- •I. Азаматтық іс жүргізу тәртібінің түсінігі мен мәні
- •1.1 Азаматтық іс жүргізу бойынша сот мәжілісінің өту тәртібі
- •1.2. Сот талқылауы сатысының маңызы
- •1.3. Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшелігі
- •Іі. Азаматтық істі мәні бойынша қарау ерекшеліктері
- •2.1. Істі мәні бойынша қараудың жалпы тәртібі
- •2.2. Азаматтық іс жүргізудегі істі мәні бойынша қарау ерекшелігі
- •2.3. Бірінші инстанцияда азаматтық iсті жүргiзудiң еркшелігі
- •Ііі. Азаматтық істі мәні бойынша қарауды жетілдіру
- •3.1 Азаматтық іс жүргізудегі соттың міндеті мен құқығын жетілдіру
- •3.2. Істі мәні бойынша қарау барысында судьялардың құқықтық мәртебесін жетілдіру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2. Сот талқылауы сатысының маңызы
Біз азаматтық сот өндірісін 7 сатыға бөлсек, соның ішінде істі мәні бойынша қарап сот талқылауын 5 бөлімге бөлеміз. Сонымен сот мәжілісінің 1-ші бөлімі:
1. Сот мәжілісінің дайындық бөлімі.
2. Істі мәні бойынша қарау бөлімі.
3. Соттағы жарыссөз.
4. Прокурордың қорытындысы.
5. Шешім шығару және жариялау.
Сот мәжілісі жоғарыда айтылғандай 4 бөлімнен тұрады. 1) дайындық бөлімі; 2) істің мән-жайын зерттеу; 3) сот жарыссөзі және прокурордың қорытындысы; 4) сот қаулысын шығару және оны жариялау. Бұл жерде сот қаулысы ұйғарым не шешім болуы мүмкін. ұйғарым, шешім шықпай тұрып, бітімгершілікке келген жағдайда шығарылады.
Азаматтық іс жүргізу заңы бойынша сот мәжілісінің дайындық бөлімінің өту тәртібі бірінші сот мәжілісін ашудан басталады. Азаматтық іс жүргізу бөлініп берілген, яғни тараптардан талап арызды қабылдап іс қозғаған және осы істі сот талқылауына дайындаған сот не судья осы іс бойынша азаматтық істі ашық деп жариялайды. Және қандай іс қаралуға жататынын айтады [4].
АІЖК-нің 180-бабынан бастап 192-бабына дейін бұл дайындық бөлігі жүргізілген процессуалдық әрекеттер.
192-б – 211-б дейін істі мәні бойынша қараған кезде жасалған процессуалдық әрекеттер.
211,212-б соттағы жарыссөз және соттағы репликалар жайды айтылады.
213-б прокурордың қорытындысы беріледі.
214-б – 216-б дейін шешімді шығару және жариялау. Ал, шешімді кеңесу бөлмесінде шығарған кезде судья іс бойынша қажетті материалдық нормаларымен қатар процессуалдық нормаларының барлығын қолдана отырып 16-бапқа сәйкес шешімді өзінің ішкі сеніміне, заңға және ар-ожданына сәйкес шығарады.
Сот мәжілісінің дайындық бөлігінің негізгі мәні осы істі осы сот мәжілісінде мәні бойынша қарауға мүмкіндік бар жоғын анықтайды. өйткені дайындық бөлмесінде 180-бапқа сәйкес сот мәжілісін ашқан сәттен бастап азаматтық іс бойынша қатысып отырған тұлғаларды тексереді. Бұл тексеру сот мәжілісінің хатшысының іске қатысушының және тағы басқа тұлғалардың сотқа келгенін келмегенін, келмесе шақырту қағазы беріледі ме, оның түбіртегі бар ма, келмеуінің себепті жағдайы бар ма – деген баяндамаларын жүзеге асырады.
Ал бұрынғы АІЖК бойынша сот мәжілісі төрағалық етушінің істі ашық деп жариялағаннан кейін баяндамасымен басталады деген болса, қазіргі ҚР АІЖК бойынша істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отысырын ашады және қандай азаматтық іс қозғалуға тиіс екенін жария етуден басталады делінген.
Бұл жердегі жария етуді істің тек қана атын айту мен шектелуі деп түсінуге болады. Сондықтан процессуалдық заңда баяндама жасауды енгізген жөн.
