Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДиП АЛИХАН Word.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.8 Кб
Скачать

2.2. Азаматтық іс жүргізудегі істі мәні бойынша қарау ерекшелігі

Тараптар сотқа арыз бергеннен бастап ол даудың, конфликтінің қандай екенін білетін сот, енді іс қарау сатысында сол дауды қалай түсінетіні жайлы баяндайды. Істің мәнін дұрыс түсінетін болсақ, осы дауды баяндап тұрған сот, не судьяның оны қалай шешетініне де тығыз байланысты. Одан кейін: істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді, қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауынан басталады. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің шарттары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Талап қоюдан бас тарту қабылдағанға не талап қою мойындалғанға немесе тараптардың бітімгершілік келісімі бекітілгенге дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. ғйғарымда тараптардың сот бекітетін бітімгершілік келісімінің шарттары көрсетілуге тиіс. Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген тараптарды қанағаттардыру туралы шешім шығарады. Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауын қабылдамаған немесе бітімгершілік келісімін бекітпеген жағдайда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады [12,87].

Егер жауапкер талапты мойындаса, істі мәні бойынша қарап жатқан судья сот шығындарын тараптардың арасында бөлу мәселесін қарайды. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне бара-бар, ал жауапкерге – талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне бара-бар беріледі. Осыдан кейін барып сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тығдауды бастайды. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түініктемелерін тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы. Іске қатысушы адамдардың жазбаша түсіндірмелерін, сондай-ақ сот заңда көзделген тәртіппен алған түсіндірмелерді төрағалық етуші жария етеді. Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап және олардың пікірлерін ескеріп, өзге дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін белгілейді. Тараптар бәсекелестік принципін және дәлелдемелерді дәлелдеу міндеттелігін ескере отырып тәртіп бойынша жауап береді.

Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді [13,54].

Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған заңда көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және заңда көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды. Сот дәлелдемелерді әрбір іс бойынша даудың күрделілігі мен сипатына қарай нақты зерттеу тәртібін анықтайды. Бұл жағдайда бәсекелестік тараптардың теңдігі іс бойынша барлық дәлелдемелердің жан-жақты, толық объективті зерттелуін жүзеге асырады. Сот талдауы кезінде іске қатысушы тұлғалардың ұсынысы бойынша дәлелдемелерді зерттеу тәртібі өзгертілуі мүмкін. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібі бойынша сот ұйғарым шығарады. Ал куәлерден жауап алу жеке-жеке, басқа куәлер шығып кеткенде алынады, бұл дегеніміз бір куәнің екінші куәнің жауабына сай болмас үшін жасалады. Көрсетілген тәртіп беттестіру жасағанда қолданылмайды. Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды. Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады. Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдік сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы. Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады. Жауап әлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалана алады. бұ материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін [14,65].

Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады. Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс. Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады. Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.

Азаматтық істер сотқа түскен сәттен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздгін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде қаралып шешіледі [5,43].

Азаматтық істердің жекелеген санаттары үшін заңдарда өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін. Азаматтық істі қарау іске қатысушы адамдарды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын, іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын, процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың өз міндеттерін орындауын, процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды, қаралатыр іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастайды. Процеске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді. Төрағалық етуші сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолданады. Оның өкімі процеске қатысушылардың барлығы үшін, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшін міндетті. Істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: тараптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуғ, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбалары, кино, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарының материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.

Істі қарау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс. Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұраады. Іс шешім шығарусыз аяқталатын сот шешімін немесе сот ұйғарымын сот отырысы залындағы жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды. Процеске қатысушылар судьяға түреген тұрып жүгінеді және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтады. Осы ережені орындамауға төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін. Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залындағы барлық азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті. Істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды. Тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады. Іске қатыспайтын және істі қарау кезінде қатысушы азаматтар тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі. Сот отырысында тәртіп бұзуға кінәлі адамдарға сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен тікелей сотта іс қарау барысында әкімшілік жаза белгілеуге құқылы. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді. Істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың, барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін. Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді. Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды. Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді. Төрағалық етуші аудармашыға – оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді.

Төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Аудармашы сотқа келуден немесе өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін [15,76].

Келген куәлар сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуіне шаралар қолданады.

Төрағалық етуші сот құрамын жария етеді, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы аджамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді. Қарсылық білдіру үшін негіздер, мәлімденген қарсылықты шешу тәртібі және осындай мәлімдеулерді қанағаттандыру салдарлары заңмен айқындалады. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде тараптарға дауды шешу үшін аралық сотқа жүгіну құқығын және осындай әрекеттің салдарларын түсіндіреді. Іске қатысушы адамдардың және өкілдердің істі қарауға байланысты мәселелер жөніндегі өтінімдері іске қатысушы басқа адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымдарымен шешіледі. Іске қатысушы адамдар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті. Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қалдырылады. Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінші хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді танылған жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінші хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы. Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешімнің көшірмесін жіберуге туралы жазбаша өтінуге құқылы. Егер бұл істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Іске қатысатын адамның өтінімі бойынша сот оның өкілі дәлелді себептермен келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыра алады. Сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың істі олар жоқта қарау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдап, сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны ауыстыру мүмкіндігі болмаса, сот істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Егер шақырылған куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелді емес деп таныған себептер бойынша келмесе, олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Заңға сәйкес олар сондай-ақ мәжбүрлеп келтірілуі де мүмкін.

Сотта айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 353-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады. Заңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер сот процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі, қарсы талап қою, қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету, іке қатыстыруа басқа адамдарды тарту қажеттігі, өзге де әлдеқандай іс жүргізу әрекеттерін жасау қажеттілігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса, істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі.

Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі [16,87].

Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқықыл. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі. Төрағалық етуші сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді, қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауынан басталады. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің шарттары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Талап қоюдан бас тарту қабылдағанға не талап қою мойындалғанға немесе тараптардың бітімгершілік келісімі бекітілгенге дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. ғйғарымда тараптардың сот бекітетін бітімгершілік келісімінің шарттары көрсетілуге тиіс. Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген тараптарды қанағаттардыру туралы шешім шығарады. Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауын қабылдамаған немесе бітімгершілік келісімін бекітпеген жағдайда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түініктемелерін тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы. Іске қатысушы адамдардың жазбаша түсіндірмелерін, сондай-ақ сот заңда көзделген тәртіппен алған түсіндірмелерді төрағалық етуші жария етеді. Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап және олардың пікірлерін ескеріп, өзге дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін белгілейді. Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің кім екенін анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертеді. Куәға – сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақ беруден, ал діни қызметшілерге өздеріне тәубаға келу кезінде сенім білдіргендерге қарсы айғақ беруден бас тартуға құқығы барын түсіндіреді. Куәдан оған оның міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілгендігі туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.

Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды. Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады [17,64].

Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдік сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы. Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады. Жауап әлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалана алады. бұ материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін. Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады [18,34].

Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс. Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады. Куәлардың заңда көзделген тәртіппен жиналған айғақтары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар осы айғақтарға өз көзқарастарын білдіруге және олар бойынша түсініктемелер беруге құқылы. Заңда көзделген тәртіппен жасалған құжаттар немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі және – іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады. Азаматтардың жеке хат алысу және жеке телеграфтық хабар беру құпиясын қорғау мақсатында хат алысу мен телеграфтық хабарлар ашық сот отырысында тек хат алысқан немесе телеграфтық хабарлар алысқан адамдардың келісімімен ғана жария етілуі және зерттелуі мүмкін. Бұл адамдар келісім бермесе, олардың жеке хат алысулары мен жеке телеграфтық хабарлары жабық сот отырысында жария етіледі және зерттеледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады. Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар – іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарыпшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер көрсетілген адамдар қарап шығуға байланысты қандай да бір мән-жайларға сот назарын аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткізуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады. Қарау уақыты мен орны туралы іске қатысушы адамдарға, олардың өкілдеріне хабарланады, алайда олардың келмеуі қарауды жүргізуге кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады. Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсілдер, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қарау кезінде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердің фотосуреттері, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тіркеледі. Жеке сипаттағы дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету кезінде, сондай-ақ оларды зерттеу кезінде заңда көзделген ережелер қолданылады. Дыбыс жазбаны жария ету, бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшін арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі, сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгілері және жария ету уақыты көрсетіледі. Осыдан соң сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Қажет болған жағдайда дыбыс жазбасын жария ету және бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету толығымен немесе олардың әлдеқандай бөліктері қайталануы мүмкін. Дыбыс және бейнежазбалардағы, киноматериалдардағы мәліметтерді анықтау мақсатында сот маманды іске тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкін.

Сарапшы қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Қорытынды түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшығы сұрақтар қойылуы мүмкін [19,34].

Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң – іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшы мен оның өкілі сұрақ қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтінде сұрақтар қоюға құқылы. Сот қосымша сараптама тағайындай алады және заңда көзделген жағдайларда сот қайталама сараптама тағайындай алады. Қосымша сараптама тағайындау және жүргізу, қайталама сараптама – заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Жазбаша түрде берілген маманның консультациясы (түсіндірмесі) сот отырысында жария етіледі. Маманның ауызша консультациясы мен түсіндірмесі сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Консултацияны түсіндіру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақ қоюға құқылы. Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемелердің негізінде шешуді өтіне алады. Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді. Заң негізінде сот іске қатысуға жіберген мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Сот сондай-ақ іске қатысушы адамдар мен өкілдер қорытындылары түсіндіру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкілетті өкілдеріне сұрақтар қоя алады. Барлық дәлелдемелер қаралғаннан кейін судья іске қатысушы адамдар мен өкілдерден олардың іс материалдарын әлденелермен толықтыруға ниеттерінің бар жоғын анықтайды. Мұндай зерттеу аяқталды деп жариялап, сот соттағы жарыссөздерге көшеді. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.

Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң – жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді [20,23].

Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін соқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді [21,43].

Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады. соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді. Іс бойынша тарап болып табылмайтын және заңда көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді. Егер олар бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ. Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі. Сот жарыссөздерінен кейін, прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешімі шағару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды. Сот шешімге қол қойылғаннан кейін сот отырысы залына қайтып келіп, сот шешімін жариялайды. Мұнан соң шешімге шағымданудың тәртібі мен мерзімдері түсіндіріледі. Шешім шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге шешіммен қашан танысуға және оның көшірмесін алуға болатынын жариялауға міндетті және осы әрекеттер аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды.

Заң нормаларына түсінік беру, сот шешімін шығару процессіндегі негізгі орталық болып табылады. Құқық теориясы заң нормаларына(заң герменевтикасына) түсінік беруді олардың мазмұнын субьектілердің түсінуі мен қажет жағдайларда басқа субьектілерге түсіндіру арқылы мазмұнын ашуға және белгілеуге бағытталған заң қызметі деп санайды.. Соттық герменевтика сот билігі органдарының заң түсініктемелерін талқылаудағы ғылымы мен өнері және мұны біз заңның жоғарғы шеберлігі, соттың заң қызметті кезіндегі кульминациялық кезеңі деп тани аламыз [22,76]. Соттық (талқылаудың) басқа заңдылықтарымен бірге өзіне тән айрықша ерекшеліктері, қиындықтары бар.

Заң әдебиетінде нормативтік актілердің әдістерін анықтау жөнінде ешқандай дау жоқ. Ондай әдістер бірнеше: грамматикалық, логикалық, функционалдық, тарихи,жүйелік [23,34]. Ал әңгіме субьектілер мен талдау түрлерінде болса, әдебиеттерде тіптен әр-түрлі көзқарастар пайда болады.

Осылайша азаматтық құқық оқулығының авторлары, профессорлар. А.Л. Сергеева мен Ю.К. Толстойдың редакциясы бойынша – аутентикалық, легальдық соттық және ғылыми түсінік беру түрлеріне бөлмей субьектілерді талқылауға байланысты айырады (ресми, ресми емес) [24,45].

Хропанюк В.Н. бұл тізімге тағы казуальдық және әкімшілік талқылауды яғни түсінік беруді қосады. Ал Марченко болса соттық және әкімшілік түсінік беруді казуальдық түсінік берудің түріне жатқызады.

Жалпы құқықтық теорияда түсінік берудің әдістері мен түрлерінің айқынырақ классификациясы бар. Сонымен қатар көбіне соттық түсінік беру мемлекет және құқық теориясы. оқулығында бөлек тарауды қарастырады. Бірақ ешбір дәлелсіз оның мағынасы мен мазмұнын жинақтап заңның казуальдық түсінік беруіне алып келіп қосады.

Біздің ойымызша сот билігі органдарының заң нормаларын талқылау, оларға түсінік беру проблемасы өте өзекті болып, жеке өзін терең зерттеуді қажет етеді.

Бізге белгілі болғандай, түсінік берудің субьектілік құрамы бойынша ресми және бейресми болып бөлінеді. Соттық түсінік беру ресми болып табылады, өйткені оның мүмкіндігі немесе қажеттілігі заңмен тікелей көрсетілген.

Соттық түсінік беру міндеттілігінің деңгейі – ол бір бөлек сұрақ. Соттық түсінік беру ресмилігі мен міндеттілігі арасында тең белгіні қоюға болмайды.

Мәселен, Конституция мен Қазақстан заңдарын түсіндіру жағдайы ҚР Жоғарғы Сот Пленумында көрсетілген нормативтік қаулы ресми түрде, бірақ міндетті болып табылмайды, өйткені бұл құжаттардың бар болуы Қазақстан Республикасының Конститутциялық заң нормаларында көрсетілген.

Сонымен қатар мынаны ескеру керек: Қазақстан Республикасының Конституцияның 1 тарау 4 бабына сәйкес Жоғарғы сотта мынандай, яғни заңдылықты қолдану жөніндегі соттарға түсініктеме және сот өндірісі кезіндегі субьектілердің белгілі бір іс-әрекеттер ережесінің мазмұны туралы қаулы республика соттарына міндетті болып тек сот практикасында заң нормаларын қолдану мақсатында ғана шығарылуы мүмкін. Сол сияқты Жоғарғы Сот Конститутция нормаларын ресми түсінік беру 72 бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесінің құзыретіне жатқызылатын ескеруі керек [25].

Осылайша ресми соттық түсінік беру міндеттілігіне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді.

а) жалпыға міндеттілік

б) шектеулі міндеттілік (барлық истанциядағы соттардың жалпы және арнайы шешімдерін немесе осы шешімдердің мазмұнынан шығады)

в) Ұсынушылық (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қаулысында жасалған)

г) Дискуссиялық (бөлек судьялармен айтылған)

Соңғы екі ресми соттық түсінік беру формасы міндеттіліктің жоқтығымен қосылады, бірақ сонымен олардың ұқсастығы аяқталады. Соттың жеке көзқарасы ең біріншіден жеке мінезінің құндылығы. Бұл- құжаттың жеке құндылығы, авторы болып әйгілі құқықтанушы, юриспруденцияда аты шыққан тұлға табылады. Құжат осы тұлғаның заң немесе Конститутция нормаларын жеке түсінік беруінің нәтижесінен тұрады. Жоғарғы Соттың шешімдері қарсы тұруға, қайта қарауға және тоқтатуға жатпайтындықтан соңғы ой судьяның ақырғы рет ресми түрде жалпы қоғамның алдында өзінің жеке альтертивтік көзқарасын, кей жағдайда толығымен немесе ішінара ұйымдық сот органдарының көзқарасымен сәйкес келмейтін оймен бөлісуге мүкіндік береді.

