- •I. Азаматтық іс жүргізу тәртібінің түсінігі мен мәні
- •1.1 Азаматтық іс жүргізу бойынша сот мәжілісінің өту тәртібі
- •1.2. Сот талқылауы сатысының маңызы
- •1.3. Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшелігі
- •Іі. Азаматтық істі мәні бойынша қарау ерекшеліктері
- •2.1. Істі мәні бойынша қараудың жалпы тәртібі
- •2.2. Азаматтық іс жүргізудегі істі мәні бойынша қарау ерекшелігі
- •2.3. Бірінші инстанцияда азаматтық iсті жүргiзудiң еркшелігі
- •Ііі. Азаматтық істі мәні бойынша қарауды жетілдіру
- •3.1 Азаматтық іс жүргізудегі соттың міндеті мен құқығын жетілдіру
- •3.2. Істі мәні бойынша қарау барысында судьялардың құқықтық мәртебесін жетілдіру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.3. Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшелігі
Азаматтық іс жүргізу деректемелері азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар баянды етілген нормативтік актілер болып табылады.
Ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқығының деректемесі сот әділдігін жүзеге асыруды сот органдарына ғана жүктеп, сот әділдігінің жүзеге асыруды сот органдарына ғана жүктеп, сот әділдігінің саларалық принциптерін, судьялардың тәуелсіздігін және олардың тек заңға бағынуын, барлық соттарда істердің ашық қаралуын, заңдылықты және т.б. нығайта отырып, сот жүйесін анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады [4].
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 4 бабына сәйкес азаматтық іс жүргізу істі қарау, жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасау немесе соттың шешімін орындау кезінде қолданылып жүрген азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша жүргізіледі. Басқаша айтқанда, азаматтық іс жүргізу нормаларының кері күші болмайды.
Бұл азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшелігі болып табылады.
Сондай-ақ кеңістікте әрекет ету шеңбері бойынша ол бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етуімен сипатталады.
Және азаматтық іс жүргізу нормаларының әрекеті адамдар тобы бойынша, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі принципіне сүйене отырып , бүкіл азаматтарға қолданылады. Сондай-ақ заңды тұлға болып саналатын, мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге олардың бірлестіктеріне қолданыла отырып, шетел азаматтарымен қатар азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Бұл ерекшеліктермен қоса азаматтық іс жүргізу әрекетінің мазмұны жағынан және принциптеріне сай өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегіше:
а) Мазмұны іс жүргізу әрекеттерінің, яғни мұндай әрекет (не болған оқиға) болды ма, болмады ма заңда көрсетілгендей. Мысалы, жауапкер мен талапкерден сұрақ-жауап жүргізгенде олардың жалған жауап беруі алдын-ала айту-мұндай жағдайлар заңда көрсетілмеген. Ал керісінше, сот міндетті алдын-ала ескертуі сол сияқты жауапкершілікте маманның, эксперттің, аудармашының сол сияқты осындай ережелерді бұзуы, заңда көрсетілуі, мұндайда соттың өз қызметінде қатаң қарауы өте қажет болады [5,65].
б)
Іс жүргізу әрекетіндегі сотта істі қараудың жариялығы. Барлық соттар барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.
Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамның өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ Азаматтық іс жүргізу туралы Кодекстің 179-бабының 6 бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.
Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады. Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса, немесе куә болмаса, 16 жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді. Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып жүргізіледі.
Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Сонымен қатар АІЖК 178-187 бабтарында көрсетілгендей «Біріншіден талапкер және оның өкілі, содан соң – жауапкер, оның өкілі шығады. Үшінші жақ өзінің талап етуімен тараптардан кейін болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8 бабында көрсетілгендей: «Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.ң
Тараптар дауды өздері шеше алмағандықтан бұзылған құқықтарын сотта қорғауы болып табылады. Яғни талапкер мен жауапкердің арасында дау туындаған кезде және олар оны заңмен бекітілген тәртіпте жазбаша түрде соттың қарауына тапсырған кезде ғана талап ісі пайда болады. Осы кезден бастап материалдық құқық талап арызына айналады. Сотқа берілген кез келген арызда жауапкерге, яғни құқығын бұзған нақты адамға, талап қойылуы керек [8].
