- •1.Шойын өндірісіне арналған жабдық. Шойынды құю
- •2 .Домна пешінің құрылғысы мен принципі.
- •3.Мартенов пешінің құрылғысы мен принципі.
- •4.Индукциялы балқытқыш пештерде болатты өндіру.
- •5.Болатты өндірудің конвертрлі әдісі
- •6. Болатты электр қождық қайта балқыту
- •7.Алюминий өндірісіне арналған жабдық. Рудалары. Глиноземді алу. Глиноземнің электролизі.
- •8.Магний өндірісіне арналған жабдық. Рдалары. Магнийден электролитті алу
- •9. Алюминий және магнийді тазалау әдістері
- •10. Төртхлорлы титанды магниймен қайта қалпына келтіру.
- •11. Доға пештерде титан ысқыштарын балқыту
- •12. Мыс штейндерін конверттеу
- •13.Мыс өндірісіне арналған жабдық. Мыс рудалары. Флотация.
- •14. Шағылыстыру пештерінде мысты балқыту
- •15.Қиын балқитын балқымаларды балқытуға арналған жоғары жиілікті пештер
- •16. Құйма өндірісіне арналған жабдық. Өзекті машиналармен автоматтар
- •17. Талшықтау процесі жүргізілетін қондырғы. Волок типтері. Барабанды талшықтаушы стан
- •18. Прокаттау өндірісіне арналған жабдықтар
- •19. Құю өзекшелерін дайындайтын машина. Өзекті машинаның жұмыс процесі
- •20. Материалдарды қысыммен өңдеу. Престеу әдістері.
- •21. Металдарды кысыммен өндеуге арналған жабдықтар. Соғу.
- •23. Бейорганикалық металл емес материалдарды және олардың компоненттерін өндірудегі жабдықтар мен қондырғылар
- •24. Металдарды қысыммен өңдеу үшін типтік құралдар және қондырғылар.
- •25. Металдарды қысыммен өңдеу үшін типтік құралдар және қондырғылар. Прокатка
- •27. Трубо тәріздес бұйымдарды орау әдісі.
- •28. Полимер материалдарды формалау, біріктіру және өңдеу қондырғылары
- •29. Полимер материалдарды термоформалау үшін қондырғылар. Термопластоавтомат
- •30.Материалдар бетін өңдеу және тазалау; механикалық, физикалық және химиялық өңдеу үшін қондырғылар
20. Материалдарды қысыммен өңдеу. Престеу әдістері.
Бұйымдарды престеу арқылы өңдеу – қысым арқылы өңдеу әдістерінің бірі. Престеу дегеніміз – дайын металды ығыстыру процесі кезінде матрица саңылауы арқылы өту; осы контурлы матрицаның дайын қимасының соңғы саңылауына сәйкестенеді. Дайындама контейнерге орналастырылады, аспапты басу үшін оған Ғ күші әсер етеді. Ғ күшін прокаттау кезінде дайындаманы сүйрету саңылауы арқылы өткізеді. Бастапқы дайын қиманың ауданы соңғы сүйреу қимасының ауданынан кем. Престеу кезінде металдың пластикалығын күшейтуіне алып келетін жоғары гидростатикалық қысым пайда болады. Бұл арқылы басқа әдісте келмейтін морт сынғыш металдарды өңдеуге болады. Престеудің келесі түрлері айқындалады: металдың тік қимасы арқылы (металл қозғалыс бағыты пресс – шайбаның қозғалыс бағытымен сәйкес келеді) және кері қимасымен (металл матрица қозғалысына қарсы қозғалады). Тік қима кезінде пресс- штемпель үлгіге пресс – шайба арқылы қысымды береді. Осы кезде үлгі металы матрица ұстағышқа бекінген матрица саңылауынан өтіп, профильді құрайды. Бұл престеу кезінде металл мен контейнер бетінің үйкелісуінен үлгінің сыртқы қабатының ішкі қабатқа қарағанда жылжу деформация көрсеткіші жоғарырақ болады. Деформацияның біркелкісіздігі қима бойынша құрылымы мен қасиеттерінің өзгешеліктеріне алып келеді. Әсіресе үлгінің диаметрі үлкен болғанда, анық байқалады. Кері қималы престеу кезінде үлгіге күштік әсер контейнер арқылы түседі. Контейнердің орын ауыстыруымен үлгі де орын ауыстырады және металл профильді құрып, матрица каналына сығылады. Престеудің бұл түрінде металл мен контейнер арасындағы үйкеліс байқалмайды. Сондықтан қима бойынша біркелкісіздігі аз болады. Сонымен қатар кері престеу кезінде аз күш қажет етіледі де, үлгіні қыздыру үшін темп-ның төмендетілуіне, процесс жылдамдығының артуына мүмкіндік береді. Бұйымдарды престеу үлгі мен құрал – жабдықты алдын – ла қыздыру арқылы және қыздырусыз да жүреді. Суық престеу (яғни қыздырусыз) жеңіл деформацияланатын металдарды (қалайы, қорғасын, таза алюминий) өңдеу кезінде қолданылады. Суық гидростатикалық престеу арқылы жоғары қысымнан, үйкелістің байқалмауынан қиын деформацияланатын металдар (дуралюминдер, мысты құймалар, болаттар) да өңделеді. Ыстық престеумен әр түрлі металдар мен құймалардан (алюминийлі, титанды, мысты, никельді және қиын балқитын) бұйымдар алынады. Үлгіні қыздырудың ең жоғары темп-ры ( 1600—1800 °С ) вольфрам мен молибденді өңдеуде қолданылады.
Гидравикалық престе плунжер жоғарғы шаппа бекітілген жылжымалы траверсаны қозғайды. Поковканы деформациялауға қажетті күш құбыр арқылы жұмыс цилиндрі 20-30 МПа сұйық/су эмульсиясы немесе минералды май/ қысымы арқылы беріледі. Плунжер траверса мен және поршеньдердің көтергішіне орналасқан тартқыш жәрдемімен көтеріледі. Төменгі шаппа төменгі плитаға бекітілген. Төменгі және жоғарғы қозғалмайтын плиталар траверса қозғалатын төрт бағыттауышы бағаналармен жалғанған.
Гидравликалық престердің максималды күші 5-150 МН болып жасалады. Олар ірі поковкаларды және созымдылығы төмен жоғары легірленген болаттар мен түсті металдар қорытпаларын өңдеуде қолданылады. Жетек насостарының орнына су насостары /мультипликатор/ қолданылатын 30-60 МПа қысым жасайтын престер де кеңінен қолданылады.
