- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •58 Жастағы м. Науқастың әлсіреуіне және жүрегінің ауырсынуына байланысты туыстары жшмк бригадасын шақыртты.
- •Өмірге қауіпті аритмия кезінде жүрек-өкпелік реанимация
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма (1 нұсқа)
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Жіті уланулар кезінде шұғыл көмек көрсету және диагностикасы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Бекеттегі стандартталған пациент үшін ақпарат
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Сарыауру синдромы кезінде жтд тәсілі, анамнез жинау. Коммуникативтік дағдылар
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернға арналған бекеттегі тапсырма (1 нұсқа)
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Эндокриндік синдромдар кезінде клиникалық диагнозды негіздеу және диагностикасы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған нұсқаулық
- •Бекетті бағалау парағы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекетті бағалау парағы мқжб науқастарды жүргізудің тәсілі және диагностикасы
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Көзіші қысымын өлшеу
- •Глюкоза деңгейін анықтауға экспресс-тест
- •Холестерин деңгейін анықтауға экспресс-тест
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекетті бағалау парағы Ісікалды және қатерлі ісіктердің скринингісі
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Физиологиялық жүктіліктің іі кезеңін жүргізу
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша мәлімет
- •Бекеттегі стандартталған пациенттің анасы үшін нұсқаулық
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Бекеттің бағалау парағы Баладағы жіи кезінде коммуникативтік және кеңес беру дағдылары
- •Мазмұны
- •Интерн үшін қысқаша ақпарат
- •Бекеттегі стандартталған науқас үшін нұсқау
- •Интернге арналған бекеттегі тапсырма
- •Емтихан алушыға арналған мәлімет
- •Интернге жазуға арналған қағаз
- •Бекеттің бағалау парағы «Тыныс алу мүшелері туберкулезінің диагностикасы»
Мазмұны
Бекеттің атауы |
Физиологиялық жүктіліктің ІІ кезеңін жүргізу |
Бекеттің түрі |
Диагностикалық |
Пәні/кезеңі |
Акушерлік және гинекология (ЖТД) |
Мамандығы |
051301-«Жалпы медицина» |
Курсы |
7 |
Интерн үшін қысқаша мәлімет
ЖТД қабылдауына 20 жасар А. жүкті келді. Жүкті, салмағының күннен күнге артып бара жатқанына шағымданады, қол-аяқтары ісінген. Жүктілік бойынша «Д» есепте тұр, жүктілік мерзімі 35-36 апта. Клиникалық тапсырманы оқыңыз. Науқасқа тексеріс жүргізіңіз. Қорытынды беріңіз.
Интернге арналған бекеттегі тапсырма
ЖТД қабылдауына 20 жасар А.жүкті келді. Жүкті, салмағының күннен күнге артып, қол-аяқтарының ісінуіне шағымданады. Жүктілік бойынша «Д» есепте тұр, жүктілік мерзімі 35-36 апта.
Анамнезінен: салмағының артуы, қол-аяқтарының ісінуі соңғы 2 аптада байқалған. Ісінулер кешкі уақытта күшейеді. Ісінудің пайда болуын еш нәрсемен байланыстырмайды.
Менархе 12 жастан, айлық цикл орташа 28-30 күнге созылады, етеккір 3-4 күн келеді, уақытылы, ауырсынусыз. Жыныстық өмірі 17 жастан. Өзінің айтуы бойынша күйеуінің дені сау. Гинекологиялық аурулармен ауырмаған. Жүктілік-1, аборт, түсік түсіруді теріске шығарады.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі физиологиялық түсті, таза. Аяқтары ісінген. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 72 соққы. АҚ 120/80 мм.сн.бғ. Жүктілігіне байланысты іші ұлғайған.
Жыныс жолында патологиялық шығындылар жоқ.
Кіші дәретке жиі отырады, ауырсынусыз. Дәреті қалыпты.
ЖҚА: Hb – 112 г/л, Эр. – 4,2*1012/л, Л – 5,5*109/л, Тр. – 220*109/л, СОЭ – 20мм/сағ.
