Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс( орта гасыр тарихы).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
199.68 Кб
Скачать

2.2. «Салий ақиқаты» бойынша франктердің шаруашылығының түрлері.

«Салий ақиқаты» бойынша астық пен малды, құстар мен қайықтарды және ауларды ұрлағаны үшін салынатын тым көп айыптар тіпті сол дәуірдің өзінде-ақ франктерде – жылжымалы мүлікке жеке меншікке бар болғандығының және оны заңның өте қатаң түрде қорғағандығының айғағы болып саналады. Ал, Бірақ «Салий ақиқаты» жерге деген жеке меншілікті әлі білмейтін еді. Әрбір деревняның шеңберінде тұрғындардың коллективі – қауымның негізін құрушы егіншілер, сол жердің меншікті иелері болып табылды. Негізінде «Салий ақиқатының» көне заманғы тексінде көрсетілгеніндей, Галлияны жаулап алынғаннан кейінгі алғашқы дәуірдің тұсында, франктік қауымдар көлемдігі жағынан өте әр түрлі және өзара бір-бірімен жақын туыс семьялардан құралған қоныстардан болып табылады.

Мұны король Хильпериктің «Салий ақиқаты» жоғарыда аталған тарауына өзгерту енгізу жөніндегі эдиктасынан айқын көруге болады. Бұл өзгерту бойынша өлген қожаның ұлдары болмаған күнде, оның жерін «Көршілері емес» , туған қызы немесе өлген адамның аға інісі яки апа-қарындасы мұраға алуға тиісті болды.

Мұнымен қатар қауымның, өз меншігіндегі емес, бірақ мүшелерінің жеке пайдалануындағы және өзінің бақылауына жататын жерлерге де бірқатар басқа праволары болды. Істің жай-жапсарына қарағанда, франктердің егіншілік кәсібінде, сірә, егіс «ашық танап системасы» болса керек: егінді жинап алғаннан кейінгі барлық шабындық үлестер ортақ жайылымға айналдырылды және бұл уақытта оларды қоршаған шақпақтардың бәрі де алынып тасталды. Үй маңындағы шаруашылық пен егістік және шабыстық үлестерге кірмейтін жерлердің бәрі де ортақ иелікте қала берді. Қауымның әрбір мүшесінің осы пайдаланатын жерлерден алатын тең үлестері болды.

Реакцияшыл буржуазияшыл тарихшылардың Ү-ҮІ ғасырлардағы франктерге жерге толық жеке меншіктілік үстемдік еткен еді деген пікірлеріне қарамастан, «Салий ақиқатының» бірқатар тараулары франктерде қауымдардың болғандығын айқын көрсетеді. Мысалы, ХІҮ тарауда: «Егерде біреудің басқа бір виллада тұратын екінші біреуге қоныс аударып көшіп барғысы келсе және егер оны сол вилладағы тұрғындардың біреуі немесе бірнешеуі қабылдауға ризашылық білдіріп, ал бірақ бір адам болса да оның көшіп келуіне қарсылық жасаса, онда әлгі көшкісі келген кісінің қоныс аударуға правосы болмайды» делінген Ал егерде 12 айдың ішінде ешқандай наразылық жасалмаса, онда келімсек «басқа көршілер сияқты» деревняда орналасып қала берді. Бұл жерде «көршілер» өздерінің деревнясындағы жер қатынастарының бәрін де реттеп отырушы қауым мүшелері ретінде көрініп отыр.

«Салий ақиқатының» ХХҮІІ тарауында жерге қауымдық меншік туралы және орман-тоғайды қауымдық бірлесіп пайдалану жөнінде, ал «ақиқаттың» ІІІ тарауында көршілес отырған үш деревняның сиыр табындары үшін бір ортақбұқа ұстау жөнінде баяндалады. Бұл жағдай, әлбетте, жер мен орман-тоғайға қауымдық меншіктің және бірнеше село үшін ортақ жайылымның болғандығын растайды.