Соттық түсінік берудің нағыз құндылығы субьектілерінің өзін жетілдіруде заң шығарушы ісін қолдана алуы. Тіптен басқа, анық көрсетілген нағыз құндылық ол Қазақстанның Жоғарғы Сот Пленум қаулысындағы нормаларына түсінік беру болып табылады. Төмен тұрған соттарды құқық негізінде жинақтасақ Жоғарғы Соттың атқарушы органдары өздерінің тапсырмасы бойынша тіршілік ететін нормалардың белгісіздігін, жетілмегендігін көрсетеді. Соттық т түсінік берудің бұл түрі белгілі бір сотқа немесе бірнеше сот инстанцияларына емес бүткіл қоғамға бағытталған, өйткені Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес әрбір азаматқа өзінің құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге мүлтіксіз құқық берілген. Соттық түсінік берудің сөзсіз нағыз құндылығын қоғамдық қатынастардың қосалқы реттеушісі, ең мықты құқық танушылар мен практиктердің ұжымдық нәтижесі толықтырады. Казуальдық түсінік беру белгілі бір іс шегінде ресми түрде жүзеге асырылып, шектеулі міндетті талқылау болып табылады. Сонда да шынында оның да іс-әрекеті бір оқиғамен тоқталмайды, өйткені құқықтық нормаға бір оқиға бойынша түсінік беру мүмкін емес. Құқықтық норма әрқашан біртектес оқиғаларға негізделген, яғни бірнеше рет қолданылады. Процессуалдық заң сот органдарының шешімінің заң преюдициалдық қағидаларын тікелей анықтайды. Сол сияқты жоғарғы тұрған инстанцияның құқықтық нормасы аудан сотының шешімдеріне әсер етпеу мүмкін емес. Бұл әсер ету облыстық соттың аудан сотына қызметтік авторитетін анықтайды және процессуалдық жағынан (алыптастау немесе сот шешімін өзгерту) жоғарлылығын көрсетеді. Бұдан келе казуальдық сот түсінік берудің жекелеген емес, шектелген, міндетті мағынаға ие екендігін көреміз. Ал жалпыға міндетті соттық түсінік беруге келсек кейбір құқық танушылар нормативтік дейтін, олар белгісіз тұлғаларға және саны шектелмеген оқиғалардан тұрады. Құқықтық норманы соттық түсінік беру процессінің өзі оның мазмұнын істі қарау кезінде қолдану мақсатында анықтаудан құрылады. Анықтау (түсіну) бұл өзі үшін заң нормасының мазмұнын ашу. Бұл санасынан тыс шықпаған, біздің ойымызша сот білімінің қажетті қалыптасу кезегіндегі ішкі судьяның санасының процессі. Мұны біз істе пайда болатын сұрақтарды шешу үшін ақпараттарды таңдауда судьяның ойлауы мен тану қызметі деп санасақ болады. Әрине заңды нормаларды ұғынудың интеллектуалдық нәтижесі білімнің ядросы болып табылады.

Заң нормаларына түсінік берудің сыртқы көрінісі болып олардың іске, сот процессіне қатысушылар үшін заң нормаларын ашу, түсінік беруі табылады. Біз құқықтық актілерді түсіндіруді әр дайым сот билігінің шешімдерінен көре аламыз. Бірақ оның «ашықтықң дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін [26].

Осы дәрежеге байланысты соттық түсінік беруді былай бөлуге болады. Формальды нақтылы (ашық) яғни ол тікелей барлық заң техникасының ережесі бойынша сот билігінің актісінің өзінде жазылған. Жанама (жасырынды) түсінік беру. Құқықтық нормаларды ұғынуға байланысты соттың интелектуалдық қызметін ойының бағытын тек қана шешімінің резолютивтік бөлігінде көре аламыз. Формальды нақтылы түсінік беру Қазақстанның Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына, ал жанама талқылау төмен тұрған соттың шешіміне тән.

Біздің ойымызша сот шешімдерін дәлелдеуді процессуалдық талап ету, барлық соттар мен құқықтық норманы ашып түсіндіруді кеңінен пайдалануды қажет етеді. Өйткені түсіндірусіз сот шешімінің дәлелденген бөлігі түсініксіз және толық емес болып қалады.

Бірақ Қазақстан Конституциясы қабылданғаннан соттық түсінік берудің ашық болуының мағынасы өсті. Өйткені соттарға ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциялық заң актісінің және олардың нормаларының әрекеті тікелей болуын,,қолданылмайтын заң актілерінің сәйкес еместігін анықтау тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциялық әрекеті тікелей нормативтік акт болғандықтан жалпы соттарда қолданылып, талқыланады және түсіндіріледі. Себебі түсінік берусіз қолдану мүмкін емес,

Жоғарыда айтылған барлығын жалпылап, тұжырымдама жасаса соттық түсінік беру түсінігін анықтауға болады. Соттық түсінік беру дегеніміз – Конституция, Халықаралық келісім шарттар, заңдар және басқа да нормативтік актілер, нормаларының мазмұнын айқындауға бағытталған ресми мінездегі соттың заңи әрекеті. Бұл әрекеттің нәтижесі соттық білімді қалыптастыру, ал соңғы мақсаты заңды дәлелді, әділ шешім шығару жолымен, адамның конституциялық құқығын қамтамасыз ету.

Азаматтық іс жүргізу құқығында Талап өндірісі, Ерекше талап өндірісі және Ерекше өндірістермен қатар Бұйрық арқылы іс жүргізу, яғни бұйрық өндірісі де ерекше орын алады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 13-тарау 139-бабы бойынша сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сот бұйрығының атқарушылық күші болады, сондықтан ол атқару үшін белгіленген тәртіптермен жүзеге асырылады.

Сот бұйрығын сүдья шығару үшін мынандай талаптар міндетті түрде болу керек.

1.егер талап нотариатта куәландырылған мәмілелерге негізделсе,

2.егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса,

3.егер талап төленбеген векселге, акцептің болмауына, және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе,

4.егер әкеліктің белгілеуіне немесе үшінші тұлғалардың тартылуына қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талапқа мәлімделген болса,

5.егер азаматтардан және заңды тұл,алардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,

6.егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге төлемдердіөндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,

7.егер жауапкерді немесе борышкерді іздестірген шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары мен қаржы полициясы мәлімдеген болса шығарылады.