ЖЗА: а/с тұнық, реакция қышқыл, тығыз-1025, белок - 0,2 г/л, глюкоза – теріс
Науқастың жағдайын анықтаңыз
Сыртқы акушерлік зерттеу жүргізіңіз
Жүргізілген зерттеу бойынша қорытынды шығарыңыз
Зертханалық мәліметтерді талдаңыз
Алғашқы диагнозды қойыңыз
Жүргізудің келесі тәсілін анықтаңыз
Емтихан алушыға арналған мәлімет
ЖТД қабылдауына 20 жасар А.жүкті келді. Жүкті, салмағының күннен күнге артып, қол-аяқтарының ісінуіне шағымданады. Жүктілік бойынша «Д» есепте тұр, жүктілік мерзімі 35-36 апта.
Анамнезінен: салмағының артуы, қол-аяқтарының ісінуі соңғы 2 аптада байқалған. Ісінулер кешкі уақытта күшейеді. Ісінудің пайда болуын еш нәрсемен байланыстырмайды.
Менархе 12 жастан, айлық цикл орташа 28-30 күнге созылады, етеккір 3-4 күн келеді, уақытылы, ауырсынусыз. Жыныстық өмірі 17 жастан. Өзінің айтуы бойынша күйеуінің дені сау. Гинекологиялық аурулармен ауырмаған. Жүктілік-1, аборт, түсік түсіруді теріске шығарады.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі физиологиялық түсті, таза. Аяқтары ісінген. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 72 соққы. АҚ 120/80 мм.сн.бғ. Жүктілігіне байланысты іші ұлғайған.
Жыныс жолында патологиялық шығындылар жоқ.
Кіші дәретке жиі отырады, ауырсынусыз. Дәреті қалыпты.
ЖҚА: Hb – 112 г/л, Эр. – 4,2*1012/л, Л – 5,5*109/л, Тр. – 220*109/л, СОЭ – 20мм/сағ.
ЖНА: а/с тұнық, реакция қышқыл, тығыз-1025, белок - 0,2 г/л, глюкоза – теріс
Дәрігер-интерн науқастың мәселесін анықтап алу қажет
Дәрігер-интерн сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу қажет: Леопольд-Левицкийдің алғашқы 3 тәсілі, жатыр тереңдігінің биіктігін, ұрықтың жүрек соғуының аускультациясын өлшеу.
Бірінші тәсіл-жатыр тереңдігінің биіктігін және ондағы бөліктерді анықтау.
Екінші тәсіл-жағдайын, позициясын және ұрықтың түрін анықтау. Ұрықтың жағдайы: көлденеңнен-егерде ұрықтың осі ананың осімен сәйкес келсе, тігінен-900 бұрышпен қиылысса, қисық-егерде бұрыштың асты азды-көпті 900 болса, І позиция-ұрықтың арқасы солға қарай орналасқан, ІІ позиция- ұрықтың арқасы оңға қарай орналасқан, алдыңғы қалпы-ұрықтың арқасы жатырдың алдыңғы арқасына қарай орналасқан, артқы қалпы- ұрықтың арқасы жатырдың артқы арқасына қарай орналасқан. Үшінші тәсіл-ұрықтың алда жатқан бөлігін анықтау. Алдыңғы бөлігі-басы тығыз, үлкен,баллотирлі бөлік болып анықталады; жамбастың соңы үлкен, жұмсақ, баллотирлі емес бөлік болып анықталады. Төртінші тәсіл-босанудың алдында анықталады, бастың жамбас қуысына түсуі бағаланады.
Ұрықтың жүрегінің соғуы ұрықтың арқасы жағынан, бас бөлігіне жақын жағынан тыңдалады.
Жатыр тереңдігінің биіктігі сантиметрлі лентамен өлшенеді, яғни симфиздің жоғарғы шетінен жатыр тереңдігінің деңгейіне дейін.
Дәрігер-интерн жүргізілген зерттеулер бойынша қорытынды жасау қажет: жатыр тереңдігінің биіктігін өлшеді, жағдайын, позициясын, түрін, ұрықтың алдыңғы бөлігін; ұрықтың жүрек соғуы.
Дәрігер-интерн зерттеу мәліметтерін талдау қажет:
ҚЖА қалыпты шегі, НЖА – протеинурия.
Дәрігер-интерн диагноз қою қажет: жүктіліктен пайда болған ісінулер протеинуриямен байланысты.
Дәрігер-интерн жүргізудің келесі тәсілдерін анықтау қажет. Жүктіліктен пайда болған протеинуриялық ісінулер емдеуді қажет етпейді.
Келесі дәрігерге келуі 1 аптадан кейін
Егерде ісінулер күшейіп, оған прэклампсия қосылса ауруханаға жатқызу.
