- •1 Бекет Жасанды тыныс алу мен қанайналысын жасау
- •2 Бекет Қан тобын анықтау
- •3 Бекет Плевра қуысына пункция жасау
- •4 Бекет
- •Тік ішекті саусақпен қарау
- •Бағалау критерийлерінің эталондары.
- •Бекет № 1. Тапсырма № 1.
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 2. Тапсырма 2.
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 3. Тапсырма № 3.
- •Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 4. Тапсырма № 4.
- •Бағалау критерийлерінің эталондары Бекет № 5 Тапсырма № 5
- •Бағалау критерий эталондары. Бекет № 6 Тапсырма № 6
- •Бағалау критерилерінің эталондары. Бекет № 7 Тапсырма № 7
- •Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 8. Тапсырма № 8.
- •Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 9. Тапсырма № 9.
- •Бағалау критерилерінің эталондары Бекет № 10. Тапсырма № 10.
Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет № 4. Тапсырма № 4.
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Критерийлерге сәйкес түлектің коникотомия жасаудағы мүмкіншілігін бағалаңыз.
№ |
Тапсырманың қадам критерийлері |
0-0,5 балл |
1 |
Коникотомияға қажетті хирургиялық құрал-саймандарды даярлау: шприцтер, инелер, ұстағыштар (зажимы), троакар, катетер, сорғыш (отсос), ілгіштер (крючки), скальпель, инеұстағыштар, тігіс салу материалы, стерильді қолғаптар, залалсыздандырылған шариктер, дәкелер (салфетки), спирт, мақта, трахеостомиялық түтікше, 0,5% 20-30 мл новокаин ерітіндісі. |
|
2 |
Науқас арқасына жатқызылып, екі жауырын арасына валик салынып, басы барынша артқа шайқайтылады. |
|
3 |
Манипуляцияға қажетті орынды таңдау – мойынның ортаңғы сызығы бойымен жүзік тәрізді шеміршектің төменгі деңгейінде. |
|
4 |
Коникотомия салатын аймақты антисептиктермен өңдеу, залалсыздандырылған жапқыштармен айналасын шектеу. Жергілікті инфильтрациялық жансыздандыруды жасау. |
|
5 |
Жүзік тәрізді шеміршек доғасының және қалқанша шеміршегінің төменгі шекарасының орналасуын анықтау. |
|
6 |
Мойынның ортаңғы сызығы бойымен жүзік тәрізді шеміршек доғасының үстінен скальпельді кесетін бетімен жоғары және вертикальды бағытта ұстап, бір қозғалыспен көмейді 1,5 см тереңдікке тілеміз, көмейдің алдыңғы қабырғасының барлық қабаттарын 2 см-ден артық кеспейміз. |
|
7 |
Тілікті қалқанша шеміршегінің төменгі жиегінен бастап кесеміз. Скальпельді алмай, қалқанша шеміршегінің төменгі жиегіне дейін жоғарғы бағытта тілікті бірнеше миллиметрге дейін үлкейтеміз. |
|
8 |
Скальпельді алғаннан кейін, бастапқыда Труссо тәрізді жара кеңейткішін салып, одан кейін трахеостомиялық түтікшені енгіземіз.Тыныс қалпына келеді. |
|
|
Б А Р Л Ы Ғ Ы |
|
Жоғарғы балл – 4
Тапсырма орындау уақыты – 6 минут
Қосымша 5
Бағалау критерийлерінің эталондары Бекет № 5 Тапсырма № 5
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Критерийлерге сәйкес түлектің тік ішекті тексеру мүмкіншілігін бағалаңыз.
№ |
Тапсырма этаптарының критерийлері |
0-0,5 |
1 |
Тік ішекті саусақпен тексеру үшін керекті материалдарды дұрыс дайындады – резеңке перчаткалар, салфеткалар, ыдыс, вазелин майы. |
|
2 |
Тік ішекті саусақпен тексеру Бұл зерттеу науқастың төрт жағдайында жүргізіледі: 1. Тізе-шынтақ. 2. гинекологиялық креслода (арқасына жатқызып, аяғын тізе және жамбас-сан буындарынан бүгіп). 3. Сол жақ қырында. 4. Жүресінен отырғызу арқылы (тік ішектің қол жетпейтін жоғары бөліктерін бағалау үшін). |
|
3 |
Тексеруді артқы тесік күрт тарылған жағдайда және ауырсыну сезімі күшті болған кезде, анальгетик жасағанға дейін жүргізуге болмайды. |
|
4 |
Сырттай қарау. Кушеткада немесе гинекологиялық креслода қараған жөн. Артқы тесік маңындағы тері жамылғысын мұқият қарап, қасу іздері, жыланкөздер, кандиломалар, түскен, қысылған геморроидалдық түйіндер бар-жоғына назар аудара отырып қарайды. |
|
5 |
Содан соң, артқы тесікті аздап керіп оның кілегей жамылғысын қарайды. |
|
6 |
Бірінші кезең: қолғап киген соң оң қолдың сұқ саусағын вазелинмен майлап, ақырын артқы тесікке енгізеді. Артқы тесіктің қабырғаларын сипап, оның тығыздығын, тонусын, сфинктердің тартылуын және оның ауырсынуын тексереді. |
|
7 |
Екінші кезең: саусақпен артқы тесік өзегінің және тік ішектің дисталдық бөліктерінің қабырғасын айналдыра тексеріп шығады. Тік ішек ампуласының жағдайын анықтайды (аңқиып тұруы немесе тарылуы), тік ішектің ішкі бетін толық саусақ жететін жердің барлығын тексереді. Ер адамдарда қуық түбі безінің жағдайын көңіл бөлінеді, оның көлеміне, консистенциясына, аралық тыртығына. |
|
8 |
Тік ішектің жоғарғы бөлігінің, тік ішек маңындағы шел қабаттарының дерттерін анықтау үшін бимануалды тексеру жүргізу қажет (екінші қолмен құрсақтың алдыңғы қабырғасын басып қарайды). Қынап пен тік ішек арасындағы перденің жағдайын бағалау үшін қынапты саусақпен тексеріп қарайды. |
|
|
Қорытынды |
|
Жоғарғы балл – 4 Тапсырма орындау уақыты – 6 минут
Қосымша 5