Сот бұйрығының тарихы өте әріден басталады, ол революцияға дейін ресей үдерісінде, бұрынғы КСРО-да, сол сияқты ежелгі Рим, Англия, Батыс Германия, Австрия, Швеция, Венгрия мен Чехославакиядағы шетелдік сот ісін жүргізу жүйелерінде ертеден белгілі. Рим құқығында сот бұйрығы преторлық қорғау үлгісінде болған, претор (судья) арызданушының өз мүддесіне нұқсан келгені жөніндегі өтініші бойынша қандай да болсын іс-әрекетті дереу тоқтату туралы өкім еткен. Мұндай өкім интердиктер деп аталып, үзілді-кесілді және шүбәсіз санатқа ие болған. Претор ақиқат презумпциясына шартты түрде сүйене отырып, деректерді тексерместен осындай шешімге баратын. Батыс Германияда да сот бұйрығы болды. Император соты тәжірибесінде шартты және шартсыз бұйрықтар қолданылды. Соңғысында борышкердің істің мәнісімен келіспейтіні туралы мәлімдеуіне мүмкіндік жасалып, бұйрық беру немесе сотқа тыйым салу жүзеге асырылатын. Мұнымен бірге соттың қатар жарылғымен қатар бұйрықта айып салынуы себепті қарсылығы жоқ болса, қығырлығы үшін айып салу мүмкіндігі көрсетілетін. Осыған орай қарыз алушы сот бұйрығын сөзсіз орындауға міндетті болды және бұйрыққа қарсы қорғау құқығы шектелді. Мұндай бұйрықтарды соттар құжат бойынша берешек міндеттемесін атқарумен байланысты беретін, борышкер болса, несие иесінің сот және сотсыз талап ету құқығына қарсылық көрсетпейтін. Азаматтық іс жүргізудің құқықтық жүйесінде қолданылатын сот бұйрығы жөнінде алуан пікір айтылуда. Батыс Германияда, Австрияда, басқа да батысевропалық мемлекеттерде пайдаланылып келген шарты бұйрық жауапкерді сотқа шақырмай-ақ арызбен талап етуді, сондай-ақ оның несиелерге қатысты міндеттемесін орындау қажеттілігін есіне салатын қағаз секілді. Бұлардың айырмашылығы сол, түрлі мақсаттарға жетуге бағытталған және әр түрлі құқықтық салдарға апарып соқтырады. Револяциядан бұрынғы Ресейдегі сот бұйрығы тәжірибесіне қарағанда олар талассыз істерді шешуде аса қолайлы және арзан жол ретінде қолданылған және егер жауапкер өз міндеттемесін еркін түрде орындамаған жағдайда несиегердің қолына талап етер соманы немесе істі орындату жөніндегі құжаттарды беретін [27].

Кеңестік заңнама көбінесе революцияға дейінгі құқықтық иедяға табан тіреп, азаматтық сот жүргізудегі сот бұйрығын жоққа шығармады. 1923 жылғы Азаматтық іс жүргізу кодексі (210-219 баптар) бойынша судья сот бұйрығын беруден бас тартуға және сұраушыға әкелген құжаттарын қайтарып беруге құқылы болды, тараптардың сотқа қатысуы көзделмеді, жауапкер сот бұйрығы болғаны жөнінде сот орындаушысының хабар-қағазынан ғана білді. Ол істі қарауға шақырылмайды, өз келіспеушілігін білдіру мүмкіншілігінен айрылды, тіпті сот бұйрығын беру туралы шешімнен де бейхабар болды. Онда сот бұйрығын коссациялау тәртібіне шағым келтіруге тиісті. Сот бұйрығы институты негізінен нарықтық экономика жағдайында ғана болғандықтан ол ХХ ғасырдық 30-50 жылдарындағы кеңестік кезеңіндегі азаматтық реттеудің барлық саласында қолданылмай келді. Осыған орай 1964 жылғы Азаматтық іс жүргізу кодексінде де оған лайықты орын берілмеді, отандық (кеңестік) заңнамада ұзақ жылдар бойы негізсіз ұмытылды. Алайда, бірнеше ондаған жылдардан кейін, яғни 1995 жылғы 27 қазанда РСФСР-дің азаматтық іс жүргізу кодексінде «сот бұйрығың деген жаңа 11-тарау енгізілді. Сонымен қатар бұрынғы бірқатар социалистік елдердің заңнамаларында азаматтық істер бойынша сот бұйрығын шығару көзделеді, бұл тәжірибе ерекше назар аударуға тұрарлық өзіндік құқықтық жаңалық болды. Мәселен, Венгрия сот бұйрығы «істі адал ниетпен жүргізу ұстынын жақсы жүзеге асыру, тараптардың сотқа көмектесу сезімін ойдағыдай ояту және азаматтық іс жүргізу тиімділігін көтеру үшінң 1972 жылы енгізілді. Венгер ғалымы Я. Неметтің пікірі бойынша «сот бұйрығының тиімділігі оны жиі қолдану арқылы емес, жауапкердің белсенділігі мен тәртібін жақсартумен сипатталадың. Сот бұйрығының профилақтикалық әсері анағұрлым елеулі болып табылады. Венгрияның азаматтық іс жүргізуіне сот бұйрығы енгізілгенге дейін борышкер соттың бірінші мәжілісіне қатыспайтын, мұның өзі істі оралымды шешуге көлеңкесін түсіретін. Жауап берушінің келмеуіне және көзқарасына қарамастан азаматтық істі бірінші мәжілістің өзінде шешу жөнінде сотқа құқық берілгеннен кейін жауапкердің сот талқылауына қатыспауының аяғы неге апарып соғатынына сергек қарап, шақыруға құлақ қоюына мәжбүр етті. Кейінректе Венгриядағы сот бұйрығы жауапкердің сотқа қатыспағаны үшін келісімі (санкция) ретінде саналатын болды. Міне, венгр ғалымдары осыны дәйекті түрде қолдауда, сондықтан да ол бұл елдің азаматтық іс жүргізу заңнамасында қолданылуда. Сот қаулысының осыған ұқсас түрі бұрынғы ЧССР-дің азаматтық іс жүргізуінде болып, ол «төлем бұйрығың деген атпен азаматтық іс жүргізудің белгілі санаты бойынша қолданылды. Сот жауапкер сөзін тыңдамай-ақ мүдделі жақтың талап етуі бойынша төлем бұйрығын шығарды. Сот төлем бұйрғын шығару үшін талапкердің несиені төлеу жөнінде алдын ала жауапкерден талап етуі қажет болды, ал оның көшірмесі талап арызына тіркелді. Чехославакияда төлем бұйрығынан басқа вексельдік (чектік) сот бұйрығы болғаны белгілі, сот оны арызданушы сотқа вексельдің түпнұсқасын әкелгенде шығаратын. Мұндай бұйрықтарға үш күн ішінде қарсылық мәлімдемесі вексель бұйрығын бұзуды емес тек іс қарауды тағайындау үшін әрекетін тоқтата тұруды мегзеген. Бұдан кейін сот тарапынан вексель бұйрығын күшінде қалдыру немесе бұзу жөнінде шешім қабылданатын.

Азаматтық сот ісін жүргізуде сот бұйрығының тарихи сипатын есепке ала отырып және сот билігін реформалау мақсатымен 1999 жылғы 13 шілдеде еліміздің заң шығарушылары Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне толықтырулар енгізуді, соның бірі 13-тарау «Бұйрық арқылы іс жүргізуң болып табылады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа нормларына сәйкес сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады (ҚР АІЖК 139-бап). Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 146-бабында көзделген талаптар бойынша судья сотқа түскен арыз бойынша сот бұйрығын шығару үшін арыздың мазмұнымен жеке-дара танысады, егер талап қою арқылы жүгінген жағдайда, дауға салынатын сомадан аударымдарды негізге ала отырып 50 пайыз ставка мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Сот бұйрығын беру туралы арыз талапқа сай болуы қажет, яғни өндіріп алушы сотқа борышкердің міндеттемесін нақты растайтын міндеттемесінің түпнұсқасын және басқа да құжаттар тапсыруы тиіс. Мәміленің жазбаша мәтіні сотқа түсінікті болғаны жөн, оның шарттары заңмен бекітілген талаптарды куәландыратындай болуы керек. Судья сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде борышкерді, өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ мына жағдайларда: егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе; егер талап жазхбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса; егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленуіне білдірілген наразылыққа негізделсе; егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттілігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса; егер қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе салық полициясы мәлімдеген болса; егер елу айлық мөлшердегі сомаға тұтынушылардың құқықтарын қорғауға талап мәлімдеген болса, егер лизинг туралы заңнама кесіміне сәйкес талап мәлімдеген болса, сот бұйрығын шығарады. Іс жүргізу әрекетіне тиісінше хаттама жасалмайды. Сот бұйрығына соттың кәдуілгі шешімі сияқты талап қойылады, бұлар: заңдылық пен дәлелдік. Сот бұйрық шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жіберді. Егер борышкерден белгіленген мерзімде сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді. Сотқа жүгінгенде жоғарыдағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, судья өтініш берушінің арызын қабылдамайды, не талапқа сәйкес келмегендіктен өзіне қайтарады. Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай сотқа жүгінуі жөн екендігін көрсетеді. Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж қайтарылады. Жоғарыда аталған тармақтар бойынша талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.