«Салий ақиқатының» кепілдігіне қарағанда, франк қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымының негізі болған қауым, Ү-ҮІ ғасырлар егінші қауымнан көршілес қауымға – маркаға өту кезеңі болып табылды. Бұл қауым – маркада енді дара шағын семьялардың үлестік жерге жеке меншіктілігі үстемдік етті, ал бірақ орман-тоғаймен бос жатқан жерлерге, жайылымдарына және тағы басқаларына қауымдық меншіктілік сақталып қала берді. Галлияны жаулап алғанға шейін франктерде жердің жеке меншік иесі жеке-жеке үлкен семьяларға ыдырап бөліне бастаған ру болған еді. мүліктің және әлеуметтік жікелудің басталуы франктердің рулық қарым- қатынастарын әлсіретіп, үлкен семьялардың шығуларын даярлады. Осы жаңа территорияларда соңғы кезде көршілер қауымы - марка қалыптасып орнықты. Ф.Энгельстің айтуынша: «Ру маркаға сіңісіп, білінбей кетті, алайда марканың қауым мүшелерінің туыстық қатынастарынан туғандығының белгісі маркадан жиі сезіле беретін еді».

«Салилік ақиқат» бойынша франктердің шаруашылығы және кең көлемдік ұйымдары. ҮІ ғасырда франктердің негізгі шаруашылығы болып – жер саналған және екі егістік жерге өктемдік етті. Дәнді-дақылдар мен – қара бидай, бидай, сұлы, арпа мен қатар бұршақтұқымдастарын, зығыр еккен. Белсенді түрде бау-бақша, жүзім шаруашылығы дамыды. Ауылшаруашылығында әр түрлі малдарды ұстады: өгіздер, қатырлар, есектер. Олар қол диірменінің орнына енді су диірмендерін қолданды. Франктер көп сан мөлшерінде ірі қаралармен, ұсақ малдарды асырады: қой, ешкі және шошқа және әр түрлі үй хайуанаттарын, құстарын асырады, және аңшылықпен, балық аулаумен, балшаруашылығымен айналысты. Франктықтардың шаруашылығын прогресті түрде дамуы тек ішкі дамуды қалыптастырып қана қоймады, сонымен қатар германдықтармен ауылшаруашылығын жүргізу әдәстерімен алмасуды жүргізді. Олар Рим территориясын жаулап алған кезде осындай жағдайларға душар болды.

Франктерде Ү және ҮІ ғасырларда индивидуалдылық-отбасылық меншік пайда бола бастады. Ол туралы «Салилік ақиқаттың» ІХ тарауында айтылған. Осыған байланысты жердің мұрагерлікке берілуі жылжитын мүлікке қарағанда айырмашылық болды. Жердің мұрагерлікке берілуі тек ер адамдарға берілді, отбасында қайтыс болған адамның баласына ғана берілді және әйел адамдары жерге мұрагерлік етуден шеттетілді. Орманды, батпақта, шөлді жерлер, жолдар жалпы пайдалануда болды, яғни қоғамның әр мүшесі тең құқықты түрде пайдалана алды.

Буржуаздық тарихшылар ХІХ-ХХ ғасырларда франктерде Ү-ҮІ ғасырларда жерде иемдену жеке меншікте болды деп айтқан.

Хильперик королі тұсында «Салийлік ақиқатқа» кейбір тарауларына өзгерістер енгізді. Бұл жаңа қабылданған қаулы бойынша жерге өктемдік жүргізуші қайтыс болған жағдайда, оның баласы болмаса, мұрагер ретінде қызы, ағалары немесе қайтыс болған жер иесінің қарындас-әпкелері жерді иемдене алады. Бұл қаулыдағы өзгеріс тек жалпыға немесе ауылдастарына жер берілмейтін болып шешілді. ҮІ ғасырдың соңында орманды және шалғынды жерлер жеке меншік иесінің қорына өтіп отырды ҮІ ғасырда индивидуалды отбасылар бірігіп, үлкен коллективтік меншікті қалыптастырды. Ол өз кезегінде қоғамдық жерге меншік ету алғашқы қауымдық құрылыстан феодалдық кезеңнің қалыптасуына мүмкіндіктер туғызды.

Рулық қарым-қатынастардың жұрнақтарын «салий ақиқаты» айқын бейнелейді: жаулап алынғаннан кейін де бірсыпыра қауымдар көбінесе ағайын-туғандардан құралды; ерікті франктің тұрмысында руластар бұрынғысынша үлкен роль атқарумен болды. Егерде франкті біреу-міреу өлтірген болса, онда оның құны үщін алынатын ақшалай айыпты тек өлген кісінің семьясы ғана емес, сонымен қатар әрі оның әкесі , әрі шешесі жағынан да жақын туған-туыстары бірге бөлісіп алатын болды. Осы туған туыстардан құрылған жақын одаққа «алтыншы буынға дейінгі» барлық руластар кірді және осы одақ мүшелерінің бәрі де қоса алғанда ант бергендер ретінде тиісті тәртіп бойынша сотта шығып сөйлеу міндетті болды. Осы одақтың мүшелері тағы да руластарының не құн төлеуіне немесе құн алуына және рулас біреуінің артында қалған жесірі екінші рет күйеуге шығарда төленілетін немесе алынатын ерекше жарнаға қатысып отыратын болды.

