Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық+жұмыс Н 311.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
560.13 Кб
Скачать

1.7. Сұраныс.

Берілгендер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағанттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.

Access-те сұраныс құруға арналған құрал (ішкі программа) да сұраныс деп аталады. Оларды сөйлем мағынасы арқылы ажыратады.

Сұраныс берілгендерімен сорттау, фильтрлеу, біріктіру, сандық өріс мәндерінің қосындысы, орта мәнін табу да мүмкін. Олардың негізгі кестелерге әсері жоқ. Ал сұраныстың өріс ұяшығының мәні өзгертілген кезде негізгі кестедегі сәйкес мән де автоматты түрде өзгертіліп қойылады.

Сұраныс құрудың әр түрлі тәсілдері бар: Фильтрлеу, «Қарапайым сұраныс шебері» программасы және сұраныстар конструкторын пайдалану.

1.7.1. Фильтрлеу.

Excell-дегі сияқты, кестеден шартты қанағаттандыратын берілгендерді таңдап алып, жаңа кесте құру оны фильтрлеу (сүзу) делінеді. Фильтрлеудің үш түрі бар:

  • таңдама бойынша фильтр;

  • әдеттегідей фильтр;

  • кеңейтілген фильтр;

Кеңейтілген фильтр фильтрлеудің алғашқы екі түрін де біріктіреді.

Кеңейтілген фильтрді пайдалану жолы:

  1. БҚ терезесінің «Кесте» қондырмасын ашып, қажетті кестені таңдау және «Ашу» батырмасын шерту.

  2. Мәзір арқылы Жазулар – Фильтр – Кеңейтілген фильтр командасын беру. Фильтр терезесі ашылады. Оның жоғарғы бөлімінде өріс атауларының тізімі енгізілген панель (ішкі терезе) көрініп тұрады.

  3. Өріс атауларының қажеттілерін екі реттен шерту. Олар терезенің төменгі блогының «Өріс» қатарының ұяшықтарына кірістіріліп қойылады.

Ұяшықтағы өріс атауларын кірістірудің екінші тәсілі:

  • өріс атауы ендірілетін ұяшықты шерту;

  • көрінген Тілсызық батырмасын шертіп, көрінген тізімнен қажетті өріс атауын таңдау.

  • «Іріктеу шарттары» (Условие отбора) қатарының ұяшықтарына сәйкес өрістерден таңдалынатын шарт өрнектерін енгізу.