Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TOPM_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

21. Металдарды кысыммен өндеуге арналған жабдықтар. Соғу.

дайындамаларды қысыммен өңдеуден бұрын қыздыруға арналған құрылғыларға қыздыру пештері және электр қыздырғыштары жатады. Қыздыру пештерінде ірі және орташа дайындамаларды қыздырады. Электр қыздырғыштары ұсақ және орташа дайындамаларды қыздырады. Пештерде дайындамаларға қызу оттың жалынымен берілмей тек қана жоғары темпер-ға дейін қызған оотың толық жанған өнімдері арқылы беріледі. Электр қыздырғыш құрылғыларда электромагниттік өріс әсеріненметалдың өзінде жылу бөлінеді. Электр пештерінде жылу энергиясының жылу энергиясына айналу нәтижесінде болады. Жұмыс кеңістігінде темпер-ның таралуына қарай пештер екі топқа бөлінеді: 1) жұмыс кеңістігінде темп.бір қалыпты болатын камералық пештер. 2) жұмыс кеңістігінде темп.дайындама кіретін жағынан шығатын жағына қарай өсетін методикалық пештер. Методикалық пештер Бұл пештің кеңістігі ұзын болып келеді және темп.әртүрлі екі немесе үш аймақтан тұрады. Дайындама итергіштің көмегімен пештің 1-ші қыздыру аймағына түседі. 6000С...8000С қыздырылып содан соң 2-ші аймақ ең жоғарғы темп-сы бар аймаққа барады 12500С...13500С. Бұл аймақта оттықтар орналасқан. 3-ші аймақ ұстап тұру аймағы, бұл аймақта дайындаманың қимасы бойындағы темп. теңеледі.Қызған дайындамалар арнайы терезеден сыртқа шығарылады. Методикалық пештер прокаттау, штамптау өндірісінде қолданылады. Камералық пештер -дайындамаларды пешке терезе арқылы тиеп қызған соң, сол терезеден алып шығарады. Жұмыс кеңістігі оттық арқылы берілетін оттықны ң жану ңәтижесінде пайда болған жылудан қызады. Камералық пештерді пайдалануына байланысты бірнеше түрін ажыратады . Прокаттау алдында үлкен құймаларды қыздыру үшін, қыздыру құдығы деп аталатын түрін пайдаланады. Дайындамалардың ұштарын ғана қыздыру қажет болғанда терезесі саңылау түрінде жасалған пештер қолданылады. Электр қыздыру пештері түсті металдар мен олардың қорытпаларын қыздыруға арналған. Өйткені қысыммен өңдеу темп-ның интервалы төмен болады. мысалы дюралюминий үшін 3800С...5000С тең. Электр пештерінің қабырғаларына электр металлдан н/се карборундтан жасалған кедергісі жоғары элеметтер орнатылады. Элементтер арқылы электр тогын жібергенде олар қызып жұмыс кеңістігін қыздырады. Электр қыздырғыштары электрлік түйісу арқылы қыздырғанда дайындаманы трансформатордың екінші орамасының түйіспелеріне қосады. Ток дайындама арқылы өткенде оны қажетті температураға дейін қыздырыады. Индукциялық электр қыздырғыштарымен қыздыруда дайындаманы сумен суытылатын мыстан жасалған индуктордың ішіне орнатады. Айнымалы электромагниттік өрісте орналасқан дайындамада пайда болған құйынды токтар әсерінен ол қызады. Индукциялық қыздыруды пайдалану дайындамаларды қыздыру үдерісін автоматтандыруға мүмкіншілік туғызады. Еркін соғу процесінде өнделетін металдың беті тегіс, жылжымайиын теске қойылып, жоғары жағынан жылжымалы үлкен балғамен соғылады. Нәтижеде металл деформацияланып, жан-жаққа жайылып, өз пішінін өзгертеді. Соған сәйкес металды өңдеудің бұл әдісін еркін соғу әдісі деп атайды. Еркін соғу әдісімен алынған дайындамалар поковка деп аталады. Бұл әдіспен алынатын поковкалар салмағы 150 грамнан 350 тоннаға дейін болады. Ұсақ поковкалар пневматикалық және рессорлы-пружиналы балғалармен /молот/ өңделсе, орташа қарапайым және фасонды поковкаларды буауалық /паровоздушный/ молоттарда өңдейді. Өңдеудің басқа әдістеріне қарағанда /құю, жоңу, штаптау/ еркін соғудың кемістіктері мен артықшылықтары бар.

