- •13.Экономикалық өсудің көрсеткіштерін, факторларын сипаттаңыз.
- •14.Бюрократизмнің көріну формаларын сипаттаңыз.
- •15.Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық-құқықтық нысандары бар және олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •21.Экономиканы мемлекеттік басқару органдарын көрсетіңіз және олардың негізгі функцияларын сипаттаңыз.
- •22. Қр Президенті н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы индустриялық инфрақұрылымдарды дамытудың мәні неде?
- •23. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын сипаттаңыз.
- •25. Қр Президенті н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытудың мәнін сипаттаңыз.
- •26. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды сипаттаңыз.
1.Экономикадағы мемлекеттің рөлі туралы түсініктердің эволюциясын сипаттаңыз. Экономикалық идеяларды дамытудағы меркантилизмнің тарихи ролі оның өкілдерінің шығармашылық мұраларының жағымды және жағымсыз элементеріне байланысты. Меркантилистердің тұжырымдамалары айналым аясында толығымен шаруашылық өмірдің тәжиребесіне арналды. Бұл сонымен бірге, оларға ғылыми айналымға көптеген экономикалық санаттарды еңгізуге, сауда қарыз операциялары мен ақша айналымы аумақтарында маңызды заңдылықтарды айқындауға жол берді. Бірақ олар экономиканың басқа аяларына әсері әрқашан бірдей болмады. Меркантилисттер отандық өнеркәсіп пен сауданың дамуы үшін ақшаны маңызды құрал ретінде заңды түрде қарастырғанымен, ұлттық экономикаға шетел инвестицияларын тартуға мән бермеді. Бұдан басқа олар үшін жұмыссыздық мәселесі де мәнсіз болды. “Ерікті жұмыссыздықтың” негізгі себебін аз уақытында цехтарда немесе фабрикалар мен зауаттарда жұмыс істеуді қаламауды тудыратын не “жалқаулық”, не “азғандық” деп санады. Физиократтар - XVIII ғасырдың саяси-экономикалық ағым, негізін қалаған Франсуа Кене. Жерді байлықтың бірден-бір көзі ретінде қараған және сондықтан да салық салуға тұрарлық деп санаған. Физиократтар пікірінше, мемлекет шаруашылық қатынастарға араласпауы керек. Оның міндеті - қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Классикалық мектеп өкілдерінің ұстанымы бойынша мемлекет экономикада «түнгі күзетші» рөлін атқаруы тиіс. Кейнстік мектеп өкілдерінің ұстанымы бойынша мемлекет экономикаға белсенді түрде араласуы тиіс. Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.
|
||||||||||
2.Мемлекеттің қандай негізгі экономикалық функциялары бар? Сипаттама беріңіз.
|
||||||||||
|
||||||||||
3.Аралас экономиканың қандай модельдері бар және оларды сипаттаңыз. Аралас экономиканың 7 моделі бар.
4.Өтпелі экономиканың қандай модельдері бар, оларды сипаттаңыз. Өтпелі экономиканың өзіне тән 3 моделі бар:
Бархаттық революция моделі. Бұл модель орталықтан басқарудан нарықтық экономкаға жай және жұмсақ өтумен сипатталады.
