- •Дәрістер кешені
- •Профессор қ.Жұбановтың ата-тегі, шежіресі туралы хронологиялық кесте;
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Жаратылыс → адам → даму → ой→ тіл → дыбыс // дауыс→ әуен → сөз → еліктеу → қимыл // би → саналы әрекет → күй
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты зерттеуінің «Абай және халық әдебиеті» аталатын 3 тарауында айтылған тұжырымды пікірлердің құндылығын студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.А.Яссауйдің ақындығы туралы зерттеулерге шолу жасай отырып, қ.Жұбановтың яссауйтанудағы өзіндік бағалы орнын студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың проза жанрында жазылған шығармаларының басты тақырыбы мен идеясын, көркемдік құндылығын, жанрлық ерекшеліктерін студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың баспа бетінде жарияланған және ұзақ жылдар мұрағатта сақталып, ғылыми айналымға енді түскен мақалаларымен таныстыру.
- •Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қоғам және заман көрінісі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Қ.Жұбанов. Шығармалар мен естеліктер. Алматы: Өнер, 1990. - 208 бет.
Профессор Құдайберген Жұбановтың 90 жылдығына арналған ғылыми конференция (19 желтоқсан, 1989) материалдары. Алматы: 1990. - 92 бет.
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. Алматы: Ғылым, 1990. 368 б.
Жұбанов тағылымы. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Ақтөбе, 2002. – 297 б.
Қосымша әдебиеттер:
Қ.Жұбанов. Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір. // «Жалын», №6. 1998.
К.Кенжебаев. Ә.Оралбай. Құдайберген Жұбанов. Деректі ғұмырнама. А., «Ана тілі». ЖШС., 2000. – 280 б.
Х.Нұрмаханов. «Ақтөбе» газеті. №121. 14 қазан, 1999 жыл.
Ә.Ж.Ұлықпанова. Шын шеберлік. «Ақиқат». Ұлттық қоғамдық-саяси журнал. Алматы, № 7. 2007.
№13 лекция
Тақырыбы: Проза жанрындағы ізденістері
Мақсаты: қ.Жұбановтың проза жанрында жазылған шығармаларының басты тақырыбы мен идеясын, көркемдік құндылығын, жанрлық ерекшеліктерін студенттерге ұғындыру.
Кілт сөздері: проза, памфлет, тақырып пен идея, жанрлық, көркемдік ерекшеліктер.
Негізгі мәселелері мен мазмұны:
Қ.Жұбановтың қаламгерлік қырын танытқан «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір» памфлеті.
Памфлеттің жанрлық ерекшелігі.
Шығарма тақырыбының заман сарынымен үндестігі.
Бас кейіпкер Құрмантай характерінің ашылуы.
Лекция тезисі. Құдайберген Жұбановтың жазушылық қырының сәтті бір көрінісін танытатын шығармасының ендігі біреуі «Таңжарықтың қуанышы». аталады. Бұл әңгіменің «Кедей» газетінің 1927 жылғы 7 қараша, №45 санына қосымша шыққан тұңғыш кітапшада басылуының өзі сол тұстағы әдеби айналымда қарымды қаламгер болғандығын көрсететін дерек. Аса өкінішті жайт, бұл әңгіменің толық мәтіні қолымызға түспеді. Ғұлама ғалымның 30 жылдары жазылған «Төңкеріс және қазақтың ұл тілі», «Қазақ драма театрының алғашқы күрделі жеңісі» «Біз де ұлт театрына маңдайладық» т.б. мақалалары қай уақытта да әдебиет жанашары болғандығын, әдеби өмір туралы толғаныста жүретін жан болғандығын танытады. Профессор Қ.Жұбанов аз ғұмырының қажырлы, қайратты жылдарын, күш-жігерін қазақ тіл білімінің өркендеуіне, зерттелуіне, ғылыми мәселелердің шешілуіне арнады. Оның әдебиет пен өнер, жалпы қазақ болмысы жайлы зерттеулерінде өмірдің сан қыры туралы толғаныс бар.
