Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Geomorfologia_ekzamen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
600.58 Кб
Скачать

2. Беткейлік процестер мен беткейлі бедер пішіндер

Опырылмалы беткейлер біршама тік жарлы беткейлердің бір бөлімі тау жыныстарының түпкі массивінен ілініс күшінің кенет кемуі салдарынан немесе уақытша таянышынан айырылып қалуы нәтижесінде ауырлық күші әсерінен төмен қарай қопарыла құлауынан туындаған шоғырларды атайды.

Опырылмалардың түзілуі барысында алдымен беткей жиегіне параллель келген тік бағыттағы жарықтар немесе жарықтар жүйесі пайда болады, кейінірек тау жынысы массивтерінің опырылып қопарыла құлауы сол жарықтар бойымен өтеді.

өте ірі опырылымдар құбылысы көбінесе сейсмикалық дүмпулер әсерінен туындайды. Опырылымдардың морфологиялық нәтижесі – беткейдің жоғары бөлігінде құлама қабырға (стенки срыва), баурай қуыстар (нишалар) түзілуі және етек тұсында опырыла құлаған бөлшектерінің үйінділері.

Опырылма беткейлердің аккумуляциялық бөлігі ретсіз келген ойлы-қырлы төбешікті пішіндермен сипатталады, мұндай төбешіктердің биіктігі бірнеше метрден 30 метрге дейін жетеді. Опырылмалы түзілімдер ірі кесек тасты материалдардан құралған. Кесек тастар көлемінің ауытқуы ондаған сантиметр-лерден ондаған метрге дейін жетеді. Опырылма құбылыстары биік таулы аймақтармен қатар жазықтардың аңғарларында және теңіз жағаларында да болып тұрады. Бірақ аса зор және күрделі опырылымдар таулы аймақтарда жиі кездеседі. Мысалы, 1911ж. Батыс Памирде Мұрғаб өзенінің аңғарында опырылған тау жыныстарының көлемі 2 км3-ге жеткен, ал оның салмағы 7 млрд тонна шамасында. Егер бұл массаны Еділ өзенінің қатты ағысымен салыстырсақ (жылына 25 млн.т. шамасында), онда бедер құратын процестің масштабымен алғанда Мұрғаб аңғарындағы опырылу Еділдің 280 жыл бойына ағызып әкелген материалы көлеміне тепе-тең.

Таулардағы опырылымдар өзен аңғарларын көлденең бөліп сол өзеннің орнында бөгетті көздер пайда болуына себепкер болады. Кавказдағы Рица көлінің, Іле Алатауындағы бұрынғы Есік көлінің және Памирдегі Сарез көлінің пайда болуы осы ірі көлемді күрделі опырылымдардың өзендер бойында бөгет жасауы нәтижесінде қалыптасқан.

Көлемі 1м3-тен аспаған сынықтардан құралған тау жыныстарының кіші опырылмалары тасқұлаулар (камнепады) деп аталады. Опырылымдар мен тасқұлаулар және жылжымалар мен қорымдар тау беткейлерінің негізгі денудация жұмысын жүзеге асырады. М.И.Иверанова зерттеген мәліметтер бойынша, Тянь-Шань тауының денудация жылдамдығы тек қана тасқұлаулар себебінен жылына 0,17 мм-ге дейін жетеді.

Сусымалы беткейлері (осыпные склоны). Сусымалы беткейлердің пайда болуы көбінесе физикалық үгілуіне байланысты. Сусымалы процестер әдетте мергельдер және сазды әктастардан құралған тік жарлы, құламалы беткейлерде кең дамыған.

Сусымалы беткейлерде жоғарыдан төмен қарай денудациялық немесе сусымалы беткейді (осыпной склон), сусымалы науаны (осыпной лоток) және сусымалы конусты (конус осыпи) даралауға болады. Жоғарыдағы денудациялық беткей үнемі физикалық үгілуге ұшырайтын жалаңаштанған түпкі тау жыныстардан тұрады. үгілуден пайда болған жекеленген кесектастар мен қабыршықтар беткей бойымен ауырлық күші әсерінен төмен қарай домалағанда беткей үстінде түйіршіктердің механикалық әсер етуінен ені бірнеше метр, тереңдігі 1-2 метрлік көптеген науалар пайда болады.

Беткейлердің төменгі бөліктерінде науалар бірігіп, ені ондаған метрлерге жететін жыра – жылғаларға ауысады.

Еріген су мен жаңбыр сулары науаларды тереңдете түсіп беткейдің денудациялық бөлігін одан әрі бөлшектеп, әр түрлі үшкіртістерге ұқсаған кішігірім қырқаларды құрады. Кейде беткейдің осы денудациялық бөлігінің бедері өте күрделі болып неше түрлі тас мұнаралар, бағаналар қалыптасады. Жекеленген кесектастардың беткей бойымен төмен қарай қозғалып ауысуы табиғи құлама бұрышына сғйкес келгенше жалғаса береді. Осы мезеттен бастап түйіршікті тау жыныстардың шоғырлануы және конустың қалыптасуы одан әрі жалғасады. Кейін баурай етегіндегі жиналған ысырынды конустар бір – бірімен бірігуі ықтимал. Осының салдарынан беткей етегінде ірі және ұсақ сынықты тау жыныстардан құралған тұтас ысырынды конус шлейфі қалыптасады. әдетте қорымдық шөгінділер іріктелмеген сынықты материалдармен сипатталады.

