- •I. Азаматтық іс жүргізу тәртібінің түсінігі мен мәні
 - •1.1 Азаматтық іс жүргізу бойынша сот мәжілісінің өту тәртібі
 - •1.2. Сот талқылауы сатысының маңызы
 - •1.3. Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшелігі
 - •Іі. Азаматтық істі мәні бойынша қарау ерекшеліктері
 - •2.1. Істі мәні бойынша қараудың жалпы тәртібі
 - •2.2. Азаматтық іс жүргізудегі істі мәні бойынша қарау ерекшелігі
 - •2.3. Бірінші инстанцияда азаматтық iсті жүргiзудiң еркшелігі
 - •Ііі. Азаматтық істі мәні бойынша қарауды жетілдіру
 - •3.1 Азаматтық іс жүргізудегі соттың міндеті мен құқығын жетілдіру
 - •3.2. Істі мәні бойынша қарау барысында судьялардың құқықтық мәртебесін жетілдіру
 - •Қорытынды
 - •Қолданылған әдебиеттер тізімі
 
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.....………………………………………………………………...................3
I. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
1.1. Азаматтық іс жүргізу бойынша сот мәжілісінің өту тәртібі ...........................6
1.2. Сот талқылауы сатысының маңызы .............…………....….......………........11
1.3. Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшелігі..............................................18
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІСТІ МӘНІ БОЙЫНША ҚАРАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Істі мәні бойынша қараудың жалпы тәртібі ................................………......29
2.2. Азаматтық іс жүргізудегі істі мәні бойынша қарау ерекшелігі ...…...........39
2.3. Бірінші инстанцияда азаматтық iсті жүргiзудiң ерекшелігі........................65
ІІІ. АЗАМАТТЫҚ ІСТІ МӘНІ БОЙЫНША ҚАРАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі соттың міндеті мен құқығын жетілдіру............72
3.2. Істі мәні бойынша қарау барысында судьялардың құқықтық мәртебесін жетілдіру ....................................................................................................................75
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................87
БИБЛИОГРАФИЯ.....................................................................................................89
Кіріспе
1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралың заңға қол қойылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттік рәміздері қабылданып, тәуелсіз елдің алғашқы Конституциясы өмірге жолдама алды. Осы 24 жыл ішінде мемлекет және қоғам дамудың барлық бағыттарында сүбелі жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргізіп отырған өрелі саясатының арқасында мемлекеттік биліктің мықты жүйесі құрылды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет нысанында танылады.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыра отырып адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға Ата заңмен кепілдік береді. Қазақстан Республикасының Ата заңында адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына арналған 30 бап бар.
Біздің мемлекетіміздің ең басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып есептелінеді. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғауды жүзеге асырушы, мемлекеттік биліктің бірі ретінде тәуелсіз сот билігінің рөлі арта түсті.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбір азаматтың қорғалуға және білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Осыған орай Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралың Конституциялық заңы қабылданды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аталған заңның негізгі мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Сотта азаматтық, қылмыстық істер бойынша, әкімшілік басқа да істер бойынша, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі азаматтық істер бойынша соттардың қызметін ұйымдастырады. Қазақстан мемлекеті өз азаматтарының белгілі бір іс әрекетінің заң жүзіндегі мүмкіндіктерін таниды және оларға кепілдік береді. Адам мен азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының іргелі категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретінде орнықтырады. Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін әдістермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдің азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын соттан қорғауды сұрай алады.
Сот – құқық қорғаушы қызметтің өзіне тән стилі мен шеберлігін меңгерген маман болып қалыптасқан адам. Мұның өзі жұмыс сапасына, қызмет тактикасына, әділ шешім шығарып, істі тиімді жүргізуіне әсер етеді. Азаматтқ істі мәні бойынша қарап әділ шешім шығару қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе. Сот әділдігі мен тараптардың теңдігі қағидасының азаматтық істі мәні бойынша қарау кезінде орындалуы өзекті мәселе.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты қазіргі құқықтық мемлекет орнатуды көздеген Қазақстан Республикаының азаматтық істі мәні бойынша сотта қарау ерекшелігін көрсету және соттардың жұмысын ұйымдастырудағы кейбір мәселелері мен олдарды шешудің жолдарын қарастыру.