Кешіліктері:еңбек өнімділігінің төмендігі;дәлсіздеу болуы;металдың молырақ шығын болуы. Артықшылықтары:металдың қасиеттерінің жоғары болуы;қымбат технологиялық аспаптардың қажет болмауы;жасалатын дайындамалардың /поковканың/ салмағы, пішіні және өлшемі жөнінде әмбебап болуы. Еркін соғу процесі мынандай түрлерге бөлінеді: отырғызу/осадка/,шеңбер бойлай созу немесе көлденең дайындаманы ұзарту/раскатака/, тік тесу немесе біршама тереңдету, кесу, ию, айналдырып бұру.

Соғу үшін қолданылатын жабдықтар өңделетін металдар мен қорытпаларды соғу режиміне, массасы, пішініне байланысты болады. Жабдықтардың қуатын формулалармен, анықтама таблицалар жәрдемімен белгілеуге болады.

22.Құю кәсіпорнының типтік қондырғылары:   кәсіпорындық құю машиналары, подьемды-транспортты құралдар.

Құю өндірісі - əр түрлі машина бөліктері, механизмдер, қондырғылар үшін керекті дайындаманы өндіретін сала.

Құю өндірісінің өнімі бұл əр түрлі геометриалық формаға ие құйма б.т.

Құймаларды алудың əр түрі бар, бірақта негізі бірдей, яғни сұйық қоспаны ішкі бөлігі қажетті деталдың формасындай дайындалған құйылманы формаға құю болып табылады. Қоспа суығаннан кейін қуыстың формасын сақтайды. Белгілі температураға дейін суытып құйманы құю формасынан алады. Шамамен 80 % құйманы құмнан жасалған құймалық формаларға құю арқылы жасалады. Бұндай формалардың материалдарына кварцтық құм жəне балшық қоспасы жатады. Құйманы құмнан жасалған формаларда дайындау процесі құйма цехтарының бөлімдерінде орындалатын бірнеше сатыдан тұрады.

Құймалық жабдық модельдік комплекттен, опктардан, модельдік плиталардан жəне тағы басқа құмалық формаларды жасаудағы қажетті жабдықтардан тұрады.

Опока — құйма өндірісінде қоспаны нығыздағанда оны ұстап тұратын құрылғы.

Моделді комплект формалардың қуысын пайда ететін барлық жабдықтарды қамтиды. Ол құйма моделдерінен, стерженді жəшіктен, балқыған металл ағатын науа (поилка) жүйесінің элементтерінен тұрады. Сондай ақ моделді комплект форманың конфигурациясын жəне өлшемін бақылауға шаблондарды ендіреді. Құмнан жасалған құйма формаларының элементтері 2 суретте көрсетілген.

2- сурет. Тығын (втулка) құймасы үшін құю формасы: а — деталь; б — модель; е — стерженді жəшік жəне стержень; г — жиналған құю формасы (вертикалды қиық); д — құйма

Машинды формовка қазіргі кезде құю формасын алудың негізгі əдісі б.т. Бұнда өнімділік жоғары, дəлділігі жоғары құйма алуға болады, еңбек етудегі жағдай жақсы. Бұндай формовкада моделдер плиталарға орнатады, олар машина столдарына Т- сипатындағы болттар арқылы бекітіледі.

Жоғарғы пресстеуде (3- сурет) опока 6 моделмен плитаға 4 орнатылады да, формалық машинаның столына 5 бекітеді. Опоканы қоспамен 3 толтырмастан алдын оған толтырушы рамканы 2 қояды, өйткені қажетті жұмсақ қоспаның көлемі опокадағы нығыздалған қоспа көлемінен көп. Кейін машинаның цилиндріне қысылған ауа жіберіледі, поршень машина столын плитамен, опокамен, рамкамен қоса көтереді. Престеуші колодка 1 толтырушы рамкаға кіреді, одан қоспаны опокаға қарай қысу арқылы қоспаны нығыздайды. Жарты формадағы қоспаның тығыздығы престеуші колодканы алғанда азаяды.

