- •Биология және биотехнология ФакультетІ
- •«5В070100-Биотехнология» мамандығы бойынша (бакалавриат) Кешенді емтихан бағдарламасы
- •Факультеттің әдістемелік (бюро) кеңесінде ұсынылды.
- •Түсініктеме
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •Mv 1304 «Микробиология және вирусология» пәні. 3кредит
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •Вн 2305 «Биохимия» пәні. 3 кредит
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •ZhMg 2306 «Жалпы және молекулалық генетика» пәні.3 кредит.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •Fn 2308 «Физиология негіздері».6 кредит.
- •5.1.«Өсімдіктер физиологиясы» пәні.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •5.2.«Жануарлар физиологиясы» пәні
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •5.3.«Микроорганизмдер физиологиясы» пәні
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •6.Вn 2309 Биотехнология негіздері. 6 кредит.
- •Өсімдіктер биотехнологиясы» пәні
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •«Жануарлар биотехнологиясы» пәні
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •«Микроорганизмдер биотехнологиясы» пәні
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •Мв 2310 «Молекулалық биология» пәні. 3 кредит
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Емтихан сұрақтары
- •Білімді бағалау шкаласы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология және биотехнология ФакультетІ
|
Биология және биотехнология факультетінің Ғылыми Кеңесінің отырысында «БЕКІТІЛГЕН» Хаттама № ___ «___»_____ 2015 ж. Ғылыми Кеңес төрағасы б.ғ.д., профессор__________Б.Қ. Заядан
|
«5В070100-Биотехнология» мамандығы бойынша (бакалавриат) Кешенді емтихан бағдарламасы
«5В070100 – Биотехнология» мамандығы бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде әзірленді.
Биотехнология кафедрасының мәжілісінде қаралып ұсынылды.
«____ » _______ 2015 ж., хаттама №____
Кафедра меңгерушісі _________________ Кистаубаева А. С.
(қолы)
Факультеттің әдістемелік (бюро) кеңесінде ұсынылды.
« ____ » _______ 2015 ж., хаттама № ____
Төрайымы ________________________ Жунусбаева Ж. К.
(қолы)
Түсініктеме
Бағдарламала биотехнология мамандығын даярлауда эксперименттік оқу білім беру бағдарламасына сай негізгі міндетті пәндер бойынша сұрақтар қамтылған.
5B010700 – Биотехнология мамандығы бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасы қорытынды мемлекеттік аттестациямен (ҚМА) аяқталады. Аттестация негізінде кешенді емтихан тапсырылады және дипломдық жұмыс (жоба) қорғалады. Қорытынды аттестацияға оқу-жұмыс жоспары мен оқу бағдарламасының талаптарына сай оқу үдерісін аяқтаған студенттер жіберіледі.
Кешенді емтихан мамандықтың академиялық күнтізбесі мен жұмыс-оқу бағдарламасында көрсетілген мерзімде, дипломдық жұмысты қорғаудан 1 ай бұрын өткізіледі.
Кешенді емтихан бакалаврдағы білім бері бағдарламасының базалық міндетті пәндерден құралған.
Кешенді емтиханды сәтті тапсырған студент, дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.
Қанағаттанарлықсыз баға алған студент кешенді емтханды тек қана келеі қорытынды аттестация кезінде тапсырады.
1.ТМВZ 1303 «Төмен молекулалы биологиялық заттар» пәні. 3кредит
Тірі организмдердің жасушаларында қызмет атқаратын қосылыстардың және олардың молекулаүсті кешендерінің денгейінде тіршілікті зерттейтін биологиялық ғылымдардың негізінде биоорганикалық химия жатады. Биоорганикалық химия тірі ағзаларда қызмет атқаратын органикалық қосылыстардың құрылымын, қасиеттерін, қызметін, құрылымы мен қызметінің өзара байланысын зерттейтін ғылым. Сондықтан пәннің құрамына органикалық заттардың химиясына арналған тараулары кіреді және пән «Органикалық және биоорганикалық химия» деп аталады. Пәнді оқып алынған білім тірі ағзалардың қызметінің негізінде жататын биохимиялық процестердің механизмдерінің түсіну үшін қажет және медицина мен ауылшаруашылық үшін бағалы биологиялық белсенді заттарды алуда пайдаланатын әдістердің теоретикалық негізі ретінде болады.
Органикалық көсылыстардың жалпы сипаттамасы. Органикалық қосылыстардың құрылымының негізі, шектелінген көмірсутектер, шектелмеген көмірсутектер, ароматты және циклдық қосылыстар.
Биологиялық манызды көмірсутектердің монофункционалды қосылыстар: биологиялық манызды қанықпаған және ароматты көмірсутектердің туындылары, карбон қышқылдары, спирттер, альдегидтер мен кетондар.
Биологиялық манызды гетерофункционалды қосылыстар: оксиқышқылдар, аминқышқылдар, оксиальдегидтер мен, оксикетондар, оксоқышқылдар. Биологиялық маңызды гетероциклды қосылыстар: бесмүшелі және алтымүшелі гетероциклды заттар, олардың құрылымы, қасиеттері, табиғи гетероциклді қосылыстар, нуклеотидтер мен нуклеин қышқылдар.
Биологиялық белсенді заттар: пептидтер, глутатион, окситоцин, вазопрессин. Алкалоидтар, топтастыруы, құрылымы, қасиеттері. Антибиотиктер, гетероциклдік алкалоидтар, құрылымы, қасиеттері, биологиялық қызметі.