Азаматтық істі мәні бойынша қарау ерекшелігін дипломдық бітіру жұмысымның тақырыбы етіп алуымның себебі, азаматтық іс жүргізуде сот талдауының заң бойынша негізді рет-ретімен, тәртібімен өту, оны жүргізуші сот үшін заңи көмек беру еңбек қызметінің негізгі түрі, кәсібі. Қазіргі кезеңде заң мен қоғам соттан – жай заң бойынша іс жүргізуді ғана емес, әділ шешім шығарып, тараптардың көңілінен шығуды ғана емес, азаматтық іс бойынша істің мәні бойынша істі жүргізудің бұзылған құқықтарды қорғаудың нәтижелілігін талап етеді.
Біз жаңа мемлекетті қаз бастыру, ашық экономикалық нарықты құру, ұлттық қауіпсіздікті нығайту және демократиялық қоғамды дамыту барысында соқтықпалы соқпақтан өттік. Еліміз өз кезеңінде нық та бекем, үдемелі де жан-жақты даму сатысына көшті. Заңгер қауымы үшін мұның өзі Қазақстанның барабар құқықтық даму түсінігін қалыптастыру қажеттілігін білдіреді, бұл үшін ең алдымен құқықтың және құқықтық мемлекеттің қағидаларын нақты іске асырудағы негізгі позициялар белгіленуі керек.
Бір кездері республикамыз мызғымас Одақтың құрамында СОКП-ның билік монополиясының, үстемдігіндегі социалистік меншік пен коммунистік идеология көмкерген қуыршақ кейіпіндегі егеменді мемлекет болып саналды. Сол кездегі Конституция бойынша Қазақ КСР-ы егеменді кеңестік социалистік мемлекет болып жарияланған. Әйтседе, Қазақстанның егемендігі іс жүзінде тиісінше қамтылмады және жүзеге асырылған жоқ. Билік бөлудің либералдық-демократиялық идеологиясы, меншік нысандарының көп түрлілігі мен адамның табиғи құқықтары қалыс қалды. Демократизм принциптерін шетқақпай қыла отырып, қалып белгілеудің де, орындаудың да, бақылаудың да (әрине, Компратияның саясында) функцияларын кеңестер бір қолға шоғырландырып, халық билігін білдірген болды. Сол кездегі құқықтың негізгі принципі таптық идеологияны арқаланған социалистік заңдылықтың принципі болып табылғаны мәлім. Демократиялық қоғамда азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу нормалары тотаритарлық мемлекеттің мүдделерін білдіретіндіктен, жазалау сипатында болды, кінәлауға бет бұрып тұратын. Күшті айыптауға күшті қорғау қарсы тұруы тиіс, ал бұған тек басты рол атқаратын тактиканы қолдана білу, қорғау проблемасын ғылыми шешу арқылы ғана қол жетеді. Бұл орайда, дәлелдеудің ауыр жүгін арқалаған сот жауапкершілікті сезіне отырып, тараптар үшін жайсыз жағдайды жеңілдетуге, шамасы келсе, әділ шешім шығаруға тырысады. Сондықтан ғалымдар мен мол тәжірибе түйген жауапты адамдар күш-жігерлерін біріктіру арқылы соттарды нарықтық қатынастың соңғы іс жүргізу заңдарымен және құқық қорғаудың интеллектуалды қаруымен қаруландыруы қажет. Азаматтық сот ісін қарауда ақиқатқа жету сот – судьяның белсенділігіне байланысты. Сол үшін ғылыми негізделген тактикалық ұсынымның болуы сот-судьяның азаматтық істі мәні бойынша қарауды және азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған даулы құқықтарын қорғауды анағұрлым мақсатты және жете түсінушілікпен жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
