- •1. Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
- •1.1. Microsoft Access жайлы түсінік.
- •1.2. Кесте құрылымы. Есептегіш өрісі.
- •1.3. Байланысты кестелер жөнінде. Кілттік өріс.
- •1.4. Access-ті іске қосу. Мәліметтер қорын құру. Мқ терезесі.
- •1.5. Мәліметтер қорын жабу және ашу.
- •1.6. Кесте. Кестені қолдан құру. Кестені сақтау.
- •1.6.1. Кестені қолдан құру технологиясы.
- •1.6.2. Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері.
- •1.6.3. Өріс қасиеттері.
- •1.6.4. Кесте шебері.
- •1.6.5. Кестені байланыстыру жолы.
- •1.6.6. Кестені не кесте құрылымын көшіру.
- •1.6.7. Кестелер арасына байланыс ортану. Мәліметтер схемасы.
- •1.6.8. Кестелермен жұмыс. Кесте элементтерін таңдау және өшіру.
- •1.6.9. Кестеге жазу не өріс қосу.
- •1.6.10. Кесте өрісін басқа кестеге көшіру.
- •1.6.11. Кестені импорттау.
- •1.7. Сұраныс.
- •1.7.1. Фильтрлеу.
- •1.7.2. Қарапайым сұраныс шебері.
- •1.7.3. Сұраныстар конструкторы.
- •1.7.4. Өрнек құрастырушы.
- •1.7.5. Нәтижелік сұраныс. Сұраныста есептеулер.
- •1.7.6. Сұранысқа есептелінетін өріс қосу.
- •1.7.7. Қайталанатын өріс мәндерін есептеу.
- •1.7.8. Айқыш сұраныс.
- •1.8. Формалар.
- •1.8.1. Автоформа.
- •1.8.2. Формалар шебері.
- •1.8.3. Форманы қолдан құру. Форма конструкторы.
- •1.9. Есептер.
- •1.9.1. Автоесеп.
- •1.9.2. Есептер шебері.
- •1.9.3. Есептер конструкторы.
- •1.9.4. Диаграмма құру.
- •1.10. Мәліметтерді басып шығару.
1.6.2. Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері.
Кесте конструкторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады:
өріс атауын өзгерту;
өріс типін өзгерту;
өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;
жаңа өріс қосу;
өрісті кілттік ету;
жаңа кесте құру;
Конструктор терезесін ашу үшін БҚ терезесінің Кестелер қондырмасынан кесте атауын таңдап, Конструктор пернесін шерту керек. Жаңа кесте құру үшін Кестелер-Конструктор командасы орындалуы керек.
Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің “Берілгендер типі” бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек. Оның оң жағында тілсызық түймесі (тізім символы) пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен қажетті типті таңдаса болғаны.
Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп, тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Көрінген контексті менюден Кілттік өріс (ключевые поля) қатарын шерту жеткілікті (немесе аспаптар панелінің Кілттік өріс түймесін шерту керек болады). Кілттік етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанға) кілт белгісі орнатылып қойылып қойылады.
Ескерту. 1. Терезенің Сипаттау бөлімін толтыру міндетті емес. 2. Конструктор режимі арқылы Жаңа кесте құру үшін терезенің Өріс атауы бағанына сәйкес тақырыптарды енгізу керек. 3. Кестеге жаңа өріс қосу үшін, тақырыбын Өріс атауы бағанына енгізу жеткілікті.
1.6.3. Өріс қасиеттері.
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың типтерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері – оның типі мен өлшемі.
Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгерту де, ал жаңа кесте үшін қолдан өзгерту де мүмкін. Түрлі типті өрістердің қасиеттері әр түрлі. Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері Конструктор режимі терезесінің төменгі бөлімінде көрінетін Жалпы қондырмасын енгізіліп қойылады. Access өріс өлшемі үшін стандартты 50 санын орнатқан. Өлшемді 1 мен 255 аралығындағы (1-255) символдар тізбегінен тұратын етіп алуға болады. 50-ді қалдыруға не өріс ұяшығына ендірілетін берілгендердің ең ұзыны сиятындай етіп, басқа санды, 15-ті енгізу де мүмкін.
Мәтіндік типті өріс үшін басқа қасиеттерді орнату міндетті емес. Мысалы, Өріс форматы. Мұнда ескертетін жайт – қасиеттер құрамында «Қолтаңба» (подпись) да бар. Ол – формамен жұмыс істеу кезінде Access автоматты түрде меншіктейтін өрістің екінші атауы.
Сандық типті өріс қасиеттерін орнату. Сандық өрістер бүтін немесе нақты сандар ендірілетін өрістер болып екіге бөлінеді.
Жаңа құрылатын кестеде сандық өріс құру немесе өрісті күйге келтіру үшін қондырмадан өріс өлшемін, өріс форматын (қажет болса, ондық таңбалар санын) орнатып қою керек. Олардың тізімін экранға шығару үшін сәйкес қатардың шертілуі тиіс. Қатардың оң жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдау керек. Мысалы, өріс өлшемі үшін экранға шығарылған тізімнен Бүтін (Целое) қатарын шерту (тізімде көрінген Байт (байт) – [0; 255], Бүтін (Целое) – [-32708; 32767], Ұзын бүтін (Длинное целое) – [-2147483648; 2147483647], Жылжымалы нүктелі (С плавающей точкой (4 байт)) – [-1.401298Е-45; 3.402823Е+38] аралықтарында сақталатын сандар).
Дата/Уақыт және Ақшалық (денежный) типті өріс қасиеттерін орнату жоғарыдағыдай.
МЕМО өрісі. Өріс мәтіндік өріс сияқты, бірақ ол ұяшықта [257-65535] аралығындағы символдар тізбегінен тұратын ұзын типті мәтіндік берілгендерден сыйдыруға арналған. МЕМО өрісінің ерекшелігі – берілгендер басқа жерде сақтауға жіберіледі де, ол орналастырылған орында сілтеме көрсеткіш қана сақталады.
Логикалық және Есептегіш типті өріс форматтарын Access автоматты түрде өзі орнатады. Логикалық өріс ұяшығына ауыстырып қосқыш белгісі енгізулі тұрады. Оны орнату ұяшықта логикалық Иә (ақиқат), орнатуды алып тастау Жоқ (жалған) мәнін енгізу деп қабылданады.
OLE объектісінің өрісі басқа программалар арқылы құрылған сурет және т. б. объектілерді кірістіру үшін, Гиперсілтеме өрісі Интернет не басқа объектінің файлдарымен байланыс орнату үшін гиперсілтеме мәтінін енгізу үшін құрылады.
Алмастыру шебері өріс типтерінің соңғысы етіп енгізілген элемент. Ол тип атауы емес, кестелер байланысын орнатуға арналған ішкі программа.