Шын мәнінде, барлық азаматтық істер бір-біріне ұқсамайтын түрліше болып кездеседі. Сондықтан да кейбір істерді тез шешуге тура келеді. Талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы тәртібі азаматтық дау-дамай істеріне арналған, бұларды тиісті дәрежеде қарау және шешуде бірқатар заңды қалыптасқан тәртіпте жүзеге асыруға тура келеді. Дау-шарасыз істерді шешуде талап қою бойынша іс жүргізуде сайысушылық ережені сақтау азаматтық құқықты қорғаудағы сот нысаны тартымдылығын айтарлықтай кемітеді. Осыған орай Азаматтық іс жүргізу кодексіне жаңа тарау – сот бұйрығын енгізу міндеті алға қойылды. Сот бұйрығының сот шешімінен айырмашылығы бар, сот шешімін сот кез келген азаматтық іске шығара алады, онда талапкердің немесе жауапкердің талап қою арызы бойынша соттың биліктік пікірі баяндалуы мүмкін. Бұйрық арқылы іс жүргізуде сот талап қоюдың белгілі бір билігін ғана шешеді, заңда көрсетілмеген талаптар бойынша сот бұйрығы берілмейді. Шешім – істің мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын, тараптардың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды. Сот бұйрығының мазмұында ешқандай дәлелдемелер болмайды. Шешім шығару тәртібі заңмен нақты және толық реттеледі. Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді, ал бұйрықта бұлай емес, заң бұл жағын қатаң талап етпейді. Бұйрық пен шешімнің субъективтік құрамында да айырмашылық бар. Бұйрық арқылы іс жүргізуде тараптар талап арызбен іс жүргізудегідей талапкер және жауапкер емес, сотқа жүгінушіні өндіріп алушы, ал өндіріп алушының берешекті талап ететін тарабы борышкер деп аталады. Шағым беру тәртібінде де өзгешелік бар. Мәселен, сот шешімі шығарылғаннан кейін түпкілікті нысанда он бес тәулік ішінде шағым жасалуы тиіс.бұйрықта тек борышкер жағы шағым жасай алады. Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімдеген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Ал, туындаған дау-дамай бойынша жалпы ережеге сәйкес талап арызбен сот ісі жүргізіледі. Сот бұйрығын (немесе соған ұқсас сот қаулыларын, тіпті бірқатар елдерде бұлар басқаша аталса да) соттың міндеттері мен қызметі жағынан талдау, сот билігінің шексіз құқығы сот қаулысының бұл ерекше түрі азаматтық құқықты қорғаудың тиімді құралы болып табылатынын көрсетеді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің осы тарауы қабылданған сәттен бастап Алматы қаласындағы аудандық соттардың 2000 жылы сот бұйрықтары арқылы жүргізген істері мынадай: Алматы ауданы бойынша – 364; Әуезов ауданында – 557; Бостандық ауданында – 558; Жетісу ауданында – 360; Медеу ауданында – 340; Түрксіб ауданында – 343. Сайып келгенде сот бұйрығы енгізілгенге дейін азаматтар көбіне сот табалдырығын тоздырып, уақыты мен күшін сарып ететін. Өйткені, азаматтық іс жүргізу айтарлықтай күрделі болатын. Бұйрық арқылы іс жүргізілгелі азаматтардың өз құқықтарын тез және тиімді қорғауына қол жеткізілді. Азаматтық сот ісін жүргізуде жеңілдетілген құқықтық іс жосығын пайдалану, оның ішінде бұйрық арқылы іс жүргізу процеске серпіліс туғызып, сот қорғауының тиімділігі мен ықпалын арттыра түсіп отыр.

Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша соттар әр түрлі процессуалдық іс-әрекеттер азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастаулары мен нормаларына дәлме-дәл сәйкес келуі керек. Азаматтық іс жүргізу заңнамасы соттың азаматтық құқық туралы дауларды қарауы және шешуі бойынша қызметін реттейді [28].

Соттың іс-әрекеттері өзінің процессуалық сипаты бойынша әр түрлі болып келеді. Мемлекеттік орган ретіндегі соттың биліктік еркі тараптардың, прокурордың, үшінші тұлғалардың өтінімдеріне сот жауап берген кезде немесе өз бастамашылығымен процестің пайда болуына, дамуына немесе тоқталуына бағытталған іс-әрекеттерді жасаған кезде көрініс табады. Бұл ерік білдіру ерекше процессуалдық акітерде көрінеді. Сот процессуалдық актілер шығарады. Бұл сот актілері тікелей заңды салдар туғызады. АІЖК-і бойынша бірінші сатыдағы сот мынадай актілерді шығарады: шешімдер, ұйғарымдар және бұйрықтар (21баптың 1-бөлігі). Сот шешімі дегеніміз істі мәні бойынша шешетін сот акітсі (АІЖК-ң 217-бабының 1-бөлігі). Сот бұйрығы дегеніміз өндіріп алушыны немесе борышкерді олардың түсіндемелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және істі сотта қарамай-ақ, өндіріп алушының борышкерден ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті талап етуі туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі АІЖК-ң 139-бабының 1-бөлігі). Ал сот ұйғарымы дегеніміз істі мәні бойынша шешпейтін сот актісі (АІЖК-ң 251-бабының 1-бөлігі). Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы шешімнен және бұйрықтан ерекшеленеді. Заңды және негізді шешім мен бұйрықтың шығуын дұрыс ұйғарымдар қамтамасыз етеді. Сондықтан бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары сот ісін жүргізу барысында құрастырылатын актілердің ішінде ерекше маңызға ие болады десек қателеспейміз. Ал сот ұйғарымының бұйрықтан айырмашылығына келетін болсақ, соңғы актінің істі мәні бойынша шешетін судьяның актісі екендігін айтуға болады.

Сонымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарының мәні қандай? Мәні – бұл қандайда бір құбылыстың табиғатын құрайтын, оның өмір сүруін және даму заңдылығын анықтайтын нәрсе. Мәні – бұл құбылыстың барлық негізгі, басты қасиеттерінің жиынтығы [29].

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарының мәні дұрыс түсінбеуге осы институтқа байланысты мәслелердің құқықтық шешілуінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ, заң әдебиетінде осы инстиутқа тиісті түрде көңіл бөлінбеуі ықпал етті. Сот ұйғарымының мәнін анықтау сот өзінің практикалық жұмысында дұрыс бағыт алуы үшін, сотта қараудың мәдениетін көтеру үшін маңызға ие болады. Кез келген білім саласындағы қандайда бір құбылыстың мәнін оның негізгі сәттерін ерекше бөліп көрсету арқылы ғана тануға болады. Бұған үстүртін қарау әдетте қателіктерге әкеледі. Бірінші сатыдағы сот ұйғарым шығарғанда, заңды басшылыққа алады және құқық нормаларын өмірге енгізеді. Сондықтан бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары бүкіл сот қызметі тәрізді, барлық басқа сот актілері сияқты заңға бағынады. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары орындала алуы үшін, олардан процессуалдық нысанда мемлекеттік билік органы ретіндегі соттың биліктік еркі көрініс табады. Басқа сот актілері тәрізді ұйғарымдарға да заңды күш, міндеттілік тән, ұйғарымдар заңның беделіне және күшіне негізделеді. АІЖК-ң 26-бабының 2-бөліміне сәйкпс заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары мен бұйрықтары, сондай-ақ, соттар мен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.