Пенеплен, педимент, педиплен және тегістелу беттері туралы ұғымдарды қарастырыңыз.

Беткейлік процестер беткейлердің жазықталуына және тегістелуіне, бедердің бір пішіндерінен басқа пішіндерге ауысуына әкеліп соқтырады. Егер қандай да бір жер бетінің бөлікшесі көп немесе аз уақыт тектоникалық тыныштықта болса, онда ертерек пайда болған беткейлер денудация агенттерімен жазықталып суайрық аймақтары жан-жақтан, әсіресе үстінен үгілу процесі нәтижесінде жойылып, “желініп” төмендеп отырады да, бұрынғы көтеріңкі және тілімденген таулы өлкелер орнында В.Дэвис атаған “пенеплен” деген кең бел-белесті жазық қалыптасады. Сөйтіп, пенеплен – бұл тектоникалық тыныштық жағдайда экзогендік процестер әсерінен бұрынғы таулы өлкелердің үгілу аласаруы нәтижесінде қалыптасқан, адыр – бұйраттардың аздығымен, негізінен тегістелген жызықтықтармен сипатталатын аумақты жазық. Мұндай жоғарғы жағынан тегістелген денудациялық жазықтардың түзілуі ықтимал және олар табиғатта бар.

Алайда көбінесе беткейлердің дамуы және денудациялық жазықтардың пайда болуы басқа жолмен, яғни беткейлердің бір-бірінен параллель шегінуінен де қалыптасуы ықтимал. Мұндай табиғат құбылысын “педиплендену” процесі дейді, ал осы жолмен қалыптасқан жазықтар “педиплен” деп аталады.

Педиплендену процесінің алғашқы қалыптасқан жай түрі шегінген беткей етегінде байырғы тау жыныстардың үстінде пайда болған көлбеу алаңшаның, яғни “педименттің” дамуы. Алғашқыда беткейлердің етегі осы баурай шөгінділерінен құрылған шлейфпен көмкеріледі. Беткей неғұрлым шегінген сайын, соғұрлым олардың өз-өзінен шегінген баурайлар бөлігі үгілу әсерінен жойылып кеми береді, сонымен қатар шөккен шлейф материалы тау бөктерінен алыстаған сайын шайылып, азайып кетеді де, нәтижесінде шегінген беткей етегіндегі байырғы тау жыныстары жалаңаштана бастайды. Осы айтылған процесс барысында беткей етегінде қалыптасқан көлбеу жазықтық яғни “педименттер” пайда болады.

Педименттер жүйелерінің “тау бөктеріндегі баспалдақтар” түрінде қалыптасуын алғаш рет В.Пенк, ал жазықтар өлкесінде Л.Кинг зерттеген. Мұндай көлбеу жазықтар үстірт өлкесінің айналасында да кездеседі. әдетте әр төбешік баурайларының бір-біріне параллель шегінгенін – бұлардың бір-біріне қарай жақындап қосылуы деген мағынада түсінуге болады.

Осындай төбешіктердің жан-жағынан шайылып-жойылуы есебінен таулы өлкелердің аумағы біртіндеп азаяды да, жайпақталып төмендейді.

нәтижесінде педименттер бір-бірімен қосылып, біртұтас тегістелген жазыққа – педипленге айналады.

Педиплендіру процесін зерттер аса еңбек сіңірген Л.Кинг. Ол педиплен түзелу үшін шөлейт аймақтың ауа райын аса қолайлы деп есептеген. Л.Кингтің айтуы бойынша, шөлейт жағдайда педиплен құрытуының негізгі факторлары нөсер су арқылы тау жыныстарды беткей бойымен шаюы және қарқынды физикалық және гравитациялық процестердің, яғни опырылымдардың, көшкіндердің, жылжымалардың т.б. көрініс беруі.

Н.В.Башенина мен М.В.Пиотровский бұл пікірге қосылып, сонымен қатар педиплендену және педиплендену процестері басқа да климаттық белдемдерде болуы ықтимал, бірақ әрқайсысында өзіне тән айырмашылығы бар деп тұжырымдаған. Пенепленнің қалыптасуына ең қолайлы жағдайлар – қоңыржай гумидтік климаты дамыған тектоникалық платформалық өңірлер, мысалы Орыс жазығының орталық және солтүстік жағы АқШ-тың оңтүстік – батыс және орталық бөліктері.

Аридты шөлейт жағдайларында беткейлердің дамуы алдымен олардың шегінуімен және педиментпен жұрнақты төбешіктердің қалыптасуы арқылы жүзеге асады.

Шөлейтті аймақтарда педименттер дамыған сайын климаттың құрғақтануы біліне бастайды. Бұл жағдайда өзендер мен уақытша су ағындары жауын-шашын мөлшерінің жеткіліксіздігінен беткейлерден келіп түсетін борпылдақ материалды тасымалдай алмайды. өзен аңғарлары және төмендеу жатқан ойпаңдар мен сай-салалар үгінді материалмен толып қалады да, қалың қабатты беткейлік шөгінділерінің арасында әр жерде шошайған жұрнақты таулардың шоқылары көрініп тұрады.

Шөлді аймақтарда тегістелудің негізгі процесі – педиплендіру. Алдымен беткей етегінде педименттер құрылады, олар кейін ұлғайып бірімен-бірі бірігіп, тік беткейлі жұрнақты таулармен күрделенген педиплен қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]