|
||||||||||
5.Бюрократизмнің мәні және пайда болу себептерін көрсетіңіз. Бюрократизм - 1. демократиялық бақылаудың дамымауы немесе деградация жағдайындағы түрлі мемлекеттік және саяси ұйымдардың арнайы аппараты қызметкерлерінің қолына шынайы билік рычагтарының жеке мудде мақсатында шоғырлануы; 2. аппараттық билікпен басқарудың бюрократиялық жүйесі; 3. істің мәніне қарамастан қабылданған нормаларға ритуалды еру түрінде көрінетін, жеке мүдделі формализммен сипатталатын басқару стилі. «Бізде, мемлекеттік қызметте бірқатар проблемалар бар. Ең алдымен бұл мемлекеттік қызметтердегі сапаның төмендігі. Бір күнде 450 бұзушылық орын алады. Құжат айналымы деңгейін бюрократия деуге де болады, 1 қызметкерге келетін құжаттар саны 500-ге жетіп жығылады»,- деді Елбасы. “Бюрократия ” термині француз сөзінен аударғанда канцелярия үстемдігі деген мағынаны білдіріді. Бюрократизм басқарушыларға тиісті әлеуметтік ауру . Әлеуметтік-саясий аспектінде оның мәні - басқару аппаратының қоғамнан бөлінуі нәтижесінде, қоғам жұмыстарында бұйрық беру орнын пайдаланып еркін күш болу. Бюрократияның екі түрі белгілі:
Оңай шешім – бюрократияны мемлекетке теңестіру –жартылай дұрыс. Бір жағынан, бюрократизмнің пайда болуы тарихи даму деңгейінде қоғамға қарсы биліктің пайда болуымен байланысты. Бірақ, басқа жағынан бюрократия – бұл қоғам өміріні ұйымдастыруда нақты қызметтерінен айырылған мемлекет аппаратының бір бөлігі. Бюрократтар ерекше бір билігі жоқ қызметкерлер. Бюрократия-адамдарға обьективті заңдардың үстемдік етудің түрлерінің бірі. Бюрократизмнің теориялық және практикалық мәнін ашу үшін,оны үш маңызын қарастырып кетейік:
Бюрократияның пайда болу себебі:
Бірінші рет бюрократия концепциясын 1990 жылдардың басында нем. Ғалым М.Вебер еңгізген. Бюрократизм ұғымы іс жүргізуді ретке келтіру тұрғысынан қолданылады. Бюрократизмнің түп төркіні кеңесшілдік, төрешілдік, былайша айтқанда жұртшылдық пікірімен санаспай, дербес басшылық жасауға әуестенушілік. Бюрократизм – басшының жұмысты ұйымдастыруды өз қолына алуы, өз билігін сақтауы мен нығайтуы. Бюрократизм басшылық етудің ерекше стилі , онда ұжымның мүддесі мен еркінен тыс билік ету, нақты істі елеумешілік басым түседі. Бюрократ дегеніміз- өз міндетін немқұрайды орындайтын , іске зиян келтіретін , қағазбастылыққа салынатын, жүйедегі нақты мүмкіндіктерді ескермейтін лауазымды қызмет иесі. Бюрократ белгіленген ережелер мен қағидаларды арқа тұтып жауапкершіліктен қашады, өз ісіндегі қолайсыз жайттарды, осы нормативтерді шығарған жоғарғы басшылардан көреді. Сол себептіде ол өзінің қарамағында істейтін адамдарды формальді міндеттерін қалай орындағанынан қарай бағалайды. Бюрократизм ұжым инициативасын басып тастауға бейім, батыл, ізденісті, оңды пікірді ұнатпайды. Ал кадрларды бағалаумен қызметін жоғарылатуды өзі ұнатады, жеке басына қалтқысыз берілген адамдардан , жолдас- жораларынан туыстарынан іздестіреді. Себептері: кейбір басшылардың экономиканы жетік білмеуі , ойлаудағы шалағайлылығы, жаңа тәсілдерді үйренуге қабілетсіздігі немесе үйренгісі келмеуі, басқарудың кейбір ұйымдық құрылымының жетілдірілмеуі, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай білмеуі. Бюрократияның пайда болу формалары: -көп сатылы басшылыққа бейімділік . - берекесіздіктен , тартыншақтықтан , инициативасыздықтан және жоғарыдан нұсқау күтуге дағдыланғандықтан жүйедегі шешімді ұзаққа созу. - қарамағындағы адамдардың ұзақ – түйегіне дейін бақылау, олардың күнделікті қызметіне орынсыз араласу. - қағаз бастылыққа салыну, өзін сақтандыру мақсатында әрбір істелген істі