Мағынасын аша айтқанда, талап арызды екі талап қамтиды: біріншісі – белгілі бір мүлікті тапсыру, талапкердің меншік құқығын шектейтін құқыққа қарсы әрекетті тоқтату және т.б. туралы талапкердің жауапкерге деген материалдық құқықтық талаптары, екіншісі процессуалдық – құқықтық талап, яғни талапкердің жауапкер екеуі арасындағы дауды шешіп беру туралы сотқа қойған талабы. Демек, талап арыз екі жақты ұғым материалдық-құқықтық және процессуалдық-құқықтық болып табылады.
Талап арыздың мазмұны оның екі құрылымдық бөлімдерімен талап арыздың тақырыбымен және негізімен анықталады. Талап арыздың тақырыбын немесе негізін тек қана талапкер өзгертуге құқылы. Соттың ондай құқығы жоқ. Содықтан, егер талапкердің мүлікті заттай болу туралы мәлімдеген талабының орнына оған жалпы мүліктегі оның үлесі ақшалай төленсе, тұрғын үйді заттай бөлудің орнына тұрғын бөлмелерді пайдалану тәртібі анықталса, онда соттардың ондай шешімі заңды бола алмайды. Алғашқы талап арыздың тақырыбы мен негізін өзгерту туралы талапкердің арызы жазбаша түрде рәсімделуі керек. Өйткені талап арызының тақырыбы мен негізі оның құрылымдық бөлімдері болып табылады.
Даулы құқықтық қатынастардан туындайтын және ол туралы соттың шешімі қажет талапкердің жауапкерге деген нақты материалдық-құқықтық талабы талап арыздың тақырыбы болып табылады. Яғни мұнда материалдық деп дүниенің кез келген объектісі (зат, ақша сомасы, мүлік және т.б.) жатады. Талап арызының нақты негізін, ал дауды шешу барысында қолданылатын құқықтық нормалар талап арызының құқықтық негізін құрайды. Талапкер сотқа шағымданған кезде өзінің бұзылған немесе негізсіз дауланған субъективті құқығын көрсетуі керек.
Талап арызды қабылдарда сот міндетті түрде арыздың мазмұнын оған тіркелетін құжаттардың (мемлекеттік баж, құжат көшірмелері) толық әрі дұрыс болуын қарап шығуы тиіс. Яғни қате болған жағдайда оны қайтаруға және дұрыс жазуын түсіндіруі қажет. Талап арызын қабылдаған судья, егер талаптарды бөлек қарауды неғұрлым тиімді деп тапса, біріктірілген талаптардың ішінен біреуін немесе немесе бінешеуін бөлек іс етіп қарауға құқылы.
Судья осы соттың қарауында баяғы бір тараптар қатысып отырған бірнеше біртектес істердің бар екендігін анықтап немесе бір талапкердің әрқилы жауапкелерге немесе әрқилы талапкердің бәз-баяғы бір жауапкерлерге қойған талабы бойынша бірнеше істер бар екендігін анықтап, бұл істерді бірге қарау үшін біріктіруге құқылы, егер мұндай біріктіру дауларды неғұрлым тез және дұрыс қарауға жеткізетін болса.
Арызды қабылдамауға негіз жеткілікті болған жағдайда сот қабылдаудан бас тартады. Арызды қабылдамаған судья бұл туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Ұйғаруда судья, егер іс сот қарауына жатпайтын болса, арызданушының қай органға шағымдану керек екендігін немесе іс қозғауға кедергі болып отырған мән жайларды қалай жою керек екендігін немесе көрсетуге міндетті. Талап арызын қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғаруы арызданушыға оның тапсырған құжаттарын қайтарумен бірге тапсырылады. Бұл ұйғарымға жеке шағым немесе наразылық келтіруге болады.