Құдайберген Жұбановтың «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» атты мақаласы 1935 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің №31 санында жарияланған. «... Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» деген көлемді мақаласында ғалым ұлт тілдерінің қалыптасу заңдылықтарына байыпты талдау жасай келіп, өзге түркі тілдеріндей емес, қазақ тілі біртұтас сом «(монолит) тілге жататынын, оның құрамындағы диалектілік жарықшақ – бертінгі сатыларында пайда болған құбылыстар екенін ашып көрсетті. Шын мәнінде бұл мақала «Қазақ диалектологиясы» деген пәннің теориялық бастамасы, «тырнақалдысы» болып табылады». Белгілі зерттеуші-ғалым Рабиға Сыздықова «Мыңнан біреу шығатын, ғылым тілімен «феномен» деп, қазақтың бейнелі тілімен «біртуар» деп аталатын адамдар болады. Құдайберген Жұбанов − сондай адам болған. Ең алдымен, «біртуарлардың» бір белгісі − бір сырлы, сегіз қырлы болу керек болса, осы қасиетті Құдайберген Жұбановтан табамыз. Оның бойында ақындық, суретшілік, журналистік қабілеттер болғанын білеміз», − дей келе, «Ал ғалымның қаламгерлігіне келсек, оның да дәлелдері аз емес. ... Ол тіпті проза мен драматургия саласына бару талабын да танытады» − деген еді. Шындығында да, сөз зергері Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың әдебиет аясындағы ірі зерттеулерімен қоса, қаламгерлік қырын танытатын шығармалары да бар. Сондай туындыларының бірі − «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір» памфлеті. Әдеби-публицистикалық жанрдың бір көркем үлгісі болып табылатын памфлет − көп қырлы болып келеді. «Памфлет – қара сөзбен де, өлең түрінде де кездесетін сатиралық шығарма. Памфлетте негізінен нақтылы бір құбылыстың, саяси топтың жетекшілерінің типтік ерекшеліктерін дәл тауып әшкерелейді. Памфлет көпқырлы жанр, онда сол заманның саяси-әлеуметтік тынысы полемикалық сарында, өткір сатира, сарказммен айқындала ашылып отырады». Қ.Жұбановтың бұл шығармасында памфлет жанрының бір қырын танытатын тұсы − қоғам тынысы байқалады. Шағын шығармада өз заманының әрі әлеуметтік, әрі саяси лебі басым жатыр.
Қ.Жұбановтың «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір» атты памфлеті 1928 жылы 4 қазанда Ақтөбе губернелік «Кедей» газетінің №31 (193) санында жарияланған. Тақырыбының өзі терең ойға батырып, «мен мұндалап» тұрған шағын шығармада ел өмірінің тұтастығы, айнасы боларлық көрінісі ақиқатты шындық тұрғыдан суреттелген. Жас қазақ мемлекетінің 1920-1930 жылдардағы саяси өміріне тән дәуірлік өзгерістер тарих сахнасында жиі көрініс бергені белгілі. Автор саяси оқиғалы тарихи тақырыптардың біріне қалам тарта отырып, әңгіме желісін халық ұғымына әбден сіңіскен, түсінікті, жаттандылықтан аулақ тілмен шебер қиюластырған. Бас кейіпкер Құрмантай бейнесінің қырықтың қырқасынан асқанша көрген арылмас азабы – ел кедейінің қай-қайсысына да тән еді. Автор сол замандағы бастарынан бейнеттері еш арылмаған әр жіңішкенің ішкі дүниесінің бүркеулі бетпердесін уытты сатираның нәзік иірімдерімен ашады.
