталмыш науқасқа емдеу түрін тағайындау) бағалаңыз.

Бекетті бағалау парағы мқжб науқастарды жүргізудің тәсілі және диагностикасы

Т.А.Ә. ___________________________________________________________

Студенттің нөмірі ____________________________________________________

Тобы ___________________________________________________________

Мамандығы_____________________________________________________

Тапсырма нұсқасы____________________________________________________

№

Орындау критериялары

Баллдары

Коэффициент

Орындай алмады

Толық қанды орындай алмады

Толыққанды орындады

0

1

2

1

Науқастың мәселесін анықтады

6

2

Неврологиялық статусқа бағалау жүргізді.

12

3

Басты клиникалық, ошақты, неврологиялық синдромдарды анықтады

12

4

Зақымданудың топикалық ошағын анықтады (жазбаша, сызба түрінде)

15

5

Қауіп факторларын анықтады және айтып өтті

10

6

Зерттеудің әдісін анықтады. Суреттің сапасын бағалады.

10

7

Мидың құрылымын бағалады. Рентгенологиялық синдромды анықтады.

10

8

МРТ суреттерін талдады

10

9

Алғашқы диагноз туралы қорытынды берді (жазбаша).

10

10

Одан арғы шара жоспарын жазды

5

Емтихан алушы _____________________________

(қолы) (Т.А.Ә.)

___.___.20___ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]