Сонымен қорыта айтқанда, осы жоғарыда айтылған талап арыз арқылы азаматтар немесе заңды тұлғалар өздерінің бұзылған құқықтарын не бостандықтарын талап арызда мазмұнын көрсетіп сотқа жүгіну арқылы, сот арыз бойынша азаматтық іс қозғай алады.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың сотта қорғалуы бұзылған құқықтарын соттың заңға сүйене отырып әділ түрде қамтамасыз етуі болып табылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық сотта қорғалуының қылмыстық іс жүргізуден айырмашылығы азаматтық іс жүргізуде міндетті түрде талап арыз келіп түскен сәттен бастап сот қана жеке дара қарай алады.
Ал қылмыстық іс жүргізуде талап арызсыз, қылмыстың төрт құрамы болып, кінәлі деп танылған жағдайда және іс қозғаудың басты себептері мен негіздері болғанда (азаматтардың өз кінәсін мойындап келуі, лауазымды адамдардың өз мекемесіндегі қылмыстық оқиғаны хабарлауы), оларды 1-ші сот емес тергеуші анықтама органдары тергеп анықтайды. ҚР ең қымбат қазынасы –адам және азамат және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болғандықтан сот талқылауында да басты мәселесі олардың құқықтарын қорғауы болып табылады.
Көптеген жағдайларда азамат немесе заңды тұлға өздерінің құқықтарын қорғауға тура келетін жағдайлар болады.
Мысалы: әкесі өзінің кәмелетке келмеген балаларын материалдық жағдаймен қамтамасыз етпейді, аурухана басшылығы аурудың өсиетін куәландырудан бас тартады, кәсіпорын басшылығы кәсіподақ ұйымының келісімін алмай қармағандағы қызметкерді жұмыстан шығарады, т.с.с. көптеген жағдайлар өмірде кездеседі.
Мұндай жағдайларда мүдделі тұлғалар өздерінің бұзылған құқықтарын іс қозғап, қалпына келтіре алады. Осылайша нақты процесс бойынша іс қозғалады, яғни онда даулы істі шешетін сот, істі қозғайтын талапкер (талапкерлер) іс бойынша жауап беретін жауапкер (жауапкерлер) басқа мүдделі адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, аудармашы, мамандар қатысады.
Бұл жағдайда біздің «процесс» дегеніміз «өте тар мағынадағы сөз» болып отыр. Ол нақты түрде былай болады, өйткені оған тиісті сот қатысады, оның өтетін орны, мерзімі белгілі сатыда көрсетіледі. Оның қатысушылары жеке-дара, ал олардың құқықтық қатынастары тиісті оқиғаға, әрекетке сай құқық нормаларымен реттеледі.
Қанша азаматтық іс болса, сонша азаматтық процесс бар. Сонымен қатар, азаматтық процесті кең көлемде алып қарау керек, өйткені азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету – қоғаммен тығыз байланысты әлеуметтік көрініс болып табылады.
ҚР Конституциясы бойынша ҚР-ның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болғандықтан олардың азаматтық істі сот арқылы қорғалуы өте маңызды болып табылады.
ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорғалуына кепілдік беретін маңызды демократиялық бастаулар орнықтырылған.
Шынында, көрсетілген сот қорғаулары заң бекіткен, арнайы тәртіппен өтеді, яғни Конституциямыздың 75-бабында сот билігінің сот ісін жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылатыны белгіленген.
"Сот өндірісі" термині, азаматтық процесс ұғымымен ұштасып жатыр. Процесс жайлы сөз қозғағанда алдымен азаматтық процессуалдық құқық нормаларымен бекітілген соттың азаматтық істі қарау және шешу тәртібін айту керек. Сондай-ақ азаматтық процесс сот әділдігінің бір бөлігі, яғни сот органдарының нақты өздеріне тиісті құқықтық сұрақтарды шешіп оларды белгілі бір жеке тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеуді құқық негізінде қолданып іске асыру әрекеттерін айтамыз.