Автор кедей Құрмантайдың құлдыққа бергісіз өмірінің ауыр тақсіретін шығарманың өне бойына өріп, сәтті сыналаған. Құрмантай образының табиғаты жан-жақты, әрі толыққанды кескінмен ашылған. Ғұмырын жоқтықпен өткізіп келе жатқан оның бар арманы санаулы-ақ. Жарық дүниеде өзі дәмін татқан төрт қызығын көз алдынан өткере, саусақпен санамалай отырып, рахат күйін кешіп, ләззатққа бөлену. Арман құстың ақ қанатына мініп, қалықтап ұшып, қу бейнетті бір сәттік құбылыста ұмыту. Қайта қонақтар қиял-арман мәңгілік таусылмастай болсашы деп өмірдің жарық күніне ұмтылу. «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмірдің» ішіне дендеп енген сайын осындай ой оқырманын да қоса тұмшалап, Құрмантай характерін анық тани түскендей боламыз. Өмірі құс жастық жастанбаған, мамық төсек төсенбеген, тойынып тамақ ішпеген, жалғыздықтан қу тізесін құшақтап өтіп келе жатқан бұл дүниеде бастан өткерген бар қызығы: «қарақожалақ тары көжені тоя ішіп алып, тоқпақтай түйіншектегі темекінің ірігіне мақарды молырақ қосып, оны алақанға салып сулап, қос бармақпен пашыр-пұшыр басып уқалап, тіл астына салып жібергендегі мардымсыған күйі...». Одан соң «бұл өмірде ұйқыдан тәтті де тәттілік бар ма екен!» деп, арман аулына жиі қонақтап, төртінші қызығын: «қызыл шоққа қып-қызыл болып қызған тасты саптыаяққа сауған ешкінің қою сүтіне салып жіберіп», «қор-р-р» еткізгендегі мұрнына бу аралас кірген көңірсі иісін, оны ішкендегі дәмін сағына, «қандай еді?» деп аңсайды. Құрмантай алла берген ғұмырдан аса көп нәрсені керек етпейді. Ендігі тілері – құдай бесінші қызықты берсе деген арман: - Аһ, қатын болар ма еді!... – дейді ол. Оның «ендігі қызығы – қатын» еді. Мұны ойлағанда Құрмантайдың ыссы көжеден қызған денесі салқындап кеткендей болады, сөйте тұрып тағы да қызып кеткендей болады. Сәттің ішінде бір ысынып, бір суыған денесі тағы бір қызықты – «тән раһатын» аңсайды. Он үш жыл бойы күткен осы бір күй оның жанын тыным таптырар емес. Бір аллаға ғана жарасар жалғыздық азабынан оны қолын созып құтқарар ұлы құдірет – бай Жоламан деп біледі. Сол құдірет күні-түні ләм дегізбей, қарсылық білдіртпестен, Құрмантайдың қара күшін қайыры жоқ түпсіз еңбектің тұңғиық иіріміне тарта түседі. Жоқшылыққа тума-туысымен маталған Құрмантайда Жоламанның рахымын күтуден басқа лажы жоқ. Көзін ашқаннан көргені бейнет, әбден жүнжіп кеткен кедей қасқа тіршіліктің пенде басына салған соқпағынан басқа жолды білер емес. «Басқа салды, мен көндім» деген ғана халі бар.
«Башпайлары түсіп, бұлтиып қалған аяқтарының басын көруден қашады. Томар бастанып қалған башпайсыз аяғы жүрегін шым еткізіп, ауыр қиналысқа батырады. Ешкімге керегі жоқ қайғылы өмірінің көрінісіндей болған құрғыр аяқтары Құрмантай кешіп жүрген өмірсымақ күндердің күрсіністі күйінің нәтижесіндей. «Төрт қызықты» тұманды көңілмен көз алдынан өткізе, бесінші қызығын аңсаған сәттерінде осы тобан аяғы «желдің өтін «шым еткізіп тәніне қарып басып тұрған мұздақ боранды түн есіне түссе, бір сұмдық қорлық көргендей мең-зең болған Құрмантайдың басы бір сәтке шайдай ашылады.
«Он үш жыл кісі есігінде жүрген ақымды малдай алғанда да, соған бір қатын түспей ме? Осы Жоламаннан шығып-ақ кетсем қайтеді, осыдан ақы дауласам қайтеді? – деп бір ойлайды. Бірақ, қиыр-шиыр ғұмырдың тәуелділік қамыты есеңгірткен Құрмантайға бұл күйден үзіле жұлқынып шығу, әсте оңай емес. Ол тез басылады. «Қой, Жоламаннан ақы өндіру оңай болмас». Түпсіз ойдың шегіне жетіп, нәтиже шығарарлық шешімді әрекет істеу «селқос қана атына мініп, жылқыға жүріп кеткен» кедей Құрмантайдың ойына келе қоймайды.
