ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмыс
Пәні: Орта ғасырлар тарихы.
Тақырыбы: Салий ақиқаты.
Айткенов Сағыныш Төлеубекұлы
2 курс
Мамандық: 5В011400 Тарих
Ғылыми жетекші: Керейбаева А.С.
Семей 2015 .
Мазмұны
І. Кіріспе......................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Франктер олардың королі Хлодвиг....................................................5-8
2.2. «Салий ақиқаты» бойынша франктердің шаруашылығының түрлері............................................................................................................ 9-14
2.3. Меровинг дәуіріндегі франк қоғамының әлеуметтік жіктелуі.......15-22
ІІІ. Қорытынды.................................................................................................. 23
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................24
КІРІСПЕ
Жұмыстың мақсаты:
«Салий ақиқаты» бойынша франктердің шаруашылығының өзектілігін ашу.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
Франктер, олардың королі Хлодвиг туралы айту;
Сол кезеңдегі шаруашылықтың түрлеріне тоқталу;
Салий ақиқатының мәніне тоқталу;
Меровинг кезеңіне сипаттама беру;
Жұмыстың өзектілігі
Ү ғ. соңында франктердің барлық тайпаларын Меровей руынан шыққан Хлодвиг өз қоластына біріктірді. Кейде қулықпен, кейде қаталдықпен әрекет жасай жүріп ол барлық франк көсемдерін жойып, жеке дара билеуші болды. Тайпаластары оның шайқастарда жолы болғыштығын қатты құрметтеді. 486 ж. ол Римнің иелігіндегі Галлияның билеушісін талқандап, империяның осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.
Хлодвиг христиан ілімін терең біле алған жоқ, оның үстіне ол үлгілі христиан да бола алмады. Бірақ оның істегені өте ақылдылық болды. Сол кезден бастап франктер мен римдіктер біртіндеп бір халыққа айнала бастады, өйткені оларды дін алшақтатқан жоқ. Оның үстіне христиандық франктерге Рим Мәдениетінің көп қырларымен танысуға мүмкіндік берді.
Жұмыстың тарихнамасы
Франктердегі Үлкен ірі жер иелігі Галлияны жаулап алу заманынан, қауымның шеңберінде әлі аллодтық жеке меншік пайда болмай тұрған уақытта-ақ қалыптаса бастаған еді. Оның мирасқорлары қауымдар арасында бөліске түспей бос жатқан, әуел баста бүкіл халықтың дәулеті деп саналынған жерлерді бірте-бірте басып алды. Осы қордың жерін Франк корольдері өздерінің ең жақындары мен шіркеулерге толық меншік етіп тарту ретінде молынан үлестіріп берді. Міне, осылайша ҮІ ғасырдың аяғында-ақ франк қоғамында үлкен жер иелерінің – болашақ феодалдардың табы пайда болуға айналды. Олардың иеліктерінде , құлдармен қатар енді жартылай еріктілер де – Рим правосы бойынша басы азат етілсе де міндеттемелерді атқаруға тиісті, римдіктер және басқалары жұмыс істеп қаналынды.
Жаулап алуға байланысты, Энгельстің айтуынша: «Әскер басыларының өкіметін король өкіметіне айналдырудың кезі жетті, сонымен оның өкіметі король өкіметіне айналды да».
«Салийлік ақиқат». Франктердің қоғамдық құрылысын зерттеудің меровиндік кезеңде негізгі көзі болып, «Салийлік ақиқат» болып табылады. ҮІ ғасырдың басында Хлодвиг кезеңінде «Салийлік ақиқат» салийлік франктердің соттық дәстүрін көрсеткен. Мұнда басқа варварлық ақиқаттармен салыстырғанда римдік әсер аз болған және ол сыртқы белгісінде анық көрінеді:латын тілі, римдік ақша бірлігінің ақысы. «Салийлік ақиқат» алғашқықауымдық кезеңдегідей көрінеді, және галло-римдік тұрғындардың өмірлік және құқықтық дәрежесінде көрініс береді. Бірақ ҮІ-ІХ ғасырлар аралығында франктік корольдер «Салийлік ақиқатқа» жаңа қосымшалар ендірді. Сол себептенде эволюциялық дамуда құлдық кезеңнен феодалдық франктық қоғамда да толық сәйкес болды.
«Салий ақиқаты» бойынша астық пен малды, құстар мен қайықтарды және ауларды ұрлағаны үшін салынатын тым көп айыптар тіпті сол дәуірдің өзінде-ақ франктерде – жылжымалы мүлікке жеке меншікке бар болғандығының және оны заңның өте қатаң түрде қорғағандығының айғағы болып саналады. Ал, Бірақ «Салий ақиқаты» жерге деген жеке меншілікті әлі білмейтін еді. Әрбір деревняның шеңберінде тұрғындардың коллективі – қауымның негізін құрушы егіншілер, сол жердің меншікті иелері болып табылды.
