Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық+жұмыс Н 311.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
560.13 Кб
Скачать

1.3. Байланысты кестелер жөнінде. Кілттік өріс.

Берілгендер қорында құрылған кестелердің атаулары бірдей өрістер болып және оларың типтері бірдей болса, мұндай кестелерді байланыстыруға болады және оларды пайдаланып басқа кесте құруға болады (Access байланыстыруды автоматты түрде жүргізе алады).

Мәндері бірегей болатын өрісті бірегей өріс деп атайды. Мысалы, жазулар номерлері енгізілген өріс – бірегей өріс. Егер кестенің бірде-бір өрісі бірегей болмаса, онда қажет кезінде өрісті қолдан құру қиын емес.

Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалатын өрістерді кілттік өрістер деп атайды. Олардың кемінде біреуінің кілттік өрісі бірегей, екіншісінің өрісі осы типті болуы тиіс. Бұл нұсқау берлімесе, Access автоматты түрде есептегіш өріс құрып, оны кілттік етіп қояды.

1.4. Access-ті іске қосу. Мәліметтер қорын құру. Мқ терезесі.

Access варианттарымен жұмыс істеу тәсілдерінің көпшілігі бірдей.

Access-ті қосу үшін Windows жұмыс столы арқылы Іске қосу – Программалар – Microsoft Access командасын беру жеткілікті. БҚ құруға өту немесе оны ашуға арналған сұхбаттық терезе көрінеді. Оның астында Access-тің белсендірілмеген көмескі өз терезесі орналасады. Оның негізгі мәзір (меню) пунктеріне енгізілген командаларының көпшілігі Windows командалары сияқты. Қажет болса олардың қызметін Access-тің анықтама мәзірі арқылы анықтау қиын емес.1-суретте берілгендер қорын ашуға мүмкіндік беретін терезе көрсетілген.

1-сурет. Жаңа берілгендер қорын ашу терезесі.

2-сурет. Access терезесінің жалпы көрінісі.

Access-те әр түрлі 22 аспаптар панелі бар. Олардың бірін экранға шығару немесе жасыру үшін Көрініс – Аспаптар панелі – Күйге келтіру командасын беріп, ашылған сұхбат терезесінен сәйкес ауыстырып қосқышты орнату (алып тастау) жеткілікті.

Жаңа БҚ құру үшін БҚ құруға арнылған сұхбет терезенің «Жаңа БҚ» ауыстырып қосқышын орнатып, OK түймесін шерту жеткілікті. Ашылған сұхбат терезесінде «Бума» өрісіне енгізілген тізімнен жаңа БҚ орналасатын буманы таңдау және «Файл аты» өрісіне құрылатын БҚ атауын енгізу керек. Мысалы, Бума: Менің құжаттарым, файл (БҚ) аты: Кам1. Одан әрі «Құру» (Создать) түймесін шертеді. Атау Access-тің БҚ құруға өту терезесіне енгізіліп, экранға БҚ терезесі шығады. Қор терезесінде алты объектімен жұмыс бастауға арналған 6 қондырма бет бар: Кестелер (Таблицы), Сұраныстар (Запросы), Формалар (Формы), Есептер (Отчёты), Макростар (Макросы), Модульдер (Модули). Олардың алғашқы төртеуі негізгі объектілер.

Макростар – макрокомандалар (бірнеше басқа командаларды біріктіріп, ретімен орныдайтын команда). Мысалы, Quit (шығу-выход) – Access-тен шығу, Delete (жою-удалить) – макрокомандалар. «Макрос» қондырмасын пайдаланып ашылған терезеде макросты енгізуге болады.

Модульдер – Visual Basic программалау тілінде жазылған ішкі программалар (процедуралар). «Модульдер» қондырмасы осы программалармен жұмыс істеуге арналған. Access-тің стандартты құралдары жеткіліксіз болған жағдайда программалаушы осы тілде модульдерді жазып, жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігін арттыруына болады.

Берілгендер қоры терезесінің оң жағында үш командалық түйме орналасқан: Ашу (Открыть), Конструктор (Конструктор), Құру (Создать).

Ашу (Открыть) түймесі қондырмадан таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазу қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады.

Конструктор (Конструктор) түймесі қондырмадан таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету, күйге келтіру үшін пайдаланылады. Егер объект кесте болса, оған жаңа өрістер немесе бар өрістерінің қасиеттерін (типін, өріс ұзындығын, т. б.) өзгерту мүмкін.

Құру (Создать) түймесінің іс-әрекеті: жаңа объект құру үшін пайдаланылатын сұхбаттық терезені ашу.