Сот мәжілісінің хаттамасының берген тексеруінен кейін іске қатысушылардың жеке басы анықталады және лауазымды тұлғалар мен өкілдердің өкілеттілігі тексеріледі. Бұдан кейінгі әрекет 182 бап бойынша аудармашыға оның міндетін түсіндіреді және ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жалған аударма жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Сот мәжілісіне келген куәгер олардан жауап алғанша отырыс залынан шығарылады. Төрағалық етуші 183-бап негізінде жауап берген және жауап бермеген куәлардың бір-бірімен сұхбаттаспауына шаралар жасайды.
Бұдан кейін сот мәжілісінде төрағалық етіп отырған судьяны жариялайды, прокурор ретінде, аудармашы ретінде, сарапшы ретіне, сот мәжілісінің хатшысы ретінде кімдердің қатысып отырғанын хабарлауы және АІЖК-нің 40-41-бабына сәйкес оларға қарсылық білдіру (отвод) құқығын түсінідіреді. 185 бап негізінде іске қатысушыға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, соның ішінде аралық сотқа жүгіну құқығы түсіндіреді және оның сандарын түсіндіреді.
Сот мәжілісінің секретары сотқа кімдердің шақыру қағазы бойынша келіп отырғандарын және шақыру қағаз алса да келмей қалған тұлғаларды және келмеу себептері бар болса, айтып мәлімдейді.
Сот келіп отырған тұлғалар мен тараптардың жеке бастарын жеке куәліктері арқылы тексереді және лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.
Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу заңда белгіленген тәртіппен аудармашының қыметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарын сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне аударып беру қамтамасыз етіледі.
Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып беріледі.
Егер іске аудармашы келіп отырса, оның құқықтары мен міндеттеу түсіндіріледі.
Қазіргі кезеңде, Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін іске аудармашы тарту, актуальды мәселе болып қалды. өйткені, қандай құжат негізінде, кімді аудармашы етіп іске кіргізу мәселесі біздің азаматтық істерде қарастырылмаған. Сондықтан алдын ала егер іс жүргізу тілін бір тарап немесе іске қатысушылар білмейтін болса, оны сол тілге аударып отыратын аудармашыны істі дайындау бөлімінде қарастырып қойған жөн. өйткені практикада осы мәселе бойынша іс кейінге қалып уақытты кетіреді. Одан кейін ғана іске аудармашы болып қатысатын тұлғаға оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
Төрағалық етуші аудармашыға – оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді.
Төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Аудармашы сотқа келуден немесе өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін [6].
Іске қатысушы куәлерді сот мәжілісі басталмас бұрын сот залынан шығарып жібереді де сот, олардың бір-бірімен араласып, пікір алмас үшін бөлек-бөлек отыруына жағдай жасау керек.
Және жауап алынған куәлер жауап беріп болғаннан кейін шығып жүре берулеріне не болмаса сот мәжілісінің соңына дейін қатысуларына болады. бұл тек істі жабық өткізген жағдайлардан басқа. Мысалы, көбінесе неке және отбасы қатынастарынан туындайтын мәселелерде отбасының ішкі құпиялылығын сақтау мақсатымен іске ары қарай қатыстырылмауы мүмкін.
Куәлерді сот залынан шығарып жібергеннен кейін төрағалық етуші сот құрамын жариялайды және іске прокурор ретінде кім, қоғамдық ұйым немесе еңбек коллективінен өкілдерден, эксперт-сарапшы, маман, аудармашы және тапсырма бойынша тараптардың біріне не екеуінде де өкіл ретінде қатысып отырған өкілдік аты-жөндері, қай адвокаттық алқадан не қандай сенімхат негізінде, қатысып отырғандарын және сот мәжілісінің секретарымен таныстырып жариялайды. Және ол тұлғаларға қарсылық беру құқықтарын түсіндіреді.
Бұл жерде логикалық тәсілмен ойласақ біріншіден соттардың қателігі деп ойлап қалуға болады. өйткені сот құрамына: прокурор, қоғамдық ұйымдар мен еңбек коллктивтерінің өкілдері, сарапшы, маман, сот мәжілісінің секретарын кіргізе отырып тек осы тұлғаларға қарсылық беру құқығын береді. Куәлер неге бұлардың арасында жоқ деген заңды сұрақ тууы мүмкін.