құжатпен тіркеуі, іс қағаздарын ұлғайту, жедел басшылықты баяулату. Бюрократия- жұмысшы компетенциясын , жолдау- принципін , жұмыс көрсеткіштерін бағалау, ереже көрсеткіштерін бағалау , ереже және стандарт, нақты басқару иерархиясына негізделген мамандандырылған еңбек бөлінісі сипатындағы ұйым типі. Сондықтан бюрократиялық ұйымдық құрылым еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежесіне , басқару иерархиясын дамытуды сипаттайды. Жалпы Қазақстанның қазіргі жағдайын сипаттау және бюрократизмнің элементтерін көрсету үшін поркинсона заңына сүйенеміз. Оның пікірінше бюрократиялық басқару белгілері төмендегідей: Бюрократия өзін өзі реттейтін рыноктық, құндық тетіктерге түбегейлі экономикалық реформаларға әрдайым қарсы. Ал реформа болса жұмыс істеудің принципіжаңа әдістерін , кәсіптік біліктілікпен қазіргі есептеу техникасын пайдалана білуді, үнемі оқып, оны қайта пысықтауды ұсынады. Реформа басқару жүйесіндегі артық буындар мен баспалдақтарды анықтап, олардың халық шаруашылығына қаншалықты зиян екенін көрсетеді. Басқарушы аппарат тұрғысынан қарағанда бюрократизмнің төмендегідей себептері бар. Кесте №1
Басқарушы аппараттағы бюрократизм себептері
6.М Вебердің рационалды бюрократизм теориясының мәнін ашып көрсетіңіз. 1900-шы жылдардың басында неміс социологы М.Вебердің алғашқы тұжырымдамасы –бұл адамзат тарихындағы ең пайдалы идеялардың бірі болып табылады. Вебер теориясында нақты ұйымдардың сипаттамасы болған жоқ, Вебер бюрократияны ұйымдар қол жеткізуге ұмтылуы тиіс белгілі-бір нормативтік үлгі, идеал деп болжаған. Оңтайлы бюрократияның сипатамасы: 1) еңбектің анық бөлінуі, бұл әр лауазым бойынша біліктілігі жоғары мамандардың пайда болуына әкеліп соғады; 2) әрбір төменгі деңгейді жоғары тұрған деңгей бақылайтын және оған бағынатын басқару деңгейлерінің иерархиялығы; 3) қызметкерлердің өз міндеттерін біркелкі орындауын қамтамасыз ететін жалпы формалды ережелер мен стандарттардың өзара байланыстырылған жүйесінің болуы; 4) ресми тұлғалар өз лауазымдық міндеттерін орындайтын формалды дербестіктен айырылу рухы; 5) жұмысқа техникалық біліктілік талаптарына сәйкес жалдау. Қызметкерлердің жұмытан ерікті босатылуынан қорғалғандығы. Осылайша, бюрократиялық ұйымдастыру құрылымы еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен, басқарудың иерархиясының дамуымен сипатталады. Вебер мұндай құрылымды «оңтайлы» деп атады. Вебер жеке қисынсыз тілектер ұйым мақсаттарына қайшы келмеу керек деп санаған. Паркинсонның пікірі бойынша, бюрократиялық басқарудың негізгі белгілеріне мыналар жатады: жоғары орталықтандыру; лауазымды орынға тағайындалған функционерлердің жасырын болуы; жеке ведомстволардың (мекемелердің) саясаты әртүрлі, кейде тіпті қарама-қарсы болуы; дұрыс мағынаға көбінесе қарама-қайшы болып тұратын қатаң ережелердің қолданылуы; бюрократиялық әдістер мен ережелердің үздіксіз күрделенуі; басқару процестерінің қарқындарының жеткіліксіздігі.
7.Бюрократиялық элементтерден арылудың негізгі құралдары қандай? 8.Әкімшілік рента және қоғамдық таңдау теориясының мәнін ашып көрсетіңіз. Әкімшілік рента- субъектілердің иерархиялық статус пен қызметтік ережелерді пайдалана отырып пайда табуды көздеу болып келеді. Саяси процестерге қатысушыларға : сайлаушылар, саясаткерлер, бюро және бюрократтар, қысым жасау топтары мен лобби жатады. Кеңестік экономикада әкімшілік реттеумен байланысты қарапайым құқықтар әкімшілік рентаны шарасыз мойындады. Әкімшілік рентаны алуға ұмтылу әкімшілік құқықтардағы сауданы және жеңілдіктерді тудырды. Яғни қарапайым құқықтар нормасымен бекітілген.
