- •2.Дизъюнкциялық дислокациялардың геологиялық және геоморфологиялық
- •Ең ірі жанартаулар[өңдеу]
- •2. Беткейлік процестер мен беткейлі бедер пішіндер
- •2.Қазақстан аумағында пенеплен мен педиплен аймақтарының таралуы
- •2. Мұздықтардың пайда болу жағдайы мен қоректенуі.Мұздықтардың түрлері.
- •2.Далалық геоморфологиялық зерттеу әдістері
2.Далалық геоморфологиялық зерттеу әдістері
Далалық геоморфологиялық бақылаулар – көзбен шолып (визуальный) және аспаптық бақылауларға бөлінеді. Мұның ішіндегі ең бастысы – адамның көзбен шолып бақылау әдісі. Бұл әдіс бедер пішіндерінің құрылысын, жаратылу тегін, динамикасын, оларды құрайтын тау жыныстарын зерттеуге негізделген. Көзбен шолып бақылау жұмыстарын жүргізген кезде әдетте анероид, тау құбылнамасы (горный компас), геологиялық балға, рулетка сияқты қарапайым дала аспаптары кеңінен қолданылады. Кейде көзбен шолып бақылаулар вертолет және кіші авиациялық самолеттерімен бірге жүіргізіледі. ғуеден көзбен шолып бақылаулар жүргізілген кезде зеріттеліп жатқан аймақтар алдын ала айқындалған маршуттар бойынша ұшып жүріп тексеріледі,ал алынған мәліметтер топографиялық карталарға белгіленіп,арнайы күнделікке жазылады. ғуеден көзбен шолып бақылауға жеке объектілердің үстінде тоқтап немесе қызықты геологиялық және геоморфологиялық объектілерді зеріктеуге вертолеттер ыңғайлы.
Жер бетіндегі көзбен шолып бақылау жұмыстары негізінен сол бақылау нүктелерінде жүргізледі. Бақылау нүкелері аумақтың кездейсоқ орындары емес, олар бедердің қандай да болса белгілі бір элементтерін, пішіндерін немесе пішіндер кешендерін сипаттайтын нүкте. Бақылау нүктелерінде зерттелген бедер пішіндердің морфографиялық және морфометриялық сипаттамасы пайымдалады: олардың сыртқа бейнесі, кеңістіктегі орналасуы, орлаласу бағыты жеке пішіндердің бір- бірімен өзара жалғасуы және т.б. Онымен бірге мұнда ерекше бедердің морфометриялық көрсеткіштеріне, яғни пішіндерінің салыстырма биіктіктерін, элементтердің еңіс бұрыштарын, ұзындығын, тереңдігін және енін өлшеуге назар аударылады. Мұндай жұмыстардың қажеттілігі бедер пішіндерінің ұсақ элементтері, мысалы, нано-және микро пішіндер негізінен ірі масштабты топографиялық картаға да түспейді, ал мезопішіндері айтарлықтай әрқашан анық көрсетіле бермейді, немесе ол да картаға мүлдем түспеуі ықтимал. Осылайша топографиялық картаға өзен аңғарларының террасалары немесе жайылмалары сияқты маңызды бедер элементтері түспей қалады.
ғйтсе де, бедер пішіндерін сипаттау үшін, оның морфометриялық және морфографиялық көрсеткіштері жеткіліксіз. Геоморфологиялық бақылаулардың маңызды бір мақсаты – зерттеліп жатқан бедер пішіндерінің немесе бедер кешендерінің жаратылыс тегін анықтап білу. Осы мақсатпен пішіндердің құрамын анықтайтын тау жыныстары әсіресе жер бетінде көрініп жатқан табиғи ашылымдар жан-жақты мұқият зерттеледі. Егер мұндай жағдайлар болмаса шурфтар салынады (қазылады) немесе шамалы бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Барлық жағдайларда, жаңағы геологиялық қабаттарды баяндап зерттеген кезде мынадай тәртіппен дғйектеп суреттеу қажет: ең алдымен қарастырып отырған аймақты топографиялық, яки географиялық тұрғыдан анықтап нақтылау (топографическая или географическая привязка местности), оның геоморфологиялық жағдайын, биіктегі орнын (высотная привязка) және қиманың жалпы жағдайын сипаттау. Содан кейін тау жыныстарының әр қабатына бейнелеп сипаттама беру, мәселен, оның атауын, түсін, қалыңдығына, қабатталу сипатын, құрамын және ірі бөлшектердің (түйірлердің) бейнесін, құрылымын, жұмырлану көрсеткіштерін анықтау, жаңадан пайда болған заттарды (егер мұндайлар болса) көрсету, қабаттар арасындағы мұқият өлшеу керек болады.
әрине дала жағдайларында бедер пішіндерін және оларды құрайтын тау жыныстары қабаттарын зерттеген кезде, олардың жаратылыс тегін және көнелігі (жасы) туралы қорытындыларды біржолата толық беру мүмкін емес.
Сондықтан тау жыныстарының қабаттарын зерттеген кезде, оларды жан-жақты талдау үшін топырақ үлгілерін алады. Ал, осы талдаулардың нәтижесін геоморфологиялық карталарды жасауға және ғылыми есепнама жұмыстарын жазуға толық пайдаланылады.
Бақылау нүктелерінде қазіргі геоморфологиялық процестерге ерекше назар аудару қажет.
Бақылау нүктелерінің жиілігі геоморфологиялық түсіру масштабына, зерттелетін аумақ бедерінің күрделілігіне, сапалы топографиялық карталар мен ғуесуреті материалдарымен қамтамасыз етілуіне және сол аумақтың геологиялық және геоморфологиялық обьектілерінің жер бетінде көрініс беру көрсеткіштеріне байланысты.
Сонымен қатар, бақылау нүктелерінің арасындағы бақылау жұмыстары маршрут бойымен жүргізілген жүре шолу жұмыстарымен жалғасып отырады.
Геологиялық – геоморфологиялық обьектілерде далада зерттеліп алынған барлық мәліметтерін арнайы дала күнделіктеріне жазыр түсіреді. Күнделікте зерттеуді жүргізудің күні, яғни мезгілі, бақылау нүктелерінің реттік номері және оның адресі (географиялық орны) және геоморфологиялық жағдайы жазылады.
Кейбір бақылау нүктелерінде бедер пішіндерін немесе геологиялық ашылымдарды сипаттаумен қатар, оларды суретке салу немесе суретке түсіру және геологиялық – геоморфологиялық кескіндерді сызу жұмыстары жалғаса береді. Мұндай жағдайларда дала зерттеушілерінің аспапты әдістері нивелирлік және теодолиттік әдістер қолданылады. Топографиялық және геодезиялық аспаптарды қолдану көп жағдайларда толық геологиялық геоморофологиялық кескіндер сызу үшін, мысалы, өзен немесе теңіз террасаларының биіктігін анық білу үшін, беткейлердің еңіс бұрыштары туралы мөлшерін анықтау және тағы осындай деректер алу үшін өте қажет.