Сот ұйғарымдарында көрініс табатын соттың биліктік еркі талап қою талаптарына және қарсылықтарға қатысты емес, сот төрелігін жүзеге асыру және іс бойынша қабылданған шешімді орындау барысында туындайтын әр түрлі мәселелерге қатысты болады [30].

Заң әдебиетінде бірінші сатыдағы сот ұйғарымдарының түсінігін әр түрлі анықтайды. С.Н. Абрамов былай деп жазады: « Тараптардың арасындағы азаматтық құқық туралы даулы мәселені талқылаумен және шешумен байланысты барлық мәселелер бойынша сот (жеке дара немесе алқалы түрде) шығаратын қаулылар ұйғарымдар деп аталадың [31].

Авдюков М.Г. ұйғарымдар ретінде «процесс барысында туындайтын барлық сұрақтарға (істің негізгі сұрағынан басқа) соттың жауабы болатын қаулылардың атайды [32]. М.А. Гурвич ұйғарымдар ретінде «сот шешімінен бір ғана ортақ белгісімен (олар материалдық құқық туралы дауды шешпейді, өзге міндеттерді шешуге арналған) ажыратылатын соттың мазмұны мен нысаны бойынша әр түрлі қаулыларынң түсіндіреді [33]. Н.Б. Зейдер бұл мәселені былайша шешеді: «Істің жеке мәселелері бойынша шығарылатын сот ұйғарымдары сот қарайтын істің мәні бойынша жауап бермейді. Бірінші сатыдағы соттың бұл ұйғарымдарының мазмұны істі қарау кезінде соттың алдында туындаған әр түрлі жекелеген мәселелерді шешу болып табыладың [34]. Д.М: Чечот ұйғарымдар деп «процесс объектісі болып табылатын материалдық-құқықтық дауды мәні бойынша қараумен және шешумен байланысты туындайтын мәселелерді шешетін соттың (жеке дара немесе алқалы түрде шығарған) қаулыларын атайдың [35]. К.С. Юдельсон жалпы сот қаулылары (актілері) туралы айтып, мынаны көрсетеді: «Сот қаулылары олардың тікелей істі қарау жолымен заңды құқықтар мен мүдделері қорғауға немесе сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындайтын барлық мәселелерді шешуге бағытталуына байланысты екі түрге бөлінеді. Сот ұйғарымдарында талап қою талаптарына және оларға қарсылықтарға қатысты емес, сот төрелігін жүзеге асыру және істің мәні бойынша қаулыларды орындау барысында туындайтын әр түрлі мәселелерге қатысты соттың биліктік еркі көрініс табады [30,27].

С.Н. Абрамов бірінші сатыдағы соттың барлық ұйғарымдарын «жеке» ұйғарымдарң деп атап, ал заңда көзделген жеке ұйғарымдарды «ерекше» ұйғарымдарң деп атайды [31,31]. Жеке ұйғарымдардың ерекшелігі мынада: олар осы нақты материалдық-құқықтық қатынастарға және осы іске тікелей қатысты емес. Бірақ оларды «ерекше» деп атауға болмайды, өйткені АІЖК-де (253-бапта) олар «ерекше» деп емес, «жеке» деп көрсетілген.

Жоғарыда аталған авторлармен ұсынылған ұйғарымның түсінігінде кемшіліктер бар, атап айтқанда:

1) барлық авторлар соттың талап қою арқылы жүргізілетін істерді қарау кезінде шығаратын ұйғарымдарының ғана түсінігін ашады. Бірақ ұйғарымдар (істің мәні бойынша шешім шығарғанға дейін және шешім шығарғаннан кейін) талап қою арқылы ғана емес, ерекше талап қою арқылы және ерекше іс жүргізудің істері бойынша да шығарылады;

2) бұл тұжырымдаулармен жеке ұйғарымдар қамтылған;

3) аталған тұжырымдауларда ұйғарымдардың нысандары олардың шығару тәртібі туралы ештеңе айтылмайды. АІЖК-мен (251-баптың 3-бөлігі) хаттамалық ұйғарымдарды шығаруға жол берілген және бұл осы сот актілерінің ерекше белгісі болып табылады.

Жоғарыда аталған авторлардың тұжырымдарына қарап, мынаны айтуға болады: ұйғарымдардың жалғыз ғана белгісі бар сияқты, ол істі мәні бойынша шешпейді. Сондықтан бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарының мәні туралы түпкілікті қорытынды жасау үшін, екі мәселеге тоқталу керек:

– сот ұйғарымдарының сот шешімдерінен айырмашылығы;

–сот ұйғарымдарының процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуында, өзгертілуінде және тоқтатылуында атқаратын ролі.

Сот шешімімен ұйғарымның мынадай айырмашылықтары бар:

1) шешім – істі мәні бойынша шешетін акті болса, ал ұйғарым – істі мәні бойынша шешпейтін сот актісі;

2) бір іс бойынша бір ғана шешім шығарылса, ал ұйғарым бірнешеу болып шығарылады;

3) шешім іс жүргізуді аяқтаса, ал ұйғарым іс жүргізуді аяқтай алмайды (бұдан ауытқу ретінде іс жүргізуді аяқтайтын істі қысқарту және арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдарды атауға болады).

Осы жерде айта кету керек, аталғандардың ішінде негізгі белгісі алғашқысы болып табылады, ал қалған екеуі алғашқы белгіден туындап тұр.

Енді екінші мәселе сот ұйғарымдарының процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуында, өзгертілуінде және тоқтаылуында атқаратын ролін қарастырайық. Азаматтық іс жүргізу заңнамасы соттың және тараптардың, үшінші тұлғалардың, сондай-ақ, процестің басқа қатысушыларының арасында нақты азаматтық құқықтық дауды қарау мен шешуге байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

Азаматтық іс жүргізуші құқықтық қатынастарының ерекшеліктерінің бірі – оның міндетті субъектісі, - соттың процессуалдық нормаларды қолдануы болып табылады. Сот процессуалдық нормаларды қолданған кезде азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастарының биліктік құқықтық сипаты көрінеді. Соттың процессуалдық нормаларды қолдануының мәні неде? Ол ең алдымен соттың процессуалдық заңның негізінде процессуалдық құқықтық қатынастың пайда болуы, дамуы, өзгеруі және тоқтатылуы туралы мәселені шешетіндігінен көрінеді. Сот өзінің осы функциясын қандай процессуалдық құралдың көмегімен жүзеге асырады? Бұл құралға сот шешімдері мен ұйғарымдары жатады.

Процессуалдық құқықтық қатынастың пайда болуы үшін үшін мүдделі тұлғаның талап қоюы оның қабылдауы қажет. Соттың ұйғарымдарымен процессуалдық құқықтық қатынастың пайда болуы мен дамуына қатысты мәселелер шешіледі. Сонымен соттың процессуалдық құқықты қолдануы процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуымен, дамуымен, өзгеруімен және тоқтатылуымен байланысты бірқатар процессуалдық мәселелерді шешуде жатыр.

