- •1.Желінің негізгі компоненттері және олардың қолданылуы туралы түсінік беріңіз.
- •2.Жергілікті және ауқымды желілердің негізгі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз және салыстырыңыз.
- •3.Негізгі топологиялар туралы түсінік беріңіз және олардың ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •4.Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Шиыршықталған кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •5. Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Коаксиал кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •6. Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Оптикалық талшықты кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •7. Tcp/ip хаттамаларының стегіне сипаттама беріңіз. Ip хаттамасының негізгі принципін айтыңыз.
- •8. Ip адрестер және желілік кластар түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •10. Байланыс негіздері және байланыс элементтерін атап беріңіз. Желі компоненттері: құрылғылар, медиа, сервистер туралы сипаттама беріңіз.
- •9. Rip1, rip2 және ospf протоколдарының ерекшеліктерін, артықшылықтарын салыстырыңыз.
- •12. Хост конфигурациясының динамикалық протоколы – dhcp жұмысына сипаттама беріңіз
- •13. Динамикалық маршрутизацияның негізгі мақсатына сипаттама беріңіз.
- •14. Негізгі топологияларды атаңыз, шина топологиясына сипаттама беріңіз.
- •15. Негізгі топологияларды атаңыз, жұлдызша топологиясына сипаттама беріңіз.
- •16. Негізгі топологияларды атаңыз, сақина топологиясына сипаттама беріңіз.
- •17. Ip адрестердің жіктелуі
- •18. Желіні бағыныңқы желілерге бөлудің мақсатын айтыңыз және мысал келтіріңіз.
- •19. Қолданбалы деңгейдің хаттамасы - ftp хатамасының жұмысын ашып жазыңыз.
- •20. Rip динамикалық протоколын конфигурациялау процесін сипаттаңыз.
- •23. Token Ring желілік технологиясына және маркер ұғымына сипаттама беріңіз.
- •24. Apple Talk және Arc Net желілік технологияларына сипаттама беріңіз.
- •25. Үлкен желілерді құруда репиторлар, көпірлерді пайдалану.
- •26. Үлкен желілерді құруда маршрутизаторлар және шлюздердің ролі, қолданылуы.
- •27. Dns, www қызметтеріне сипаттама беріңіз.
- •28. Деңгейлік модельді қолданудың артықшылықтарын . Деңгейлік модельді қолдану артықшылықтары.
- •29. Osi және tcp/ip желілік үлгілерін салыстырыңыздар.
- •30. Osi үлгісінің деңгейлері – арналық деңгейі (Data Link layer) және желілік деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз.
- •31. Osi үлгісінің деңгейлері – транспорттық деңгейі (Transport layer) және сеанстық деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз (Session layer).
- •32. Osi үлгісінің деңгейлері – көрсету деңгейі (Presentation layer) және қолданбалы деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз(Application layer).
- •33. Osi моделінің желілік деңгейінің негізгі төрт процесін сипаттап беріңіз.
- •34. Түйіндер аттарын анықтау, arp адресті анықтау хаттамасы мен Ping программасына түсінік беріңіз.
- •35. Түйіндер аттарын анықтау және dns қызметіне сипаттаңыз, мысал келтіріңіз.
- •36. Tcp және udp протоколдарының қолданылуымен деректердің берілу процесін салыстырыңыз
- •38. Статикалық маршрутизацияның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз.
- •39. Динамикалық маршрутизацияның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз
3.Негізгі топологиялар туралы түсінік беріңіз және олардың ерекшеліктерін атап өтіңіз.
Топология дегеніміз − компьютерлердің нақты физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады: «шина», «жұлдызша», «сақина». Осы топологиялардың қиысулары арқылы әртүрлі құрама топологиялар, мысалы «жұлдызша-шина», «жұлдызша-сақина» алынады. «Шина» – кең қолданылатын қарапайым топология. Барлық компьютерлер бір кабель бойымен қосылып сызықтық құрылым құрайды. Сигналдар желінің барлық компьютерлеріне бірдей жіберіледі. Олардың шағылысуын болдырмау үшін кабель соңына терминаторларды жалғайды. Деректерді бір уақытта тек бір компьютер жібере алады. Желідегі компьютерлер саны ӛскен сайын оның өткізу жылдамдығы тӛмендейді.
