Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аби ДП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

5.4.4 Өрт байланысы және дабыл беру

Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған.

Оған телефон, радиобайланыс, автоматты және қолмен басқаратын өрт дабыл беру құрылғысы, электр сиренасы, қоңырау, т.б. жатады.

Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық, түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.

Өртке қарсы дабыл беру құрылғылары өртке қарсы және өртке қарсы күзетілмелі болып екіге бөлінеді. Күзетілмелі өртке қарсы дабыл беру құнды заттар сақталатын қоймаларда, адам көп жиналатын ғимараттарда және тұрғын үйлерде кеңінен қолданылады.

Негізгі өрт элементтері мен өрт бақылаушы дабыл беруге өрт хабарлаушы, қабылдағыш станция, байланыс сызығы, қор жинау көздері жатады.

Сигналды өрт жылу құрылғысы СТПУ-1 СТ-5 деп аталатын 5 сәулелік қабылдағыш станциядан және 25 ПТИМ-1 хабарлағыштан тұрады. Станцияға 220В айналмалы ток беріліптұрады. Ол -100С мен +350С температурадажұмысістейді. Ал ауаылғалдылығы 80 % дейін. Бақыланғанаймақ 750 м2жоғарыболмауыкерек.

Дабылдытүтіндіөрт СДПУ-1 құрылғысыөрттіанықтауға, автоматтыдабылберуге (олөрттуралымәлеметбереді) арналған. Ол СДПУ-1 өртсөндіруқұралдарыныңавтоматтықосылуынаарналғанжәнеәрбірсәулегепараллельді 10 өртсөндіргішаралас КИ-1 типті хабар берушілермен ДИ-1 типтітүтіндік хабар берушілергеесептелген.

Құрылғы220 В кернеуліайналмалы токтыңкелуімен немесе 24 В аккумуляторданқоректенеді. Құрылғы –100С мен +350С температуралыдиапазондасалыстырмалыылғалдылықтың 80 % -ға жеткеннен кейінжұмысістейді.

Кешенді СКПУ-1 дабыл беру құрылғы түтін, жылу, ашық өртті анықтауға арналған және СИ-1, КИ-1, ИО-1 инфрақызыл хабарлағышпен хабарлайды. Өртке қарсы дабыл беру көлемі 50 сәуледен тұрады (әр бір блок 10 хабар берушіден құралған). Өнеркәсіп өртті хабарлағыштардан тәуелсіз қабылдағыш аппараттарды шығаруда. Олар хабарлағыштардың күйін автоматты бақылап отырады және сәулелікпен дыбысты дабыл берумен бірге оларды белгіленген жеріне жеткізеді. Өрт хабарлаушы құрылғы хабарлағышпен жұмыс істейді, ол жоғары температураға әсер етеді.

5.4. 12-тарау. Емдеу мекемелерінде қауіпсіздік шараларын ұстау тәртібі

. Жалпы ережелер

1. Емдеу мекемесінің басшысы науқастарды шығару аяқталғаннан кейін күн сайын өрт сөндіру бөліміне әр мекеме ғимаратындағы науқастардың саны туралы деректерді хабарлайды.

2.Ересек науқастар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пешпен жылытылатын каркасты қамыс және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды. 3. Ауылдық жерлерде орналасқан емдеу мекемелері әр ғимаратқа бір саты есебінен қосалқы сатылармен жабдықталады.       4.Ауыр халдегі науқастар мен балалар көп қабатты ғимараттың бірінші қабатына орналастырылады.       5. Ауруханалар мен өздігінен жүруге қабілетсіз адамдар үздіксіз келетін басқа да мекемелер бес науқасқа (мүгедекке) бір зембіл есебінен зембілдермен қамтамасыз етіледі.       6. Аурухана палаталарындағы кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 0,8 метр, ал орталық негізгі жолының ені кемінде 1,2 метр етіп қарастырылады. Эвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен, тумбалармен және басқа да жиһазбен үймелеуге жол берілмейді.       7. Палаталарға оттегі жіберу, әдеттегідей, жеке тұрған баллон қондырғысынан орталықтандырылып (10 баллоннан көп емес) немесе орталық оттегі бекетінен (10 баллоннан көп болса) жүргізіледі және олар науқастар үнемі келетін ғимараттардан кемінде 20 метр қашықтықта тұрған жеке ғимаратта орналастырылады.       Орталықтандырылған оттегімен жабдықтау болмаған жағдайда оттегі жастығын пайдалану тәртібі мекеменің бұйрығы бойынша анықталады. Мекеме ғимаратының сыртқы жанбайтын қабырғасында жанбайтын шкафта бір оттегі баллоны бар рампалар орнатуға болады. Мыналарға:       1) науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу үдерісіне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге;     2) кереуеттерді дәліздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарында орнатуға;       3) емдеу мекемелерінің ғимараттарында оттекті баллондарды сақтауға және орнатуға;      4) аурухана палаталарына баллондардан оттегі жіберу үшін пластмассалық және резиналық шлангты қолдануға;

5) ақаулы емдік электр жабдықтарын пайдалануға;       6) емдеу мекемелерінің жертөлелері мен астыңғы қабаттарында шеберханалар, қоймалар орналастыруға;       7) аурухана палаталары мен науқастар орналастырылған басқа үй-жайларда үтік, электр плиталарын және басқа да электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді.