- •1. Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
- •1.1. Microsoft Access жайлы түсінік.
- •1.2. Кесте құрылымы. Есептегіш өрісі.
- •1.3. Байланысты кестелер жөнінде. Кілттік өріс.
- •1.4. Access-ті іске қосу. Мәліметтер қорын құру. Мқ терезесі.
- •1.5. Мәліметтер қорын жабу және ашу.
- •1.6. Кесте. Кестені қолдан құру. Кестені сақтау.
- •1.6.1. Кестені қолдан құру технологиясы.
- •1.6.2. Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері.
- •1.6.3. Өріс қасиеттері.
- •1.6.4. Кесте шебері.
- •1.6.5. Кестені байланыстыру жолы.
- •1.6.6. Кестені не кесте құрылымын көшіру.
- •1.6.7. Кестелер арасына байланыс ортану. Мәліметтер схемасы.
- •1.6.8. Кестелермен жұмыс. Кесте элементтерін таңдау және өшіру.
- •1.6.9. Кестеге жазу не өріс қосу.
- •1.6.10. Кесте өрісін басқа кестеге көшіру.
- •1.6.11. Кестені импорттау.
- •1.7. Сұраныс.
- •1.7.1. Фильтрлеу.
- •1.7.2. Қарапайым сұраныс шебері.
- •1.7.3. Сұраныстар конструкторы.
- •1.7.4. Өрнек құрастырушы.
- •1.7.5. Нәтижелік сұраныс. Сұраныста есептеулер.
- •1.7.6. Сұранысқа есептелінетін өріс қосу.
- •1.7.7. Қайталанатын өріс мәндерін есептеу.
- •1.7.8. Айқыш сұраныс.
- •1.8. Формалар.
- •1.8.1. Автоформа.
- •1.8.2. Формалар шебері.
- •1.8.3. Форманы қолдан құру. Форма конструкторы.
- •1.9. Есептер.
- •1.9.1. Автоесеп.
- •1.9.2. Есептер шебері.
- •1.9.3. Есептер конструкторы.
- •1.9.4. Диаграмма құру.
- •1.10. Мәліметтерді басып шығару.
1.6.8. Кестелермен жұмыс. Кесте элементтерін таңдау және өшіру.
Ұяшықты таңдау үшін көрсеткішті сол жақ шетіне орналастырып, ақ крест түріне айналған кезде тышқан батырмасын шерту керек.
Ұяшықты өшіру үшін оны таңдап алып, Del клавишін басу жеткілікті.
Бағанда таңдау үшін оның тақарыбын шертсе болғаны. Тақырыпта оң жақ батырманы шертсе, контексті мәзір ашылады.
Бағанды өшіру үшін оны таңдап алып, Түзету – Бағанды өшіру командасын орындау керек.
Қатар орналасқан бірнеше бағанды таңдау тышқан батырмасын басып тұрып, алғашқы өріс тақырыбынан бастап көрсеткішті солдан оңға қарай жылжыту арқылы орындалады.
Жазуды таңдау үшін оның сол жағында орналасқан жазу маркерін бір рет шертсе жеткілікті. Таңдаған жазуды Del клавиші арқылы өшіруге болады.
Қатар орналасқан бірнеше жазуды таңдау үшін тышқан батырмасын басып тұрып, көрсеткішті жазу маркері жолында төмен қарай жылдыту керек. Оларды өшіру әдісі жазуды өшіру сияқты.
Төртбұрышты ұяшықтар блогын таңдау жолы: блоктың сол жақ жоғарғы бұрышына көрсеткішті әкеліп, ол ақ крест түріне айналған соң қарсы бұрышқа жеткенше диагональ бойымен жылжыту керек.
Кестені таңдау үшін өрістер тақырыбының сол жағына орналасқан кесте маркерін шерту керек. Ол оң түймемен шертілген кезде операциялар орындауға арналған контексі мәзір көрінеді.
1.6.9. Кестеге жазу не өріс қосу.
Кестеге жазу қосу үшін БҚ терезесі арқылы кестені ашып, Кірістіру – Жаңа жазу командасын беру керек. Кесте соңына бос жол қосылып қойылады. Оған жазу ендіріп, КҚ клавишін басу жеткілікті.
Келесі жолға да жазуды осы әдіс бойынша ендіру мүмкін.
Жазуды таңдап, оны түймемен шерткен кезде жазумен түрлі операцияларды орындауға арналған контексі мәзір көрінеді.
Кестеге жаңа өріс қосу үшін оны ашып, Кірістіру – Баған командасын беру керек. Ашылған бос өрісті толтыру жолы әдеттегідей.
1.6.10. Кесте өрісін басқа кестеге көшіру.
Өрісті таңдап, алмастыру буферіне көшіру (Ctrl+C клавиштерін басу немесе Түзету – Көшіру командасын беру).
Қабылдайтын кестені ашып, жаңа өріс құру. Оның типі көшірілетін өрістің типімен бірдей болуы тиіс.
Құрылған өрісті таңдау (толтырылмаған кесте үшін екінші пункті орындамай, бірден өрісті таңдау жеткілікті).
Буферден кірістіру командасын беру (Ctrl+V не Түзету – Кірістіру).
Тегі – аты |
Мат |
Ахметов А. Б. |
5 |
Нұрланов М. Н. |
3 |
Ержанова С. О. |
4 |
7-сурет. Байланысты кестелер арқылы құрылған сұраныс.
1.6.11. Кестені импорттау.
Access сыртта құрылған түрлі файлдық берілгендерді импорттай алады. Оларды dBase, FoxBase, FoxPro т. с. с. берілгендер қорынан импорттау жеңіл. Excell-ден импорттау біраз еңбекті қажет етеді, себебі электрондың кесте түрлі типті берілгендерден тұратын бағандарды да сақтайды. Егер әр бағанда бір типті берлігендер сақталған болса, электрондық кестені импорттау қиын емес. Мысалы, Excell-де құрылған Емтихан кестесін импорттау жолы:
БҚ терезесінде Кесте – Құру командасын беріп, Жаңа кесте құру терезесін ашу.
Ашылған кестеден Импорттау қатарын таңдап, OK түймесін шерту, «Импорт» терезесі ашылады.
Терезеде файл типін таңдап (Microsoft Excell) және файл атын енгізіп (Емтихан), «Импорт» батырмасын шерту керек. Импорт шебері программасы іске қосылып, кесте үлгісі көрсетілген оның бірінші қадам терезесі ашылады.
Қалған сұхбат терезелерді тек қарап шығып, соңғы терезелерде берілгендерді қабылдайтын кестеге ат беру керек.
БҚ терезесінде импортталған кесте атауын таңдап, Ашу батырмасын шерту және көрінген кестеге өріс тақырыптарын енгізу.
