Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Naziev_2014_OSKE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Мазмұны

Бекеттің атауы

Жаралар кезіндегі ЖТД тәсілі

Бекеттің түрі

Шұғыл көмек көрсету

Пәні/кезеңі

Хирургиялық аурулар

Мамандығы

051301 «Жалпы медицина»

Курсы

7

Интерн үшін қысқаша мәлімет

Науқас Д., 40 жаста білегі жараланған. Диагнозын тұжырымдап, шұғыл көмек көрсету қажет. Клиникалық тапсырманы оқыңыз. Қойылған сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. Тәжірибелік тапсырманы орындаңыз.

Интернге арналған бекеттегі тапсырма

Емхана хирургына 40 жастағы науқас Д., ортаңғы үшінші сол жақ білектің жарасы шағымымен жүгінді. Науқас емханаға жүгінгенге дейін бір-екі сағат бұрын жөндеу жұмыстары кезінде үй жағдайында пышақпен жарақат алған.

Объективті: Жалпы науқастың жағдайы орта ауырлық деңгейінде. Есін біледі. Тері қабаты қалыпты түсті. Ауыз қуысынан алкоголь иісі шығады. Тамыр соғысы – минутына 88 рет, АҚ-120 және 80 мм.сн.бғ. Органдар мен жүйелер бойынша өзгешеліктер жоқ.

Локальды: Ортаңғы үшінші сол жақ білектің алақан үстінде бойлық бағытта, 7,0 х 1,5 см, шеті тегіс жарақат бар. Жарақат қанаған. Тамыр соғысы, сезімталдық және сол жақ жоғарғы қолдар қозғалысы сақталған.

Тапсырма:

1. Науқастың болжамды диагнозын жазбаша тұжырымдаңыз.

2. Дәрігермен орындалатын қажетті іс-шара әрекетін жазбаша көрсетіңіз.

3. Науқасты емдеудегі қажетті әдістерді жазбаша көрсетіңіз және олардың кезеңдерін ауызша атап өтіңіз.

4.Манекенде қажетті манипуляцияны орындаңыз

Емтихан алушыға арналған нұсқаулық

  1. Студент диагнозды тұжырымдады: Ортаңғы үшінші сол жақ білектің кесілген жарақаты. Ішімдік ішкен.

  2. Негізгі іс-шараны көрсеткен: гематокритке алынған қан сараптамасы, эритроциттер, гемоглобин; алкогольге алынған қан мен зәр сараптамасы; сіреспеге қарсы екпе жасау; ішкі істер органында науқастың жарақаты туралы хабарлама толтыру.

  3. Емдеу әдісі– жараны біріншілік хирургиялық өңдеу (жараны БХӨ). Жараны БХӨ кезеңдерін атап өтті:

- жараны хирургиялық өңдеу;

- жараның кесіп алып тастау;

- жараны тексеру;

- бөтен денелерді, некротикалық массаны және ұйыған қанды жою;

- жараның шеті мен түбін кесіп алып тастау ;

- анатомиялық тұтастықтың қалыптасуы (жараны тігу);

- жараны дренаждау (қажет болған жағдайда);

4. Келесі алгоритм бойынша тігіс салу мен тігіс шешуді орындау:

а) бетперде, қолғап киіп, қолды спиртпен өңдеді

б) құралды таңдады : пинцет, қысқыш, ине ұстағыш, ине, тігіс материалы, тупфер

в) тігіс материалын инеге енгізді

г) жара шетін антисептикалық ертіндімен өңдеді

д) пинцет пен ине ұстағышты инемен қолданып, тігіс салды

е) хирургиялық түйіншікті дұрыс байлады

ж) тігісті антисептикпен өңдеді

з) қайыншы мен пинцет көмегімен тігісті шешті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]