Егер сот ол әрекеттерді куәлердің қатысуымен жасаған болса, қарсылық білдірілген іске қатысушы тұлғалардың қарсылығы қанағаттанарлық нәтиже алмаса, куәлердің көрсетулерінің объективтілігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Осындайлардан аулақ болу үшін сот көрсетілген әрекеттердің тәртібі реті бойынша атқарады.
Бұл жерде тағы айта кету керек, сот, прокурор сарапшыға істі қайта қарауға қатысуға жол бермейтін жағдайлар мен негіздер болған жағдайда олар іске қатыстырылмайды.
Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
Кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.
Егер судья:
1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;
2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;
3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.
Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
Заңда аталған қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына да қолданылады.
Сонымен қатар сарапшы немесе маман, егер:
1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса істі қарауға қатыса алмайды.
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды [7].
Қарсылық тек сот мәжілісі басталғанға дейін берілуі керек. өйткені кешіктіріліп берілген қарсылық іске басқа сол соттың төрағасы немесе басқа судьясы, олар болмаған жағдайда жоғары тұрған сот судьясы қарау керек.
Сондықтан, заңда аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін. Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынща қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.
Істі жеке дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда - жоғары тұрған сот судьясы қарайды.
Істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мілімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судьяға қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауыспен шешеді.
Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. ғйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.
өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешіледі.
Аудандық немесе оған теңестірілген сотта істі жеке дара қараушы судья қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі сол сотта басқа судья қарайды. Егер іс қаралатын сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот арқылы іс басқа аудандық немесе оған теңестірілген сотқа беріледі.
Облыстық немесе оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас тартқан не қарсылық білдірген не соттың барлық құрамы білдірген жағдайда, істі сол соттағы басқа судья немесе басқа құрамдағы судьялар қарайды.
Егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не заңда аталған себептермен осы істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру мүмкін болмаса, облыстық немесе соған теңестірілген сот іс бойынша тараптар болса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.
Егер істе қарсылық білдіру не істен бас тарту мәселелері болмай, болса да сот оны негізсіз деп тапса, одан кейін іске төрағалық етуші іске қатысушыларға, тараптарға және олардың өкілдеріне іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Сондай-ақ олардың аралық сотқа жүгінуге құқықтары бар екені айтылады. Бұл жердегі іске қатысушылар құрамы: дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе заңда көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады. Олардың Азаматтық іс бойынша құқықтары мен міндеттері: іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардың үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдемелерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздерінде қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс [8].
Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген салаларды туғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады.
Одан кейін іс жүргізу мәселелері іс қатысушы адамдардың және өкілдердің істі қарауға байланысты өтінімдері пікірлері және жаңадан дәлелдемелер ұсынулары тыңдалған соң олардың барлығы сот ұйғарымдарымен шешіліп, бекітіледі.
Соттың келесі әрекеті іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдары түсіндіріліп, келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелер ұсынуға міндетті [1,45].
Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қалдырылады.
Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінші хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді танылған жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінші хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.
Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешімнің көшірмесін жіберуге туралы жазбаша өтінуге құқылы. Егер бұл істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Іске қатысатын адамның өтінімі бойынша сот оның өкілі дәлелді себептермен келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыра алады.
Сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың істі олар жоқта қарау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдап, сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны ауыстыру мүмкіндігі болмаса, сот істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
Егер шақырылған куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелді емес деп таныған себептер бойынша келмесе, олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Заңға сәйкес олар сондай-ақ мәжбүрлеп келтірілуі де мүмкін.
Сотта айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республиканың Қылмыстық кодексінің 353-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.
Заңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер сот процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі, қарсы талап қою, қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету, іке қатыстыруа басқа адамдарды тарту қажеттігі, өзге де әлдеқандай іс жүргізу әрекеттерін жасау қажеттілігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса, істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі.
Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі. Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқықыл. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі.
Осы сұрақтарды шешкеннен кейін ғана сот дайындық бөлімінен істі мәні бойынша қарауды бастайды.
Істі мәні бойынша бастау төрағалық етушінің баяндауымен басталуы бір қарағанда соттың билік позициясын өзі ұстағанын, керек десеңіз тараптарға өздерінің құқықтарын іске асыруға көп мүмкіндік беретінен көруге болады.