Осылай, модель зонасында тығыздық аз. Сондықтан да жоғарыдан престеу биіктігі шамамен 200—250 мм болатын опоктарда қолданады.

Төменнен престеуде (4- сурет) престеуші колодка қызметін моделді плита 4 атқарады, бұл зона моделінде қоспа тығыздығының көп болуын қамтамасыз етеді.

3,4-сурет : Жоғарыдан және төменнен престеу схемасы

Столдың 3 қозғалмалы бөлігі плитаны 2 көтереді, ол стол шұңқырынан қоспаны траверске (преграда - тосқауыл) 5 тірелетін опокаға 1 престейді. Бұнда моделдік плитаның жоғары беті жүрістің соңында опоканың төменгі бетімен дəл келуі тиіс. Столдың жүріс ұзындығын дəл реттеудің қажеттілігі, машинаны опоканың басқа өлшеміне сəйкестендіру күрделі болуы, сондай ақ қоспаның қозғалмалы бөлік жəне стол арасындағы тесіктерге түсуі, жəне осы бөліктердің тозуы – төменнен престеу машиналарының негізгі ақаулары.

Жоғары моделдердегі форма бөліктерінің біртекті нығыздауда профильді престеу колодкаларын (5-сурет), қоспаны профильды төгу (6- сурет), резиналы диафрагмамен престеу (7- сурет) немесе көп плунжерлі бас – дифференциальды престеу (8-сурет) қолданған жөн. Профиль – белгілі сызық бойынша бір нəрсенің қиығы (разрез). Плунжер — ұзындығы диаметріне əлде қайда үлкен цилиндрлік формадағы ығыстырғыш.

Диференциалды престеуде əр бір колодкаға 1 гидравликалық цилиндр поршенінің 2 əсер етеді. Бұнда барлық колодкаларда қысым бірдей жəне қоспаның біртекті нығыздалу болады.

ПЕСКОМЕТ – орташа жəне ірі құю формаларын жəне стержндерді дайындайтын қозғалмалы немесе стационарды қондырғы. Бұнда негізгі жұмысшы орган метательді бас 2 (9- сурет), қаптамамен қапталған ротор, горизонталь осьпен 1500 об/мин жылдамдықпен айналады, бір – үш күрекшесі (ковша) 5 бар. Қоспа голокаға транспортермен 1 жіберіледі, күрекшеге

түседі, онда алдын ала центрден тепкіш күш əсерінен нығыздалады да, порциямен 3 опокаға 4 лақтырылады.

9 - сурет. Пескометпен нығыздау сұлбасы

Күрекшенің əр бір айналымында бір комок, ал минутына — 1400…1500 комоктар лақтырады. Қоспа ағысын бағыттау мақсатында формовкалаушы адам метательды головканы опоканаң барлық ауданымен əр түрлі орындарға горизанталь жазықпен приводтар көмегімен немесе қолмен қозғалта алады.

Пескометпен тығыздауда қоспа опоканың биіктігімен бір келкі нығыздалады.

Пескодувты (құммен үрлеу) нығыздау процесі қысылған ауамен қоспаны стерженді жəшікке немесе (өте сирек) опораға үрлеу (10-сурет).

10-сурет. Пескодувты нығыздау сұлбасы

Шибер – қоспаны ағызатын каналды ашатын жəне жабатын қысқыш типіндегі ілмек қондырғы. Қоспа 4 қоректендіргіштен 2 шибер 3 арқылы резервуарға1 беріледі.

Шибер жабылады да, клапан 5 арқылы стерженді жəшікке 6 немесе опокаға атылатын қоспаға 0,6 МПа қысым астында қысылған ауаның күшті ағыны беріледі. Ауаны жəшіктен немесе опокадан шығару вентиляционды тесік немесе венттер 7 арқылы болады. Бұл процесс құммен үрлеу жəне құммен атқылау режимдерінде орындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]