- •1 Бекет Жасанды тыныс алу мен қанайналысын жасау
- •2 Бекет Қан тобын анықтау
- •3 Бекет Плевра қуысына пункция жасау
- •4 Бекет
- •Тік ішекті саусақпен қарау
- •Бағалау критерийлерінің эталондары.
- •Бекет № 1. Тапсырма № 1.
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 2. Тапсырма 2.
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 3. Тапсырма № 3.
- •Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 4. Тапсырма № 4.
- •Бағалау критерийлерінің эталондары Бекет № 5 Тапсырма № 5
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 6 Тапсырма № 6
- •Бағалау критерилерінің эталондары. Бекет № 7 Тапсырма № 7
- •Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 8. Тапсырма № 8.
- •Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 9. Тапсырма № 9.
- •Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 10. Тапсырма № 10.
Бағалау критерий эталондары. Бекет № 6 Тапсырма № 6
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Критерийлерге сәйкес түлектің лапаротомдық жараны тігу кезіндегі тәжірибелік дағдыларын бағалаңыз.
№ |
Тапсырма этаптарының критерийлері. |
0-0,5 |
1 |
Лапаротомиялық тігісті салу үшін қажетті құрал-саймандарды дайындау: ине ұстағыш,теріге арналған кесетін ине, тігіс материалы, қайшы, хирургиялық пинцет, залалсыздандырылған шариктер, дәкелер, лейкопластырь, лоток. |
|
2 |
Лапаротомиялық жараны тігу қатаң түрде операциялық бөлмеде жүзеге асырылады. Асептика ережелері сақталады, маска кию, дезинфицирлеуші ерітінділермен қолды өңдеу, операциялық киім кию. |
|
3 |
Операциялық алаңды 3 рет антисептикалық ерітінділермен өңдейді,залалсыздандырылған жапқышпен шектейді. Вишневский бойынша жергілікті жансыздандыру. Жансыздандыру әдісі- новокаиннің 0,25% ерітіндісімен «тығыз өрлемелі инфильтрация». Инені тері жарасынан 2 см шеткері енгізеді. Теріде «лимон қабығы» түзіліді. |
|
4 |
Тігіс салатын иненің жіп өткізетін тесігі жағына жақын (иненің үштен бір бөлігі) ине ұстағыш қысқашпен ұстайды. Ине ұстағыш қысқашпен ұсталған инені және жіптің бір шетін бір қолымен, ал екінші қолымен жіптің екінші шетін инеұстағыш бойымен жүргізе отырып, шетіне әкеліп, иненің құлақшасына кигізеді. |
|
5 |
Жара жиектеріне, ережелерді сақтай отырып (байқампаздық, жара жиектерін дәл беттестіру, бір – біріне сәйкес қабаттарды тігу) инені ендіруді және шығаруды жүзеге асырады. Жараның шетінен 0,5 – 1,0 см сыртқарырақ алып, түзу сызық бойымен перпендикулярлы орналастырып, әр тігістің арасы 1,5 – 2,0 см болатындай етіп тігіс салады. |
|
6 |
Қарапайым хирургиялық түйін етіп байлайды. Жіптің қарама – қарсы шетін сол қолына (ыңғайсыз қолына) алып, өзіне жақын шетін оң қолына (ыңғайлы қолына) алып, бірінші түйін жасайды. Кейін қолындағы жіп шеттерін алмастырып, екінші түйін жасайды. |
|
7 |
Байланған түйінді иненің енген немесе шыққан тесігіне ығыстырады. Терінің жиектері беттескенге дейін түйінді тартады. Жіптің артығын кесіп тастайды. Тігіс алуға жіптің ұшынан 1 см дей қалдырады. Операциядан кейінгі тігілген жараны өңдейді. |
|
8 |
Жараның инфицирленуінің алдын алу мақсатында түйін жараның беткейіне шығарылады, тері ішілік жіптің бөліктері көрініп тұрады. Қайшымен жіпті кесіп тастайды Тігісті йодтың 5%-қ ерітіндісімен өңдей және асептикалық таңғыш салады. |
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
|
Жоғарғы балл – 4
Тапсырма орындау уақыты – 6 минут
Қосымша 5