2.1. Франктер олардың королі Хлодвиг.
Каталаун жазығындағы жойқын шайқаста Еділдің әскеріне қарсы франктердің тайпасы да соғысты. Франктердің даңқы соғысу шеберлігімен шықты. Жаулары франктердің, әсіресе көздеген нысанасына үлкен күшпен және дәл тигізетін айбалталарынан қорықты. Франктер алдымен Рейннің төменгі ағысының бойында, Рим Галлиясының шекарасында тұрды.
Мүмкін галл-римдіктермен өте жақын көрші тұрғанынан болар көптеген басқа германдардан франктердің сырттай едәуір айырмашылықтары бар еді. Франктер, мәселен, готтар мен ұзын сақалдылар сияқты аңның терісінен емес, матадан тігілген киім киетін. Сонымен қатар олар шаштарын алдырып, сақалдарын қыратын. Ұзын шаш қоюға тек король отбасының мүшелері ғана ерікті болды.
Ү ғ. соңында франктердің барлық тайпаларын Меровей руынан шыққан Хлодвиг өз қоластына біріктірді. Кейде қулықпен, кейде қаталдықпен әрекет жасай жүріп ол барлық франк көсемдерін жойып, жеке дара билеуші болды. Тайпаластары оның шайқастарда жолы болғыштығын қатты құрметтеді. 486 ж. ол Римнің иелігіндегі Галлияның билеушісін талқандап, империяның осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.
Хлодвиг негізін салған корольдік әулет тұңғыш корольдігін аңызға айналған бабасының құрметіне Меровингтер әулеті деп аталды. Меровингтер Франк корольдігін ҮІІІ ғ. ортасына дейін биледі.
Варварлық тайпаның көсеміне үлкен елдің корольдігіне дейінгі жол жеңіл де емес. Хлодвигке өз тайпаластарының қарсылығын жеңуге тура келді. Өйткені олардың көпшілігі оның көтерілуін азат франктердің ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен құқығын тәркі ету деп түсінді. «Біздің көсеміміз өзіне билікті тым көп алып қойған жоқ па?» деп күңкілдеді.
Өзгелермен салыстырғанда саны аз жаулап алушы – франктердің көсеміне жергілікті тұрғындар – галл-римдіктермен қарым-қатынасты жөндеу керек болды. Хлодвиг бұл жерде тамаша шешім тапты.
Рим шіркеуі өзіне таптырмайтын одақтас бола алатынын түсінген Хлодвиг 498 ж. варварлар көсемінің ішінде бірінші болып христиандықты ариандық түрде емес, римдік үлгіде қабылдады. Ол пұтқа табынуды тастап, өзінің жасағымен бірге шоқынды, бұдан кейін өзге франктер де солай етті.
Өзіңнің тәкәппар басыңды еңкейт , - деді Хлодвигке, оны шоқындырған Реймскийдің архиепископы Ремигий, - «бұрын табынғаныңды жағып жібер де қазір сені жылытқанға табын!». Әрине, көптеген франктер Хлодвигтің дінін өзгерту туралы шешімін мақұлдаған жоқ, бірақ өз корольдерінен қорықты. Есесіне римдіктер өте риза болды. «Сіздің сеніміңіз, - деп жазды Хлодвигке олардың біреуі, - ол біздің жеңісіміз!».
Хлодвиг христиан ілімін терең біле алған жоқ, оның үстіне ол үлгілі христиан да бола алмады. Бірақ оның істегені өте ақылдылық болды. Сол кезден бастап франктер мен римдіктер біртіндеп бір халыққа айнала бастады, өйткені оларды дін алшақтатқан жоқ. Оның үстіне христиандық франктерге Рим Мәдениетінің көп қырларымен танысуға мүмкіндік берді.
Христиандықты қабылдау нәтижесінде Хлодвиг беделді галл-епископының қолдауына қол жеткізді. Бірақ Хлодвиг жаңа діннің тағы бір артықшылығын аңғарған болуы мүмкін. Өйткені христиандық «барлық билік Құдайдан» деп үйретеді, демек бұл Хлодвигпен оның мұрагерлеріне де қатысты. Христиан дінін қабылдау корольді күшейтіп, оны барлық тайпаластарынан биікке көтерді.
