- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •58 Жастағы м. Науқастың әлсіреуіне және жүрегінің ауырсынуына байланысты туыстары жшмк бригадасын шақыртты.
- •Өмірге қауіпті аритмия кезінде жүрек-өкпелік реанимация
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма (1 нұсқа)
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Жіті уланулар кезінде шұғыл көмек көрсету және диагностикасы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Бекеттегі стандартталған пациент үшін ақпарат
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Сарыауру синдромы кезінде жтд тәсілі, анамнез жинау. Коммуникативтік дағдылар
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма (1 нұсқа)
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Эндокриндік синдромдар кезінде клиникалық диагнозды негіздеу және диагностикасы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған нұсқаулық
- •Бекетті бағалау парағы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекетті бағалау парағы мқжб науқастарды жүргізудің тәсілі және диагностикасы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Көзіші қысымын өлшеу
- •Глюкоза деңгейін анықтауға экспресс-тест
- •Холестерин деңгейін анықтауға экспресс-тест
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекетті бағалау парағы Ісікалды және қатерлі ісіктердің скринингісі
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Физиологиялық жүктіліктің іі кезеңін жүргізу
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Бекеттегі стандартталған пациенттің анасы үшін нұсқаулық
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Баладағы жіи кезінде коммуникативтік және кеңес беру дағдылары
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша ақпарат
- •Бекеттегі стандартталған науқас үшін нұсқау
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Интернге жазуға арналған қағаз
- •Бекеттің бағалау парағы «Тыныс алу мүшелері туберкулезінің диагностикасы»
Мазмұны
Бекеттің атауы |
Сарыауру синдромы кезінде ЖТД тәсілі, анамнез жинау. Коммуникативтік дағдылар |
Бекеттің түрі |
Диагностикалық |
Пәні/кезеңі |
ЖДТ |
Мамандығы |
051301- «Жалпы медицина» |
Курсы |
7 |
Интерн үшін қысқаша мәлімет
Науқас Н. 21 жаста, ЖТД мына шағымдарымен келген: терінің сарғаюы, дәрет және несеп түсінің қараюы, жалпы әлсіздік, тез шаршаңғыштық. Анамнез жинаңыз, алғашқы диагнозды құрыңыз. Клиникалық және зертханалық мәліметтерге талдау жасаңыз. Осы науқасқа қатысты ЖТД жүргізу тәсілін анықтаңыз.
Бекеттегі стандартталған пациент үшін ақпарат
Сіздің жасыңыз 21-де. 4 курстың студентісіз
Бір ай бұрын ауырып қалдыңыз, яғни аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде нәжістің сұйықтануы, жалпы әлсіздік және тез шаршаңғыштық. Физикалық жүктеме кезіндегі демікпе пайда болған. Дене температурасы 38*С дейін көтерілген. Соңынан бас ауруы, бастың айналуы, тіпті есінен тану да болған. Соңғы күндері терісінің сарғаюын, дәрет түсінің қызаруын байқаған, сол себепті тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға жүгінген. Бір ай бұрын жіті вирустық респираторлы инфекциямен ауырған, өз бетімен 10 күн бойы күніне 3 реттен 2 таблеткадан бисептол қабылдаған.
Теріс қылықтары: ішімдік ішу, наркотик, шылым шегуді теріске шығарасыз.
Өмір анамнезінен: Науқастың өсуі және дамуы жасына сәйкес. Бала кезінде тұмау ауруларымен ауырған. Туберкулез, гепатит, венерологиялық ауруларды теріске шығарады. Материалдық-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Тамақты таңдап жемейді. Тұқымқуалаушылық өршімеген. Аллергоанамнезі тыныш.
Интернға арналған бекеттегі тапсырма
Науқас Н. 21 жаста, ЖТД мына шағымдарымен келген: терінің сарғаюы, дәрет және несеп түсінің қараюы, жалпы әлсіздік, тез шаршаңғыштық.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,3. Тері жамылғылары сарғыш. Терісінің құрғақтығы және тургордың төмендеуі байқалады. Патологиялық бөртпелер байқалмайды. Ауыз қуысының сілемейлері және көздің аққабықтары аздап сарғайған. Тырнақтары өзгермеген. Тері астылық талшық орташа дамыған, ісік жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Мускулатураның даму дәрежесі әлсіз, тонусы қалыпты, пальпациялау кезінде ауырсыну жоқ. Буынның конфигурациясы өзгермеген, буындағы қозғалыстар шектелмеген.
