- •1.Желінің негізгі компоненттері және олардың қолданылуы туралы түсінік беріңіз.
- •2.Жергілікті және ауқымды желілердің негізгі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз және салыстырыңыз.
- •3.Негізгі топологиялар туралы түсінік беріңіз және олардың ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •4.Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Шиыршықталған кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •5. Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Коаксиал кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •6. Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Оптикалық талшықты кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •7. Tcp/ip хаттамаларының стегіне сипаттама беріңіз. Ip хаттамасының негізгі принципін айтыңыз.
- •8. Ip адрестер және желілік кластар түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •10. Байланыс негіздері және байланыс элементтерін атап беріңіз. Желі компоненттері: құрылғылар, медиа, сервистер туралы сипаттама беріңіз.
- •9. Rip1, rip2 және ospf протоколдарының ерекшеліктерін, артықшылықтарын салыстырыңыз.
- •12. Хост конфигурациясының динамикалық протоколы – dhcp жұмысына сипаттама беріңіз
- •13. Динамикалық маршрутизацияның негізгі мақсатына сипаттама беріңіз.
- •14. Негізгі топологияларды атаңыз, шина топологиясына сипаттама беріңіз.
- •15. Негізгі топологияларды атаңыз, жұлдызша топологиясына сипаттама беріңіз.
- •16. Негізгі топологияларды атаңыз, сақина топологиясына сипаттама беріңіз.
- •17. Ip адрестердің жіктелуі
- •18. Желіні бағыныңқы желілерге бөлудің мақсатын айтыңыз және мысал келтіріңіз.
- •19. Қолданбалы деңгейдің хаттамасы - ftp хатамасының жұмысын ашып жазыңыз.
- •20. Rip динамикалық протоколын конфигурациялау процесін сипаттаңыз.
- •23. Token Ring желілік технологиясына және маркер ұғымына сипаттама беріңіз.
- •24. Apple Talk және Arc Net желілік технологияларына сипаттама беріңіз.
- •25. Үлкен желілерді құруда репиторлар, көпірлерді пайдалану.
- •26. Үлкен желілерді құруда маршрутизаторлар және шлюздердің ролі, қолданылуы.
- •27. Dns, www қызметтеріне сипаттама беріңіз.
- •28. Деңгейлік модельді қолданудың артықшылықтарын . Деңгейлік модельді қолдану артықшылықтары.
- •29. Osi және tcp/ip желілік үлгілерін салыстырыңыздар.
- •30. Osi үлгісінің деңгейлері – арналық деңгейі (Data Link layer) және желілік деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз.
- •31. Osi үлгісінің деңгейлері – транспорттық деңгейі (Transport layer) және сеанстық деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз (Session layer).
- •32. Osi үлгісінің деңгейлері – көрсету деңгейі (Presentation layer) және қолданбалы деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз(Application layer).
- •33. Osi моделінің желілік деңгейінің негізгі төрт процесін сипаттап беріңіз.
- •34. Түйіндер аттарын анықтау, arp адресті анықтау хаттамасы мен Ping программасына түсінік беріңіз.
- •35. Түйіндер аттарын анықтау және dns қызметіне сипаттаңыз, мысал келтіріңіз.
- •36. Tcp және udp протоколдарының қолданылуымен деректердің берілу процесін салыстырыңыз
- •38. Статикалық маршрутизацияның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз.
- •39. Динамикалық маршрутизацияның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз
29. Osi және tcp/ip желілік үлгілерін салыстырыңыздар.
Ашық жүйелер әрекеттестігі (open system inter connection) (OSI) — халықаралық стандарт жөніндегі ұйым (ISO) ұсынған желілік және желі аралық әрекеттестік стандартының жобасы. Мұнда желі архитектурасының жеті деңгейі анықталады: физикалық, арналық, желілік, транспорттық, сеанстық, көрсету, қолданбалы.
Бұлардың алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мәліметтер жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық, көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген. әрбір деңгей салыстырмалы тәуелсіз, әрбір деңгей желілік құрылғылардың қатаң анықталған әрекеттесу функцияларын сипаттайды. Барлық деңгейлер иерархиялық құрылым құрады, мұнда қандай да бір деңгейде жасалған сұраныс орындалуға одан төмен деңгейге беріледі. Сұранысты ӛңдеу нәтижелері жоғарғы деңгейге қайтарылады. Деңгейлердің программалық және аппараттық әрекеттесуін сипаттау үшін интерфейстер және хаттамалар қолданылады.