Осы көзқарас бойынша азаматтық процесс, яғни азаматтық іс жүргізу – бұл азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің және осы әрекеттер жүзінде іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуын айтамыз. Бұл әрекеттер әділсотты жүзеге асыратын сот арқылы іске асады, сондай-ақ қарауға тартылған басқа субъектілер арқылы жүзеге асады.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу азаматтық процессуалдық әрекеттерді іске асыру тәртібін анықтайды, яғни бір жағынан заң бекіткен сотың әрекетінің тәртібі болса, екінші жағынан іске тартылған тараптардың іске қатысу тәртібін белгілейді. Бұл процесске деген көзқарас, осы тәртіпті бекітетін процестің нормативті-құқықтық негізінде жасалады.
Іс жүргізуді бастау үшін, мүдделі тұлға талап беру керек, яғни шағым не арыз беру керек. Бұл бірінші процессуалдық іс жүргізу әрекеті өзінен кейін бір емес бірнеше құрамды әрекеттерді тудыруы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу заңы бойынша судья азаматтық істі қозғай алады немесе заңды негіздер болған жағдайда іс қозғаудан бас тарта алады. Заң судья мен іске қатысушыларға сот әділдігін жүзеге асыру үшін кең көлемде мүмкіндіктер берген. Сот арқылы тараптар арасындағы шартқа қатысты құжаттар алдыру, сұрату, жауапкердің мүлкіне сай арест салу, сот ұйғарымына жеке шағым келтіру, сараптама тағайындау, сотың біреуіне отвод беру, істі қысқарту туралы ұйғарым шығару, т.б. әрекеттер, яғни іс жүргізу әрекеттері азаматтық процесстің, яғни азаматтық іс жүргізудің құрылымын құрайды.
Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшеліктері мынада:
Іс жүргізу әрекеттерінің мазмұны яғни оның іске асуы не іске аспауы мүмкіндігі заңмен белгіленген. Мысалы: талапкер мен жауапкердің жалған жауап беруі жайлы жауапкершілікке тартылуына ескерту беруге болмайды. Ал қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша ол міндетті. Ал азаматтық іс бойынша бұл заңда көрсетілмеген. Керісінше, сот ондай жауапкершілікті куәлерге, сарапшыларға, аудармашыларға ескертуге міндетті. Егер бұл заңмен бекітілген ережені бұзған сот жұмысы өрескел қателік болып саналады [9].
Процессуалдық іс жүргізу әрекеттері тәртіп бойынша заңда тікелей көрсетілген кезекпен немесе нақты іс бойынша процестің даму логикасынан шығады.
Сонымен АІЖК 17 бөлімі "Сот талдауы" атты 17 бөлімінде процессуалдық іс жүргізу әрекеттерінің өту тәртібі мен іске асу кезектері анық көрсетілген. АІЖК 180 бабында сот мәжілісінің ашылу тәртібі көрсетілген, АІЖК 181 бапта процесске қатысушыларды тексеру тәртібі көрсетілмесе, ал 182-бапта сот мәжілісіне іске қатысушылар мен өкілдердің келмей қалу салдары көрсетіледі. Тек осы әрекеттерден кейін ғана сот келесі қадам жасайды: төрағалық етуші істің мән-жайын баяндайды, тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктері тыңдалады, куәлар мен сарапшылардан жауап алынуы және де басқа дәлелдемелер зерттеледі.
АІЖК кейбір нормалары кейбір жағдайларда өтуге тиісті іс жүргізу әрекеттерін нақты рет-ретімен көрсетеді. Мысалы: 211 бап сот жарыссөзінің кім-кімнен кейін сөйлейтіні нақты тәртібі бар. Ол заңда былай көрсетіледі:
1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.
2. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң – жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлеәді.
3. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.
Көрсетілген норма соңына дейін іс жүргізу әрекетінің кезекпен өтетінін реттейді.