Дүрбелеңге толы жаңа заманның жақындағанын жұрт сезсе де, басы айналған Құрмантай сезер емес. Елдің ескі өмірінде Құрмантай секілді кедейлер жалғыз емес. Жоламандар да жалқы тұрған жоқ. «Жұртқа әділдік үйреткенде аққан суды теріс ағызар молда-екеш молда да» үйтіп-бүйтіп Құрмантайды Жоламанға орышты етеді. Сонда ол: «Жетім қалғаннан адам қылды. Үсті-басыңды бүтіндеп қойды; тауық жылы айдай әлем қырылып жатқанда, өлтірмей шығарды. Жоламанның әлі де екі жыл жүргізетін ақысы бар» - дейді. Ал, ауыл-аймақ әділетсіз өмірді, Құрмантайдың арам тер болған, берекетсіз бейнетін сөз етеді. Аяныш қылады...
Шағын әңгіме шебер қаламгердің қолынан иі қанып, ширыға өрбиді. Ел жуандарының басына зобалаң күн туып, қым-қуат әбігерге түсіп жатса да Құрмантайдың ештеңенің байыбына барып, түсінер емес. Шабдар қасқа атпенен құйғытып келген Жоламанның ортаншы баласы Қайдар зілді бұйрықпен жылқыны беске бөлгізгенде де: – «Бұл не, жау тиіп қалды ме екен?» - деп жөнімен жүріп, үн-түнсіз жылқы бөле бастаған күйі түсінікті-ақ. Өйткені, көпшілік қоныстанған аймақтан алыс, «ала адырдың күнбатыс жақ баурайында» қостанып жылқы бағатын, алдындағы малымен ғана әуре болып жүрген Құрмантайлар жалғыз. Көптен жырақ. Дегенмен де, айқай-шуы мол күндер із-тозсыз кетпейді. Сержанмен сыр тартысып, әңгіме іздеген Құрмантай жанын түртпектеген «не жау шапты?» - деген жалғыз сауалдың жауабын жарлының ауылнайы Таңат шақырып кеткен жиылыстан естиді. «Әнес жігіттің ағызып сөйлеген сөзі» санасының сарайына қонақтаған соң, Құрмантай да қызып кетті. Бүгінге дейін өмірдің өзі алып, қашып, ұстатпай жүрген бесінші қызығының сырын ұғады. Көп жылдар бойы сорлатып келген: «басыңнан бейнет арылмасын!» деген лағынетты құдайдың қарғысындай қабылдап, үн-түнсіз қабылдап, үн-түнсіз жүрген Құрмантайдың ендігі күрсінісі ашу-кекке толы айқайға ұласты.
«Жоламанның малын үлестіргенде қатындарын да үлестіретін шығар», «Жоламанның сау аяғын алып, өзіңе салдыртып ал», – деп келеке қылған Қалмандардың дыбысын аяқ асты етіп, жұрт шапалақ көтерді. «Шаңырағы төбесіне бір түсіп, малын талауға салсаң, мен ырзамын», - деген Қалмантай айқайы әуел баста түбі жоқ көрінген ұзақ ой-толғақтың ақырғы баспалдақтары еді. Құлдық бұғауы сынды. Құрмантайлар азаттық алды. Бір кездері «қара қожалақ көже», «қара қошқыл насыбай», «жең жастық ұйқы», «тас қорылдақ сүтті» ғана қол жетпес әдемі арман еткен Құрмантай өмірінде мүлдем жаңа белес басталды. Ол жарық өмірді жаңа көрді.
Құдайберген Жұбанов қаламынан туған осы әңгімеден біз тек қана шүбәсіз шындық пен риясыз ақиқатты сезінеміз. Кейіпкер басындағы адам төзгісіз ауыр қорлыққа оқырманы қоса күйзеледі. Мұнда қарапайым адамға ғана тән шынайылық бар. Төңкеріске дейінгі ел кедейінің көрген күйін, сана-сезімінің ояну дәреже-деңгейін суреттеуде ешқандай асырып айтушылық жоқ. Ал, әңгіменің осы тектес тақырыптық-мазмұндық құрылымын қаламгер өмір кешкен сонау заманалар талап еткен. ХХ ғасырдың 90-жылдарында кедейдің ауыр халі суреттелген, коммунистік партия, комсомол, кеңес өкіметі туралы жазылған шығармалар кейбіреулерге жат көрініп, өміршең туындылар қатарынан сызылып жатты. Дегенмен де, замана, қоғам тарихын ешкім қолдан жасай алмасы белгілі. Өткен тарихтың қажетті, қажетсіз кезеңдері бар анаусы − ұнамды, мынаусы − ұнамсыз деп, қолдағы мұраны жікке бөлгеніміз өткен жолымызды, тарихымызды жоққа шығару болуы да ғажап емес. Осы тұрғыдан алғанда Құдайберген Жұбановтың «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір» памфлетінің өміршеңдігінің себебі де өзінен-өзі туындайды. «Көменес партиясы мен кеңес өкіметі көп жасасын!» – деген ұран сөздері кездесетін тәуір туындыны қоғам талабына сай емес деп, әдебиет әлемінен аулақтау шарт десек, Құдайберген Жұбановтың шығармашылық қызметіне қиянат болар еді.
