- •Дәрістер кешені
- •Профессор қ.Жұбановтың ата-тегі, шежіресі туралы хронологиялық кесте;
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Жаратылыс → адам → даму → ой→ тіл → дыбыс // дауыс→ әуен → сөз → еліктеу → қимыл // би → саналы әрекет → күй
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты зерттеуінің «Абай және халық әдебиеті» аталатын 3 тарауында айтылған тұжырымды пікірлердің құндылығын студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.А.Яссауйдің ақындығы туралы зерттеулерге шолу жасай отырып, қ.Жұбановтың яссауйтанудағы өзіндік бағалы орнын студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың проза жанрында жазылған шығармаларының басты тақырыбы мен идеясын, көркемдік құндылығын, жанрлық ерекшеліктерін студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың баспа бетінде жарияланған және ұзақ жылдар мұрағатта сақталып, ғылыми айналымға енді түскен мақалаларымен таныстыру.
- •Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қоғам және заман көрінісі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Кеңесбаев І. Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов // Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1999 ж. – 581 б.
Сыздықова Р. Қ.Жұбанов – қазақ тілі біліміндегі аса зор тұлға // Қ.Жұбанов. – Алматы: Өнер, 1990. – 208 б.
Сыздықова Р. Құдайберген Жұбанов – тіл біліміміздің классигі // «Қазақ әдебиеті» газеті, №52 (727). Жұма, 25 желтоқсан, 1964 жыл.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы. 1958. – 344 б.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. –288 б.
Қасқабасов С. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер. – Астана: Аударма, 2002. –584 б.
Бердібай Р. Бес томдық шығармалар Жинағы. Кәусар бұлақ. 2-том. – Алматы: Қазығұрт, 2005. 472 б.
Молдаханов Ә. Жұбанов тағылымы // Жылдар. Ойлар. Ізденістер. (Әдеби зерттеулер, мақалалар, ғылыми ізденістер). Алматы: Дәуір, 2006. –160 б.
Қосымша әдебиеттер:
Соколов Ю. Работа по русскому фольклору за революционный период // Этнография. 2007.
Соколов Ю.М. Значение фольклора и фольклористики в реконструктивный период // Дискуссия о значении фольклора и фольклористики в реконструкивный период. ФиЭ. 2001.
Лозанова А.Н. К ближайшим задачам советской фольклористики // СЭ. 1989. № 2. С.19.
Соколов Ю.М. Русский фольклор. – М., 2008.
Азадовский М.К. Советская фольклористика за 20 лет // Советский фольклор. 1999.
Н.Веселовский А. Историческая поэика. – Едиториал УРСС. 2004 г.
№3 лекция
Тақырыбы: «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» очеркінің жарық көру тарихы, тақырыбы, құндылығы
Мақсаты: «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» очеркінің жарық көру тарихы, тақырыбы, құндылығы туралы теориялық теориялық мағлұмат беру, негізгі туындыларымен таныстыру. Студенттердің интеллектуалдық қабілеті мен танымдық қызығушылығын арттыру, ғылымдағы гуманистік көзқарасқа ұмтылдыру.
Кілт сөздері: халық әдебиеті, күй, күй аңызы, тіл, тарих деректері.
Негізгі мәселелері мен мазмұны:
Қ.Жұбанов – фольклор зерттеушісі.
«...Күй жанрының пайда болуы жайлы» атты очерктің әдеби құндылығы туралы пікірлер мен зерттеулер.
«...Күй жанрының пайда болуы жайлы» еңбектің жазылу тарихы.
Музыкалық аспаптар туралы әлемдік зерттеулер.
Лекция тезисі. Мәдени парасаттылықты бойына жиып, оның бар тағылымдық мәнін таратқан Құдайберген Қуанұлы Жұбанов «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» (Тіл мен тарих деректері) атты еңбегінде өскелең ұрпаққа әдебиет пен өнердің терең тамыры халықта жатқандығын тағы бір танытып өтті. Ғасырдан ғасырға жетіп, сұлулықпен сұрыпталған, мәңгі өлместей болып бекіген асыл қазына – фольклор мұрасы екендігін дәлелдейді. Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», М.О.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбектерінде халық ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де – сөз өнері, бұл ірі екі саланы бір-біріне телуге де, болмаса, бір-біріне қарсы қойып қарастыруға да болмайды деген тұжырым бар.