Дипломдық бітіру жұмысымның тақырыбын таңдағанда осы мәслелерді қалай шешілуін, оны қазіргі заман, заң талабына қарай қалай жетілдіру процесстерін жүргізу қажет екенін болашақ заң маманы ретінде зерттеп, білуге ден қойдым. Бұдан бұрынғы құқықтық және идеологиялық жағдайларда құқық қорғау тактикасын жасау қажеттілігі туралы мәселе азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті сипатына байланысты күн тәртібіне қойылмады. Ал бүгінде кәсіби құқық қорғау тактикасы сөзсіз ілтипатқа алуды талап ететін көкейкесті мәселе болып отыр. Бір сөзбен қорыта айтқанда, соттардың әділ шешім шығаруда азаматтық істерде, сотта мәні бойынша қарап талдауының құқық қорғау үшін азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін, бостандықтарын, құқықтарын қалпына келтіруінің негізгі көзі, қызметі, кәсіби қорғаушылық ісі болып табылады. Сондықтан бітіру жұмысымда соттардың азаматтық іске басынан қалай қатысатынын, құқық қорғау тактикасы ретінде нені қолданатынын өзіміздің қазақстандық авторлармен қоса шетелдік авторлардың да еңбектерін пайдалана отырып, кеңінен зерттеуге ден қойдым.
Бұл тақырып бойынша қазақ тілінде шыққан заң әдебиеттері сирек болғандықтан, дипломдық бітіру жұмысымды өзімнің ана тілімде жазуға біраз қиындықтар болды. Бірақ ол қиындықтарды жеңдім деп ойлаймын, өйткені алда баяндалар еңбегім соның жемісі.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі болып Қазақстандағы сот жүйесі мен азаматтық істі мәні бойынша сотта қараудың құқықтық негіздері болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазуда келесі материалдар: ҚР нормативті-құқықтық актілері, сот төрелігі, азаматтық іс жүргізу құқығы, азаматтық құқық теориясы жөніндегі оқулықтар, монографиялар, мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалар, Қазақстан Республикасының аудандық сот мәліметтері алынған.
Дипломдық зерттеу жұмысының әдістемелік негізі - зерттеу кезінде салыстырмалы құқықтық, жүйелік, құрылымдық және формальді әдістер қолданылды.
Дипломдық зерттеудің эмпирикалық базасы. Қазақстан Республикасы Конституциясы, конституциялық заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі, ҚР ҚК, ҚР ҚІЖК, Сот және судьялардың мәртебесі туралы заң, халықаралық келісім шарттар мен алыс жақын шет мемлекеттердің нормативтік актілері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік актілері, отандық және шет елдік заңгер ғалымдарының ғылыми жұмыстарын құрайды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, зерттеу мазмұнын ашып көрсететін үш тараудан, өз кезегінде сегіз бөлімнен тұратын және қорытынды мен дипломдық зерттеу тақырыбы бойынша қарастырылған еңбектердің тізімін көрсететін пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Азаматтық іс жүргізу тәртібінің түсінігі мен мәні
1.1 Азаматтық іс жүргізу бойынша сот мәжілісінің өту тәртібі
Сот талқылауы азаматтық іс жүргізу сатысының негізгі бөлігі болып табылады.
Тек осы сатыда ғана сот өзінің алдына қойылған міндеттерді шешеді. Тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынасты реттейді, істі маңызы бойынша шешеді, сот әрекетінің тәрбиелеу ықпалын қамтамасыз етеді, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған даулы құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіреді.
Заң бойынша азаматтық істерді сот мәжілісінде талқылау қатаң түрде азаматтық іс жүргізу нормаларымен және барлық принциптері негізінде жүзеге асады.
Бәрінен бұрын сот мәжілісін өткізу тәртібіне жалпы сипаттама беру керек.
Азаматтық істерді сот мәжілісінде талқылау АІЖК-нің 17 тарауда 174-216-бап аралығында және 2003 жылы 23 сәуірдегі "АІЖ нормаларын соттың бірінші инстанциясында қарау барысында қолдану туралы ҚР Жоғарғы сотының қаулысымен бекітілді [1].