Не Хлодвиг, не ұрпақтарының бірі франктердің ежелгі заңдарын хатқа түсіруге бұйрық берген. Дәлірек айтқанда бұл заң емес, әдет-ғұрыптар. Заңдарды білгір заңгерлер монархтар мен парламент үшін жазады да, кейінгілер оны өз атынан жариялайды. Ерте орта ғасырларда мәселе басқаша болды. ешкімге жаңа заң «ойлап табуға» рұқсат етілген жоқ. тек бұрынғы әдет-ғұрыптар ғана басшылыққа алынды. Ол кезде адамдар, тек ескі ережелер ғана дұрыс, ал кез-келген жаңасы зиян келтіреді деп есептеді. Сот мәжілісінде бір айрықша іс қаралып жатқанда сенім артылған адамдар мұндай жағдайда әдет-ғұрып нені талап ететінін « еске түсіруі» тиіс болды. Бұл кезде адамдар еріктерінен тыс, өздері де байқамай ескі әдет-ғұрыптарға аздап түзету жасайтын. Бірақ өздері ата-бабаларынан қалған қағидаларды басшылыққа алып отырғанына әбден сенімді болды.
Адамдардың арасындағы қатынас жазба заң арқылы емес, ауызша әдет-ғұрып бойынша реттелгенде оны дағдылы құқықты пайдалану деп атайды. Дағдылы құқық бұрын, әсіресе ерте ортағасырларда кеңінен пайдаланылды. Жаңа заң шығарғысы келген ол кездің корольдері көпшіліктің наразылығынан қорықса, бүгінде бақытсыздыққа орай, жұрттың бәрі ұмытып кеткен өте ертедегі ежелгі салтымызды таптым немесе еске түсірдім деп жиі жариялайтын.
486 жылы, франктердің жаулап алу нәтижесінде, Солтүстік Галлияда, Франк мемлекеті пайда болды. Мұны салий франктерінің Меровей руынан шыққан көсемі Хлодвиг басқарды. Франк мемлекеті тарихының ең алғашқы дәуірі – Ү ғасырдың аяғынан – ҮІІ ғасырдың аяғына дейінгі дәуір, - әдетте меровингтік деп шартты түрде аталатын дәуірі – міне, осылайша басталған еді.
Хлодвигтің тұсында Аквитания, ал оның мирасқорларының тұсында – Бургундия жаулап алынды. Остготтар франктерге Провансты беріп қойды, сөйтіп, ҮІ ғасырдың ортасына қарай Франк мемлекеті Галлияның бұрынғы римдік провинциясының барлық территориясын дерлік өзіне қосып алды. Франктер сонымен бірге Рейннің сырт жағында бірқатар Герман тайпаларын да өзіне бағындырды: франктердің жоғарғы өкіметін тюрингтер мен алемандар және баварлар да мойындады; сакстар оларға жыл сайын алым төлеп тұруға көндірілді.
Хлодвигтің бұйрғымен жазылған франгтердің ескі дәстүрлері Еуропадағы дағдылы құқық ескерткіштерінің ең атақтыларының бірі болды. Ол Салий заңы немесе Салий шындығы деп аталды. Оның бұлай аталу себебі жинаққа франк тайпаларының бірінен саналатын тек салий франктерінің ғана заңдары енді.
Салт-дәстүрлерді жазып отыруға бұйрық беруі корольдің еріккеннің ермегі емес. Ең алдымен оның өзі бас заңгер болғысы келді. Енді франктер король мақұлдаған қағидалар – Салий шындығы бойынша соттаса берсін. Егер бұл ережелердің түсініксіз жері болса, франктер корольге жүгінетін болды. Ал ол заңдарды өзіне тиімді жағынан түсіндіріп береді. Оның үстіне король Салий шындығы қай заңды жазу керек немесе керек еместігін өзі іріктеген. Ежелгі салт-дәстүрлердің оны қанағаттандырмағандары ұмытылып кеткен сияқты болып, кірмей қалды да, ал тиімділері жинақта толық баяндалды.
Меровингтік дәуірдегі франктердің қоғамдық құрылысын зерттеу үшін ең маңызды дерек варварлық ақиқаттардың бірі – «Салий шындығы» болып табылады. Бұл ҮІ ғасырдың басындағы, әлі Хлодвигтің тірі кезінде жазылған Салий франктерінің сот әдет-ғұрыптарының жинағы болса керек. Тарихи дерек ретінде «Салий ақиқатының» құндылығы ең алдымен, онда франк қоғамының алғашқы қауымдық құрылыстан бастап феодализмге дейінгі эволюциясын бейнелеп беруінде еді.[1- 112 б]