Егер судья заңда көрсетілмеген бұл іс жүргізу әрекеттерінің реттік тәртібін бұзатын болса, оның бірінші кәсіби қателігі болып саналады, яғни бұл мүдделі тұлғалардың құқықтарына өрескел нұқсан тигізіп, өз биліктерін асыра пайдалану болып табылады. Бірақ өкінішке орвй практикамызда "жасырын сотқа дейін дайындық" деген атпен кең тараған кейбір соттардың істі қозғамай жатып, АІЖК 160, 167 баптарында көрсетілген дайындық процесін жүргізіп жіберуі көптеп кездесет.
Судья үшін мұндай заңсыздыққа бару, яғни іс жүргізу реттік кезектік тәртібін бұзу, істі заң талап еткен мерзімде бітіру үшін керек болады, яғни заң бойынша 1-ай мерзім.
Ал мүдделі тұлғалар үшін судьяның мұндай әрекеті күрделі қиындықтарға жолықтыруы мүмкін, мысалы: талаптың кері күші тоқтамай жүре береді, егер судья іс қозғаймын дегенше талап мерзім бітсе, ол мүдделі тұлға талапкердің құқығын таптаған болар еді.
3. Юридикалық зардаптардың тууы жасалған процессуалдық әрекеттердің нақты (результаты) қорытындысының болуы. Талап қою және істі қозғау талапкер үшін іске қатысушылар құрамына кіруі (АІЖК) және заң бөлген құқықтарға ие болуы. Талапкермен қатар жауапкер үшінші тұлғалар үшін де міндетті. Юридикалық зардаптар процессуалдық әрекеттерге қатысты басқа ситуацияларда да басталады.
4. процессуалдық әрекеттер заңда көрсетілген процессуалдық формада іске асады. Процессуалдық форма анықтамасы өте күрделі. Бұл сұраққа қарама-қарсы пікірлер көптеп кездеседі [10].
Оның үстіне азаматтық іс жүргізу формаларының белгілерін айта кеткен маңызды:
а) азаматтық іс жүргізу формасының маңызды белгісі азаматтық процессуалдық құқық нормаларымен бекітілген талаптар жүйесі болып табылады. Бұл талаптарға процесстегі іске қатысушылар тобы, қызметінің тәртібі, әрекеттерінің мазмұны мен мәні, және оларды жасау не жасамағаны үшін жауапкершілігі жатады.
б) іс жүргізу формасы сот қызметіне қатысу үшін міндетті тұлғалар тізімі берілген заң бойынша көрсетілген тұлғалардан басқа ешкім іс жүргізуге қатысушы бола алмайды. Кез келген іске қатысушы онда өзінің жеке орны бар, талапкердің, жауапкердің, эксперттің, куәнің т.б. Бұлардың ешқайсысы бірден екі орын ала алмайды немесе бір уақытта.
в) сот шешімі азаматтық іс бойынша сот бекіткен процессуалдық формада фактілерге жағдайларға негізделуі керек, АІЖК бойынша заңға қайшы алынған кез келген дәлелдемелердің күші болмайды және сот шешімінің негізі ретінде алынбайды делінген.
г) іске мүдделі тұлғалар тікелей өзі не өкілдер арқылы іс қарауға қатысуға құқық алады.егер іске мүдделі адамдардың жауаптары тыңдалып талықлап болса, заң ол іс бойынша шешім шығаруға рұқсат бермейд.
АІЖ құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тәртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тәртібін қарастырады.
АІЖ құқығының пәні болып процессуалдық құқықпен реттелетін азаматтық сот өндірісінің, яғни соттың және басқа да іске қатысушылардың қызметі болып табылады.
АІЖ құқығының әдісі: императивті, диспозивті әдіс. Бұл жерде басқарушылық қатынас мүдделі тұлғаның бостандығымен және тек құқықтармен ұштасып жатады. Құқық реттеу әдісі 2 түрлі жағдаймен байланысты:
АІЖ заңдарының болуымен.
