- •1 Бекет Жасанды тыныс алу мен қанайналысын жасау
- •2 Бекет Қан тобын анықтау
- •3 Бекет Плевра қуысына пункция жасау
- •4 Бекет
- •Тік ішекті саусақпен қарау
- •Бағалау критерийлерінің эталондары.
- •Бекет № 1. Тапсырма № 1.
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 2. Тапсырма 2.
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 3. Тапсырма № 3.
- •Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 4. Тапсырма № 4.
- •Бағалау критерийлерінің эталондары Бекет № 5 Тапсырма № 5
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 6 Тапсырма № 6
- •Бағалау критерилерінің эталондары. Бекет № 7 Тапсырма № 7
- •Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 8. Тапсырма № 8.
- •Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 9. Тапсырма № 9.
- •Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 10. Тапсырма № 10.
Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 9. Тапсырма № 9.
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Төмендегі берілген критерийлерді пайдалана отырып түлектердің қуыққа катетер қою практикалық дағдысын бағалаңыз.
№ |
Дағдыларды бағалау критерийлері |
0-0,5 |
1 |
Қуыққа катетеризация жасау үшін керекті материалдар мен инструменттерді – олар стерильді катетер, пинцет, тостағанша (лоток), салфеткалар, перчаткалар, мақта тампондары, вазелин, фартук, зәр жинауға арналған ыдыс, фурациллин ерітіндісі дұрыс дайындады. Тиісті материалдарды стерильді ыдысқа салады. |
|
2 |
Науқас арқасымен, аяқтары жиырылған, санын ашып, жамбасты көтеріп жату керек. |
|
3 |
Дәрігер оның оң жағынан тұруы керек. |
|
4 |
Науқастың саны мен жамбасының астына клеенка мен жаялық төсеу керек. Сан аралығына залалсыздандырылған сүрткішпен лоток және қолданылған сүрткіштерге арналған лоток қойылады. |
|
5 |
Жыныс мүшесін сол қолмен ұстап, адам денесіне перпендикулярлы барынша ұстайды. Жыныс мүшесінің басын сол қолдың ІІІ және IV саусағымен, ал І және ІІ саусақпен несеп түтігінің сыртқы тесігін ашу керек. |
|
6 |
Сосын оң қолмен несеп түтігінің сыртқы тесігі айналасын антисептикалық ерітіндіге батырылып, залалсыздандырылған сүрткішпен сүрту керек. Қуықты пальпация және перкуссия жасау арқылы ондағы қалдық дәретті анықтау. |
|
7 |
Залалсыздындырылған сұйықтыққа батырылған катетерді залалсыздандырылған пинцетпен катетердің жанындағы тесіктен 5-6 см жоғары жерден IV және V саусақпен ұстап тұрады. Аздаған күш салумен катетерді несеп түтігі тесігіне енгізеді, оны әрі қарай тереңдете енгізу үшін жыныс мүшесін жоғары қарай «көтере» отырып, катетерге тартады. Кедергі несеп түтігінің тарылған мембранозды бөлігінде кездеседі. Ол жерге келгенде жыныс мүшесін көтеріп, катетерді төмен түсіреді. Зәр көрінген кезде, катетерді зәр жинағышпен жалғастырады. |
|
8 |
Процедура біткеннен кейін катетерді несеп түтігінен алып, оны дезинфекциялық ерітіндіге батырады. |
|
Қорытынды |
|
|
Жоғарғы балл – 4 Тапсырма орындау уақыты – 6 минут
Қосымша 5
Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 10. Тапсырма № 10.
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Төмендегі берілген критерийлерді пайдалана отырып түлектердің лапароцентез жасаудағы дағдысын бағалаңыз.
№ р/с |
Тапсырма қадамдарының критерийлері |
0-0,8
|
||
1 |
Емтихан тапсырушы манипуляцияға кірісер кезде жұмысына қажетті құрал-саймандарды дұрыс таңдады. Шприц (1), скальпель (2), қайшы (1), Кохер қысқашы (4), хирургиялық пинцет (2), жараны ашатын Парабеф ілгіші (2), Гегар ине ұстағышы (1), тігіс салатын ине (1). |
|
||
2 |
Науқасты арқасымен жатқызады. |
|
||
3 |
Стерильді маска, алжапқыш киіп, ереже бойынша қолын жуды. Операция бөлмесінде залалсыздандырылған халат пен қолғап киді және ереже бойынша операция алаңын өңдеді. |
|
||
4 |
Іштің ортаңғы сызығы бойынша кіндіктен төмен 2-3 сантиметр жерден операция аймағын дұрыс анықтады. |
|
||
5 |
Операция аймағын стирильді жапқышпен жауып, 0,5% новокаин ертіндісімен жансыздандырды. |
|
||
6 |
Тері және тері асты шел май қабатын 3-4 см көлденең апоневрозға дейін кесті. Содан соң апоневрозды кесіп оны бір тісті ілгішпен іліп жоғары іш пердемен бірге көтерді. 45º-та іш қуысына троакарды енгізді, содан соң стилетті алып тастады. |
|
||
7 |
Стилетті алғаннан соң іш қуысына полихлорвинилді түтік енгізді, содан соң түтікті оң жақ және сол жақ қабырға асты қуыстарына, мықын аймақтарының екі жагына да және жамбас қуысына бағыттады. Егер түтік енгізген кезде патологиялық сұйық шықпаса, онда іш қуысына 400,0 мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісін жібереді де, бірнеше уақыттан кейін аспирациялайды. |
|
||
8 |
Іш қуысынан шыққан сұйықтықты бағалайды. Шыққан сұйықтық түсінің өзгеруі іш қуысында зақымдалу немесе патология бар екенін көрсетеді. |
|
||
|
Жиынтығы |
|
||
Жоғарғы балл – 4
Тапсырма орындау уақыты – 6 минут