М.О.Әуезов «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1922 жылғы «Шолпан» журналының №3 санында жарияланған) мақаласында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа тараған бай мұра – халық ауыз әдебиетінің негізінде ғана жаңа әдебиет жасауға болатындығын атап берді емес пе? «Ескі әдебиетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес, құрметтейміз, құрметіміз орынсыз емес» деп бағамдап, тіпті қазақтың классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, жаңашыл ақын Абай Құнанбаевтың нәр алған қайнар бұлақтарының бірі – халық ауыз әдебиеті деп атап көрсеткен-ді. Ал енді осы концециямен үндесетін тыңылықты ой-тұжырым Қ.Жұбановтың «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы» зерттеуінде жатыр.
Адамзаттың тылсым күштермен арбасатын құралы ретінде өмірге келген бұл мұра есте жоқ ескі дәуірлердің өзінде-ақ өн бойына магиялық еңбектің бірнеше түрін: сөз, ән, би, күй – жалпы халық даналығы тудырған дүниесінің баршасын тұтастыра сақтаған синкретті өнер болған деп дәлелдеген профессор Қ.Жұбанов тіл мен ой табиғатын сол замандардан іздестірмеуі мүмкін емес еді. Филологияның қай саласына қалам тербесе де, тіл пен тарих деректерін алға тартатын және «халық музыкасының мұраларын тексерудің маңызы зор», – деп білген Қ.Жұбановтың бұл зерттеуі бүгінгі күнде тілдік, әдебиеттік таным тұрғысынан бағасын алатын бағалы еңбек деп білеміз. Бірінші ауызға аларымыз, әрине ұлы лингвист ғалым тіл білімі көгінде еркін самғады, тілдік құбылыстарды оқымыстылықпен зерттеді. Ендігі бір ерекше қыры, фольклортанушы екендігінде. «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» очеркі тұрғанда, «бұл саладағы еңбектің бірер-ақ болуы, жеткілікті түрде фольклортанушы деуге мүмкіндік бермейді»,- деп айтатындар кездеспес.
Тіл мен тарихтың, әдебиет пен өнердің өзара тектес, егіз арналар екендігі айқын. Тіл мен әдебиеттің қалыптасу, даму жолын білмек үшін көне тарих көздеріне, фольклордың бастау арналарына міндетті түрде қол созамыз. Қ.Жұбановтың өзі де «тіл материалдары дейтініміз – түрліше музыка терминдері», – деп тұжырымдады емес пе? Демек, ғұламаның «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» атты зерттеу еңбегі «өнертанушылар үшін құнды мұра ғой» деген біржақты пікірмен шектелу тағы дұрыс болмас. Фольклордың синкреттілік сипатын ескере отырып, Құдайберген Жұбановтың бұл еңбегіне де эстетикалық таным тұрғысынан терең үңілгеніміз мақұл. Әрине, осы зерттеу еңбектің орасан зор бағалылығы жөнінде рухани мәдениет зерттеушілері аз сөз еткен жоқ.
«Құдайберген стилі жатық, тілі орамды, мейлінше шебер жазатын адам еді. Оның журналистік, публицистік қабілеті, әдебиет, мәдениет қазыналарын терең білетіндігі, ғылымның көптеген салаларына байланысты өрісі кең білімі өзінің мамандығы болып кеткен тіл білімімен астасып, жігі білінбей ұштасып жататын-ды. Қазақ күйлерінің тарихы жайындағы тарихи-лингвстикалық очеркінде Құдайберген осындай қаламы төселген шеберліктің аса бір нәзік үлгісін көрсетеді» [19, 77] - деп М.О.Әуезов ерекше атап көрсеткен еді. Белгілі филолог-ғалым, академик Мұхамеджан Қаратаев: «1936 жылы профессор Қ.Жұбановтың «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» деген очерк кітабы шықты. Тарих, тіл деректеріне сүйеніп қандай қызық пікірлер түйген дейсіз!» деп марапатана отырып, «қазақ тіліндегі музыкалық аспаптар мен этимологиялық тегін зерттей келіп, профессор Қ.Жұбанов олардың тілдік қорымызда ерте заманнан келе жатқанын дәйекті дәлелдейлі. Ән мен күйдің де түпкі төркінінің бір екендігін анықтай келіп, бұл екі жанрдың бері келе ашалануы қазақ халқының тарихи дамуының нәтижесі екеніне көзіңді жеткізеді», - деген қорытынды жасайды.