Міндетті және шешуші субъектілері ретінде соттың қатысуы, мемлекет атынан шешім қабылдауы.
Бұл, шешім қажетті жағдайларда күштеп орындауға жатады. АІЖ құқығы басқа құқық салаларымен құқықтық қатынаста болады. Ең алдымен ол материалдық құқықпен байланысты, яғни азаматтық құқық, отбасы құқық қатынастардан туындайтын дауларды күштеу арқылы орындау формасы болып табылады. Еңбек міндеттерді орындату егер де аталған құқықтық қатынастар бойынша заңдылықты бұзулар кездессе және олар ерікті түрде орындалмаса.
Азаматтық процессуалдық құқықтың реттеу пәні ретінде соттың және іске қатысушылардың қызметін атасақ, азаматтық құқығы субъектілердің жағдайына басқарушылық және бағыныштылық қатынасымен реттелетінін көреміз. Құқық қорғау органдары пәнімен азаматтық іс жүргізу құқығының ара-қатынасы біріншісінде құқық қорғау органының жүйесі және осы органның сот әділдігін жүзеге асыру саласындағы құзыретін оқытады, ал 2-де осы нақты азаматтық іс жүргізудің тәртібі және формасы оқытылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығымен көптеген принциптің ұқсастығымен дәлелдеу саласындағы ұқсастықпен, көптеген институттың бірдейлігімен ара-қатынастарын көреміз, сонымен қатар қылмыстық және азаматтық процесстер істің жылжып дамуына байланысты бірдей сатылардан өтеді, яғни соттың 1-ші инстанциясында іс қараудан бастап шешімі шыққанға дейін қылмыстық іс бойынша үкім шыққанға дейін. Апелляциялық, қадағалау сияқты және тағы басқа қосымша сатылардан да өтуінен көреміз.
Қорыта айтқанда, процессуалдық іс жүргізу формасын сақтау – сот әрекетінің конституциялық элементінің ажырамас бір бөлігі.
Азаматтық процесс кез келген іс бойынша рет-ретімен бірнеше этаптардан өтеді. Бұл азаматтық іс жүргізу сатылары деп аталады. Ол өзінің тиісті іс жүргізу мақсаттарын біріктіреді. Қазақстан Республикасында сот билігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар – азаматтық, отбасылық,еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомствалық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар. Азаматтық істерді қарағанда іс жүргізу сатыларынан өтеді. Ол жеке сатылардын тұратын,үдемелі қозғалыс болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу сатылары - өзінің мақсатына жетуге бағытталған белгілі бір процессуалдық әрекеттер шенберін біріктіретін азаматтық іс жүргізу кезеңінің бір бөлігі болып табылады.
Іс жүргізудің сатысы дегеніміз – кез келген іс бойынша азаматтық іс жүргізуде өтетін сот өндірісінің бір бөлігі болып табылады. Сот өндірісі белгілі рет бойынша жүзеге асырылады. Азаматтық істің қаралуы және шешілуі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен қатан регламенттелген тәртіп бойынша жүргізіледі. Сотпен, тараптармен және басқа да процеске қатысушылардың барлық процессуалдық әрекеттер белгілі бір рет бойынша жүзеге асырылады. Азаматтық іс жүргізу сатылары мыналар:
Азаматтық іс қозғау. «Талап қою» термині бұл жерде сәйкес келмейді, өйткені іс арыз немесе шағым беру арқылы қозғалу мүмкін. Істің қозғалу кезі мүдделі адамның еркімен (талапкердің, шағым берушінің, арыз берушінің), сондай-ақ судьяның еркімен белгіленеді. Судья іс қозғаудан және арыз қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу. Оның судьяның және барлық мүдделі тұлғалардың қатысуы жүргізеді. Іс жүргізудің дербес сатысы бола отырып, оның белгілі міндеттері заңмен белгіленген. Батыс мемлекеттердің көбінде азаматтық істі сотта қарауға әзірлеуге судьядан басқа оның штат көмекшілері және штатсыз қызметкерлер қатысады. (Мысалы, Германияда студенттер – референдариилер). Ал Ресейде судьяға көмекшінің қызметін енгізу туралы мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ.
