Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аби ДП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

5.4.1. Емдеу мекемелерінің зертханаларын ұстау тәртібі

1. Зертханалар оңашаланған, 1-тұрпатты өртке қарсы қалқандары бар тұрақты ғимараттан бөлектелген үй-жайларда орналастырылады. 2. Зертхана үй-жайына кіретін жерге олардың өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бойынша санаттарының көрсеткіштері ілінеді.       3. Өндірістік қажеттіліктерге арналған тез тұтанатын сұйықтықтарды беру құбыр арқылы жүргізіледі немесе тасымалдауға арналған арнайы жабық сынбайтын ыдыс пайдаланылады. Құбыр ғимараттың сыртынан тікелей берілетін заттарды пайдалану орнына төселеді.

4. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жұмыс істейтін үй-жайларда ішіне асбест төселген, қақпағы бар металл жәшікке салынған, қабырғасы қалың шынылы немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақтауға рұқсат етіледі. Мұндай сұйықтықтарды полиэтиленді сыйымдылықтарда сақтауға жол берілмейді. 5. Зертханаларда заттар мен материалдарды сақтау қатаң түрде ассортимент бойынша жүргізіледі. Химиялық өзара әрекеттесуі өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін заттарды бірге сақтауға жол берілмейді.       6. Зертханалық жиһаз және жабдық адамдарды эвакуациялауға кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылады.       7. Өрт, жарылыс қаупі бар сұйықтықтар және заттармен жұмыс істеуге арналған үстелдердің, сөрелердің, сору шкафтарының жұмыс істейтін үстіңгі қабаттары жанбайтын материалдардан жасалған жабын мен ернеулерден қарастырылады. Қышқылдармен, сілтілермен және басқа химиялық белсенді заттармен жұмыс істеу үшін үстелдер мен шкафтар тотығуға төзімді материалдардан жасалады.       8. Зертханадағы уытты немесе өрт және жарылыс қаупі бар булар және газдарды бөлу мүмкіндігімен байланысты барлық жұмыстар тек ақаусыз жай-күйде ұсталуы тиіс жанбайтын материалдардан жасалған сору шкафтарында жүргізіледі. Әйнектері сынық немесе желдеткіші ақаулы сору шкафтарын қолдануға жол берілмейді.       Тартпалы шкафтардың жармалары, есіктері мен қалқалағыштары жұмыс уақытында барынша жабық (тарту үшін төменгі жағынан үлкен ойықтарымен төмен түсірілген) ұсталады.       Егер онда орындалатын операцияға жатпайтын материалдар мен жабдықтар сақталатын болса, тартпалы шкафта жұмыс істеуге жол берілмейді.       Тартпалы шкафтар өздігінен желдететін каналдары бар желдету жүйесімен жабдықталады.      

5.5. Табиғи және жасанды жарық тусіруді ұйымдастыру

Өндіріс бөлмелеріндегі жарық түсіру келесі негізгі талаптарға сай болу керек: жарық түсіру жеткілікті және бірқалыптыболу керек, қатты жарық болмауы керек, қою көлеңке түспеу керек және жарық ағыны дұрыс берілу керек.

Бірқалыпты жарық түсіру талабының мақсаты: көздің жарық жерден қараңғыға немесе қараңғыдан жарыққа аударған кезде көздің көру қабілеті өзгереді, көз шаршайды, бұлардың бәрі қайғылы оқиғаға апаруы мүмкін. Сондықтан цехтің кейбір жерлері басқаларына қарағанда жарық немесе қараңғы болмауы тиіс. Жарық түсірудің бірқалыптылығы шамның дұрыс орнатылуы мен шам ілгіш аспа ұзындығының дұрыстығына байланысты болып келеді.

Электрпеш бөлімінің табиғи жарық түсіруі аралас болып сыртқы қабырғадағы терезеден және ғимараттың ішінде жарық тарататын фонарлардан болып екіге бөлінеді.

Өндіріс бөліміндегі жасанды жарық түсіру үшін келесі жарық түрлері қолданылады:

1. Жұмыс жарығы – қараңғы кезде табиғи жарықты ауыстыратын жарықтың негізгі түрі;

2. Жеке энергия көзінен нәр алатын технологиялық процестің үзіліп қалмауын қамтамасыз етуіне арналғанапатты жарық;

3. Қауыпсыздік жарығы мен жөндеу жұмыстарына арналған жарық.