Б.Уахатовтың «Қазақ халық өлеңдері» атты кітабында, С.Негимовтің «Құдайберген Жұбанов және қазақ фольклоры», Ә.Молдахановтың «Жұбанов тағылымы», С. Байменшенің «Күй шежіре» мақалаларында Қ.Жұбановтың «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» очеркінің маңыздылығына тиісті әділ бағасы берілген. Ә.Дербісалин «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» еңбегінің негізгі үш қырын баса назар аударып көрсеткен. Ол осы еңбектің құндылығы музыка жанрын арнайы зерттемеген адамның өзіне де жақсы белгілі екендігін айтады. Осы пікірге біз де тоқталып өтсек, автор: «Біріншіден, ғалымның зерттеушілік диапозонының мейлінше кеңдігін атау қажет. Еңбек «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» деп аталса да, автор бүкіл Орта Азия, түркі тілдес халықтардың музыка өнерімен қатар, Орта Шығыс, сондай-ақ Батыс Европа елдерінің музыкалық өнер тарихын жетік білгенін танытады. Бұған осында аттары аталып, талданатын ондаған ел ғалымдарының өз тілдерінде жазған еңбектері дәлел. Екіншіден, автордың қазақ күйінің, ән өнерінің ерте бөлініп шығуын дәлелдеуі, ал татар, өзбек сияқты халықтарда бұл екі жанрдың соңғы кезге дейін бірге өмір сүріп келгенін көрсетуі ғылыми тұрғыдан бір қызық жай. Осы ретте автордың қазақ күйлерінің шығу, даму тарихына тереңдей бата отырып, олардың халық өмірімен байланыстылығын ашуы да музыка өнерін зерттеушілер үшін де бағалы қорытынды болар деп түсінемін. Үшіншіден, автор қазақ совет музыкасын жасау мәселесін көтере отырып, бұл музыканың тек халықтық музыка негізінде туғанда ғана, халық музыкасының игі дәстүрін дамытқанда ғана жақсы нәтижеге жетпегенін атап көрсетеді. Бұл осы күнге дейін бағасын жоймаған салмақты пікір», - дей келіп, Қ.Жұбановтың «Қазақтың қалың еңбекшілеріне түсінікті, әсерлі болуы үші жаңа музыка олардың құлағына жат болмауы керек. Жат болмау үшін өзінде бар музыкаға бар жағынан байланысты болуы керек» - деген тұжырымын дәлелге келтіреді.
Ә.Дербісалин ұлы ғалымның «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» атты еңбегінің өнертанудағы бағалы орны бар туынды екендігін жақсы дәлелдеген. Дегенмен де, фольклордың - өлең, ән, би, күй, театр өнерін бір басына топтастырған синкретті жанр екендігін ескерсек, Қ.Жұбановтың қазақ халқының күйлері туралы жазылған бұл еңбегінің фольклортану ғылымы үшін аса құнды болып табылатындығына күмән келтірмейміз. Қазақтағы күй жанры, ертеден келе жатқан қымбат қазына – фольклордың ажырамас бір бөлшегі. Яғни, фольклордың сөз өнері ғана емес, саз өнерімен де байланысты екендігінің анықталған бір ақиқаты. Осы мәселе төңірегінде ой өрбіткен белгілі ғалым ф.ғ.д., профессор С.Негимов: «Көрнекті тілші-ғалым «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» деген туындысында ауыз әдебиетінде синкретизм табиғатына (эпос, би және музыканың бір тұтастығына), магиялық құбылыстар құпиясына, мұның тұрмыстық, кәсіптік, эстетикалық және эстетикалық емес мәндеріне, одан әрі қарай «түрлі құлшылық, бақсылық ісіне ұласатындығына назар аударған. Сондай-ақ, тұрмыс-салт жырларының кейбір жанрлық түрлеріне тоқталған», – дей келіп, Қ.Жұбановтың ғылыми диапозонының кеңдігіне ден қояды. Ф.ғ.д., профессор Ә.Молдаханов: «Фольклордың саз өнері екендігі туралы профессор Қ.Жұбановтың аса құнды еңбегі «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» деп аталады. Қазақ фольклорындағы сөз өнерінің қалай пайда болуы жайындағы профессор Қ.Жұбанов зерттеуі алғашқы әзірде адам қоғамы табиғатпен арпалыста болып, табиғат күшін өзіне қызмет еткізбек болғандығын, осы мақсатта сөз бен музыканың магиялық күшін пайдаланып табиғатқа өз дегенін жүргізуге тырысқанын, сөз бен саз өнерінің осындай құдіретті күшіне ертедегі адамдардың күмәнсіз сенгендігін, сондықтан ондай өнерді жасаушы халық өз бойындағы барлық талантын қапысыз жұмсағаны туралы терең ойлардың ұшығын байқатады» дей келе, «халық фольклорындағы саз өнері (музыкалық фольклор) де, сөз өнері (сөз фольклоры) де өте ерте заманда пайда болып, алғашында бір өнер ретінде, кейін іштей бөлініп, талай тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінгіге жеткен халықтың ең қымбат рухани асыл мұрасы. Ғалымның сөз болып отырған еңбегінде бұл мәселе де дәйекті шешімін тапқан» – деп пікір білдіреді.
«Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» еңбек әдебиетшілер мен өнертанушылар тарапынан ғана бағаланып қойылған жоқ, бұл зерттеудегі фольклордың синкреттілік сипатын дәл тани білген философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ш.Бисеновтің те ізденістерінен байқалады: «Профессор Қ.Жұбановтың әрі қарай зерттеп-зерделеуге ділгір ғылыми тақырыптарының бірі – күй жанрының семантикасы. Кезінде ол бұл тақырыпқа «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы» атты арнайы мақала жазған екен. Міне, осындай мәселе бүгінгі күннің биік тұғырынан, әсіресе фәлсафалық тұрғыдан әрі қарай зерттелініп жатса, «нұр үстіне – нұр» болар еді. Өйткені қазақтың халық өнері үш тағаннан – күй, ән, өлеңнен тұрады», – деп фольклордың күй, ән, өлең деген өнердің басын топтастырған іргелі сала екендігіне баса назар аударады. Сонымен қатар, Қ.Ш.Бисенов бір басына бірнеше өнерді жиған фольклордың бір арнадан туындап, одан әрі тарамдалу себептерінің қыр-сырын ашып көрсетеді: «Әуел баста, яғни, бейнелеу үрдісінің алғышарттары ені ғана қалыптаса бастаған қадым замандарда ән, күй, жыр жіктелмеген тұтастық, яки синкретті түрде дамыған. Олар, негізінен, табиғат құбылыстарына еліктеп, сн алуан дыбыстар мен құбылыстардың парқын пайымдап, олардың көшірмесін санада сәулелендіру мақсатынан туындаған. Бұл іс-әрекет еріккеннің ермегі емес, өйткені ол өскен ортаның ерекшеліктеріне бейімделіп аман қалудың соқыр сезімге негізделген табиғи тәсілі болатын. Ән, күй, жыр бертін келе, саналы түрде өнер туындыларына айналған кезде ғана жіктеле бастады. Бірақ та, олардың түпкі танымдық (гносеологиялық) арқауы әруақытта ортақ болған, және ортақ болып қала береді де. Ол – табиғи құбылыстарды, дүнияуи тіршілікті, пенденің көңіл-күйін, оның басқаларға, сыртқы дүниеге деген қарым-қатынасын көркемдік тұрғысынан бейнелеу тәсілі».
Профессор Құдайберген Жұбанов аталған зерттеудің сөзбасында өткенге көз жүгіртіп, бұрынғыны бағаламай, болашаққа батыл қадам жасау мүмкін емес екендігін ескерткендей, «қазақтың қалың еңбекшілеріне түсінікті, әсерлі болуы үшін жаңа музыка олардың құлағына жат болмауы үшін ол халықтың өзінде бар музыкаға бір жағынан байланысты болуы керек, - дейді. Ғалым жаңа заманның музыкасын дамыту жолында өткен күннің мұрасының түгел «асыл» демей, іріктеп-саралау керек деп бағамдайды. Қ.Жұбановша айтқанда: «Бұрыннан бар музыка мұраларын жетістіріп, толықтырып, көркейтіп, көркемдік жағынан күшейтіп, прититив түрлерін гармониялап, халық музыкасындағы өмірге, тіршілікке шақыратын, ерлік, талап, жігер тудыратын элементтерін саралап алып, кертартпа, сары уайым, жасықтық туғызатын жағын өңдеп, құнарландырып, - тек осы ретпен ғана – қазақ ұлтының қазіргі қазақ музыкасын дамытуға болады. Халық музыкасы мұраларын зерттеудің маңызы зор болатыны осы жағынан», - деп түсіндіреді. Жалпы, қазақ болып аталатын тарихи қауымдастықтың өкілдері өнер атаулыны аса жоғары бағалаған, сондықтан оның әлеуметтік санасында «өнер – киелі нәрсе» деген ұғым қалыптасқан. Қазақ үшін сөз өнері – құдіретті күш. Қазақта екі ауыз сөздің басын құрап өлең шығармайтын, «әу» деп ән шырқамайтын адам болмаған. Халық идеалының өреге етене жақын екендігін дәлелдейтін аңыз-әңгімелер ел аузында орасан мол.
Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» еңбегінде «ән десе, ішкен асын жерге қоятын» қазақтардың өнерге деген ыстық ықыластарын айқындайтын бір аңызды баян етеді. Бұл аңызды Г.Потанин өзінің 1914 жылы жасаған баяндамасында айтқан. Автордың айтуынша, бұл аңызды Шоқан Уәлиханов келтірген екен. «Ән аспаннан қалықтап ұшып жер бетіне жақын келеді. Оның жерге ең жақындаған кезін байқаған халық, әнді ұстап қалған, ал жоғары қалықтаған жердің адамдары ешнәрсе үйрене алмаған. Құдайдың құдіретімен келген ән қазақ жерінде тіпті төмен ұшқанда қазақ халқы оны есітіп, әнді жақсы айтатын болған. Қазақтардың басқа халықтардан әнді жақсы айтатын себебі осы» (Ш.Уәлихановтың айтуынан) [24, 9]. Тағы бір «алтын домбыра» жайындағы аңызда көкірегіне сан ғасырлық шежірені қаттаған қарт жырау келер ұрпағына мұра етіп өзінің алтын домбырасын қалдырғандығы, содан бері тоғыз тосқауыл пернелі, қос ішекті, кең шанақты домбыра халықтың қастерлі аспабы саналатыны айтылады. Ахмет Жұбанов та қазақ халқының болмыс-бітіміндегі ән мен күйдің алатын орнын мына бір аңыздың сюжетінен байқайды: «Жапан далада мал соңында жүрген малшы қурайдан кесіп, сыбызғы жасап, күй тартып, шерін тарқатыпты. Сиырға мініп, үстіне ақ киім киіп, ел аралап жүрген диуана қарағайдан қобыз жасап, талдан ысқыш, шыршадан канифол алып, бұл аспаптың сызылған үнін пайдаланады. Екі ішекті домбырада адам тілімен сөйлесіп, ымыраға келе алмайтын болған соң, қазақ күйшілері ханның кәрін «тілсіз әңгімемен» («тілсіз әңгіме» – күй туралы деп түсіну керек, автор) басты. Еріксіз малға сатылып, ел асып бара жатқан қыз ұзатылар алдында ай бойы ағайын-тумамен қоштасып сыңсыды. Күйеуі өлген келіншек басына қара жамылып, үш бойы әндеткен жоқтау айтып, зар қақты. Ауыл жастары кешкіқұрым алтыбақан тепкенде, оның ырғағына әнмен қосылды. Той болса, екі бөлінген топ әнмен жар-жар айтты. Тіпті, құран оқыған молда да өлеңмен жазылған сөздерін отырған айналасына ұнау үшін әндетіп айтты». Бұл аңыздардың қай-қайсысы да фольклордың түп негізінде жатқан тарихият шындықтардың көздерін нұсқайды. Өйткені, халықтың бағзы бір замандардағы санасы, танымы, қоршаған ортаны сезіну қабілеттері ел аузында таралған әлгіндей аңыз-әңгімелерден айқын да анық аңғарылады. Осы себептен Қ.Жұбанов «Ақсақ құлан – Жошы хан» күйінің ел аузындағы тарихын да өзінің зерттеу обьектісі етіп нысанаға алған. Ал өнерді – құдіретті деп бағалаған қазақтың музыкалық шығармаларының ішіндегі ең ірі жанры – Қ.Жұбановтың айтуынша, «күй» формалы туындылар. Зерттеуші күй жанрының шығу тегін қарастыра отырып, «Ақсақ құлан», «Аққу күйі», «Қасқырдың ұлығаны» атты күйлерге түсінік беріп өтеді. Бәрімізге белгілі жайт, бұл күйлердің шығу тарихын баян ететін ел ішінде жақсы аңыздар да сақталған. Бұл аңыздарды жанры жағынан «күй аңыздарына» жатқызамыз. Зерттеуші Ғ.