Істі сотта қарау. Бұл іс жүргізудің маңызды сатысы болып табылады. Өйткені бұл саты істің шешілуімен аяқталады. Әділеттілік осы сатыда ғана жүзеге асырылады. Істі мәні бойынша қарау қағидалық мәғынаға ие, сондықтан заң осы сатының қағидаларына арнайы көңіл бөледі. Оларға сотта іс қараудың тікелей және ауызша жүргізілуі, сот отырысына қоғамның қатысуы туралы мәселесі қаралып жатыр.
Апелляциялық сатыда іс жүргізу. Заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау және апелляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығын жүзеге асыру нәтижесінде істі жоғары тұрған сатыдағы соттың қайта қарауы болып табылады.
Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды қадағалау тәртібімен қайта қарау. Іс жүргізудің бұл сатысы ерекше сипатқа ие. Өйткені бұл сатының басталуы тек жоғары тұрған соттың немесе прокуратураның лауазымды адамдарының наразылық келтіруіне байланысты болады. Наразылық келтіру мерзімі шексіз. Қадағалау тәртібімен наразылықты осы үшін арнайы құрылған органдар қарайды.
Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән жайлар бойынша қайта қарау. Іс жүргізудің бұл сатысы заңмен белгіленген ерекше жағдайларда істі қарау кезіңде арыз беруші белгісіз, іске елеулі қатысы бар мән жайлар анықталуына байланысты басталуы мүмкін.
Атқарушылық іс жүргізу. Ол сот шешімін немесе басқа да құжатты орындауға міндетті тұлға оны орындамаса, онда оны мәжбүрлеп олрындату қажеттілігі пайда болған кезде атқарушылық іс жүргізу сатысы пайда болады.
Жоғарыда аталған іс жүргізудің барлық сатылары рет ретімен жүргізіледі. Бірақ кейбір жағдайларда істің жүргізілуі кейбір сатыларын аттап кету мүмкін. Мысалы, сотта іс қозғалып, сотта қарауға әзірленіп, сотта қарап болғаннан кейін апелляциялық сатыда қаралу міндетті емес. Іс бойынша шешім апелляциялық шағымданбай-ақ та заңды күшіне ену мүмкін. Атқарушылық іс жүргізу атқару құжаты сотта қаралмай-ақ пайда болу мүмкін. Іс жүргізудің әр бір сатысы белгілі бір бағытқа және де нақты бір мақсатқа жетумен сипатталады. Мысалы, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің мақсаты – заңды маңызы бар фактілерді анықтау немесе құқық туралы дауды шешу болып табылады. Ал, апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің мақсаты – бірінші сатыдағы сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексеру, істі мәні бойынша дауды қайта қарап шешім шығару боп табылады. Қадағалау тәртібімен іс жүргізуде – бірінші және екінші сатыдағы соттың шешімдеріне, ұйғарымдарына лауазымды адамның наразылығын қарау. Атқарушылық іс жүргізудің – соттың шешімі немесе ұйғарымы орындау болып табылады. Іс жүргізу оны кез келген сатысында аяқталу мүмкін және бұл белгі азаматтық іс жүргізу сатысын бөлуде айқындалушы мағынаға ие болады.