АІЖ Сот талқылауының тәртібінің ерекшеліктері:
1) Сот мәжілісінің кезекпен, ретпен және бір-біріне байланысты өтуі.
2) Сот мәжілісіне бүкіл басшылық сот тарапымен болуы.
3) Сот мәжілісінің жүргізудің тәртібі бұзылған ретте іске қатысушылардың жауапкерлігі.
4) Сот мәжілісінің қажетті, негізгі жүру мәселелері бойынша сот ұйғарымдарының шығып отыруы.
5) Азаматтық іс жүргізудің бүкіл принциптерінің іске асуы.
6) Сот талқылауының бүкіл процесс барысында хаттама жасалудың міндеттілігі.
Заң бойынша сот мәжілісін сот төрағасы басшылық жасайды.
Аудандық қалалық соттарда бұл процесті осы сотқа төрағалық етуші сот төрағасы не тиісті бір судья жүргізеді, қалған соттарда да төрағасы не оның орынбасары не болмаса сот мүшесі жүргізе алады.
Сотқа төрағалық етуші іс бойынша барлық жағдайлар бойынша жан-жақты, объективті түрде айқындауы, тараптардың құқықтары міндеттерін сот процесінің тәрбиелік мәнінің болуы. Қаралып жатқан іске еш қатысы жоқ нәрселерді сот мәжілісінен алып тастау керек. Іске қатысып отырған тұлғалар арасынан біреуінің яғни өкілдің не сарапшы – аудармашылардың сотқа төрағалық етушінің әрекетіне қарсылық білдірілсе, сот мәжілісінің хаттамасына енгізіледі де бүкіл сот құрамымен шешіледі. Тек қана төрағалық етуші ғана сот мәжілісінің тиісті тәртіпте өтуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жүзеге асырады. Сот мәжілісінде тәртіп бұзғандарға заң бойынша жауаптылық жүктелген. Ондай жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың әрекетіне төрағалық етуші сот атынан ескерту береді. Қайталап жасалған ескертуден нәтиже шығармаған іске қатысушыларды сот ұйғарымымен мәжіліс залынан шығарылып жіберіледі, ал іс талқылауына қатысып отырған азаматтарды төрағалық етушінің қаулысымен шығарып жібере алады. сонымен бірге сот мәжілісінің тәртібін бұзған үшін айлық жалақының орташа оннан бір көлемінде заң бойынша айыпақы төлейді. Егер тәртіп бұзушының сот мәжілісіндегі тәртіпті бұзуда қылмыс белгілері байқалса сот қылмыстық іс қозғау үшін барлық материалдарды тиісті прокурорға жібереді. Заңда көрсетілген "сотты сыйламаған үшін жауаптылықта іске қатысушы тұлғалардың бағынбауы сот мәжілісінде тәртіп сақталмауы, сотты тыңдамау әкімшілік-құқық бұзушылық кодексі бойынша 15 күн әкімшілік қамауға жіберу мүмкін болар еді.
Барлық сот мәжілісінде жасалатын іс жүргізу әрекеттерін сот тиісті құжаттармен не ұйғарымдарда бекітіп отырады. Бұрынғы Кеңестік дәуірде соттар алқалы құрамда халық заседательдерімен бірге қараған кезде сот тараптардан судьяның жеке дара қарауына қалай қарайтынын я болмаса сот алқалы түрде не жеке дара қарауға ұсыныстары бар ма жоқ па сұрайтын. Егер бар болса ол сот мәжілісінің хаттамасында көрсетіліп, егер тараптардың іске қатысушылардың бірінде қарсылық болса үзіліс жарияланып, одан кейін сот алқалы не жеке дара қаралатын.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істерді қоспағанда, соттың бірінші сатысындағы, сондай-ақ апелляциялық сот сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке дара қарайды.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істерді бірінші сатыдағы сотта, сондай-ақ барлық істерді кассациялық, қадағалау сатысындағы соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады.
Істердің сот алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тек құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы түрде қараған және шешкен кезде туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беріден қалыс қалуға құқылы емес. Төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан дауыс береді.
Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол төрағалық етушіге тапсырылады және мөр басылған коверттегі іске қоса тіркеледі. Ерекше пікірмен апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы сот осы істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің бар екендігі туралы іске қатысушы адамдарға хабарланбайды және ерекше пікір соттың отырыс залында жарияланбайды [2].
Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
Кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.
Егер судья:
1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;
2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;
3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.
Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
Заңда аталған қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына да қолданылады.
Сонымен қатар сарапшы немесе маман, егер:
1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса істі қарауға қатыса алмайды.
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды.
Заңда аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.
өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынща қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.
Істі жеке дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда - жоғары тұрған сот судьясы қарайды.
Істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мілімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судьяға қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауыспен шешеді.
Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. ғйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.
өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешіледі.
Аудандық немесе оған теңестірілген сотта істі жеке дара қараушы судья қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі сол сотта басқа судья қарайды. Егер іс қаралатын сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот арқылы іс басқа аудандық немесе оған теңестірілген сотқа беріледі. Соттың ұйғарымымен бекітіледі.
Бұл дегеніміз сот әрекетін іске қатысушы тұлғалар мен тараптар жағынан да сондай-ақ тиісті сот пен прокуратураның лауазымды адамдарының да бақылауында болады деген сөз.
Барлық уақытта азаматтық істі сотта талқылау азаматтық сот өндірісінің негізгі ерекшелігі онда азаматтық іс жүргізудің бүкіл қағидаларының жүзеге асатыны айтылып келе жатыр және айтыла береді де.
Шын мәнінде, барлық іс бойынша мәселелердің толық, жан-жақты объективті орындалуы, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің, сот процесінің өзінің тәрбиелік жағы, оның тиісті кепілдік жүйелері болмаса іске аспас еді [3].
Сонымен жоғарыда айтылғандай, сот талқылауы азаматтық процестің негізгі сатысы және бұл сатыда істі мәні бойынша шешуді қарастырады. Аудандық соттарда облыстық сотта және ҚР Жоғарғы Сотында І-инстанция бойынша іс қаралғанда 37 бапқа байланысты судья жеке дара әрекет етеді. Сотта іс қарайтын судьяны сот мәжілісінің төрағасы деп атайды. Ол сот мәжілісіне басшылық етеді, егер төрағалық етушінің әрекетіне іске қатысушының қарсылығы болса, сот мәжілісінің хаттамасына түсіріледі және бұл сұрақ сол соттың төрағасымен шешіледі. Төрағалық етуші сот процесінің тәрибелік мәнін қамтамасыз етеді. Оның әрекеті ресми, заңды болуы керек. Төрағалық етуші АІЖК-нің 178-бабына байланысты тәртіпті сақтауды қадағалауға міндетті. Судья сот мәжілісіне кірген кезде іске қатысушылар және мәжіліс залындағы тағы басқа судьялар орындарынан тұруға міндетті. Және сот шешімін орындарынан тұрып тыңдайды. Барлық іске қатысушылар өкілдер, мамандар, куәлар, тілмәштар сот мәжілісінде түсініктемені орындарынан тұрып береді. Бұл тәртіптен ауытқу тек қана төрағалық рұқсатымен жүзеге асады. Осы аталған тұлғалар мәжіліс залында бекіткен тәртіпті сақтап, төрағалық етшунің әртүрлі өкімдерін (распоряжения) бұлжытпай орындау керек.
АІЖК 179-бабында сол істі қарау кезінде тәртіп бұзушыларға қолданылатын шаралар көрсетілген. Олар: ескерту жасау, ұйғарыммен соттың белгілі бір бөліміне шығарып, жіберу, отырыс залынан мүлдем шығарып жіберу, әкімшілік жаза белгілеу, ол тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың белгілері болса қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін прокурорға хабарлау. Ал сот мәжілісі кезінде жаппай тәртіп бұзушылыққа жол берген кезде істің қарауын кейінге қалдыру болып табылады [4].