Шебер тілмен әсерлі жазылған бұл шығарманың көркемдік қыры да ерекше. Басты бейнені сом тұлғалы кейіпкер дәрежесіне көтерген жазушы еңбекпен есін жинаған, көнбіс мінезді ауыл адамының нанымды портретін жасаған. Әңгіме түйініндегі шиеленісте кейіпкердің ашынуын, берекесіз тірлігіне байланып, санасының маталып қалғандай жым-жырт күйде жүруін психологиялық жан-күйін автор дәлдікпен бере білген.
Қ.Жұбановтың қаламынан туған қандай шығармасын алсақ та, көзге ұрып бірден байқалып тұратын қыры, сөз табиғаты мен адам табиғатын, жан дүниесін терең түсініп, зерделей алатын психолог екендігі. Қатар жүріп Құдайберген Жұбановтың мұндай қырын аңғара білген Ж.Жолаев былай деп еске алады: «В то время большинство книг в личной библиотеке Худайбергена было по педагогике, психологии. Ежедневно до 2−3 часов ночи сидел он, склонив голову над книгой. Однажды я спросил его: «Худайберген, ты много читаешь книг по психологии, для чего это нужно?». Он ответил: «Когда ты работаешь среди людей, особенно среди молодежи, особенно детской, то вся работа будет вслепую».
Ешқашан ескірмес естеліктегі Жанғазы ақсақалдың айтқан әңгімесінен-ақ, Құдайберген Жұбановтың адам жанын терең түсіне білуге деген ұмтылысының нәтижесі «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір» памфлетінен де көрініс тапқанына көзіміз жетіп отыр.
Құдайберген Жұбанов суреттеуіндегі «ала адырдағы алалы жылқы», «қарағанды жырдан төбесі біздей болып шошайып көрінген жылқышы қосы», «күн аңқитып тас төбеге шыққан әзір» деген тәрізді пейзаждық суреттеулер табиғаттың жанды, бояуы қанық көріністері. Бас кейіпкер өз өмірінде санаулы ғана «қимас» сәттерді бастан кешіреді. Ал, жазушы сол Құрмантайдың бейнеті мол өміріндегі бірнеше мезетті, тәтті қас қағымдарды бейнелеуде істің жайын мың сан айналдырып түсіндіріп отырмайды, бар ойын бір-ақ ауыз сөзге сыйдырады: «дүниенің төрт қызығы». Автордың суреткер ретіндегі тапқырлығының бір қыры да осында жатыр. Шын шеберлік деген міне, осы.
Шығыс классиктерінің жарық жұлдызы Абулһасан Рудакидің рубаилерін әлем халқы «қол жетпестей жұпыны» деп бағалаған екен. Қ.Қ.Жұбановтың да әдебиет әлеміндегі асыл қазынасына да көрінгеннің қолы жете бермейтін қарапайымдылықтың тән екендігін көреміз. Сөздің сұлу шырайына терең мән берген сыншыл Абайды алғашқылардың бірі болып бағалаған Жұбановтың өз туындыларына да бей-жай көзжұмбайлықпен қарай алмайтындығы сөзсіз еді. Ал, оның көркем тілдің тұтынушысы ретіндегі сәттілігінің, әсем жұпынылығының» бір белгісі де осы «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір» памфлетінде жатқаны анық.
Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
Тақырыпқа байланысты слайд, буклет, зерттеу еңбектері, аудио, видео материалдар