Өкпенің үстін перкуссиялау кезінде анық өкпелік дыбыс тыңдалады. Симметриялық нүктелерді аускультациялау кезінде везикулярлы тыныс тыңдалады, сырыл жоқ. АҚ 110/70 мм сн.бғ. ЖЖЖ мин 82 соққы. Тәбеті төмендеген. Дене қызуы жоғарылаған кезде лоқсу, құсу байқалады. Ауыз сілемейлері аздап сарғайған. Қаңғұрт тістері бар. Аңқасы дұрыс. Бадамшалар ұлғаймаған.
Ішінің пішіні дұрыс. Пальпациялау кезінде жұмсақ, ауырсынусыз. Ішперденің тітіркену симптомы теріс. Бауыр қабырға доғасы төменгі шетінен 2 см пальпацияланады, ауырсынусыз, шеттері тегіс, созылыңқы, жіті. Курлов бойынша бауырдың пішіні 10-9-8 см. Көкбауыр ұлғайған. Көкбауырдың пішіні Курлов бойынша 9-7 см. Нәжісі қара түсті. Бүйрек пальпацияланбайды, тербеліс симптомы теріс. Дәреті шай сүзіндісінің түсіндей.
Қанның жалпы сараптамасы 25.09.13ж.
Эритроциттер |
2.35 * 1012 /л |
4.0 – 5.0 * 1012 /л |
|
Жалпы билирубин |
35.5 мкмоль/л |
8,5-20,5 мкмоль/л |
Гемоглобин |
75 г/л |
130 - 160 г/л |
Тікелей билирубин |
8.2 ммоль/л |
0,9-4,3 ммоль/л |
|
Түсті көрсеткіш |
0.8 |
0.86 – 1.05 |
Тікелей емес билирубин |
27.3 ммоль/л |
6,4-17,1 ммоль/л |
|
Ретикулоциттер |
16%0 |
2-8%0 |
Сілтілі фосфатаза |
25 ед/л |
40,0-140,0 ед/л |
|
Тромбоциттер |
230 * 109 /л |
170-350 * 109 /л |
Тимол сынамасы |
отрицательная |
отрицательная |
|
Лейкоциттер |
3.3 * 109 /л |
4.0 – 8.8 * 109 /л |
АлТ |
86.3 мкмоль/л |
40 мкмоль/л |
|
Таяқшаядерлі |
9% |
1-6% |
АсТ |
45,0 U/L |
0,00-32,0 U/L |
|
Сегментядерлі |
29% |
45-70% |
Общий белок |
60 г/л |
70 – 90 г/л |
|
Эозинофилдер |
2% |
0-5% |
Fe |
39 мкмоль/л |
> 30.4 мкмоль/л |
|
Лимфоциттер |
54% |
18-40% |
Общая амилаза |
52,0 U/L |
28,0-100,0 U/L |
|
Моноциттер |
6% |
2-9% |
Холестерин |
4,7 млмоль/л |
3,63-5,20 млмоль/л |
|
СОЭ |
25 мм/сағ |
1-10 мм/сағ |
|
|
|
Зәрдің сараптамасы:
Мөлшері – 100, 0, түсі-қара, тұнықтығы- тұнық емес, салыстырмалы тығыздығы -1020, ақуыз, қант – жоқ, тегіс эпителий 2-3, лейкоциттер – 0,уробилиноген ++
Копрограмма:
ботқа тәрізді, қара, стеркобилин +, бұлшықет талшығы 0-1, нитралды майлар 0-1, крахмал -0, қорытылмаған өсімдік талшығы 0-1, сілемей -0, саңырауқұлақтар – теріс
Басты синдромды және дифференциалды диагностикаға арналған аурулардың тізімін анықтаңыз және негіздеңіз
Зертханалық және клиникалық мәліметтерге талдау беріңіз
Дифференциалды диагноз жүргізіңіз. Клиникалық диагнозды сипаттаңыз және жазыңыз
Науқасқа аурудың ықтимал себебін түсіндіріңіз
Осы науқасқа қатысты ЖТД жүргізу тәсілін анықтаңыз және науқасқа түсіндіріңіз