9.Лоббизмнің мәні және лоббирлеу әдістерін сипаттаңыз. Лоббизм- социолистік шаруашылық тәжірибесінен бұрыннан белгілі. Ұжымдық іс-әрекет көп уақытпен күш шығынын талап етеді. Лоббизм- демократиялық саясат жүйесінің интегралды элементі болып табылады. Және ол саяси және құқықтық негіздемелерге ие. Жоғары квалификациялы іс-әрекет. Лобби, лоббизм- мемлекеттік органдарының заңдылық және әкімшілік қызметіндегі әр түрлі топ азаматтары ұйымдастырған жолға әсер ететін мүдделерді жүзеге асыру тәжірибесі және жүйесі. (Өзінің бағыты бойынша өз талабын ұстап тұру). Лобизммнің саяси мәніне келесі аспектілер жатады. 1. Лоббистік топ мемлекет және азамат арасындағы делдалдық функцияны орындайды. 2. Лоббизм қоғамдық мүдде плюрализмді ұйымдастыру қызметін орындайды. Лоббирования процестері әрқашан топ адамдары мен жүзеге асады. 3. Лоббизм демократиялық ( өкілеттіліктің ) представительстваның конституциялық жүйесін толықтырады. Жалпы Қазақстанда лоббизмді толықтай пайдалануды функциялау үшін төмендегілер қажет: 1. Міндетті заңдылық база құру. Яғни лоббизтік іс әрекет туралы заңын жасау және республика парламентімен қабылдау. 2. Парламенттік іс әрекеттің тәжірибесін арттыру, яғни құқық органдарының әртүрлі лоббистік командаларымен өзара іс әрекетінің парламенттік іс әрекет механизімін өңдеу және тәжірибеге енгізу. 3. Партогенез процесін аяқтау және мемлекеттік билікке әсер ету орталықтары ретіндегі күшті саяси партиялардың пайда болуы. 4. Күшті атқарушы билікке қарама қайшы салмақ ретінде болатын конструктивті оппазицияның құрылуы. 5. Лоббизм процесін реттеу құралдары мен әдістерін өңдеу. Бұл процес бүкіл лоббизм институттарының оның толық іріткі салуға дейін жеткізбеу үшін қарама-қайшы іс - әрекеттерді болдырмауға мүмкіндік береді. 6. Мемлекеттік және жеке ақпараттық – аналитикалық құрылым түріндегі "ми орталығы" потенциалын дәл, әрі белсенді қолдану.
5. Лоббистік іс-әрекеттің мағынасы мен оның әдістері
Лоббистік іс-әрекеттің экономикаға әсерін түсіну үшін ең алдымен бұл сөздің мәнін білу керек. Лобби , лоббизм (ағылшын тілінде lobbu кулуари) (парламентте , съезде, мәжіліс залы сыртындағы орын). АҚШ заңды органдары жанындағы ірі монополиялық агенттер мен контор жүйесі . Лоббизм түбірі өте тереңде , өйткені бұндай құбылыс адам табиғатымен сипатталады, яғни белгілі бір экономикалық мадақтауларға лайықты сөзі өтімді адамдар және мемлекет қайраткерлерінің тобы осы немесе басқа субъектілерге қолдау көрсетеді. Біздің елде лоббирования мүддесін цивилизованный деп атауға болмайды, кәсіпкерлер өз мүддесін қорғауда кез келген амалдарды қолданады. Қазақстанда лоббирализм бұрынғы кеңестік дәстүрі бойынша атқарушы билік кабинеттерінде және коридорда жүргізіледі. Лоббизм заңдылығы біздің парламентте бекітілген . Бізде лоббизм даму тенденциясында , бірақ оның жүзеге асуы құпиялы сипат. Атқарушы билік ортасында лоббирование бақыланып отырады. Қазақстандағы лоббизмді бірнеше деңгейге бөлуге болады: - Аймақтық - Қаржы- өнеркәсіптік - Шетелдік - Үкіметтік емес ұйым лоббиі. Президенттік лобби супер президенттік елде көп сферода қолданылады. Өйткені , президент барлық басқаруды жүзеге асырады. Оның бұйрығы бойынша президенттің парламенттік өкілі және қазыргі жұмыс жасап жатқан үкімет құрылды. Қабылданған тактика бойынша бұл өз кезегінде жұмыс әдісі , әсер етуші құрылым тиімділігі жақсы ұйымдастылылған , президенттің және атқарушы билік мүддесін қорғауды нәтижелі түрде көрсету болып табылады. Оның күшті жақтары – авторитет, өкілетті қолдау, шенеунік кәсіпқойлығы , шешім қабылдауда арнайы білімі, кулуарлы жағын және депутаттар мен олардың фракцияларын қолдау. Президенттік лоббиді әкімшілік - басқару аппаратына жататын үкіметтік деп атауға болады. Егер клан арасындағы қатынастар туысқандық байланыста негізгі рөлді атқарса , онда бұл бұл жағдайда қаржы-өнеркәсіптік ортаға туысқандарды ендіру, оларды квалификациялы дайындықтың жоқтығынан , оның әлсіреуіне әкеп соқтырады. Аймақтық лоббизмді кландықпен батыл салыстыруға болады. Аймақтық лоббизм шешімді қабылдаудың барлық деңгейінде аймақтық элитамен