- •1 Бекет Жасанды тыныс алу мен қанайналысын жасау
- •2 Бекет Қан тобын анықтау
- •3 Бекет Плевра қуысына пункция жасау
- •4 Бекет
- •Тік ішекті саусақпен қарау
- •Бағалау критерийлерінің эталондары.
- •Бекет № 1. Тапсырма № 1.
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 2. Тапсырма 2.
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 3. Тапсырма № 3.
- •Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 4. Тапсырма № 4.
- •Бағалау критерийлерінің эталондары Бекет № 5 Тапсырма № 5
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 6 Тапсырма № 6
- •Бағалау критерилерінің эталондары. Бекет № 7 Тапсырма № 7
- •Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 8. Тапсырма № 8.
- •Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 9. Тапсырма № 9.
- •Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 10. Тапсырма № 10.
Бағалау критерилерінің эталондары. Бекет № 7 Тапсырма № 7
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Төмендегі берілген критерийлерді пайдалана отырып түлектердің сүт безін қарау және пальпациялау практикалық дағдысын бағалаңыз.
№ |
Дағдыларды бағалау критерийлері |
0-0,5 |
||
1 |
Науқаспен дұрыс қарым-қатынас орнатып, процедураның жолын түсіндіріп, процедураға келісім алады. Әйел тынышталып, тік тұрып, қолдарын төмен түсіреді. |
|
||
2 |
Сүт безіндерін тұрған қалпында қарау керек, сүт безінің конфигурациясына, симметриялығына, тері және емізіктің өзгерістеріне көңіл бөлу қажет. Сол жақ сүт безін оң қолмен, ал оң жақ безді сол қолмен пальпациялайды. |
|
||
3 |
Тұрған қалыпта сүт бездерін алдынан, содан кейін маникенді арқасымен қаратып пальпациялайды, сонымен қатар сүт безін кеуде клеткасына тақап сипалайды. (сүт бездері жұмсақ, симметриялы). |
|
||
4 |
Сүт безін жатқан кезде пальпациялау. Жауырын астына жастықша салу керек. Алақанды сүт безіне жалпағынан қойып, саусақтық, тырнақтық және ортанғы фалангаларымен пальпацияны ортадан шетке, кейін шеттен ортаға қарай емізікке келгенге дейін қимылдатасыз. Емізікті ептеп көтересіз. Ол ешқандай кедергісіз жеңіл көтерілуі тиіс. (емізік жеңіл көтеріледі). |
|
||
5 |
Емізіктен бөліністің барын анықтау үшін емізік айналысындағы алаңды екі саусақпен қысу қажет. (емізіктен бөлініс жоқ) |
|
||
6 |
Қолтықасты лимфа түйіндерін сипалау. Қолтықасты лимфа түйіндерінің пальпациясын, қолтықасты аймағына саусақтарды енгізіп, оларды кеуде клеткасына қарай ысыру арқылы жүргізіледі. |
|
||
7 |
Бұғанаасты лимфа түйіндерін сипалау. Оны қолдын алақанымен кеуде бұлшықеттерін кейін итеру арқылы жүргізіледі. |
|
||
8 |
Бұғанаүсті лимфа бездерін сипалау. Оны манекеннің артынан алақанмен жүргізіледі. ( бездер пальпацияланбайды). |
|
||
|
Қорытынды. |
|
||
Жоғарғы балл – 4
Тапсырма орындау уақыты – 6 минут
Қосымша 5
Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 8. Тапсырма № 8.
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Төмендегі берілген критерийлерді пайдалана отырып, түлектің - тізе буынына пункция жасау кезіндегі практикалық дағдыны қалай меңгергенін анықтаңыз.
№
|
Дағдыларды бағалау критерийлері |
0 – 0,5 |
1 |
Тізе буынына пункция жасауға арналған инструменттерді дұрыс дайындап алды – шприц, 0,25% немесе 0,5% - 5-6 мл, новокаин ертіндісі, спирт, стерильді перчаткалар, валик, дәкелер. |
|
2 |
Науқасты арқасына жатқызады. |
|
3 |
Тізе буыны астына валик койды. |
|
4 |
Қолды дезинфекциялаушы ертіндімен және спиртпен жуды, стерильді қолғап қиді. |
|
5 |
Тізе буынының сыртқы қапталынан тізе тобығының жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасы тұсында ине шаншу орнын анықтады. |
|
6 |
Ине шаншу орнын новокаин 0,25 % - 2,0 ертіндісімен жансыздандырды. |
|
7 |
Инені тізе тобығының артқы бетіне паралельді өткізді. Буын қалтасына ине өткендегі сәтті анықтай білді. Буын ішілік сұйықты шприцпен сорып алды. |
|
8 |
Терідегі ине кірген орынды йодпен (спиртпен) жуды, асептикалық жапсырма салды, таңғышпен жапты. |
|
|
Қорытынды |
|
Жоғарғы балл – 4
Тапсырма орындау уақыты – 6 минут
Қосымша 5