Интернет желісінденегізгі протокол болыпTCP/IPжелілік протоколы саналады. TCP/IPжелісіндеәрбіркомпьютердіңӛзініңуникальдіIP –адресінемесеIP- номеріболады.Компьютерлермәліметтералмасукезіндесандықадрестіқолданады, ал қолданушыларинтернетпенжұмыскезіндекӛбінеаттардықолданады. Сандықадрестеринтернетте 4 саннантұрады. Олардыңәрқайсысы 256-дан аспайды. Сандарбір-біріненнүктеарқылыажыратылады, мысалы: 195.63.77.21. Бұндайномерлеужеліде 4 миллиардтайкомпьютердіңпайдаболуынамүмкіндікбереді. ИнтернеткебіріншіретқосылатынкомпьютергенемеселокальдіжелігедомендікаттыадминистрациялауменайналысатынарнайыұйымIP адрес тағайындайды.
Internet жүйесіндеқолданылатыннегізгіхаттамалар – TCP/IP ( Trans-mission Control Protocol/Internet Protocol ) хаттамаларжиынтығы. IP – желілікдеңгей, TCP – транспорттықдеңгейхаттамалары.
Желілік деңгей TCP/IP хаттамаларының негізі болып табылады. Бұл деңгейде желі аралық байланыс принципі жасалады, сонымен қатар интернет желісі бойынша дестелерді маршрутизациялау да осы деңгейде жүзеге асады. IP хаттамасы – осы деңгейдің желі аралық байланыс орнататын негізгі хаттамасы болып табылады. Транспорттық деңгейдің TCP және UDP хаттамалары да ІР хаттамасын пайдаланады. IP хаттамасы TCP/IP желісімен өтіп жатқан барлықақпараттардың форматын көрсете отырып, интернет желісінде мәліметтер берудің базалық өлшемі ІР дейтограмманы анықтайды. IP желісінің бағдарламалық қамсыздандыруы физикалық желілердің қосылыстары бойынша мәліметтердің жолын таңдай отырып, маршрутизациялау қызметін атқарады. Маршрутты анықтау үшін арнайы кесте болады, таңдау компьютер-адресат қосылған желі адресі негізінде жасалады. IP хаттамасы деректердің әр дестесі үшін бөлек маршрут тағайындайды, бірақ қажетті ретпен сенімді түрде жеткізілуіне кепіл болмайды.
30. Osi үлгісінің деңгейлері – арналық деңгейі (Data Link layer) және желілік деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз.
OSI үлгісі бойынша әрекеттесу құралдары жеті деңгейге бӛлінеді:
1)қолданбалы; 2)көрсету ;3)сеанстық ;4)транспорттық ;5)желілік; 6)арналық ; 7)физикалық
Арналық деңгей (Data Link layer) Физикалық деңгейде тек биттер тасымалданады. Байланыс арналары бірнеше өзара әрекеттесетін компьютерлермен бөлініп пайдаланылатын кейбір желілерде физикалық беріліс ортасы бос болмауы мүмкін екендігі есепке алынбай қалады. Сондықтан да арналық деңгейдің мақсаттарының бірі ортаның бостығын анықтау болып табылады. Ол үшін арналық деңгейде биттер кадрлар деп аталатын топтарға біріктіріледі. Арналық деңгей кадрларды (frames) желілік деңгейден физикалық деңгейге жібереді. Жіберуші компьютердің арналық деңгейі физикалық деңгейден түскен биттердің ағымын деректердің кадрларына біріктіреді. Арналық деңгей (Data Lіnk) физикалық деңгейдің көмегімен кадрлардың дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді. Бұл желілік деңгейге деректерді жіберуді желілік бірігу арқылы қатесіз оқуға мүмкүндік жасайды. Көбінесе, арналық деңгей кадрларды жіберген кезде қабылдаушы жағынан оның алынғанын растауды күтеді. Қабылдаушының арналық деңгейі мүмкін қателерді тексереді. Жіберу барысында бұзылған немесе олады қабылдағаны жайлы хабарлама түспеген кадрлар қайта жіберіледі. Дегенмен, кез-келген топологиялы және технологиялы желілерде хабарламаларды сапалы тасымалдау үшін арналық деңгейдің функциясы жеткіліксіз, сондықтан да OSI үлгісінде бұл тапсырма келесі екі – желілік және транспорттық деңгейлерге жүктеледі.
Желілік деңгей (Network layer)Үшінші желілік деңгей хабарламаларды адрестеуге және логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады. Нақты желілік шарттарға, қызметтер үстемділігіне және басқа факторларға байланысты жіберуші мен қабылдаушы компьютерлер арасындағы бағыт анықталады. Пакеттерді коммутациялау, бағыттау және шектеу сияқты желілік трафикке байланысты туатын проблемалар да осы деңгейде шешіледі. Егер бағыттауыштың желілік адаптері деректердің үлкен бӛліктерін жібере алмаса, желілік деңгейде ол бӛліктер бӛлшектенеді. Ал қабылдаушы компьютердің желілік деңгейі оларды жинап, алғашқы қалпына келтіреді. Желілік деңгейдегі хабарламалар пакеттер (packets) деп аталады.