Бұл мағынада процессуалдық нормаларды қолдану арқылы сот істі қараудың жолдарын белгілейді, объективтік шындықты ашу және азаматтық құқықтық дауларды дұрыс шешу құралдарын анықтайды. Сот процессуалдық құқық нормаларын қолдана отырып, процессуалдық құқықтық қатынастың субъектілерінің мінез-құлқын анықтайды және сонымен бірге, процестің тиісті түрде дамуы үшін алғы шарттарды құрайды. Бірақ істің мән-жайларын толық зерттеу және азаматтық-құқықтық дауды дұрыс шешу үшін тараптардың мүмкін мінез-құлқын анықтау ғана жеткіліксіз. Сондай-ақ процессуалдық құқықтық қатныастардың субъектілері өздерінің құқықтарын дұрыс жүзеге асырып, процессуалдық міндеттерді нақты орындауы және олардың іс жүзіндегі мінез-құлқы тиістіге сәйкес келетіндей болуы қажет. Әйтпесе, сот даудың мәні бойынша шешуге байланысты өзінің өте күрделі және жауапты мінедтін орындай алмайды. Процестің заңды дамуы және дұрыс шешім шығару мақсатымен процессуалдық бұзушылықтарды жою үшін сотқа процессуалдық нормаларды бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігі берілген. Бұл сот нысанында жүзеге асырылады. Егер сот құқықтық нормаларды дұрыс қолданған және процессуалдық құқықтық қатынастың барлық субъектілері өзінің процессуалдық құқықтары мен міндеттерін қатал және дәлме-дәл орындаған жағдайда процесс дұрыс дамып, әділ шешім шығарумен аяқталады. Елеулі процессуалдық бұзушылықтарға жол бермеудің сенімді кепілі азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруімен және тоқтатылуымен байланысты заңды және негізді сот ұйғарымдарының шығарылуы болып табылады [29,54].

Сонымен мынадай қорытындыға келуге болады: азаматтық процестегі бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына сот төрелігінің актісі; процессуалдық құжат; азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастарды құратын, өзгертетін және тоқтататын акті болып табылады деген сипаттама беруге болады.

Ғылыми әдебиетте бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарын әр түрлі белгілер бойынша жіктеу қалыптасқан: субъектісі, мазмұны, ұйғару немесе шығару нысаны бойынша.

І. Мазмұны және процестің дамуына ықпал етуіне байланысты ұйғарымдар әзірлеуші, кедерге келтіруші, қорытындылаушы, толықтырушы және жеке болып бөлінеді. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымдарын былайша жіктеу біздің ойымызша, ұйғарымдардың әрбір тобының нақты дербестігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, соттардың жұмыс тәжірибесінде кездесетін барлық ұйғарымдарды толық қамтиды. Бұл жіктеу сот ұйғарымдарымен байланысты және зор практикалық маңызы бар басқа мәселелерді қарастыру үшін ыңғайлы.

Енді осы ұйғарымдардың әр қайсысын кеңірек қарастыруға тырысайық:

1) әзірлеуші ұйғарымдар – бұл бірінші сатыдағы соттардың ең көп шығаратын ұйғарымдары. Бұл топтағы ұйғарымдардың мазмұны және құқықтық салдары және олардың шығару уақыты әр түрлі. Бұл соттың іс-әрекеттерінің әр түрлі және оның билік етуші қызметінің үлкен көлемімен, соттың азаматтық процестегі белсенді ролімен түсіндіріледі. Әзірлеуші ұйғарымдардың мақсаты – соттың даудың мәні бойынша заңды және негізді шешім шығаруы үшін шарттарды әзірлеу және тиісті түрде қамтамасыз ету, процестегі даудың мәні бойынша тез шешу жолына бағыттау.

Әзірлеуші ұйғарымдарды өз ішінде мынадай топтарға бөлінеді:

- істің ілгерілеу мәселелері бойынша шығарылатын ұйғарымдар;

- дәлелдемелерді жинау тұлғаларды тарту мәселелері бойынша шығарылатын ұйғарымдар;

- процеске жаңа тұлғаларды тарту мәселелері бойынша шығарылатын ұйғарымдар;

- талаптарды біріктіру және бөлу, талапты қамтамасыз ету, мәлімделген қарсылықтарды қанғаттандыру немесе одан бас тарту, айып пұл салу туралы және т.б. осындай ұйғарымдар.

Бірінші топтағыларға талап арызды қабылдау, істі қарауға тағайындау, тоқтата тұрылған іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы, мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы, істі бір соттан екіншісіне беру туралы және т.б. ұйғарымдар жатады. Екіншілерге дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы, сараптама тағайындау туралы, куәларды шақыру, дәлелдемелерді талап ету және т.б. ұйғарымдар жатады. Үшінші топтың ұйғарымдарына мыналар жатады: үшінші тұлғаларды тарту немесе кірістіру туралы, прокурорды іске қатыстырудың қажеттілігі туралы, тиісті жауапкерді немесе тең жауапкерді іске тарту туралы, мемлекеттік органдарға іс жөнінде хабарлау туралы және т.б;

2) кедергі келтіруші ұйғарымдарға мыналар жатады:

а) талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымдар;

ә) талап арызды қайтару туралы ұйғарымдар;

б) талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымдар;

в) іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымдар;

г) арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдар.

Әзірлеуші ұйғарымдар процестің дамуына ықпал ететін болса, бұл топтың ұйғарымдары азаматтық істің пайда болуына және қозғалуына кедергі келтіреді немесе пайда болған процестегі мәселенің мәні бойынша шешпей аяқтайды.

Кедергі келтіретін ұйғарымдар құқыққа қайшы іс жүргізуді үзетін жағдайда ғана заңды болып табылады. Сондықтан соттың кедергі келтіруші ұйғарымдарды шығаруы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсаттарына қызмет етеді және талап қою құқығымен тығыз байланысты. Бірінші сатыдағы соттың бұл ұйғарымының кедергі мәні екі жақты болып көрінеді:

- олар процесті бастапқы сатысында үзіп, пайда болуына кедергі келтіреді (АІЖК-ң 153-154-баптары);

- олар қозғалған іс жүргізуге келтіреді, сөйтіп процесті аяқтайды (АІЖК 247, 249-баптары).

Бұл ұйғарымдардың мәні мынада – олар өздерінің шығарылуы уақытына және құқықтық салдарына қарамастан, соттың процессуалдық қызметіндегі дауды реттеусіз, істің мәні бойынша шешусіз үзеді. Сондықтан соттың кедерге келтіруші қызметі шешіммен емс, ұйғарыммен рәсімделеді [29,76].

3) қорытындылаушы ұйғарымдар кедергі келтіруші ұйғарымдар тәрізді істі шешім шығармай, аяқтау нысаны болып табылады. Бірақ қорытындылаушы ұйғарымдар іс бойынша іс жүргізуді талап қою құқығының кемшіліктері және сотқа қорғау үшін жүгінудің жетіспеушіліктері салдарынан емес, өз еріктері бойынша дауды жоятын тараптардың билік етуші әрекеттерінің салдарынан қысқартады. Соттың белсенді ролінің арқасында қорытындылаушы ұйғарымдар тараптар арасындағы құқық туралы дауды жою және іс бойынша сот шешімін шығарудың қажеттігі жоқ фактісін анықтайды. Сот процесті аяқтай отырып, тараптардың еріктеріне байланысты процестің әрі қарай дамуы қажет емес жағдайларда қорытындылаушы ұйғарымдар шығарады, мысалы, талапкер талаптан бас тартқан және сот бас тартуды қабылдаған жағдайда, тараптар бітімгершілік келісімге келген және оны сот бекіткен жағдайда. Сонымен, қорытындылаушы ұйғарымдарға іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымдардың бәрін емес, аталған екі жағдайда істі қысқартқан ұйғарымдарды ғана жатқызамыз;

4) толықтырушы ұйғарымдар сот тарапынан процессуалдық сипаттағы әр түрлі қателіктерді немесе сот шешімін тиісті түрде іске асыруға кедергі келтіретін мән-жайларды жоюға бағытталған. Мұндай ұйғарымдарға сот шешіміндегі қате жазулар мен айқын арифметкалық қателерді түзету туралы, шешімді түсіндіру туралы, шешімнің орындалу мерзімін ұзарту немесе кейінге қалдыру туралы, шешімнің орындалу тәсілі мен тәртібін өзгерту турал, шешімді дереу орындау туралы және т.б. ұйғарымдар жатады;