Доскенов: «Күй аңызы – қазақ фольклорындағы өзгеше бітімді жанрлық түр. Күй аңызын басқа аңыздардан ерекшелендіретін белгісі – оның тартылмақ күйге кіріспе ретінде баяндалып, тек қана күймен қоса айтылатын синкретті сипатынан байқалады. «Күй аңызы» терминін қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш рет М.Әуезов қолданып, оған қазақ аңыздарының бөлек бір саласы деген анықтама береді. Ертеден келе жатқан классикалық күй аңыздарына мысал ретінде «Аңшының зары», «Ақсақ құлан» күйлерінің аңыздарын атауға болады. Күйшілер арасында бірнеше тараудан тұратын ұзақ күйлерді (мысалы, «Шаңды жорық», «Жұмағұл» т.б.) тартқан кезде, әр тартылған тараудың алдында қара сөзбен баяндалатын шағын түсініктеме, аңыз салып отыратын дәстүр сақталған. Күй аңызы күйдің әсерін нақтылай түсіп, тыңдарман қауымды күйдегі әуендік суреттерге айрықша мән беруге дағдыландырады»– деді.
Фольклордың тарихи тамырдан нәр алып, өрбитінін профессор Қ.Жұбановтың осы зерттеу еңбегі жан-жақты айғақтайды. Ғалымның әрбір зерделі сөзіне жіті көз жіберген адамға этнографиялық құбылыстардың нәзік иірімдері айқын бой көрсетіп жіктеліп тұр. Автор халық музыкасы жетілген жанр екенін, өйткені, ән де, күй де әуел баста бір тамырдан тараса да, бүгінгі күнде екеуі екі басқа, «бірі – вокал музыка, екіншісі – инструментал музыка болып егізделіп шыққандығын» айтады. Бұдан біз кемелденген өнер салалары халықтың тарихи даму процесінің де көрсеткіші болғандығын аңғарамыз. Ғалымның зерттеушілік әдіс-тәсіліне тән нәрсе – оның зерттелмек объектіні әр ауқымда кең алып қарайтындығы. Ол әрбір құбылысты соның өзінің жан-жағымен байланыстыра, салыстыра отырып сипаттайды. Аталмыш еңбегінде де автор қазақтың күй жанрының ерекшелігін сөз ету үшін және күйдің өз алдына бір дербес жанр екендігін таныту үшін әуелі көршілес елдердің өнеріне тоқталып өтеді. «Осы күні татардың халық музыкасын алсақ, онда күй, ән деп екі айыру болмайды. Татар тілінде әнді де, күйді де бәрін де «күй» деп атайды. Бұлардың күйлерінің бәрі де ән болады. Ән салмай, тек инструментке ойнайтын күй болмайды. Өзбек музыкасында ән де, күй де болумен қатар, ән. Би, күй – үшеуі араласып жүреді», – дейді зерттеуші.
Профессор Қ.Жұбановтың қазақы дүниенің өзіндік биіктігін таныту үшін, алдыменен өзгелермен салыстыратындығын, филолог-ғалым Серікқали Байменше де атап өтеді. Ол Құдайберген Жұбановтың «Күй» жайындағы кітапшасын талдай келіп, өз ойын: «Осы туындыдан бір байқалатын нәрсе – автордың кез-келген мәселені ешуақытта салыстырмай қарамайтындығы» [26,90] – деп түйіндейді. Қ.Жұбанов қазақта музыканың күшті дамығандығын күйлер арқылы дәлелдеуге болатындығын айтады» Ал музыканың жоғары дәрежеге жеткен даму жолының іздері қайда жатыр? Бұл сауалға жауап іздеу үшін автор халықтың өз соқпағымен жүрген дұрыс деп біледі. Жазба деректері сақталмаған елден музыка өнерінің, күй тарихының бедерін тану қиындығын, дегенмен де, қолдағы бар материалдарды пайдалану керектігін ескертеді.
Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
Күй өнерінің туындау процесінің хронологиялық кестесі;
Тақырыпқа қатысты дайындалған слайд.
