Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TOPM_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

27. Трубо тәріздес бұйымдарды орау әдісі.

Бұл әдіс бұрылатын столдар әдісі деп те аталады. Бұл әдіс қармақ сабын, гольф ойынындағы сырғытпа сабын, және т.б трубо тәрізді бұйымдарды формалауда қолданылады.

1 бағыттағы тканьды препрек 2 қызып тұрған стол ортасындағы цилиндр оправаға орнатылады.

Ерекшелігі: 1) зондтылығы қарапайым, қымбат емес; 2) конусты трубо тәрізді бұйымдарды орауға қолданылады; 3) өнімдегі компоненттер құрамы тұрақты; 4) өндірісінде сұйық байланысуышылар қолданылмайды, бұл еңбек жағдайын жақсартады; 5) технологиялық процестері қарапайым және өнімді

Кемшілігі: үлкен өлшемдегі диаметрі үлкен трубо тәрізді бұйымдарды формалай алмайды

Бұл әдіс мынадай сатылардан тұрады:

  • Көміртекті талшықтар негізіндегі препректер заттардың қажетті формасында қиып пішеді

  • Үстелге цилиндрлік оправа орнатады

  • Препректі үстелге қояды

  • Препректі стол мен оправа арасындағы саңылауға орналастырады. Столдың салыстырмалы қозғалысын пайдаланып, препректі оправаға орайды.

  • Оралған препрек термошкафта қатаяды.

28. Полимер материалдарды формалау, біріктіру және өңдеу қондырғылары

Пластмасса конструкцияларының дәнекерлеу үлкен еңбекті және энергия сыйымдылығын талап етеді. Әр түрлi әдiстермен бұйымға керек механикалық өңдеу жасалады, түс таңдалады, фактураны ала оңай қайта өңдейдi. Полимер материалды дәнекерлеу мынадай стадиялардан өтеді:

1) жылу берілу және энергия тасымалдауы;

2) дәнекерлеу беттерін қысу процессі кезінде бөлшектің белсенді беттерінің активті әсерлесуі;

3) молекулаүстi құрылымды құрастыруы.

Полимер материалды дәнекерлеу:

а) 1 - контакт, 2 - қыздыру;

б) 1 - қыздыру, 2 - контакт;

с) контакт және қыздыру бiр уақытта. Дәнекерлеу әдістері: қызған газ арқылы, қызған инструмент көмегімен, ТВЧ әдісі, индукционды, ультрадыбысты дәнекерлеу. Мысал үшін ультрадыбысты дәнекерлеу (УД) қондырғысын алсақ.

Полимерлердiң УД-i заттардың байланысу аймағында полимердiң майысқақ қасиеттерiн ультрадыбыс тербелiстерiнiң жоғарылату көмегiне негiзделген әдіс. Алғашында бетте физикалық контакт, кейіннен химиялық байланыстардың үзілуі нәтижесінде полимер молекулаларының активациясы пайда болады. Бұдан кейін бірігу аймағында материалдардың химиялық өзара әрекеттесуi жүреді.

Полимерлердің УД-і,әдетте балқытусыз, поликарбонат, стирола, полипропилен, поливинилхлорид сияқтыларды біріктіру үшін қолданады. Суретте қондырғы схемасы берілген:

1, 2 – біріктірілетін бөлшектер;

3 - тiрек;

4 - дәнекерлегiш ұшы;

5 - толқын -концентраторы;

6 - магнитострикционды түрлендiргiшi.

Дәнекерлегiш ұшы 4 күшпен біріктірілетін бөлшектер бетін 1, 2 қысады. Ол f = 20-100 кГц жиілікпен және амплитудасымен тербеледі. Тербеліс бағыты көп жағдайда жұмыс күшінің бағытымен сәйкес келеді және біріктірілетін бөлшектер бетіне перпендикуляр. Металдармен салыстарғанды полимер материалды дәнекерлеу кезінде бетке түсірілетін күш төмен болады да, амплитудасы жоғары болатынын айта кеткен жөн. Жалпы жағдайда полимерді УД уақыты 0,1с-10с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]