«Жұлдызша» топологиясында әрбір компьютер концентратор деп аталатын орталық компонентке тікелей жалғанған. Егер орталық компонент істен шықса, желі жұмысы тоқтайды. Сигнал немесе маркер әрбір компьютерден өтіп «сақина» бойымен жүріп отырады (сағат тілінің бағыты бойынша). Компьютер бос маркерді қабылдағаннан кейін деректерді желіге жібереді. Қабылдаушы компьютер деректердің кӛшірмелерін алып, олардың қабылдандығы жайлы белгі жасайды. Деректер ары қарай желі бойынша жіберуші компьютерге жетеді, ол деректерді жойып бос маркерді желіге қайтарады. Концентратор трафикті бір нүктеге орталықтандыру үшін қажет. Егер концентратор орнатылған желідегі кабель үзілсе, онда ол бүкіл желіге емес, тек осы желі сегментінің жұмысына ғана әсер етеді. Концентраторлар желінің ұзартылуын жеңілдетіп, әртүрлі кабельдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Топологияны таңдау
Шина Артықшылығы Кабельді үнемдейді. Беріліс ортасын пайдалану құны төмен, қарапайым, сенімділігі жоғары. Желіні жеңіл ұзартуға болады. Кемшілігі Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның жылдамығы төмендейді. Кабельдің істен шығуы көптеген қолданушылардың жұмысын тоқтатады, Проблемаларды тез шешу қиынға түседі.
Сақина Артықшылығы Желідегі барлық компьютерлердің үстемдіктері бірдей. Қолданушылардың саны желі өнімділігіне әсер етпейді. Кемшілігі Бір компьютердің істен шығуы желі ні түгелдей тоқтатады. Проблемаларды тез шешу қиынға түседі. Желі конфигурациясын өзгерту үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келеді.
Жұлдызша Артықшылығы Желіге жаңа компьютерлер қосу арқылы жеңіл модификациялауға болады, Бақылау мен басқару орталықтанған. Бір компьютердің істен шығуы желі жұмысына әсер етпейді. Кемшілігі Орталық түйіннің істен шығуы желі жұмысын тоқтатады.
4.Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Шиыршықталған кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
Кабель типтері:а) коаксиал кабель;б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған);в) оптикалық талшықты кабель.
Шиыршықталған жұп Қазіргі кезде коаксиалдан гөрі шиыршықталған жұпты қолданған тиімді. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель бірінің сыртына бірі оралған және арнайы пластикалық қоршаудың ішіне орналасқан екі сымнан тұрады. Мысалы, телефон аппараты телефон розеткасына шиыршықталған жұп арқылы қосылады. Кабель оның бойымен бірінің сыртына бірі оралған екі немесе одан да кӛп сымдар жұптарынан тұрады. Шиыршықталып оралу кабельдің кедергіге қарсылығын арттырып, әрбір жұп сымның басқаларына әсерін азайтады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің сыртқы қабығы болуы да болмауы да мүмкін, ал ішіндегі сымдарының саны әртүрлі. Бұл кабельдің екі түрі кездеседі: экрандалған шиыршықталған жұп, экрандалмаған шиыршықталған жұп.
a) Экрандалмаған шиыршықталған жұп жергілікті есептеу желілерінде кең қолданылады, сегментінің максималды ұзындығы 100 метрді құрайды. Ол екі оқшауланған мыс сымнан тұрады Кабельдің атқаратын қызметіне қарай әрбір ұзындық бірлігіне сай шиыршықтарының саны реттеледі. Экрандалмаған шиыршықталған жұптың бес категориясын біріктіретін стандарттар анықталған.
1-категория – дәстүрлі телефон кабелі, оның бойымен деректер таратуға болмайды, тек сөз ғана жіберіледі.
2-категория – деректерді 4 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
3-категория – деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Әрбір метрге тоғыз шиыршықтан келетін төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
4-категория – деректерді 16 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
5-категория – деректерді 100 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
Қиылысқан кедергілер дегеніміз – көршілес сымдардағы сигналдардың әсерінен туатын электрлік әсерлер.
б) Экрандалған шиыршықталған жұп
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель қолданылады, егер:
қаржы шектеулі болса;
орнатудың жеңілдігі қажет болса;
Деректердің бүтіндігін сақтау жағынан жоғары сенімділік және оларды ұзақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен тарату қажет болса, бұл кабельдің түрін пайдаланып керегі жоқ.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағанда артықшылығы оның арзандығында.Сонымен қатар оны орнату жеңіл және қызмет көрсету ыңғайлы. Мұндай кабельдердің түрін орнату ғимарат салынып жатқан кезде есепке алынады, олардың қосылыс орындары телефондікіне ұқсас келеді.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағанда кемшілігі электромагнитті ӛрістерді сезгіштігі, соның салдарынан оларды алыс қашықтықтарға орнату шектеулі. Бірақ бұл жолдағы жаңа технологиялық жетістіктер аталған шектеулерді жақын арада жоятындығына күмән жоқ.