Ал, бірақ сонымен қатар «Салий ақиқаты» рулық қатынастардың ыдырап, құлдырау процесінде көрсетеді. Рулық ұйым мүшелері арасынан мүліктің жіктелу де байқала бастайды. Мысалы, «Бір уыс топырақ туралы» LҮІІІ тарауда кедей және ауқатты руластар туралы айтылған. Егерде ру мүшелерінің біреуі кедейлігінің тумасының құн төлеуіне көмектесе алмайтын болса, онда ол «тым ауқаттылардың ішінен біреуіне бір уыс топырақ лақтырып, оған заң бойынша бәрін төлеттіруге тиісті болды. Мүліктің жіктелуіне байланысты туыстар одағынан, оның тым ауқатты мүшелерінің шығып кетуге тырысушылығы да байқала бастайды.

«Салий ақиқатының» LІ тарауы туысқандықтан бас тартудың процедурасын толық сипаттайды. Процедураның кезінде бас тартушы кісі сот мәжілістерінде көп алдында – қоса ант берушіліктен, құн төлеп және құн алуға қатысудан, мұра алудан және тумалар арасындағы басқа да есептерден бас тартуға тиісті болды. «Туысқандықтан бас тартушылық», шындығында үлкен семьядан ересек аға-інілерінің біреуінің бөлініп шығып өз алдына дара шағын отау тігушілігі болып табылды.

Сөйтіп, руластардың арасындағы мүліктің жіктелушіліктің дамуы рулық қарым-қатынастардың әлсіреуіне, үлкен семьялардың дара-дара шағын семьяларға ыдырап бөлінушілігіне, ал содан соң шағын семьялардың жеке меншікті жерге ие болуларына әкеліп соқты.

ҮІ ғасырдың аяғында ерікті франктердің мұралық үлестері түгел, еркін бөгделенетін жер меншігіне айналдырылды. Бұл аллод деп атала бастады. Ертеректе, «Салий ақиқатында» мұра біткеннің бәрі осы терминмен аталған еді. Жылжымалы мүлікке үйлестіріп қарау жағынан аллод, ол кезде меншік ұғымында, ал жерге үйлестіру жағынан – тек қауым мүшесінің мұралық үлесі ретінде ғана қаралды. Еркін бөгделенетін жер меншігі ретінде аллодтың пайда болуының өзі қауым ішінде мүліктік және әлеуметтік жіктелудің бұдан былай да тереңдей түсіп, қауымның ыдырауына қарай жетеледі. Ф.Энгельстің айтуынша: «Аллод жер иелігінің тек алғашқы теңдігінің мүмкіншілігін туғызып қана қоймай, сонымен қатар оның қарама-қарсысына айналуының да қажеттілігін жасады».

Аллодтың пайда болуына байланысты егінші қауымның көршілестікке, әдетте қауым-марка деп аталған, территориялық қауымға айналу процесі аяқталды. Қауым-марка енді бұрынғыдай руластардан емес, көршілерден құралды. Мұнда қауым-марка мүшесінің әрқайсысы енді – дара шағын семьяның қожасы болып саналды және ол өзінің жер үлесінің аллодының – толық меншікті иесі болып табылды. Қауымның правосы марканың тек әлі бөлінбей жатқан жерлеріне ған жүретін болды. Бұл жерлер бұрынғыдай қауым мүшелерінің коллективтік пайдалануында қала берді. Алайда ҮІ ғасырдың аяғына таман кейбір шалғын және орман учаскелері де жиі-жиі жеке қауымдастардың аллодтық меншігіне көше бастайды.

ҮІ ғасырдың аяғына таман франктерде қалыптасқан қауым-марка қауымдық жер иеленудің ең соңғы формасы болып табылды. Қауым-марканың шеңберінде енді алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы аяқталып таптық феодалдық қатынастар пайда бола бастады.[1-118 б]