5) жеке ұйғарымдар басқарушы функцияларды атқаратын лауазымды немесе өзге тұлғалармен не ұйымдармен жіберілген заң бұзушылықтарды жоюға бұзушылық жасаудың алдын алады және оларды туғызатын себептерді жояды. АІЖК-нің 253-бабына сәйкес сот отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны тиісті ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдарға жіберуге құқылы, ол өздері қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті. Қабылдаған шаралар туралы хабарламау заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолдану тиісті адамдарды соттың жеке ұйғарымы бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлау міндетінен босатпайды. Егер істі қарау сот тараптардың, процеске басқа қатысушылардың, лауазымды немесе өзге адамдардың әрекетінен қылмыс белгілерін тапса, ол туралы прокурорға хабарлайды. Мүдделеріне қатысы бар жеке ұйғарымға адамдар адамдар АІЖК-нде 344-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен шағым бере алады. Жеке ұйғарымдар іс бойынша құқықтық қатынастан тыс болады. Жеке ұйғарымдарды Г.В. Воронков өзінің мазмұны бойынша сигнализациялық және қылмыстық істі қозғау туралы ұйғарымдар деп екіге бөлуді ұсынған [33,76]. Бұл пікірмен келісуге болатын тәрізді.

Бірінші сатыдағы соттың ұйғрымдары азаматтық процестегі сот актілерінің бірі бола отырып, соттың биліктік еріктерін білдірідеі. Бірақ бұл сот ұйғарымдарындағы ерік білдіру сот шешімдеріне қарғанда, дауды мәні бойынша шешуге емес, азаматтық процестің барлық сатыларындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған.

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарының мәнін, олардың жіктелуін, ұйғарымдарының басқа сот актілерінен айырмашылығын, ұйғарымдардың заңды күші және шағымдану мәселсін қаратырып, мынадай қорытындыға келдім:

1) ұйғарым – сот төрелігінің актісі;

2) ұйғарым – істі мәні бойынша шешпейтін акті;

3) ұйғарым – жедел-билік етуші процессуалдық акті;

4) ұйғарым азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастарды құрайтын, өзгертетін және тоқататын акті;

5) ұйғарымды бірінші сатыдағы сот шығарады, бірақ апелляциялық сатыдағы сот АІЖК-ң 346-бабына сәйкес сот отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде жеке ұйғарым шығаруы мүмкін.

Субъектісі бойынша, яғни кімнің шығарғанына байланысты ұйғарымдар мынадай болып бөлінеді: жеке дара және алқалық [36]. Бұл негіз бойынша З.Х Баймолдина басқаша жіктеген:

- соттың істі қарауы немесе сот отырысында жекелеген мәселені қарастыру кезінде шығаратын ұйғарымдары;

- судьяның істі қозғау және оны сотта қарауға әзірлеу кезінде шығаратын ұйғарымдары [37].

Ұйғару немесе шығару нысаны бойынша ұйғарымдар былай бөлінеді:

1) жеке процессуалдық құжат-акті ретінде рәсімделген ұйғарымдар;

2) сот отырысының хаттамасына енгізілетін ұйғарымдар.

Жеке процессуалдық құжат ретіндегі ұйғарымдар, әдетте, соттың кеңесу бөлмесінде талқыланатын сот шешімінің шығарылу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Күрделі емес мәселелерді қарстырып жатқанда, сот ұйғарымдары кеңесу бөлмесіне бармай-ақ, сот талқылауы біткен соң, сол жерде, яғни сот отырысының залында шығарады (АІЖК-ң 251-бабының 3-бөлігі). Воронков Г.В. оларды «хаттамалық ұйғарымдар» деп көрсетеді.

Ұйғарымдар арыздарды қабылдау кезінде, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен, істі мәні бойынша қарау кезінде, яғни сот отырысында, тікелей шешім шығарған кезде кеңесу бөлмесінде және шешім шығарғаннан кейінде шығарылады. АІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігіне сәйкес соттың бірінші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке дара қарайды. Демек, ұйғарымдарды судья жеке дара шығарады деген сөз. Ұйғарым АІЖК-нің 217-бабында көзделген тәртіппен дербес іс жүргізу құжаты түрінде шығарылады (АІЖК-нің 251-бабының 2-бөлігі). Сот ұйғарымды кеңесу бөлмесінде шығарады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ, жұмыс күні ішінде сот (судья) кеңесу бөлмесінен шығып, демалу үшін үзіліс жариялауға құқылы. Заңда ұйғарым шығарудың мұндай тәртібі соттың ұйғарымды шығарғанда барлық мән-жайларды жан-жақты талдауы және заң талабын сақтауды қамтамасыз етуі үшін белгіленген. Ал күрделі емес мәселелерді қарастырып, жатқанда, сот ұйғарымды кеңесу бөлмесіне бармай-ақ, сот отырысының залында шығарады (АІЖК-ң 251-бабының 3-бөлігі). Ұйғарымдар шығарылған соң, дереу жарияланады (АІЖК-ң 251-бабының4-бөлімі).

Ұйғарымның мазмұны мыналар көрініс алуы керек:

- ұйғарымның шығарылу уақыты мен орны;

- ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі, аты-жөні;

- іске қатысушы тұлғалар, даудың нысанасы немесе, мәлімделген талап;

- ұйғарым шығарылған мәселе;

- соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алып, сілтеме жасаған заңдар;

- сот қаулысы;

- егер ұйғарымға шағымдануға болатын болса, шағымдану берудің тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

Аталған реквизиттер ұйғарымның өзінде қандай бірізділікпен орналасуы керек? Біздің ойымызша, бұл мәселеде сот шешімімен аналогия қолданылуы керек, яғни сот шешімі тәрізді сот ұйғарымы да төрт бөліктен тұрады: кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар. Кіріспе бөлігінде ұйғарымның шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі, аты-жөні көрсетілсе; сипаттау бөлігінде іске қатысушы тұлғалар, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап, ұйғарым шығарылған мәселе көрсетіледі; ал дәлелдеу бөлігінде соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алып, сілтеме жасаған заңдар жазылады; қарар бөлігінде сот қаулысы, егер ұйғарым бойынша шағымдануға болатын болса, шағым берудің немесе наразылық келтірудің тәртібі мен мерзімі көрсетіледі. Сот ұйғарымдарының сенімділігі, олардың тәрбиелік маңызы оның дәлелдеу бөлігінің қалай жазылғанына байланысты болады, сондай-ақ, ұйғарымның қарар бөлігі қысқа және түсінікті болып жазылуы керек. Жеке процессуалдық құжат түрінде шығарылатын ұйғарымдар міндетті түрде дәлелді болуы керек. Заңда кейбір жағдайларда соттың дәлелді ұйғарым шығару міндеті көрсетіледі (АІЖК-нің 167-бабы). Заңда көп жағдайларда дәлелді ұйғарым шығару көделмеседе, кеңесу бөлмесінде шығарылатын ұйғарымдарда дәлелдеу бөлігі міндетті болуы керек тәрізді.

АІЖК-нің 252-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот отырсы залында шығарылатын ұйғарымда, яғни сот отырсының хаттамасына енгізілетін ұйғарымда мынадай мәліметтер міндетті түрде болуы тиіс:

1) ұйғарым шығарылған мәселе,

2) соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алып, ілтеме жасаған заңдар;

3) сот қаулсы.

Ал басқа мәлметтер соттың хаттамасында орын алғандықтан, оны соттың ұйғарымында қайталаудың қажеті жоқ.