қарастырылады. Корпоративтік (салалық) лоббистерді жақсы қолдайды. Басты мүдде – қаржы түсімділігімен күресу. Республикада парламенттің құрылу принципі аймақтық лоббиге тиімді әсер етуіне жағдай жасайды, Аймақтық эканомиканың дамуы біркелкі еместігі, мемлекеттік және жергілікті бюджетті қалыптастыру және бөлуде күреске әкеп соқтырады. Шетелдік лоббирование кландық және президенттік , аймақтық лобби мен ешқандай байланысы жоқ түрде жеке бөлінуі мүмкін . Лоббизмнің бұл түрі шетелдік олигархиядан көрінеді, және оның Қазақстандағы позициясы нық , ал отандық бизнес өз шегінде жеңіліске ұшырайды. Үкіметтік емес ұйым лоббиі немесе үшінші сектор әртүрлі қоғамдық ұйымдармен көрсетіледі, (ҮЕҰ , комм. емес) мемлекет қоғамдық бірлестік ісіне араласа алмайды. ҮЕҰ көрсететін әлеуметтік топтың көптүрлілігі мүмкін болатын өкілеттіліктермен лоббирленген барлық экономикалық әлеуметтік және азаматтық мүдделерге жағдай жасайды. 10.Мемлекеттік меншік және мемлекеттік кәсіпкерліктің экономикалық маңызы қандай? Сипаттама беріңіз. Меншік – бұл адамның затқа деген көзқарасы ғана емес, бұл адамдар арасынлағы заттарға қатысты қатынасы. Кеңес әдебиетінде тек К.Маркс қана меншік категориясын адамдар арасындағы қарым-қатынас ретінде ашқан деп саналады. Алайда П.Ж.Прудонның анықтамасы бойынша («меншік – бұл ұрлық» танымал сөзі) меншік – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, себебі тек бір адам екіншісінен ұрлауы мүмкін. Мемлекеттік меншік – бұл қоғамдық меншіктің синонимі емес, себебі мемлекет – бұл бүкіл қоғам емес, оның бір бөлігі ғана. Оның үстіне, шенеуніктер мен мемлекеттік бюрократияның көбінесе қоғамның мүдделеріне сәйкес келмейтін өз мүддесі барМемлекеттік кәсіпкерлікті мемлекеттің кәсіпорындарды басқаруға тікелей әсер етуі деп түсінуге болады. Мемлекеттік экономика секторына қатысты (Ресейді мысал ретінде алсақ) мыналарды бөліп шығаруға болады: - мемлекеттік және муниципалды біртұтас кәсіпорындар; - 100-пайыздық мемлекеттік капиталы бар акционерлік қоғамдар; мемлекеттің үлесіне акциялардың бақылау пакеті немесе «алтын» акция жататын акционерлік қоғамдар; - мемлекеттік акциялар пакеті бақылаушы болып табылмайтын акционерлік қоғамдар. Бекітілген мүлікті меншіктену құқығына ие емес коммерциялық ұйым біртұтас кәсіпорын болып табылады. Біртұтас кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және салымдар бойынша, оның ішінде кәсіпорынның жұмыскерлері арасында үйлестірілуі мүмкін емес. Қазыналық (жедел басқару құқығына негізделген) біртұтас кәсіпорындар – қазыналық фабрикалар, зауыттар, қазыналық шаруашылықтар. Қазыналық зауыт кәсіпорынды өндіріс, бағалар саясаты, қаржылар, қызметкерлерді материалдық қаржыландыру мәселелері бойынша тікелей басқаратын атқөару билігі органының қарамағында болады. Мемлекет зауыттың жедел басқаруындағы артық, қолданылмайтын, немесе мақсаты бойынша қолданылмайтын мүлікті қолданылудан алып тастауға және оны өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Бұл орган қазыналық зауыттың жарғысын бекітеді, басшыны тағайындайды және қызметінен босатады. Мемлекеттік кәсіпкерлік – жүйелі түрде кіріс алуға бағытталған, мемлекеттік меншік нысанына негізделген және шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың атынан шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың бастамашылық қызметі; 11. Экономиканың мемлекеттік секторының тиімділігін және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын сипаттаңыз. Тарихи тұрғыда мемлекеттік меншіктің формалары мемлекеттің қоғам үстінде тұрған және қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық құрылымды қорғаудың спецификалық қызметін атқаратын ерекше аппарат ретіндегі қажеттілігінен туындайды. Мұндай қызметтерді атқару үшін мемлекет мемлекеттік билік органдарын, полиция, әскер, соттарды және т.б. материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті табыстар мен мүлікке ие болуы керек. Бұл басты орынды қазынаның ақшалай құрамы мен мемлекеттік бюджеттің ақшалай құралы басты орынды алатын мемлекеттің меншіктің қарапайым және таза түрі болып табылады.
