Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық+жұмыс Н 311.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
560.13 Кб
Скачать

1.6.4. Кесте шебері.

Кесте құрудың келесі әдісі – Кесте шебері ішкі программасы (процедурасы) арқылы автоматты түрде құру. Құру жолы:

  1. Жаңа кесте терезесін ашып, «Кесте шебері» қатарын екі рет шерту (немесе OK түймесін шертуге болады). Программа іске қосылып, оның төрт қадамдық терезесінің бірінші қадам сұхбат терезесі көрінеді.

  2. Терезеде:

а) «Жеке» немесе «Жұмыста қолдану» ауыстырып қосқыштарының қажеттісін орнату (әдетте соңғысы орнатылады).

б) «Кесте үлгілері» панелінен кесте типін таңдау. Оның өріс атаулары «Өріс үлгілері» панеліне кірістіріліп қойылады.

в) «Өріс үлгілері» панелінен қажетті өріс атауларын «Жаңа кесте өрістері» панеліне көшіру (ол үшін атауды екі рет шертуге, не оны таңдап, көшіру шертуге болады).

Мұндағы ескертетін жайт: құрылатын кестенің өріс атаулары «Өріс үлгілері» тізімінде бола бермейді. Ол кезде «Жаңа кесте өрістері» панеліне кез келген атауды көшіріп және оны таңдап, терезенің «Өріске басқа ат қою...» түймесін шерту керек. Ашылған сұхбат терезесінде «Өріс аты» өрісіне қажетті атауды енгізіп, OK шертеді.

г) терезенің «Одан әрі» түймесін шерту.

  1. Екінші қадам терезесінде кілтті пайдаланушының анықтауы және кілтті автоматты түрде анықтау ауыстырып қосқышының бірін орнату. «Кілтті автоматты түрде анықтау» ауыстырып қосқышы орнатылса, Access есептегіш типті кілттік өріс құрып шығады. Бірінші аталған ауыстырып қосқышы орнатылған кезде «Одан әрі» түймесін басып, кілтті көрінетін қосымша ашылған сұхбат терезеден анықтау керек.

  2. Үшінші қадам терезесінде кестені бұрыннан құрылған кестелермен байланыстыру мүмкіндігі бар. Қажет болса, терезеде көрінген нұсқауларды орындау керек.

  3. Соңғы терезеде үш ауыстырып қосқыш көрінеді. Олардың қажеттісін орындап, «Дайын» (Готово) батырмасын шерту керек.

Құрылған кестенің Стберу өрісі бірегей. Кестені ашып, мәндері жоғарыда таңдалған кодтар арқылы жазылған Стберу өрісін қосып, оған ат беріп (мысалы, Емт-Ст) сақтау қажет.

4-сурет. Кестені шебер көмегімен құру.

1.6.5. Кестені байланыстыру жолы.

  1. Аспаптар панелінің Берілгендер схемасы батырмасын шертіп немесе Сервис – Берілгендер схемасы командасын беріп, осы атаулы терезені ашу.

  2. Мәзір арқылы Байланыстыру - Кетені қосу командасын беріп немесе Аспаптар панелінің «Кестені қосу» батырмасын шертіп, кесте атауларының тізімі енгізілген «Кестені қосу» терезесін шығару. (Егер кестелер арасында байланыс болмаса, Берілгендер схемасы терезесі ашылған кезде «Кестені қосу» терезесі бірге ашылады).

  3. Соңғы терезеден байланыстыратын кесте атауларын таңдап, «Қосу» батырмасын шерту. Таңдалған кестелер Берілгендер схемасы терезесіне кірістіріліп қойылады.

  4. «Кестені қосу» терезесін жабу.

  5. Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша көрсеткішті Емтихан кестесінің кілттік Стберу өрісінен Емт-Ст кестесінің Стберу өрісіне жылжытып әкелу. Төменінде «Қатынас типі: Бірі – Көбінесе» (тип отношения: один – ко – многим) жазуы орналасқан «Байланыстар» (связи) атаулы сұхбат терезесі ашылады.

  6. Терезенің «Берілгендер тұтастығын қамтамасыз ету» (обеспечение целостности данных) ауыстырып қосқышын орнатып, «Біріктіру...» (объединение...) батырмасын шерткенде, «Біріктіру параметрлері» сұхбат терезесі ашылады.

  7. Терезеде «Стипендияның барлық жазулары мен Емт-Ст-ның байланыстырылған өрістері бірдей жазуларын біріктіру» ауыстырып қосқышын орнатып, OK шерту. «Байланыстар» терезесі қайта ашылады.

  8. Оның Құру түймесін шерту. Кестелер сызық арқылы «Стберу» өрістері бойынша байланыстырылып қойылады.

Ескерту. Сервис – Берілгендер схемасы командасын беріп, кестелер арасында байланыс орнатылғанда көз жеткізуге болады.

Жоғарыдағы екі кестенің байланыс түрі мынадай: Негізгі Стипендия кестесінің бір кілттік кодына бағыныңқы Емт-Ст кестесінің көптеген жазулары сәйкес келеді. Мұндай қатынас типі Бірі-көпке делінеді.

Негізгі кестенің бір кілттік кодына бағыныңқы кестені бір ғана жазуы сәйкес келетін жағдайлар да болады. Мұндай қатынас типі Бір-біріне деп аталады. Мысалы, негізгі Оқушы және бағыныңқы Емтихан1 кестелерінің (5, 6 -суреттер) Номер өрістері арқылы қатынас типі: Бір-біріне (Оқушы кестесінің Номер атаулы өрісі - кілттік).

Оқушы

Номер

Тегі – аты

1

Ережепов М. Ж.

2

Тілеумағамбетов Е. А.

3

Тамбай Н. С.

5-сурет.

Емтихан1

Код

Номер

Мат

Физ

Инф

1

1

5

5

5

2

2

3

4

4

3

3

4

4

5

6-сурет.

Байланысты кестелердің түрлі өрістерін пайдаланып, автоматты түрде жаңа кесте құруға болады. Мысалы, 1, 2-суреттерде кескінделген екі кестенің Тегі – аты және Мат өрістері арқылы құрылған кесте 3-суретте кескінделген. Мұндай кестені сұраныс деп атайды. Байланысты кестелері бар БҚ реляциялық берілгендер қоры деп те аталады.

  1. Көшіру үшін өріс тақырыбын тышқанның оң жақ батырмасын басып, көрінген контексті мәзірді пайдалану да мүмкін.

  2. Өрістер блогын көшіру тәсілі де бір өрісті көшіру сияқты. Екі кестенің таңдалған блок өрістерінің типтерінің бірдей болса болғаны.

  3. Өрісті бір кесте ішінде көшіру үшін оны таңдап, Жылжыту және Қалдыру әдісітін пайдалану жеткілікті. Жылжыту алдында көрсеткішке төтрбұрышты белгінің қосылуын күту керек.