Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GiB (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.84 Кб
Скачать

23. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын сипаттаңыз.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған.Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар. Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына: • мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер;• үкіметтік емес мекемелер ;• коммер циялық мекемелер кіреді. Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады: • бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау; • қаржылық қолдау; • ақпараттық - талдау жағынан қолдау; • кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау;• материал ды -техни калық жағынан қолдау . Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз. Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды. Кәсіпкерлерді қолдаудың бірінші деңгейі- Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы облыстық орталықта орналасатын болады және кәсіпкерлік секторының қаржы және қаржы емес мемлекеттік қолдаудың қаржы интеграторы болады. Қызмет көрсету орталығы шеңберінде келесі көзқарастарда құрылған шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілеріне кешендік қолдау қамтамасыз етіледі:  — Ықпалдандыру, яғни шағын және орта кәсіпорындар соқтығып қалатын проблемаларын шешуге кешендік әдістемені жүзеге асыру үшін бар және жаңадан құрылатын кәсіпкерлікті қолдау құрылымдарының мүмкіндіктерін біріктіру;  — Ақпараттандыру, яғни кәсіпкерлікті қолдау құрылымдарының қызметін қазіргі заманғы әдістері және телекоммуникация құралдары негізінде ұйымдастыру, ең алдымен интернет желісі;  — Интерактивтік, шағын және орта кәсіпкерлер және кәсіпкерлікті қолдау құрылымдар арасында үзіліссіз ақпаратпен айырбастау тәртібінде жүйенің жұмыс істеуі, сонымен қатар кәсіпорынның қажеттіліктеріне қолдау құрылымдарының ақпараттық, функционалды бейімделу мақсатында шағын және орта бизнестің жағдайына мониторинг.

24. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің белгілері мен қағидаларын сипаттаңыз. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің басты мақсаты қоғамға қатысты инфрақұрылымдарды мемлекет және бизнестің тәжірибесі арқылы дамыту, яғни қоғамдық аса маңызды жобаларды экономикалық субъектілерге жоғары сапалы қызмет көрсете отырып аз шығымды әрі аз рискті қылып дамыту. Қазақстан үшін МЖӘ келесі мағынада қолданылады. МЖӘ - теңдестірілген шарттар негізінде мемлекет және жеке секторлардың арасында құрылған ынтымақтастық.   МЖӘ - нің басты мақсаттары проектілеу, қаржыландыру, салу, жөндеу, қайта құру немесе инфрақұрылым объектілеріне қызмет көрсету болып табылады. МЖӘ - нің басты қағидаттары:

  • Теңдік және бостандық

  • Келісімшарттың тұрақтылығы (оны өзгертіп және бейімдеуге мүмкіндігімен)

  • Үздіксіз қызме көрсету

  • Конкурстылығы

  • Ашықтық пен кері байланыстылығы

  • Қол сұқпаушылық

  • Кепілдіктер

  • Өтемділігі

  • Тең құқылық

МЖӘнің негізгі қағидаттары:

  • Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарым қатынастар

  • МЖӘдағы тараптар мемлекет және жеке секторларымен ұсынылған

  • МЖӘдағы тараптардың өзара әрекеттестігін белгілі келісімшарттар арқылы дайындау

  • Рисктерді, пайданы, құқықытарды және міндеттерді әріптестер арасында өзара тиімді бөлісу

  • МЖӘ объекті бойынша жеткен нәтижелілігін мемлекеттік секторы арқылы айқындау. МЖӘ - нің қағидалары мен белгілерінің ортақтығына қарамастан, халықаралық тәжірибеде МЖӘ терминінің ортақ анықтамасы, МЖӘнің жалпы қабылданған жіктелуі, және олардың қолдану сызбанұсқалары берілген жоқ.  Әр мемлекет өз экономикасына қолайлы болады деген ойдан шыға отырып оларға тәуелсіз анықтама береді.  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]