Ғылыми әдебиеттерде көптеген авторлар сатылардың түсінігі және азаматтық іс жүргізуді сатыларға бөлу туралы басқа көз қарастарын білдірген. Олардың көзқарасы бойынша іс жүргізудің сатысы дегеніміз – бұл жалпы жақын мақсатқа байланысты іс жүргізушілік әрекеттердің жиынтығы және іс жүргізудің өзіндік сатыларын бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қозғау, оны сотта қарауға әзірлеу және сот отырысында істі қарау ретінде белгілеу болып табылады. Олардың көз қарасы бойынша іс жүргізу сатылары мына түрлерге бөлінеді:
Бірінші сатыдағы сота іс жүргізу (ол іс қозғаудан шешім шығаруға дейінгі)
Екінші сатыдағы сотта іс жүргізу (заңды күшіне енбеген шешімдерді қайта қарау және оларға шағымдану)
Қадағалау тәртібімен іс жүргізу
Жаңадан анықталған мән жайлар бойынша іс жүргізу
Атқарушылық іс жүргізу [11].
Бірақ іс жүргізу әрекеттерін тек жақын мақсаттар бойынша іс жүргізудің өзіндік сатысын бөлуге болмайды. М.А. Гурвичтің белгілеуі бойынша «процестің мұндай бөліністер салдарынан біріншіден, іс жүргізу сатылары процессуалдық құқықтық қатынастардан бөлініп кетеді, ал екіншіден, бұл бөліністен бірлік негізін жоғалтады» деп көрсеткен [1,61].
М.А.Гурвич алғашқы аталған сатыарды бір сатыға – бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу сатысына біріктіреді. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің ІІ бөлімі бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу деп аталады. Азаматтық іс жүргізу аталған сатылар арасында бірінші сатыдағы сотта іс жүршізу міндетті саты болып табылатынын білдік. Процесстің әрбір сатысында тараптардың және сот ісін жүргізуге қатысушы басқа да тұлғалардың еркін білдіруі бойынша іс жүргізу қатынастары пайда болып, дамиды немесе тоқтатылады. Сондықтан азаматтық процесс яғни сот ісін жүргізу азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу сатыларының басты маңызы сот актілерінің әділдігі мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу барысындағы мақсаты болып табылады. Азаматтық іс жүргізу сатыларының бірі ретінде азаматтық істі қозғау сатысына тоқталар болсақ, бұл сатыда азаматтардың далы құқықтары бойынша берілген талап арыздың негізінде азаматтық істі қозғауға негіз алады. Ал екінші саты істі сотта қарауға әзірлеу болып табылады. Мұнда негізгі мақсаты істің сотта қаралуға жататындығын, қандай негізде қаралатындығын, іске қатысы бар дәлелдемелерді жинақтап, тараптардың құқықтық қатынастарын және соған тиісті заңдарды анықтау болып табылады. Үшіншісі, істі сотта қарау. Бұл іс жүргізудің маңызды сатысы болып табылады. Өйткені бұл саты істің шешілуімен аяқталады. Төртіншісі, апелляциялық сатыдағы сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексеру, істің мәні бойынша қайта қарапшешім шығару болып табылады. Бесіншісі, қадағалау тәртібімен іс жүргізу. Мұнда заңды күшіне енген бірінші және екінші сатыдағы соттың актілеріне лауазымды адамның наразылығы қаралады. Алтыншысы, Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша қайта қарау. Бұл саты арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән – жайлар анқыталған жағдайда қажет. Ал, соңғы жетінші сатыда – атқарушылық іс жүргізу сатысында сот актісін орындауға міндетті тұлғаның өз еркімен орындлмаған жағдайда мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолдану т болып табылады.
Осы айтылған сатылардың ішіндегі күні кеше 11.07.2001жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен кассациялық сатыда іс жүргізу алынып тасталынды. Сондықтан бұл сатыны курсытқ жұмыстың ішінде қарасты-рылмай отыр.
Азаматтық іс жүргізу құқығындағы азаматық іс жүргізу сатыларының түсінігін, түрлерін және олардың айырмашылықтарын көрген болармыз. Әрбір сатының өзінің мақсаты, өту процесі, тәртібі, мерзімдері әртүрлі.
Осындай негіздерді мақсат ете отырып, Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде дамуына әрбір жас заңгердің азаматтық іс жүргізу заңдарының сатыларын жете меңгеруі басты міндеті және тәуелсіз елімізге қосар үлесі деп ойлаймын.
