Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс( орта гасыр тарихы).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
199.68 Кб
Скачать

Қорытынды

VІ ғасырдың аяғында ерікті франктердің мұралық үлестері түгел, еркін бөгделенетін жер меншігіне айналдырылды. Бұл аллод деп атала бастады. Ертеректе, «Салий ақиқатында» мұра біткеннің бәрі осы терминмен аталған еді. Жылжымалы мүлікке үйлестіріп қарау жағынан аллод, ол кезде меншік ұғымында, ал жерге үйлестіру жағынан – тек қауым мүшесінің мұралық үлесі ретінде ғана қаралды. Еркін бөгделенетін жер меншігі ретінде аллодтың пайда болуының өзі қауым ішінде мүліктік және әлеуметтік жіктелудің бұдан былай да тереңдей түсіп, қауымның ыдырауына қарай жетеледі. Ф.Энгельстің айтуынша: «Аллод жер иелігінің тек алғашқы теңдігінің мүмкіншілігін туғызып қана қоймай, сонымен қатар оның қарама-қарсысына айналуының да қажеттілігін жасалы».

Франктердің арасындағы әлеуметтік жіктелу дами түскен сайын бұл жиналыстардағы жетекші роль неғұрлым ауқаттылау және ықпалдылау адамдардың қолдарына көше бастады. Олар жүздіктердің жиналыстарында «рахинбургтердің» немесе «қайырымды адамдардың» тобы болып саналады.

Өзін-өзі басқарушылық бәрінен де гөрі деревня қауымында толығырақ сақталды. Жүйелі түрде шақырылып тұрған селолық жиналыстарда қауымдастар өздерінің қызмет адамдарын сайлады және ұсақ-түйек право бұзушыларды соттап, марканың әдет-ғұрыптарын мүлтіксіз сақтауды бақылап отырды.

Пайдаланылған дебиеттер тізімі

  1. Сказкин С.Д. Орта ғасырлар тарихы Т.1 – Алматы – 1976 – 640 б

  2. Колесницкий. История средних веков – Москва – 1986 – 575 с

  3. А.З. Манфред. История Франции – Москва – 1972 – 361 с

  4. Карпов.С.П. История средних веков. Т. 1. Москва – 1990 – 495 с

  5. Карпов. С.П. История средних веков. Т. 2. Москва – 2000 – 432 с

  6. Гутнова Е.В. История европы в древнейших времен до наших дней в 8 т. Т. 2. Москва – 1992 – 808 с

ҚОСЫМША А

Франк королі халқына Салий заңын табыстауда. Француз көрінісі XIV ғасыр.

ҚОСЫМША Б

«Салий ақиқаты» - франктердің заңдар жинағы.

26