Рыноктық шаруашылық белгілі бір жағдайларда инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіптің кейбір салаларын реконструкциялау, халық шаруашылығын арзан электр энергиясымен және шикізатпен қамтамасыз ету, жалпымемлекеттік деңгейдегі ғылыми-зерттеу, экспериментальдық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру мәселелерін шеше алмайды. Аталмыш мәселелерді мемлекеттік сектор өз мойнына алуға мәжбүр. Мемлекеттік кәсіпкерліктің өтпелі экономика жағдайындағы рөлі, мемлекеттік кәсіпорындарды, біріншіден, ұлттық экономиканың бәсекелік қабілетін арттыру (көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, металлургиядағы республиканың ұлттық компаниялары), өндірісті модернизациялау, ғылыми техникалық прогресс пен экономикалық даму деңгейін анықтайтын салаларды дамыту құралы ретінде, екіншіден, диспропорцияларды жеңу, циклдық тербелістерді қалпына келтіру және жұмыспен қамтуды ұстап тұру үшін қолдану қажет. Қандай да көлемде болмасын кез келген ел экономикасына мемлекеттік сектор қажетті және Еуропаның, Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдерінде, дамушы елдерде мемлекеттік секторға маңызды орын беріледі. Қазіргі таңда Еуропалық қауымдастықта мемлекеттің шаруашылық объектілерінде 8 млн адам жұмыспен қамтылған, бұл жалданып жұмыс істеушілердің 11%-і.ЖІӨ-гі мемлекеттік сектордың үлесі максималды ел Греция-23,2 %, минималдысы Нидерландыда-8,3%. Мемлекеттік кәсіпорындар энергетикада (Еуропалық қауымдастықта осы салада жұмыс істеушілердің шамамен 70%-і ), көлік және байланыста (шамамен 60%); қаржы секторында (30%) басым. Мемлекеттік сектордың әсері әсіресе Францияда, Италияда, Австрияда, Испанияда, Португалияда металлургия, кеме және машина жасау, химия, тамақ өнеркәсібі, көлік жасау,атом энергетикасы, ғарышты зерттеу секілді маңызды салаларда жоғары болып келеді.
12.Қазақстандағы жекешелендірудің кезеңдерін сипаттаңыз және жекешелендірудің қандай салдарлары болды? |
13.Экономикалық өсудің көрсеткіштерін, факторларын сипаттаңыз.
Экономикалық өсу дегеніміз қоғамдық өнімнің және өндіріс факторларының сандық және сапалық тұрғыдан жетілдірілуі. Экономикалық өсудің көрсеткіштері:
Статикалық экономикалық көрсеткіш.
Сипаттайды: әртүрлі процестердің қалыптасқан тепе-теңдік жағдайын
Көрсетеді: экономикалық дамудың бастапқы негізін
Қолданылады: өндірістің даму деңгейін салыстыру үшін
Сандық және сапалық көрсеткіш
Сипаттайды: физикалық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктермен
Анықталады: жан басына шаққандағы өндірілген жалпы ұлттық өнім көлемімен
Динамикалық көрсеткіш
Сипаттайды: белгілі бір уақыт кезеңінде өндірістің өсу қарқынын
Көрсетеді: өндірістің кеңею, ұлғаю жылдамдығын
Анықтайды: Елдің өндірістік мүмкіндіктерінің әлеуетін
Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.
Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.
Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар:
- Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
Жанама факторлар:
- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
