Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ каз 2014 - для студ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.72 Кб
Скачать

Бекет № 1. Тапсырма № 1.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Критерийлерге сәйкес түлектің реанимациялық шараларды жасай білу мүмкіншілігін бағалаңыз.

Жоғарғы балл – 4

Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Қосымша 5.

Бағалау критерий эталондары. Бекет № 2. Тапсырма 2.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Критерийлерге сәйкес түлектің қан тобын анықтау методикасына сәйкес практикалық дағдысын бағалаңыз.

№ р/с

Дағдыларды бағалау критерийлері

0 – 0,5

1

Қан тобын анықтау үшін керекті инструменттерді және материалдарды дайындады – мақта, пипеткалар, цоликлондар Анти – А, Анти – В, Анти АВ, салфеткалар, планшет, қан.

2

Қолын жуғаннан кейін, резинкелі перчатка киіп, қажетті құралдарды тексеріп тапсырманы орындауға кірісті

3

Қан тобын анықтау 15-20 С температурасы бар бөлмелерде жүргізіледі.

4

Циклондарды Анти-А, Анти-В және Анти-АВ тостағанша ойықшаларына бөлек пипетка қолданып үлкен тамшыларын (0,1 мл) тамызды.

5

Тексеріп жатқан науқастың қанын стандартты сарысудың қасына 10 есе аз етіп тамызды.

6

Тамшыларды бөлек таяқшалармен араластырады.

7

3 минут бойы тостағаншаны араластырып отырып бақылады.

8

Осыдан кейін агглютинация қорытындысына байланысты науқастың қан тобын анықтады. Өзінің іс-әрекетін сөзбен толықтырды.

Цоликлонмен реакция нәтижесі

Тексерілген қанның қандай топқа жататыны

Анти-А

Анти-В

-

-

О (1)

+

-

А (2)

-

+

В (3)

+

+

АВ (4)

Қорытынды

Жоғарғы балл – 4

Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Қосымша 5

Бағалау критерий эталондары. Бекет № 3. Тапсырма № 3.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Критерийлерге сәйкес түлектің плевра пункциясын жасаудағы практикалық дағдысын бағалаңыз.

Дағдыларды бағалау критерилері

0 – 0,5

1

Емтихан тапсырушы манипуляцияға кірісер кезде жұмысына қажетті құрал-саймандарды дұрыс таңдады: корнцанг, стерильды материал(шарик,салфетка), спирт, шприц (2), Кохер қысқыштары (2), стерильды резеңкелі перчаткалар, плевраны тесетін ине резенке түтікшесімен, новокаин, жапсырма, тостағанша (лоток). Алдын ала рентгенологиялық мәліметтер бойынша плевра қуысындағы сұйықтықтың жоғарғы шекарасы анықталады.

2

Науқастың қалпы: отырған қалыпта денесін алға еңкейтіп, пункция жасайтын жақтағы қолын жоғары көтеріп, басының артына қояды. ( Ауыр науқастарда плевра қуысының пункциясын жатқан қалпында жасауға болады).

3

Залалсыздандырылған маска, алжапқыш киіп, ереже бойынша қолын жуды. Операция алаңын өңдеп, залалсыздандырылған қолғап киді және спиртпен өңдеді.

4

Артқы қолтықасты сызығы бойынша 7-8 қабырғааралықтан тесу орнын анықтайды.

5

Сол қолдың сұқ саусағымен төменгі жатқан қабырғаның жоғарғы шегінен қажетті жерді анықтайды және 0,5% новокаин ерітіндісімен жергілікті инфильтрациялы жансыздандыру жасайды.

6

Плевра пункциясын жасау үшін резеңке түтікшесі бар тесуге арналған ене қолданылады. Ине мен шприц арасындағы резеңке түтікше шприцті ажыратқан кезде ауаның плевра қуысына сорылмауы үшін қажет. Сондықтан түтікшені қысқышпен қысу қажет. Инені ретпен енгізеді: тері, тері асты клетчаткасы, бұлшықет және плевраның париетальды жапырақшасы. Иненің енгенін бос қуысқа түскен сезімі болуымен анықтайды.

7

Содан кейін резеңке түтіктің сыртқы шетіне шприцті жалғап, түтіктен қысқышты алып, поршеньді өзіне қарай жайлап тарту арқылы плевра қуысындағы сұйықтықты алады. Шприцті бөліп алмас бұрын, түтікке қайтадан қысқышты саламыз.

8

Процедура біткеннен кейін инені тез суырып, пункция орнын өңдеп, залалсыздандырылған жапсырма салады.

Қорытынды

Жоғарғы балл – 4.

Тапсырма орындау уақыты – 6 минут.

Қосымша 5

Бағалау критерий эталондары.

Бекет № 3. Тапсырма № 3.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Критерийлерге сәйкес түлектің плевра пункциясын жасаудағы практикалық дағдысын бағалаңыз.

Дағдыларды бағалау критерилері

0 – 0,5

1

Емтихан тапсырушы манипуляцияға кірісер кезде жұмысына қажетті құрал-саймандарды дұрыс таңдады: корнцанг, стерильды материал(шарик,салфетка), спирт, шприц (2), Кохер қысқыштары (2), стерильды резеңкелі перчаткалар, плевраны тесетін ине резенке түтікшесімен, новокаин, жапсырма, тостағанша (лоток). Алдын ала рентгенологиялық мәліметтер бойынша плевра қуысындағы ауаның топографиясы анықталады.

2

Науқастың қалпы: отырған қалыпта денесін алға еңкейтіп, пункция жасайтын жақтағы қолын жоғары көтеріп, басының артына қояды. ( Ауыр науқастарда плевра қуысының пункциясын жатқан қалпында жасауға болады).

3

Залалсыздандырылған маска, алжапқыш киіп, ереже бойынша қолын жуды. Операция алаңын өңдеп, залалсыздандырылған қолғап киді және спиртпен өңдеді.

4

Ортаңғы бұғана орта сызығы бойынша 2 қабырғааралықтан тесу орнын анықтайды.

5

Сол қолдың сұқ саусағымен төменгі жатқан қабырғаның жоғарғы шегінен қажетті жерді анықтайды және 0,5% новокаин ерітіндісімен жергілікті инфильтрациялы жансыздандыру жасайды.

6

Плевра пункциясын жасау үшін резеңке түтікшесі бар тесуге арналған ене қолданылады. Ине мен шприц арасындағы резеңке түтікше шприцті ажыратқан кезде ауаның плевра қуысына сорылмауы үшін қажет. Сондықтан түтікшені қысқышпен қысу қажет. Инені ретпен енгізеді: тері, тері асты клетчаткасы, бұлшықет және плевраның париетальды жапырақшасы. Иненің енгенін бос қуысқа түскен сезімі болуымен анықтайды.

7

Содан кейін резеңке түтіктің сыртқы шетіне шприцті жалғап, түтіктен қысқышты алып, поршеньді өзіне қарай жайлап тарту арқылы плевра қуысындағы ауаны сорып алады. Шприцті бөліп алмас бұрын, түтікке қайтадан қысқышты саламыз.

8

Процедура біткеннен кейін инені тез суырып, пункция орнын өңдеп, залалсыздандырылған жапсырма салады.

Қорытынды

Жоғарғы балл – 4.

Тапсырма орындау уақыты – 6 минут.

Қосымша 5